Қалышева Гульжанар Қойлыбаевна

Тараз қ. №32балабақша  тәрбиешісі

Оспанбаева Айман Рахметиллаевна

 Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ.

Мектеп жасына дейінгі балалардың  шығармашылығы 

 арқылы ойлау әрекетін дамыту

                                

     «Білім туралы» Заңның 10-бабында көрсетілгендей жалпы білім беру жүйесі үздіксіздігі қамтамасыз етіліп, білім беру деңгейлері өзара байланыста, сабақтастырыла жүргізілуі тиіс.

     Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады.  Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген  әрбір бала бақытты болуы тиіс.

      Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында:  «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.

    Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.

Өздеріңіз білесіздер, оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы.

«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет» - деп көрсеткен болатын.

 Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі  тірегі.  Сондықтан балаға тиісті  дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын  жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы  тәрбие мен сапалы білім беру-біздің  басты  мақсат.

    Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. «Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған».

    Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

   Мектеп жасына дейінгі балалардың  қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.

Ойлау – психологиялық іс–ірекеттің ерекше түрі деп психологияда алғашқы жария еткен Вюрцбургтың ғылыми мектебі болды. Бұл бағытта өз тұжырымын бұрын эксперименталды дәлелдеуге ұмтылған хх ғасыр басындағы неміс психологтары (О.Кюлье, А.Лиссер, К.Бюлер, Н.Ах) ойлауды одан әрі бөлшектенбс сана қызметі деп білді, оның сезімдік негіз бен сөздік өрнектен бөлектеді, оны таза рухқа келіп, бұл мәселеде идеалистік тарапқа қолдау берді.

    М.Жұмабаев: «Ойлау-жанның терең, әрі қиын ісі», - деген болатын. Оқушылардың ойлау әрекетін өрістету өте қиын іс.

    Қ.Жарықбаев, Жантану негіздері – деген еңбегінде, ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелеуі деген анықтама берген.

     С.Бап–Бабаның айтуы бойынша ойлау – танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты жағдайларға бағыт–бағдар алып жүру үшін өте қажет болмыстың тұрақты да заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылай және жанама бейнелеуші психикалық үдеріс.

     Ойлау әрекетінің  бәрі ойлау үдерісінің бірлікті байланысқа екі тарапы ретінде көрінетін талдау және біріктірудің өзара ықпалдастығы негізінде орындалады.

     И.А.Павлов, ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік–синтездік қызметтің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атқарады – деген.

      С.Л.Рубенштейн: «Ойлау не проблемадан , не ситуациядан,не танудан , не түсінбеуден ,не қиыншылықтан туады », -деген . Олай болса оқушыларға қойылған сұрақтардың мазмұнында білетіні мен білмейтіні қатар болуы мүмкін.

Ойлаудың дамуы қоғамдық-тарихи даму процесінде, адамзат ойлап шығарған білімдерді меңгеру процесінде жүзеге асырылады. Білімдерді меңгеруді және ойлаудың дамуын С.Л.Рубинштейн диалектикалық процесс ретінде сипаттайды, онда себеп пен салдар орындарын үздіксіз алмастырып отырады.

Балабақшада , мектеп жасына дейінгі балада , осы кезеңде жетекші іс – әрекетінің негізгі элементтері, қажетті оқу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады. Осы кезеңде ойлау формалары дамиды, олар ары қарайғы ғылыми білімдер жүйесін меңгеруді, ғылыми, теориялық ойлаудың дамуын қамтамасыз етеді. Мұндай оқуда күнделікті өмірде өз бетінше бағдарланудың алғы шарттары қалыптасады. Осы кезеңде баладан тек елеулі ақыл–ой жұмсауды ғана емес, сондай–ақ үлкен физикалық төзімділікті талап ететін психологиялық қайта құру жүреді. Осы кезде бастапқы мектеппен танысу қуанышы осы қиындықтардан өту дәрменсіздігінен жиы туындайтын енжарлықпен, селқостықпен алмасады.   Баланың  осы жас кезеңінің негізгі психикалық жаңа құрылымдарын есепке алуы өте маңызды кез – келген оқу пәнін меңгеруде көрінетін әрекеттердің ішкі жоспары, ырықтылығы және рефлексия.   Осы жаста өзін оқу субъектісі ретінде саналы түсіну басталады.

Ойлау процесінің даму ерекшелігіндегі оқу әрекетінің маңызы туралы айта келіп Л.С.Выготский оқудың басталуымен ойлау баланың психикалық дамуының орталығына ауысады және басқа психикалық процестер жүйесінде анықтаушы процеске айналатынғын айтады

Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың міндеті ойлау түрлерінің жалпы даму принципін негізге ала отырып, мектепке дейінгі  балаларының ойлауының дамуына дифференциалды тұрғыдан алып қарау келесі мақсаттарды көздейді:

әр баланы жеке тұрғыдан алып қарау;

ойлау қызметіне неғұрлым тиімді әсер ететін тапсырмаларды іріктеу;

баланың жеке тұлғасына жекеше бағалау әрекет арқылы әсер ету;

балалардың ойлауының  сапасын жоғарлатуға байланысты ата-аналармен біріккен қызметті ұйымдастыру;

неғұрлым дарынды балаларды анықтау, олардың әрі қарайғы дамуына жағдай жасау;

өзінің педагогикалық еңбегін дұрыс бағалау;

шығармашылық іс-әрекетті жандандыру.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу стандартынан 2012ж

2.Жарықбаев Қ. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. – А. 1992

3.Жданов Д.А. У истоков миышления. – М: Политиздат 1969

4.Зак А.З. Как определить уровень развития мышления. – М: Просвещение 1982.

5.Зак А.З. Развитие умственных способностей младших школьников. – М: Просвещение 1994

Кликс Фридхарт. Пробуждающееся мышление. М: Прогресс, 1983