Педагогика/Методические основы воспитательного про­цесса

Юсупова Жанаркүл

№213мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылы

 

Ұлтаралық  келісім-бейбітшілік нышаны

 

«Қазақстан - бұл ортақ мекен, ортақ діннің тоғысқан жері. Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамын. Бұл біздің мәңгі құндылығымыз» деген болатын Н.Ә Назарбаев.

Елімізде тұрып жатқан басқа да ұлттар мен халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін, салт-дәстүрін, өзіндік үлгі-өнегесін,  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы, оның даму жолын, Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтар достығын нығайту мен дамытудағы рөлін көрсету.

Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі  еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.  Бүгінде Қазақстанда бейбітшілік пен өзара келісім нәтижесінде 140 этника мен 40 конфессия өмір сүруде. Республикамыз көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады. Бейбітшілік пен келісім - адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Бейбітшілік - адамзат өмірінің бүгіні мен ертеңі.

Шығыс пен Батыстың тоғысында орналасқан Қазақстан тарихи тұрғыда түрлі халықтар мен өркениеттердің дәстүрлері мен құндылықтарын бойына жинақтаған теңдессіз мемлекеттік құрылым ретінде қалыптасты. Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан этносаралық төзімділік пен келісім, бейбітшілік мәселесі республикада аса зор мәнге ие. Ол елдегі саяси тұрақтылықтың негізі

Халықтардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің қазақстандық үлгісі - бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңіл ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қақтығыс пен жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады. Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының әрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін жоғары қоюында болып отыр. Ол туралы Қазақстанның Ата заңында басты бағдар берілген.

Қазақстанда дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған.

Қазақстанда діни конфессияларға деген толеранттылық негізі ретінде  «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы қабылданған.

Қазақстан - Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Осыдан-ақ еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады.

Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалап, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның қайғысына да ортақтығын танытты.

Елбасшысы Н.Назарбаев «Біздің еліміздің баға жетпес байлығы - қоғамдық келісім және халықтардың достығы» Өйткені, Қазақстанның  өркениетті коғам құру кезінде қол жеткізген барлық табыстары - ұлтаралық келісім, азаматтардың бірлігі және ішкі саяси тұрақтылықтың жемісі. Мен біздің елімізде тұрып жатқан 140 ұлт пен ұлыстың өкілдеріне және 40 діни конфессиялық бірлестіктерге өткен жылдар ішінде кездескен қиындықтарды еңсеру кезінде қосқан үлесі мен төзімділігі үшін алғыс айтамын» деген болатын өз сөзінде.

Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениеттерін дамытуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына республикалық, аймақтық деңгейдегі 820-дан аса этномәдени бірлестіктер енген.

Ұлтаралық бейбітшілік пен халықтар достығын насихаттау үшін бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы да көрсетуге болады. Сондай сабақтардың бірі "Бір ел, бір халық, бір тағдыр" тақырыбындағы сабағымды ерекше атап өткім келеді. Мақсатым сынып оқушыларын достыққа және басқа ұлт өкілдерін сыйлауға, құрметтеуге баулу болатын.

Біздің жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Ел. Бұл идеяны өміршең ететін - елдің бірлігі. Бірлік болмаған, ауызбіршілік қашқан, алауыздық болған жерде береке болмайды. Сол себепті Елбасы Жолдауында айтқандай, біздің кейінгі ұрпаққа аманат етер ең басты байлығымыз - ел бірлігі болуы керек. Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, барша азаматтардың теңдігі және олардың Отанымыз алдындағы жауапкершілігі Қазақстанның ХХІ ғасырдағы қарышты дамуын қамтамасыз ететін темірқазыққа айналуы қажет.

Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалдық реформаны іске асырудағы «100 нақты қадам»-еліміздің даму жолы айқындалған құнды құжат. Қоғамға қажетті барлық саланы қамтыған. Ұлт жоспарының 85-қадамында: «Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Үлкен ел-Үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады»-делінген.

Бұл жаңа жағдайда Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруінің нақты жолы. Яғни, әрбір қадам мемлекетімізді нығайтып, биік белестерді бағындыруға даңғыл жол ашылады деген сөз.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н. Ой бөлістім халқыммен. - Алматы: Мектеп, 2006. - 248 б.

2. Назарбаев Н. Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде,  ұлттық татулық және демократиялық реформалар. Қазақстан халықтары Ассамблеясының ІV сессиясындағы баяндама. – Алматы, 1997 - 70 б.

3. Ұлтаралық келісім – ҚР-ның индустриалды-экономикалық қарқынды дамуының кепілі. Аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Тараз, 23 сәуір 2012 ж.