Педагогика

Педагогикалық өзіндік білім алу мәселесін жетілдіру жолдары

Құлымбетова Асмагүл Ғазизқызы,

Аудандық білім бөлімінің әдіскері,

Жаңақорған кенті, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы

 

Педагогикалық өзіндік білім алу – жеке, ерікті процесс, ол бұған саналы қажеттілік негізінде жүзеге асырылады. Алайда, ол педагогикалық біліктілікті жетілдірудің барлық формалары ретінде белгілі бір жетекшілікті талап етеді.

Педагогикалық өзіндік білім алу мәселесі негізгі жұмыспен бірге жүріп, жағдайдан жағдайға қарай емес, педагогикалық біліктіліктің, шеберліктің, алғырлықтың дамуы мен қалыптасуының маңызды жолы ретінде мақсатқа бағытталып, жүйелі шешілуі тиіс.

Өзіндік білім алумен айналысатын педагог үшін педагогикалық психология, педагогика, оқыту әдістемесі сұрақтарын оқып-үйренуде ақпарат көздерін іріктеп алу үшін, түсінбегенді түсінуге, оқылған кітаптың теориялық «шым-шытырықтарын» ретке келтіруге көмектесу қажет және тіпті керек те. Бірақ педагогикалық өзіндік білім алуды мезгілімен жоспарлау, жоспардың орындалуына есеп беру, үнемі қадағалау және т.б. осының барлығы педагогикалық әдебиеттерді оқуға тойтарыс береді, сондай-ақ, бұл не  -  қызықсыз романдар, педагогикалық өз бетімен білім алуды тұтастай формалдікке айналдырады.

Педагогикалық өзіндік білім алу педагогикалық қызметтің көп жақтарын қамтиды – бұл сабаққа және сабақтан тыс іс-шараларға дайындалудағы дербес өзіндік жұмыстар, бұл «ашық сабақты» талқылауға қатысу, бұл педагогикалық оқылымдарға баяндамалар дайындау, оқу мекемелерінде өткізілетін ұжымдық әдістемелік жұмысқа қатысу, педагогикалық конференциялардың жұмыстарына қатысу және т.б., мұнда педагог маңызды мәліметтер алады, өзінің тәжірибесін әріптестерімен бөліседі.

Бірақ өзіндік білім алу, ол педагогикалық білім алу – оқу, оқу тағы да педагогикалық әдебиеттерді оқу, педагогикалық мерзімдік басылымдарды, педагогикалық ақпараттық материалдарды, әдістемелік зерттеулерді және т.б. оқу. Оқыту сияқты педагогикалық өзіндік білім алуда да жалпы алғанда «сапа сан арқылы келеді» - оқылған педагогикалық кітаптар, мақалалар, тыңдалған дәрістер, оларды ойластыру, өзінің практикалық жұмысына пайдалы идеялар мен пікірлерді анықтап алу. Өзіндік білім алуды, оның шінде педагогикалық өз бетінше білім алуды педагогикалық ақпарат көздерін оқу деуге болмайды.

Өйткені педагогикалық эрудиция – бұл тек педагогикалық ғылым, педагогикалық тәжірибенің негізін білу ғана емес, - бұл тек педагогикалық заңдар мен заңдылықтарды білумен тұйықталып қалмайтын жалпы педагогикалық эрудиция, жалпы мәдениет. Көбінесе ғылыми, аса педагогикалық кітаптарға немесе мақалаларға қарағанда газет, баспасөз мақалаларынан, әдебиет туындыларынан, театр орындалымдарынан, кинофильмдерден өте көп педагогикалық таным алуға болады. Көп нәрсе ізденушінің қабылдауына, өзінің танымына байланысты оқудың мәнін өзінің бойынан «өткізуіне», өзіне маңыздысын алуына, ең бастысын тауып бөліп алып ой-санасынан өткізуіне тікелей байланысты.

Деректерді оқуда өзі үшін маңызды ойды, идеяны, пікірлерді, теориялық қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды белгілеп отыру өте пайдалы, өзі жасаған белгілі бір жүйені үнемі реттеп отыру қажет. Бұл өзінің педагогикалық эрудициясын маңызды дәрежеде «шыңдап алуға» мүмкіндік береді, сабаққа дайындалғанда, үйренген тәжірибені талдауға, рефераттар мен баяндамалармен жұмыс істеуде көмектеседі.

Толық негізделген педагогикалық өзіндікбілім алуға өзінің тәжірбиесіне «педагогикалық күнделік» жүргізу арқылы өзін-өзі талдауды жатқызуға болады, онда педагог өзінің дербес педагогикалық жаңалықтарын, сабақ өткізудегі кемшіліктері мен аяқталмаған жұмыстарын белгілейді. Мұндай «күнделіктерді» жазу өзін-өзі талдауға, өзіне сын көзбен қарауға қабілеттілігін дамытады, бұл өзінің «педагогикалық білім байлығына» қатты көңіл аударатын педагогтарға сөзсіз тән қасиет.

Өзінің ойын жазбаша жеткізу қабілеттерін дамыту туралы бірер сөз, мұны да өздігінен педагогикалық білім алуға, өздігінен жетілуге қосуға болады. Педагогқа көп жазуға тура келеді: сабақ жоспарын да, конспектілерді де, әртүрлі жұмыстарға есеп беру, әдістемелік құралдарды да, баяндамалардың мәтінін де, іскерлік ойындардың сценарийін де және т.б.

Көбінесе педагогикалық қызметкерлер «жазу» көлемінің көптігіне шағымданады. Мұндай шағымданулар мүлде әділетті емес. Көп жазсаң, анық ойлайтының құпия емес. Өйткені, ойды жазбаша мазмұндау – бұл оларды ойластыру, өңдеу, талдау, қорытынды шығару, ойды тұжырымдауға негізделеді. Ал егер ол бір ғана ой емес бірнеше ойлардың үйлесуі болса – онда бұл бір жүйе, ойлау стилі, даму, өсу. Сондықтан, «бір жазу» «екінші жазудан» басқа. Барлығы бір уақытта және бірден бола қоймайды, көбінесе өзіңді ойлауға, ойлануға, тұжырымдарды құрастыруға мәжбүр ету қажет - бұл оңай емес.

Бәрі уақыт өте тәжірибемен келеді. Сондықтан мақала, баяндама, реферат, әдістемелік жұмыстар жазу қажет. Бұл еңбектер жарық көрмесе де, басқа біреулер оны оқымаса да – ол маңызды емес.

Қорыта айтқанда, ең бастысы жазылу процесінің өзі – осының өзі өздігінен білім алу, педагогикалық эрудицияның қалыптасуы мен дамуы, ал мұның өзі бүгінгі және болашақ педагогикалық шеберліктің кепілі болып табылады.

Әдебиеттер

1. Тажбаева С.Г. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2013.

2. Садыков Т.С. и др. О разработке ведущих идей в профессиональной подготовке будущего специалиста // Вестник АГУ им. Абая. №5(5), 2008.