Сматаева Р. Д.
Мектеп жасына дейінгі
балалардың танымдық қабілетін дамытудағы ойынның
маңызы.
Айналадағы әлемді ойын,
серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымызбен
қарым-қатынас жасау кезінде танып білеміз. Осындай жетіктіктерге
жету үшін тәрбиеші алдында тұрған балаларды
ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың
мінез-құлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін
таным үрдістерінің дұрыс бағытта қалыптасып,
дамуын қадағалап, әрі қарай дамытып отыруымыз
қажет. Балалардың таным мүшелерін және де
шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында
танымдық шығармашылық ойындар қолданудың
маңызы өте зор.
Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке
қарамайтын, адамның көңіл – күйін
көтеретін, ойландыратын құбылыс. Ойын – төзімділікті,
алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты,
ізденімпаздықты, іскерлікті, көп білуді, толып жатқан
сапалылық қасиеттердің қалыптасуына үлкен
мүмкіндігін тигізетін педагогикалық тиімді әдістердің
бірі. Қазіргі кезде технологияның дамуының нәтижесінде
«Ойын технологиясы» атты жаңа бағдарлама ұсынылған.
Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында,
сабақ қызықты өткізілуі үшін пайдалануға
сабақ құралы ретінде берілген. Сондықтан ойынды
сабақтан тыс уақытта пайдалану – үлкен тәтиже беретіні
анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ,
содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін
байқаймыз. Себебі бұл барлық өнердің бастауына
жол ашады деп санаймын.
Мектеп жасына дейінгі балаларды
қоршаған ортамен, табиғатпен таныстыруда танымдық -
шығармашылық қабілетін арттыратын ойындар өте
маңызды орын алады. Танымдық – шығармашылық ойындар
мектеп жасына дейінгі балалардың таным мүшелерін яғни есту,
көру, ойлау, сөйлеу сонымен қатар, шығармашылық
қабілетін дамытуда таптырмас ойын болып табылады. Танымдық –
шығармашылық ойындарды ойлап табу, оны ұйымдастырылған
оқу іс-әреткетінде тиімді пайдалану тәрбиеші яғни
біздердің тәрбиешілік шеберімізге байланысты. Қорта келе:
мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін
дамытудағы ойынның маңызы зор екендігін байқаймыз.
Балаларды тәрбиелеуде ғана емес, мектеп жасына дейінгі
балаларға және де мектеп жасындағы оқушыларға
білім нәрін беруде де ойынның маңызы мен ерекшелігінің
өзіндік орны бар екені байқалады. Ойын балалардың негізгі іс
– ірекеті ретінде психологиялық, анатомиялық, физиологиялық
маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму
құралы, таным көзі, тәрбиелік, дамытушылық
мәңге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде
қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынның тәрбиелік
маңызы жоғары деп бағалап, А.С. Макаренко былай деп
айтқан: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам
үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің
қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында
қандай болса, өскен соң жұмыста да көп
жағынан сондай болады.» деген.
Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен
ойыннан басталады. Ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты
қажет етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан
басталады. Ойын арқылы
баланың білім алуға, оқуға қызықтыра
отырып, тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі,
осыған дейінге білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа
білім игеріледі. Ойын – адамның өмір танымдық алғашқы қадам деп
санаймын. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру
болып табылады. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін
қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үрдісінде
ол алға қойылған мақсатты шұғыл және
оңай түсінеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
Қалиев С., Молдабеков Ж.,
Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
2. А.С. Макаренко'О воспитании'
- Москва: Издательство политической литературы, 1990
3.
Әл-Фараби.
Философиялық трактаттар. – Алматы: “Ғылым” 1973 ж.
Әлеуметтiк-этикалық трактаттар. А; “Ғылым” 1975 ж.