Сматаева
Р. Д.
Мектепке дейінгі
балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы
Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын,
ой өрсін кеңейтіп, сөздік қорын байыту,
эсетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде
көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.
Мектеп жасына дейінгі
сәбилердің әдеби шығармашылықтарды оқи
алмайтыны анық. Олар әдеби шығармаларды тәрбиеші
яғни біздердің көмегімізбен мәнерлеп оқып
беруіміз бойынша ғана сөз сырын санасына ұялатады. Ертегі,
шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел,
жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем
сөз жанрларының ежелден
ақ тәрбие ісіне зор көмекші болып келеді.
Балабақшада тәрбиеленген, әлі мектеп жасына жетпеген
ауылдық жерлердің сәбилері кішкентай күнен өз
ата-әжелері мен әке-шешелерінен естіген халық ауыз
әдебиеті нұсқаларынан нәр алып өсетінін белгілі.
Бұл ертеден келе жатқан нұсқа. Бізде кішкентай кезімізде
ата-әжемізден аңыз-әңгіме, ертегі естіп өскенбіз.
Мысалы: Дана ақын — Абай атамызда әжесі — Зереден кішкентай кезінен
аңыз-әңгіме, ертегі естіп өскен. Мұндай
шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам
жаттап алады. Мысалы: «Торғай», «Бақа-бақа балпақ»,
«Қарғалар», «Санамақ» т.б. сияқты халық
өлеңдері ойнақы тілмен, қайталама сөзімен,
әуенді үнімен бөбектерді баурап, сөз өнеріне
баулиды.
Сол себепті де «Балабақшада
оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» 2 жастан 3
жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу,
тіл дамыту жұмысы арнайы бөлім, 2-3 жасқа, 3-4 дейінгі
балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілеріне «Бесік жыры»
сияқты ойнақы өлеңдер санамақтар берілген.
Бұл бағдарлама бойынша қазіргі кезде балабақшада
қолданып, бүлдіршін балақайларды тәрбиелеп, білім
нәрін берудің бастапқы жолында, мақсат көздеп
жұмыс атқарудамыз.
Көркем шығармаларды
тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып,
қызығады. Қысқа өлең оқып берсе, тез
жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби
кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді –
бойын қорқыныш билейді. Балаларда жақсы және жаман
іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі
жетіле түсінеді. Ал тілінің дамуы – баланың бойында
қабылдай – ести білу сияқты психологилық процестердің
бірте-бірте қалыптасуына негіз болады. Мектеп жасына дейінгі
балаларға оқып беретін шығармалар негізінен үш
салаға бөлініп жүргізіледі:
-
Ауыз әдебиеті нұсқалары;
-
Классик; (Жазушылар шығармалары)
-
Қазақ жазушыларының шығармалары;
Осы
саладағы шығармаларды бағдарламалық материалдарда
қолданып жұмыс істеудеміз. Бұның барлығы білімді
ұрпақ тәрбиелеудің алғашқы жолы деп
санаймын. Бізде 5-6 жастағы балалардың ертегілері мен
қызықты әңгімелері ұйымдастырылған
түрде мағыналы, жүйелі өз бетінше еркін
жүргізілген түрде алынған және даму жолына байланысты
көп ой-пікірлерден өткізіліп келген. Біз балаларға ауыз
әдебиетінің маңызын түсіндіруде көптеген
әдіс-тәсілдерді қолданамыз. Мектепке дейінгі балалардың
тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің ерекшелігін маңызы
өте зор.
Ауыз әдебиеті арқылы
балалар дұрыс сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға,
сөйлеу мәдениетін сақтай білуге кішкентай кезінен
дағдыланады. Тіл дамыту -
бұл сөздік қорымыздың, тіл тазалығымыздың
құралы. Тіл арқылы балалар тілдесу, дұрыс
қарым-қатынас жасай алады. Балалар ғана емес
барлығымызда тіл арқылы дұрыс қарым-қатынас
жасауға, тілдесуге мүмкіндік аламыз. Осыдан-ақ тіл дамытуда
ауыз әдебитінің маңызды екендігін аңғаруға
болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
Қазақтың
тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. – Алматы: “Рауан” 1т.
1994., 2 т. 1998 ж.
2.
Қазақтың
мақалдары мен мәтелдерi. – Алматы: ҚазГосполитиздат. 1957.
3.
Қожахметова К.Ж.
Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және
теориялық мәселелерi. -
Алматы; 1993 ж.