"Білім алушының ғылыми –зерттеу
жұмысындағы ұйымдастыру әлеуеті – ғылыми жоба дайындаудың тиімді жолы ретінде
Ахметова Клара
Нуртугановна
Қызылорда көпсалалы
гуманитарлық-техникалық колледжінің
Әр ғылымның барлық саласында
болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп
отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде
бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде
студенттердің өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы
ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін,
оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие
болады. Себебі, студенттердің өзіндік жұмыстарын арнайы
ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты
болып табылады.
Қазақстан
Республикасының кешенді тәлім-тәрбие тұжырымдамасында
былай деп жазылған: "Бұл таңда жастарға
әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен
тәрбие беру, оның рухани байлығы мәдениеттілігін, ойлай
білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның
кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті
қоғамның міндеті болып табылады". Міне, осы
тұрғыдан қоғамға жан-жақты 6ілімді,
жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей
білетін жеке адам қажет. Ондай адам мектеп табалдырығынан бастап,
орта және жоғары оқу орындарда дайындалады.
Қазіргі заман талабына сай оқыту мен
тәрбиелеудің түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті
ұштап отыру парызымыз. Білім алушыларға тиянақты да, сапалы білім беру ол ізденіс арқылы,
білім алушының құштарлығы мен
қызығушылығы арқылы, сабақта жаңашыл
әдістерді пайдалану арқылы оларды өздігінен еңбек
етуге, алған білімін жаңа материалдармен ұштастыра білуге
дағдыландыру, ғылыми жұмыс жазу барысында
оқушының бойында ізденіс әрекетін ұйымдастыру,
проблеманы тану және оны шеше білу дағдысын қалыптастыру
керек.
Л.С. Выготский: «Дұрыс ұйымдастырылған
оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре
алады»,- дейді. Сондықтан оқыту процесі жаңа
инновациялық әдістер мен жаңа технологияларды
пайдалануға итермелейді.
Инновация деген ұғым латын тілінде
жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті
білдіреді. Оның мәні - білім беруге және өздігінен
білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Ал инновациялық
оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге
енгізу. Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде
мектепте білім беру жүйесі көптеген өзгерістерге
ұшырауда. Оған себеп:
-ақпараттық технологияның
жедел дамуы;
-жаңа типті мектептердің
пайда болуы;
-дарынды балалармен жұмыс істеу
бағдарламасының дүниеге келуі;
-балаларды шет елдерге оқыту мүмкіндігі туды.
Жалпы ғылыми- зерттеушілік жұмыстарға қабілетті,
көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білім
меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын және
олардың түсінігі өте жоғары, сезімтал, ойға
алған нәрсесін, алдына қойған мақсатын
қалай да орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамыған,
моральдық қасиеттерге өте бай, қиял күші басым
білім алушылармен жұмыс жасаймыз.
Білім алушылардың тәрбиелік және ғылыми- зерттеу
жұмыстарын жүргізу үшін басты мына мәселелерге
тоқталған жөн:
- әрбір білім алушының жек-дара ерекшеліктерін ескеру;
- білім алушылардың қабілеттері мен
шығармашылықтарын арттыру;
- білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену
дағдыларын қалыптастыруболып табылады.
Қабілетті білім алушыларды ерте
айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі
негізгі міндет болып табылатынына бүгінгі таңда ешкім
шүбә келтірмейді. Арнайы бағдарда оқыту
тәсілінің негізінде зерттеуші білім алушыларға
практикалық көмек көрсету , психо-диагностикасын жүргізу,
қабілеттерін зерттеу арқылы жақсы нәтижелерге жетуге
болады.
Білім
алушылардың дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік қызметке
баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды
жүргізудің маңызы зор. Үйірме жұмыстарын, білім
алушылардың қай пәнге деген бейінділігін анықтап,
олимпиадаға дайындау, конференция, КВН, дәстүрлі емес
сабақ түрлерін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарын
өзін-өзі басқару әдісі бойынша жүргізу керек.
Оқушылардың қабілеттерін
артыруда, логикалық ойын пайдалану үшін және зерттеушілік
қызметін жандандыру да жаңалық ашуға жетелейтін
жолдың бірі – өздігінен тапсырма құрастыру. Тапсырма
құрастыруда оңайдан бастап, біртіндеп күрделендіре
түскен пайдалы.
Бүгінгі таңда жеке тұлға,
яғни зерттеушілік тұлға қалыптастыру білім мен
тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып
отыр. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатында
жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің
жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде
қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан
тұрады.
Ғылыми -зерттеу тәртібін
ғалым А.И. Савенков күрделі психологиялық құбылыс
деп түсіндіреді. Ғылыми –зерттеу - дарынды балаларды
оқытудың негізі деп қарастырады. Онсыз баланың
потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Түрлі
әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы әртүрлі
балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы танып,
жұмыс жасау, оның шығармашылық деңгейін
бақылау.Ғылыми –зерттеу жұмыспен айналысатын дарынды білім
алушыны қалыптастыру үшін жұмыстың мақсаты мен
міндетін айқындап, оқушының ерекше қабілетін ашу
жолдарына бағыт жасау керек. Міндеттері:
- білім алушының жеке ерекшелігі мен
қабілетін зерттеп, зерделеу;
- шығармашылық ғылыми ізденіске
өзіндік зерделігін дамуын назарда ұстау;
- білім алушының өз бетінше
әрекет етуіне мүмкіндік беру.
Білім алушылармен ғылыми - зерттеу
жұмыстарын дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу,
өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру
болғандықтан сабақ барысында кеңінен соңғы
кезде деңгейлеп оқыту, дамыта оқытудың модульдік
әдісін жиі пайдалану өте тиімді. Бұл әдіс педагогика
ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың
тұжырымдамасы негізінде жасалған.
Жалпы білім алушылардың
тәрбиелік және ғылыми –зерттеу жұмысындағы
жаңашылдықты қалыптастыру үшін зерттеу топтарын
құру өзектілігі мынаған саяды:
-біріншіден, білім алушылардың үрдісін демократияландыру
және ізгілендіру. Бұл
білім алушылардың тұлғалық әлеуетін аша
түсуге қажетті жағдай туғызады;
-екіншіден, білім алушылардың оқу
және тәрбиелік деңгейін анықтайтын педагогтердің
кәсіби шеберлігін дамыту міндеттері;
-үшіншіден, білім алушылардың
білімін арттырудағы мектепішілік жүйесінің қажеттілігі.
Білім алушылардың мүмкіндіктерін
айқындап, инновациялық тәрбие мен ғылыми-зерттеу
жұмыстарын қолдану саласын және ынталандыру әдістерін
анықтау керек. Ғылыми –зерттеу жұмыстарында білім алушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуда:
1. тақырыпты мамұнына қарай
жинақтау;
2. арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
3. логикалық ойлауын дамытатын ойындармен
берілген тапсырмаларды шешу;
4. әңгімені салыстыру, бөліктерге
бөлу, ат қойғызу;
5. қиялдау арқылы сурет салу;
6. өлең шумақтарын
құрастыру;
7. мәтін, әңгіме, ертегіні
өз бетінше аяқтау;
8. әр түрлі тақырыпта пікірталас,
сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру
сияқты әдіс –тәсілдер жиі қолданылады. Осындай
жұмыстарды үнемі жүргізу білім алушыларды
шығармашылыққа баулуға, олардың бойындағы
қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын
ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Сондықтан, білім алушыларды
ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту
бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып
саналады.Мұндағы зерттеу қызметі шығармашылық
ізденіс бағдарламасын жасау, қазіргі заманғы
әдебиеттерді оқып-үйренуге, оқыту мен тәрбиелеу
нәтижелерін жасау, оқушылардың даярлық деңгейін
және олардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, дамытуға
зор мүмкіндік береді.
Дегенмен ғылыми
жоба жазу кезінде мынадай қателер
жиі кездеседі:
- ғылыми
жобаның тақырыбын таңдауда таңдап ала алмау;
-
жұмыстың құрылымын білмеу;
- ғылыми
жұмыстың логикасын дұрыс түсінбеу;
- «Кіріспе»
бөліміне дұрыс көңіл бөлмеу;
- алдымен практикалық бөлігін
жазып алып, жұмыстың теориясын соңынан жазамын деп ойлау;
-
жұмыстың тек қана теориялық материалдардан тұруы
немесе практикалық бөлігінің болмауы;
- ғылыми
әдебиеттермен жұмыс жасаудағы қателіктер;
- зерттеу
әдіс-тәсілдерін дұрыс меңгермеу;
- жобаның жазылу тілінде кететін қателер
(ғылыми стильмен жазылмауы; ұғымға ауыр тиетін
құрмалас сөлемдерді, күрделі фразалық
тұтастықтарды жиі қолдануы; орфографиялық,
пунктуациялық қателердің болуы).
Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын
білім алушыны қалыптастыру жолындағы басты мақсат
қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке
тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ғылыми- зерттеу жұмыспен
айналысатын дарынды білім алушымен жұмыс жүргізу үшін
тақырыпты талдауға ақыл-кеңестер беріп,ғылыми
–зерттеу орындарымен таныстырып, пайдаланатын әдебиеттерді іздестіру
жолдарын көрсету керек. Сонан соң тақырыппен жұмыс
жүргізу жолдары, архив материалдарын пайдалану, газет –журналдар
тігінділерімен жұмыс істеу, қариялар аузынан фактілер
жинақтауды ұғындыру қажет. Білім ғана адамды адам
етеді, жетілдіреді және сақтайды. Білім-таусылмайтын байлық.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары білім
алушының интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін
арттырады. Ғылыми сипаттама беруді үйренеді.
Ғалымдардың тәжірибесіне негізделген материалдарды
іздестіріп, танымдық белсенділігін арттырады. Ғылыми
еңбектермен жұмыс жасау әдістерін
меңгереді.Ғылыми жұмыстардың теориялық және
тәжірибелік аспектілерін шешуде шығармашылық белсенділік
көрсетіп, ғылыми нәтижесін алады. Қоғамдық
өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға
қалыптасады. Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары
деңгейде көтеретін ұрпақ даярланады.
Білім алушылардың тиімді ғылыми
–зерттеу ізденіс жұмысына осы айтылғандардың беретіні :
а) ғылыми –зерттеу жұмысы әрдайым ізденіске жетелейді
және оны шығармашылық түрде орындайды;
ә) күнделікті ғылыми –зерттеу жұмысына әсер
ететін өзіндік білімін жетілдіреді;
б) алған білімнің әртүрлі ғылыми – зерттеу
жағдайларына пайдалана білуге және ұтымды нәтиже
алуға бағыт береді.
Жеке тұлғаны қалыптастыруын
дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында
баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін
қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға
дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу
бүгінгі ұстаздың жауапты істері болу керек.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары білім алушының
интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін арттырады.
Ғылыми сипаттама беруді үйренеді. Ғалымдардың
тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп, танымдық
белсенділігін арттырады. Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау
әдістерін меңгереді.Ғылыми жұмыстардың
теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуде
шығармашылық белсенділік көрсетіп, ғылыми
нәтижесін алады. Қоғамдық өмірге бейімделген
интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады. Еліміздің
ғылыми дәрежесін жоғары деңгейде көтеретін
ұрпақ даярланады.
Сонымен, өзіндік жұмыс білім
алушылардың шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда
зор әсер білдіреді, қайсарлық, табандылық,
батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда
көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны
сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Білім беру сапасы –
Қазақстан Республикасының тұрақты даму
ұстанымдарын және бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету кепілі» атты республикалық ғылыми-практикалық
материалдар жинағы.2009.
2. «Мектептегі ғылыми жұмыс»
республикалық ғылыми –әдістемелік журнал.2011,№4.
3.
«Педагогикалық кеңес» журналы.2011,№ 2,3.
4.У. Абдукаримова. Самостоятельная работа студентов. Алматы, 1999.