Қуанышева А.Ж.

Тараз қ. №7балабақша  тәрбиешісі

Оспанбаева А.Р.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке  дайындаудың

психологиялық  мәселелері

 

        Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар, тәуелсіздік алып, егеменді ел болуымыздың арқасында қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп ӛсіру, отбасының, бала бақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың ауқымды міндеті болып отыр.

ҚР «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетіст іктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім үшін қажетті жағдайлар жасау»-делінген. Білім берудің бағыт-бағдары Мемлекетіміздің Конституциясында, «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында және басқа да мемлекеттік құжаттарда негізделген. Ендеше, мектеп алды даярлық топ балаларын мектеп оқуына психологиялық дайындау ерекше көкейкесті проблемалардың бірі болып

табылады.

Білім беру Заңында: «Балалардың үйелменде тәрбиеленуі білім беру мекемелеріндегі тәрбиемен етене ұштасып жатады. Үйелмен қалыптасып келе жатқан дамның үйлесімді дамуына, жалпы адамзаттық қазыналардың нәр алуына жауапты» делінген.

Қазіргі кезде балалар психологиясы ғылымында, мектеп оқуына дайындықтың мазмұны тек бала білімімен, демек интеллектуалдық дайындығымен тұжырымдалмай, оның психикасының сапалы ерекшелігімен, яғни белгілі психикалық құрылымдардың қалыптасуымен негізделеді. Бұл көзқарастың негізін Л.С.Выготский, мектепке дейінгі балалардың психологиялық жаңа құрылымы ретінде «интеллектуализация аффекта» яғни “жан күйзелісі зияттылығы” – деген түсінікті енгізуімен қалаған. Бұл жаңа құрылымның бір кӛрінісі ретінде баланың тәлім-тәртібінің қоғамда қолданған талапқа бағыну бағытымен өзгеру деп санайды.

Баланың мектепке баруын қай кезде болмасын педагог және психолог қауымы бала өмірінің жаңа бастауы ретінде, оның әлеуметтік ортада жаңа орын алуы деп қараған. Баланың оқу әрекетіне дайындығын Л.И.Божович, оның әлеуметті маңызы және әлеуметті бағаланатын қажеттілігінің өсуімен байланыстырады.

Мектеп оқуына балалардың психологиялық дайындығын зерттеуге мектеп оқуын, ойдағыдай меңгеру үшін сол оқу процесіне психологиялық бейімделуін зерттеуге арналған. Біздің ойымызша баланың мектеп оқуын негізгі әрекет ретінде қабылдап әрі қарай меңгеріп кетуі үшін осы күрделі оқу әрекетіне алдын-ала бейімдеу керек.

Мектепте оқуға психологиялық даярлық баланың негізгі психологиялық сфераларының қалыптасқандығынан көрінеді: ықыластанушылық (мотивациялық), адамгершілік, еріктік, ақыл – ой және бұлар оқу материалын табысты меңгеруді қамтамасыз етеді. Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлығы оның мектепке түсу мезетінде мектеп оқушысына сай психологиялық белгілер құрылатындығында емес. Олар тек мектепте оқу барысында қалыптасады.

Баланың оқу әрекетіне жеке басының дайындығын психологтар, оның өз психикалық процестерін басқара білуімен байланыстырады, демек бала импульстік (жедел) эмоциясынан құтылып, ерік-жігер қасиеттері орын ала бастап, әрекет барысында, бала жинақтылық, белсенділік, тәртіптілік және оқуға ынтасын көрсетеді. А.Леонтьев, Л.Божович, Д.Эльконин, В.Мухина баланың жеке дайындығының ролін жоғары бағалайды. Коммуникациялық дайындық мәселелері М.Лисина, Е.Кравцова және тағы басқа психологтар еңбектерінде айтылады.

Мектепке бару бала өміріндегі шешуші кезең, өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым- қатынастарға көшу болып табылады. Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:

- мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің критериялары, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;

- балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, жалпы бүтіндей педагогикалық процестерге бағытталуы қажет және адамзат қоғамының жан-жақты дамыған азаматы ретінде оқытылуы мен тәрбиеленуінің құрамды бөлігі болуы тиіс;

- мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделу деңгейі бала бала жетілуіне түрткі болатын педагогикалық шаралар жайлы нәтижелер жасауға болатынын сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады деп, психолог қауымы көрсеткен.

Оқуға бейімделуі әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қоланылу бөлігін анықтайды.

         Мектепке дейінгі шақтың соңында балалардың қолы жеткен және бастауыш мектепте табысты оқуға жеткілікті танымдық іс-әрекеттің даму деңгейі, осы әрекетті еркін басқарудан басқа, бұрын айтылғандай баланың қабылдауы мен ойлауының белгілі бір сапаларын қамтиды. Мектепке түскен бала заттарды зерттей білуі, олардың әртүрлі қасиеттерін бөліп көрсете алуы керек. Оған жеткілікті түрде толық, анық және таңдамалы (бөлшектенген) қабылдауды меңгеруі қажет. Өйткені, бастауыш сыныпта оқу мұғалімнің жетекшілігі мен балалардың әртүрлі материалдармен жұмыстар орындауына негізделген. Мұндай процестерде әлем туралы ғылыми түсініктер алуы үшін маңызы бар заттардың қасиеттерін ашып, бөліп алуы жүріп отырады.

Мектепке келген бірінші күннен бастап, бала заттың кеңістік белгілерін, кеңістік бағыттары туралы білімді ескермей орындауға болмайтын нұсқаулар алады. Уақыт туралы түсінік және «уақытты сезу», оның қаншасы өткенін анықтай білу – оқушының сыныптағы ұйымдасқан жұмысының, тапсырманы мұғалімнің көрсеткен мерзімінде орындауының маңызды шарты.

Мектепте оқу, білімді жүйелі меңгеру баланың ойлауына ерекше жоғары талаптар қояды. Бала айналадағы құбылыстардан ең маңыздысын бөліп ала білуі керек, оларды салыстыра білуі, ұқсастығы мен айырмашылығын көре білуі, дұрыс ойлай білуді үйренуі, құбылыстардың себебін таба білуі, қорытынды жасай алуы қажет. Сабақта ол мұғалімнің пікірін байқап, қадағалап отыруы және ізінше сәйкес қорытынды жасай білуі қажет. Егер баллада құбылыстардың байланыстары мен қатынастарын жалпыланған түрде анықтай алатын ойлау іс-әрекеті қалыптасса, осылардың бәрі қамтамасыз етіледі. Ал мұндай әрекеттер мектепке дейінгі шақта кӛбінесе бейнелі ойлаудың көрнекі-схематикалық түрінде қалыптасады. Ойлаудың бұл түрлерінің жеткілікті дамуы, бала мектептегі оқуға көшкенде тек қана сынып бағдарламасын табысты меңгеруіне ғана емес, оқушыға логикалық ойлаудың тәсілдерін игеруіне де септігін тигізеді. Жекелеген ұғымдар және логикалық ойлаудың тәсілдері, ұғымдарды меңгеруге және қолдануға негізделген ойлаудың логикалық түрлері мектепке дейінгі шақта меңгерілсе де, мектептегі оқудың алғышарты емес салдары болып табылады.

Сондықтан, біздің ойымызша балада, мектеп оқуына керекті компоненттердің бәрі де уақтылы қалыптастырылып отырылуы керек. Әсіресе баланың оқу тапсырмасын қабылдай білу қасиеті қалыптасқаны жөн.Өйткені біздің ойымызша, бұл қасиет баланың оқуға деген ынтасын көтеретін қасиет. Ал оқуға ынтаның көтерілуі баланың мектеп өміріне мейлінше аз уақытта бейімделуіне көмегін тигізіп отырады.

 

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 


1.Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңы -Астана,Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. №319 ІІІ ҚРЗ. // Алматы 2010

2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020  жылдарға арналған Мемлекеттік   бағдарламасы //Егемен  Қазақстан 14 желтоқсан 2010ж.

3.«Үздіксіз тәрбие»  тұжырымдамасы.- // Астана,2010

4.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мамлекеттік жалпыға міндетті стандарты.-Астана,2013.

5.Н.Назарбаев. Туған елім – тірегім, (Құрастырғандар: М.Қасымбеков. Қ.Әлімқұлов). – Алматы: Рауан, 2011. - 128