Оспанбаева Айман
Рахметиллаевна
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты,Тараз қ.
Байдыханова
Майра Кыргызбаевна
Тараз қ.
№32балабақша тәрбиешісі
Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салу қабілетін дамыту негізінде эстетикалық тәрбие
беру жолдары
Қазақстан
Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев
өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп
аталатын Қазақстан халқына жолдауында: «Бала тәрбиелеу – болашаққа
ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай
қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз
керек.
Мен өскелең
ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік
туғызуға көп күш жұмсадым: «Балапан»
бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев
Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.
Өздеріңіз
білесіздер, оған тек дайындығы бар және дарынды балалар
ғана өте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау –
ата-ананың борышы.
«Бар
жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана
үшін қағидаға айналуы қажет» - деп
көрсеткен болатын.
Бұл-баланың басты
құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен
ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі.
Сондықтан балаға тиісті
дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп,
саналы тәрбие мен сапалы білім
беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие
баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына
дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі
іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған
ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен,
адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.
Бала тәрбиесі отбасынан бастау
алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен
берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан
басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады.
Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына
ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із
қалдырады Бейнелеу өнері
сабақтарында да балалардың эстетикалық көзқарасын
тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін,
сызықтық суреттер, сәулет өнерлері
құралдары мен өнер, табиғат және
қоғам әсемдігі өрнектеледі.
Бейнелеу өнері
шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады,
адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне
үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен
нәзік сезіну, алған әерін бейнелеу өнері
құралдарымен шамасына сай беру, сызықты сурет салу сыныптан
тыс меңгеру. Жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық
суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік
іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.
Тәрбиеші басқа оқу
іс-әрекеттерінде өз
тапсырмаларын бейнелу өнері
тапсырмамен үйлестіреді. Бейнелеу өнері пәндері
балалардың шығармашылық қабілетін дамытады. Олар
қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының
еңбектің эстетикасын тануға үміттенеді. Әсіресе бейнелеу өнері
сабақтары оқушыларды әдемілікке баулиды, таным
ынтасының, бейімділігінің, қабілетінің дамуына
ықпал жасайды.
Сонымен, сурет салу оқу
іс-әрекетінде балаларға
эстетикалық тәрбие беруде ролі орасан зор десек, ол асыра
бағалау болмас еді. Мектепгегі эстетикалық тәрбие
балалардың сабақтағы
жұмыс жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық
өмір елегінен өткен көптеген формалары бар.
Шығармашылық үйірмелер – олар әдебиет, музыка,
хореогарфия, бейнелеу өнері т.б. Балалардың
шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі
– көрмелер, сайыстар. Балабақшада сурет салу оқу іс
әрекетінде алдын-ала
жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат
өтікізіледі Саяхаттын негізгі объектілері көркем галерея,
мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер.
Көркемөнерпаздар үйірмесі балалардың өнерге әуестігін,
қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль
атқарады.
Көркемөнерпаздар
үйірмесі топаралық және балабақша бойынша
ұйымдастырылады. Үйірмеге, ән салуға, билеуге
машық, музыка аспаптарында ойнай білетін қабілетті балалар қабылданады.
Эстетикалық тәрбиенің барлық
түрлері балалардың еріктік,
қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.
Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді
ұйымдастыру, балалардың
эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады. Эстетикалық
тәрбиесіз өскен бала болашағын көз алдымызға
елестету мүмкін емес. Эстетика балаға қоғамда, үйде, топта яғни адам өмір сүрген ортада қажет.
Балалардың эстетикалық тәрбиесі оқу
және тәрбие процесінде іске
асырылады. Эстетикалық білімнің негізгі – оқу пәндері.
Мектеп жасындағы балаларға
әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде
табиғаттың, еңбектің сұлулылығын және
адам іс-әрекетімен әдемілігін бағалай білуді түсінеді.
Эстетикалық тәрбие
беруде көзқарас пен таным ынтымақтыққа, бірлікке,
еркіндікке, адалдыққа, шыншылдыққа,
патриоттылыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелейді.
Эстетикалық сезім мен қабылдауда қазақ қолданбалы
өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарының
мазмүндық ерекшеліктері туған ел, туған жер, атамекен,
атақоныс, жер-су, меңгілік пен бүгінгілік, тағдыр, т.б.
ұғымдарды қалыптастыратынын ұғып-түсінеді.
Эстетикалық баға беру мен пайымдау қолданбалы
өнерінің тарихи даму ерекшеліктерінен білімін меңгертуде жас
жеткіншектердің ақыл-ойын, рухани дүниетанымын, бабалар
мүрасына деген қызыгуын арттырады. Демек, әстетикалық
тәрбие үрдісінде қазақ қолданбалы
өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарын пайдалану
ақыл-парасаттылық (рациовалды) және сезім (эмоциалды)
элементтерінің өзара байланысын қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбие беруде
ұлттық өнердің кеңістік пен уақыт
тұрғысынан
танымдық-тәрбиелік
маңызын және болашақ тәрбиешілерді осы игі істерге баулу, сөз жоқ,
бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп, жаңа сапаға
көтереді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1
Назарбаев Н.Ә.
«Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан
мемлекеттің жаңа
2
Қазақстан
халқына бағыты
жолдауы. -Астана, 15 желтоқсан
2012.
3
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
стандартынан 2012ж.
4
Ядэшко В.И.
«Мектепке дейінгі педагогика» А.Мектеп 2009.
оқыту және тәрбиелеудің
стандарты. Астана-2013.
5
Педагогика
Под ред. Ю.К-Бабанского. - М., "Просвещение", 1988.
6
Ералин К.Е. Изобразительное искусство Казахстана в системе художественно-профессионалынойподготовкибудущихучителей изобразительного искусства и художественного
труда: дис. ..докт.пед.наук -М,2012