Сағындықова
Р.А.
Тараз қ. №7балабақша
тәрбиешісі
Оспанбаева А.Р.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2050»
стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде
халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін
есепке ала отырып, білімі мен білігі
жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра
алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты
қазақстандықтардың
жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса
айтылған .
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарғы
мемлекеттік бағдарламасында білім
беру жүйесін түбегейлі
өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың
бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру,
еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи
мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген .
Қазақстан
Республикасының «Білім беру туралы» заңында: білім беру саласының алдына үлкен міндеттерді
жүктейді. Яғни жалпы адамзаттық бүгінгі ұлттық мәселелермен ұштастыра отырып қарастыру көзделеді.
Сондықтан халық педагогикасын ғылыми негіздерін пайдалану
және оның даму жолдарын іздестіру көкейкесті
мәселелердің бірі.
Тәрбиеші тілі — балалардың
сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі. Жас шамасына
қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен
шаруашылық-тұрмыстық және еңбек
іс-әрекетінде қатынас жасайды. Тәрбиеші балалардың
ойындарын ұйымдастырады, бағдарламада көрсетілген барлық
сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды
көркем шығармалардың авторларының сөздерімен
таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту
потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиешінің
сөзінің сапасына байланысты.Әр ұлттың тілі сол
ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Сондықтан да, өз
тарихына, ұлттық дәстүріне, туған жеріне,
туған тіліне қамқор көзбен карап, қадірлей білген
адам ғана мәдениетті болады.
Тіл мәдениеті — сөздерді мағынасына
қарай дұрыс қолдану, сөйлеу үстінде оларды
бір-бірімен қиюластырып, үндестіріп дұрыс айту, емле мен
тыныс белгілері ережелерін сақтап сауатты жазу, тілдің
ғасырлар бойғы сұрыпталып келген көркемдігі мен
әсем өрнегін орнымен қолдану.
Балалар бақшасының тәрбиешісі үшін үлгілі
сөйлеу тілін меңгеру — бұл кәсіби
даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің
сөйлеу тілін жетілдіру — болашақ әрбір
тәрбиешінің адамгершілік және қоғамдық
парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік
меңгеруге тиіс.
Тіл мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни
әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша
дұрыс сөйлеу, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу
ережелері нормасына сәйкес келуін айтады.
Балабақшадағы
балалардың сөздік қорын байыту, сөйлеу
мәнерін, сөз сарынын қалыптастыру – бүгінгі заман талабы.
Сондықтан тәрбиешінің
сөздік қоры бай, тілі орамды, стилі жатық, дыбыстау
мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал.
Біздің
міндетіміз – қазақ тілін барлық салада белсенді пайдалана
отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың
сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де
үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі
тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін
қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.
Қазақстанның
болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025
жылға қарай өмірдің барлық саласында
үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне
айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты
ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған
тіліміздің мерейін үстем ете түседі.
Балабақшада
тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой-өрісі де
анағұрлым жақсы дамиды. Онда көңіл
бөлінеді. Әсіресе баланың жас ерекшелігіне қарай
айтылатын қызық та тартымды өлеңдер,
тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын
кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды,
сөздік қорын байытады .
Балабақашағы
оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып,
үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану,
одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым-
қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән
берілген.
Мектеп
жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын
жүргізу ісі – тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып
есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып,
оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге,
қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата
білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі
құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін
дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай
білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік
қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-
балалардың сөздік қорларын дамыту;
-
жаңа сөздерді меңгерту;
-
үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып
отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші
үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа
алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын,
тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын –
баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен
өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады.
Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.
Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен
өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен
байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін
ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Баланың білуге деген Балаларды мектептегі оқуға дайындауда,
сөйлеу процесінің дамуы, балалардың мектептегі оқу
жағдайын жақсартатын бірден-бір әсер болып табылады,
өйткені сөз - ол мұғаліммен сөйлесу, сол
арқылы білімді игеру және психикалық процестердің дамуы
мен жетілуі болып табылады.
Сонымен
балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы
-Астана,Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. №319 ІІІ
ҚРЗ. // Алматы 2010
2.Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік
бағдарламасы //Егемен
Қазақстан 14 желтоқсан 2010ж.
3.«Үздіксіз
тәрбие» тұжырымдамасы.- //
Астана,2010
4.Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мамлекеттік жалпыға
міндетті стандарты.-Астана,2013.
5.Н.Назарбаев. Туған елім – тірегім,
(Құрастырғандар: М.Қасымбеков. Қ.Әлімқұлов).
– Алматы: Рауан, 2011. - 128