Халматова Р.

Тараз қ. №7балабақша  тәрбиешісі

Айдосова Р.Д.

Тараз қ. №7балабақша  әдіскері

Оспанбаева А.Р.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Мектеп жасына  дейінгі балалардың танымдық  қызығушылығын арттырудың педагогикалық шарттары

 

     Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан- 2050» бағдарламысында біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңнің міндеттерін өзге келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтындығымыз, сонымен бірге жас ұрпақты  отансүйгіштік рухта тәрбиелеп, дене тәрбиесімен, спортпен айналысуга үгіттеп, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін есте ұстауга тиіс екендігіміз айтылған.  Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған мектеп жасына  дейінгі  балалардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, балабақшадағы  оқу үрдісі балалардың  танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

Танымдық белсенділік — баланың оқуға, білуге деген ынта-ықылы сының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Баланың өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды балалардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру - тәрбиешінің міндеті. Балалардың  оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамы-ту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.

Баланың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик тәрбиешілер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды   балаларға   білімді   меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық.

Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы. Қызығушылық (латынша interest-мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығушылықты жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Баланың  танымдық қызығушылығы - танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.С. Выготский былай деген: "Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін, салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек. Баланың  танымдық қызығушылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты, ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді". Балалардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби  біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін  игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы. Демек - оқу танымдық іс-әрекет –балалардың  негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен және т.б. сипатталады.

Нәтижесінде, балалардың танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық,  еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі нәтижесінде балалардың интеллектуалдық, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын, оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көрмейтін жан-жақты оқу жұмысы - деп анықтама беруге мүмкіндік болды. Оқу-танымдық белсенділік - баланың оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: тәрбиешінің баяндап тұрған жаңа материалын түсінү үшін, баланың оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни баланың белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.

Сабақ барысында баланың бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда балаларда  ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б

Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Балалар  өздерінің игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.

Сонымен оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемаларының пайда болуы мен дамуын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасалады:

- танымдық белсенділікті қалыптастыру, түрлі пәндерді оқыту барысында оны дамыту идеясының пайда болуы балабақшалардың  даму бағыттарының түрліше болуымен байланысты; өзіндік жұмыс, өзіндік ізденіс арқылы сан қырлы білім алуы ретінде қарастырады;

Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліл көрсетуге мүмкіндік береді:

1. Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана білуі.

2. Іргелі білімдерге қол жеткізу.

3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері.

4. Өз бетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі.

5.  Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау.

Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектер мынадай қорытынды жасауға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1        Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2050” халыққа Жолдауы.

2        Ю.К. Бабанский  Педагогика. М. 2008 ж.

3        Ж.Б. Қоянбаев. Педагогика. А. 2011 ж.

4        «Бастауыш мектеп». №9-2009

5        К. Оразақов, Б. Нарбаев. «Ата дәстүрі  әдеп, болашақ  игілігі». Алматы 1991 ж.

6        Ж.Боданов, К.Бөлеев Қазақтың  халық  педагогикасы (библиографиялық  көрсеткіш)  Жамбыл2011 ж.

7        А. Абдрахманов. Қазақстанның   этнопедагогикасы  А. Рылым  2009 ж.

8        Әбілова. Этнопедагогика. Алматы 2009 ж.

9         Халық  тағылымы, Қазақтың  халық  педагогикасы  және  тәрбие. А. Қазақ  университеті  2011 ж.