Тағашбаева Л.А., Башанова Г.С.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
«Интерактив» деген
сөз ағылшынның «inter-act» - өзара әрекет ету
деген сөзінен шыққан. Яғни интеракция- жеке
индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен
әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интерактивті
оқыту-бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы
формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және
бағдарланған мақсат қояды. Сондай
мақсаттарының бірі- оқу процесінің өнімділігін
арттыратын білімгердің ақыл-ой кемелділіктерін, өз
жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. «Интерактивті
оқыту» 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды.
«Интеракция» термині әлеуметтік психологияда да бар. Онда кейбір
ғалымдар адамдардың өзара бірлескен әрекеті деп
көрсетсе, кейбіреулер қарым-қатынастың бір түрі
деп біледі. Әдіскер ғалымдар «интеракция» ұғымын
жан-жақты саралай келе, оны жүйе ретінде төмендегіше
сипаттайды:
-екі не одан да көп қатысушының біріккен
әрекеттерін талдаудың бірлігі болып табылатын дидактикалық
жүйе;
-ұжымдық (топтық) іс-әрекет;
-әрекет нәтижесіне рөлдік жауапкершілік;
-басқа тұлғамен субъектілік байланыс;
-тұлға әрекетінің басқа мүшелердің
қасиеттеріне тәуелді болуы және оларға ықпалы.
Оқытудың
интерактивті моделін қолдану өмірлік жағдаяттарды
модельдеуді, рөлдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесіп шешуді
көздейді. Интерактивті оқыту кезінде білімгердің істі
ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интерактивті
әдістермен сабақ өткізу кезінде оқутушы тек
кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Оқытушы жаңа
біліммен бірге оқушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді.
Оқытушы белсенділігі білімгер белсенділігімен алмастырылып, оның
міндеті білімгерге белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы
жағдай тудыру ғана болып қалады.
Интерактивті
әдістерді өз орнымен пайдалана білген жағдайда ғана
оның тиімділігі мол. Сол себепті әдіскер мамандар интерактивті
әдістерді мынадай рқыту үрдісінде пайдалануды ұсынады:
1)
аудиториядағы дәстүрлі курстарда;
2)
мультимедиялық сыныптардағы
дәстүрлі курстарда;
3)
СД немесе интернет көмегімен өз бетімен
оқуда.
Аудиториялық
сабақтарда оқытудың интерактивті формаларын қолдану
үшін төмендегідей мақсат қою шарт:
-белгілі бір жұмыс түрін орындауда
практикалық дағдыны қалыптастыру;
-көрнекі құралдар мен есте жақсы
қалатын материалдарды пайдалана отырып оқыту;
-белгілі бір мәселені шешуде білімгерлер
ұжымының қатысуын қамтамасыз ету;
-тест көмегімен аралық аттестация
өткізу.
Жоғарыда
көрсетілген міндеттерді шешу үшін төмендегідей интерактивті
формалар қолданылады:
1. Компьютерді
қашықтықтан басқару бағдарламасы;
2.Интерактивті
тұсаукесер. Оларға бейнероликтер, анимациялар, дыбыстық
сүйемелдеулер жатады;.
3. Интерактивті саяхат.
Сабақ тақырыбы бойынша қажет материалдармен таныстыратын
интернет ресурстарына саяхат жасау;
4. Кейс-технологияларын
пайдалану.(СD,DVD дискілеріне білімгерлердің өздік жұмыстарын
ұйымдастыруға арналған тапсырмалар мен үлестірме
материалдарды жазу).
5. Тест тапсырмалары
арқылы білімгерлерді аттестациялау;
6. Аудио және
бейнеконференция өткізу; Конференцияның бұл түрін
«дөңгелек үстел», «Миға шабуыл», «дебат», «фокус-топ»
және т.б. оқыту формаларын қолдану арқылы
ұйымдастыруға болады. «Пікірлер
шегі» әдісі- бұл әдіс танымдық міндеттерді өз
бетінше талдау және тұжырымдау қабілетін қамтиды. «Дөңгелек үстел»
әдісі- оқытуда бұл әдіс әр түрлі
ғылыми аспектілерде әр түрлі маман иелерін қатыстыра
отырып, теориялық проблемаларды меңгерудің тиімділігін
арттыруда қолданылады. «Дискуссия» - даулы мәселелерді
қызу түрде талқылау үстінде қатысушылардың
әр түрлі көзқарасы көрінетін әдіс. «Ажурлы ара»- білімгерлер
оқытылған ақпаратты бір-біріне оқытушы ретінде беретін
әдіс. «Миға шабуыл»
-белгілі бір проблеманың коллективтік талқылануы, топтық
генерацияландыру әдісі. «Дебаттар»
- өз көзқарасын жүйелі түрде бнруге,
өзін қолдауға керекті нақты фактілер мен
дәлелдерді табуға үйрететін тиімді
құралдардың бірі.
Осы формада
өткен сабақты аудио және бейнетаспаға жазу арқылы
оны келесі сабақтарды талдауда алғашқы сараптама материалы
ретінде пайдалану аса тиімді саналады.
7. Фокус-топтық
пікірталастар өткізу. Интерактивті оқытудың бұл
түрінің ерекшелігі: мәліметтердің жеткіліктілігі,
оларды алудың өзіндік айырмашылықтарының болуы,
мәселені шешудегі тереңдік, дербестік. Басты
артықшылығы нәтижелерді әртүрлі мақсатта
(оқу, іскерлік, әкімшілік) бірнеше рет қолднуға болады,
сонымен қатар білімгерлер мен шағын топтағы тыңдаушылар
эмоциональдық қарым-қатынасқа түсуге
мүмкіндік алады.
8. Оқу үрдісін
іскерлік ойын түрінде ұйымдастыру. Рөлдік ойындар
өмірдегі түрлі жағдаяттарды модельдейтіндіктен, оның
қолданыс аясы тек білімгерлермен жұмысты ғана қамтып
қоймай, сонымен қатар мамандардың біліктілігін көтеруде
де қолданылады.
Интерактивті
оқыту жеке білімгермен жұмыс,топпен жұмыс түрінде
ұйымдастырылады. Мәселен, ағылшын тілі сабағында
интерактивті әдістерді қолдану кезінде білімгерлерді топқа
бөліп, оларды белсенді әрекет етуге, бірін-бірі
қолдау,толықтыру арқылы сұхбат құруға
үйретуге болады.Екі білімгердің сұхбатына үшіншісі де
араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да
мүмкін. Қарсы топтан болғандықтан, ол
сұхбатқа өзінің сұрағымен немесе екі
білімгердің сұхбатында айтылмаған тақырыпқа
қатысты тың дерегімен қатыса алады.
Сонымен қатар
бұл әдіспен өткізілген сабақта оқытушы әр
оқушыға жеке көңіл бөле алады. Себебі әрбір
білімгердің жеке өзіне ғана бөлінген тапсырмасы болады.
Мұнда әрбір білімгер өз жұмысының нәтижелі
болуын көздейді. Сөйте тұра, олар жұп болып, топ болып
жұмыс істейтіндіктен, бірлескен әрекеттерінің жеткілікті
болуын да мақсат етеді. Сондықтан білімі төмен білімгерлер
озат білімгерден кей жерлерде тапсырманың орындалу барысынан көмек
алса, ал озат білімгерлер топтық әрекетте артта қалмау
үшін сабақты нашар білетін, не білімі төмен білімгерге
көмек береді. Осылайша интерактивті әдіс білімгерлерге
мәселені бірігіп шешуді үйретеді. Бірігіп жұмыс істеу
әрі жеңіл, әрі қызық, әрі тиімді.
Интерактивті әдіс барысында олар мәселені бірігіп шешіп қана
қоймай, бірлесуге, ұйымдасуға бейімделе отырып, оқып
үйренуге тырысады.
Интерактивті
әдісте, оқытушы ұйымдастырушы, бақылаушы
деңгейінде ғана көрінедіде, білімгер белсенділігі арта
түседі.
Интеракция кезінде
оқытушы жұмысқа тікелей қатысқанымен, ол өз
мүмкіндігін шектеп, онда білімгердің белсенді болуына жағдай
жасайды. Оқытушының интеракция кезіндегі әрекет жүйесін
төмендегіше бөлуге болады: Олар: мақсат қою,
жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, білімгер әрекетін
бақылау және бағалау. Оқыту кезіндегі топтар
сабақ өтуге қолайлы шағын білімгер санынан (3-5)
тұрады және оқытушының алдына қойған
мақсатына сай құрылады. Топтық жұмыс
диалогтықтүрде де,монологтық түрде де іске асуы мүмкін.
Интерактивті
оқытудың мақсаты- оқу процесінің барлық
сатысында бірлескен әрекетке жағдай жасау. Әр білімгерді жеке
тапсырмамен жұмыс істете отырып, топ мүддесін ойлауға
үйрету. Әрқайсысын өз міндетін жауапкершілікпен
атқаруға жетелеп, ортақ нәтижеге қол жнткізуге
ұмтылдыру. Серіктестікке, бірігіп жұмыс істеуге және
жаңалықтар ашуға арналған осындай әдістер
оқытушы мен білімгерді жақындатып, оқуға деген
қызығушылығын арттырады, сабақ үстіндегі
енжарлықтан арылтады. Бір сөзбен айтқанда, интерактивті
әдістерді өз шеберлігімен ұштастырып, сабақтарында
тиімді пайдалана білген оқытушы оқу үрдісінде көп
жетістіктерге жетері сөзсіз.
Әдебиет:
1.
А.Әлімов. Интербелсенді әдістерді
жоғарғы оқу орындарында қолдану.оқу
құралы Алматы., 2009
2.
Ефременко В.А. «Применение информационных технологий на
уроках иностранного языка». Ин. яз в школе.
2004.
3.
Білім. Ғылыми педагогикалық журнал. №2. 2007
жыл.