Нурсапина Светлана Утешовна,
№41 жаратылыстану-математикалық
бағытындағы мектеп-лицейі,
Орал қаласы,
Батыс Қазақстан облысы
Қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында критериалды бағалау жүйесін қолдану
«Егер оқушының оқуға деген
ынтасы болмаса,
біздің барлық ізденісімізден,
ойымыздан,
құрылымымыздан түк
шықпайды».
В.А.Сухомлинский.
Оқыту кезіндегі күйзелістердің
себептері бәрімізге белгілі, бұл – оқу
жүктемесінің тым жоғарылығы, оқыту
әдістемелерінің оқушылардың жас ерекшелігіне сай
келмеуі, оқушы жұмысын бағалау кезіндегі
мұғалімнің субьективті көзқарасы. Дұрыс
бағаламау барлық білім үрдісіне кері әсерін тигізуі
мүмкін. Жақсы бағаны оңай жолмен алса, оқушының
оқуға деген қызығушылығы жоғалады. Нашар
баға да сондай нәтижеге әкелуі мүмкін: оқушы
мүлдем оқымай қалады.
Бала жетістігінің негізгі көрсеткіші -
өзін-өзі дамыту деңгейі және оқуға ынтасы.
Баланың кешегі нәтижелерін бүгінгі нәтижемен салыстырып
үйрену үшін бағалау жүйесін өзгерту керек.
Менің ойымша, мұндай
көрсеткіштерді бағалаудың критериалды жағдайында
қалыптастыруға болады, сондықтан «Қазақ тілі мен
әдебиеті пәндік нәтижелеріне критериалды бағалауды
енгізу арқылы оқуға қызығушылықты
қалыптастыру» тақырыбын өзіме басшылыққа алып
отырмын.
Бағалаудың критериалды жүйесі –
оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін
қалыптастыруға жәрдемдесетін, білім беру мазмұны мен
мақсаттарына сай келетін, критерий үрдісіне
қатысушылардың барлығына белгілі, ұжыммен
өңделген оқушылардың оқу жетістігін
салыстыруға негізделген үрдіс. Критериалды бағалау негізі білім
алудың күтілетін нәтижелерін жекелей деңгейін
анықтауда жатыр.
Бағалаудың жаңа жүйесін
енгізу – ұзақ та машақаты көп үрдіс. Мен неден
бастадым?
1. Менің жұмысымдағы негізгі
қозғаушы фактор Педагогикалық шеберлік орталығында
Кембридж жүйесі бойынша оқуым болып табылады.
2. Педагогтердің бастамашыл
тобы құрамында бұл мәселені әдебиеттер оқу
арқылы, семинарлар арқылы зерделей бастадым.
Қазіргі кезде мен
критериалды бағалау қағидаларын ұстануға
тырысамын:
·
үлкендердің
көмегінсіз өз жұмысының нәтижесін және өз
міндетін бағалай білуін қалыптастыруға
бағытталған арнайы жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
Бағалаудың жаңа жүйесін
енгізу бойынша жұмыстың келесі кезеңі оқушылардың
сабақтағы бақылау-бағалау алгоритмін
құрастыру.
5-сынып
оқушыларының оқу қызметін бейімделу кезеңін
ұйымдастырудан және сауалнама мен тестілеу арқылы
қазақ тілі мен әдебиетінен білім деңгейін
анықтаудан бастадым. Оқуға қызығушылық
деңгейін зерделедім. Алған нәтижелерді талдай отырып, мынадай
қорытындыға келдім: 5-сынып оқушыларында нақты қызығушылықтан
(39,5%) әлеуметтік қызығушылық жоғары екен.
(60,5%) басым екен, яғни балалар мұғалімдері мен ата-аналары,
құрдастары тарапынан сый, мақтау есту үшін оқиды.
Танымдық
қызғушылық деңгейі орташа - 24,8%. Нәтиже бойынша
бұл қызығушылықтары кейін баға үшін
қызығушылыққа айналып, мектеп оқушысының
жалғыз мақсаты баға болып қалуы мүмкін.
Бағалаудың дәстүрлі жүйесінің кемшілігі де
осында, бұл баланың дамуы мен қызығушылығына кері
әсер етеді. Критериалды бағалау технологиясын қолданып,
танымдық қызығушылығын қалыптастыруға
болады, бұл кезде әр сабақ ғылыми зерттеудің
жанды моделіне айналады. Эмоцияның күштілігі балалардың
үнемі белсенді қызметін оятуға көмектеседі. Критериалды
бағалау технологиясында критерий балалармен бірге құрылады,
тақта алдындағы қорқынышты жеңуге мүмкіндік
береді.
Критерийді
қағазға жазып көрсету – міндетті талаптардың
бірі. Бұл мұғалім мен оқушының орындалған
тапсырманы бағалауды бір деңгейде болуына көмектеседі.
Мысал ретінде, қазақ әдебиетімнен өткізілген
сабақтарымның бірін ұсынамын. Тақырыбы :
«Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт».
Мақсаты: оқушыларды қазақтың халық аңыздарымен
таныстыру, олардың терең мәнін сезінуге, мәтінмен
өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Қазақ
халық шығармашылығына деген
қызығушылықтарын ояту.
Сабақтың
түрі: ойын, саяхат сабағы.
Алдын-ала дайындық:
1)
Сынып
«Қорқыт», «Асан Қайғының Жерұйықты
іздеуі» сияқты халық аңыздарын оқиды, осы аңыздар
бойынша сурет байқауына қатысады. Алдын-ала 2 топқа
бөлінеді, басшы мен әділқазыны тағайындайды.
2)
Бекеттердің
атауы жазылған қалақшалар мен әр топқа
арналған тапсырмалар салынган конверттер дайындалады.
Әділқазыға арналған
бағалау парағы дайындалады, онда әр тапсырманың
критериалды бағалауы жазылады.
Бірінші бекет - «Ұқыпты оқырман».
Екінші бекет – «Ойшыл оқырман».
Үшінші бекет – «Шығармашыл оқырман».
Балаларға берілетін үй тапсырмасы
қай аңызға құрылған сурет екенін
анықтауға болатындай иллюстрациялар табу, суреттерді
қорғауға дайындалу.
Саяхат ойынның
бсында әр топ бекеттер бойынша жүру тәртібімен бірге
маршруттың жолдама парақшаларын алады. Топтар көрсетілген бекеттерге
келеді, топ басшылары әділқазылар үстеліне келіп,
аңыздар бойынша берілген тапсырма қағаздарын таңдайды,
топ жұмысын бастайды. Жауаптарды топ басшылары
әділқазыларға тапсырады. Бұл тапсырма сол
жерде-ақ бағалау критерийі бойынша бағаланады, кейінбұл
бекеттегі топтың барлық ұпайы қосылып, жолдама
парағына нәтижесі енгізіледі. Топ келесі бекетке өтеді.
Тапсырмаларды бағалау критерийі.
Критерий
ұпайларының саны. 1 ұпай – жауап жоқ (жауап беруден бас
тарту, берілген жауаптар тапсырма деңгейіне сай емес).
2 ұпай (2)– білімінде олқылықтар анықталғанда
немесе негізгі оқу-бағдарлама материалының негізгі
бөлім бойынша білімі болмағанда, бағдарламалық тапсырма
орындау кезінде өрескел қате жіберілгенде, жауап беру кезінде
жіберген қателерін түзетпегенде, пән бойынша қосымша
сабақсызоқуды жалғастыру мүмкін болмаған
жағдайда қойылады.
3 ұпай (3-) – негізгі оқу бағдарламалық материал
бойынша хабары бар, бірақ әрі қарай оқуды қажет
ететін, сабақта белсенділігі төмен, бағдарламалық
тапсырманы өз бетінше орындай алатын, алайда оларды орындау кезінде
қателіктер жіберетін, мұғалімнің көмегімен
қателігін түзетуге білімі жететін оқушыға
қойылады.
4 ұпай (3) - негізгі
оқу бағдарламалық материал бойынша хабары бар, бірақ
әрі қарай оқуды қажет ететін, бағдарламалық
тапсырманы өз бетінше орындай алатын, алайда оларды орындау кезінде
қателіктер жіберетін, мұғалімнің көмегімен
қателігін түзетуге білімі жететін оқушыға
қойылады.
5 ұпай (3+) - негізгі оқу бағдарламалық материал
бойынша хабары бар, бірақ әрі қарай оқуды қажет
ететін, бағдарламалық тапсырманы өз бетінше орындай алатын,
алайда оларды орындау кезінде қателіктер жіберетін, өз бетімен қателігін түзетуге білімі
жететін оқушыға қойылады.
6 ұпай – (4-) – оқу-бағдарламалық материал бойынша
жеткілікті толық білімі бар, жауап беру кезінде көп
қателіктер жібермейтін, бағдарламалық негізгі тапсырмаларды
өз бетімен орындай алатын, сабақта жеткілікті белсенділігімен
ерекшеленген, пән бойынша жүйелі білім деңгейін
көрсететін оқушыға қойылады.
7 ұпай – (4) – бағдарламалық барлық тапсырмаларды
өз бетімен орындай алатын, сабақта
белсенді жұмыс істейтін, пән бойынша жүйелі білім
деңгейін көрсететін, сондай-ақ өз бетімен
толықтыра білу қабілеті
оқушыға қойылады.
8 ұпай – (4+) – оқу-бағдарламалық материалын
толық меңгерген, сабақта белсенді жұмыс істейтін,
пән бойынша жүйелі білім деңгейін көрсететін,
сондай-ақ өз бетімен толықтыра білу қабілеті бар оқушыға қойылады.
9 ұпай – (5) – жан-жақты жүйелі білімі бар, оқу-бағдарламалық
материалын толық меңгерген, сабақта белсенді жұмыс істейтін,
пән бойынша жүйелі білім деңгейін көрсететін,
сондай-ақ өз бетімен толықтыра білу қабілеті бар, материалды жүйелі жеткізе
білетін, терминдерді нақты қолданатын оқушыға
қойылады.
10 ұпай – (5+) – терең де жүйелі білімі бар,
оқу-бағдарламалық материалын толық меңгерген, сабақта
белсенді жұмыс істейтін, пән бойынша жүйелі білім
деңгейін көрсететін, сондай-ақ өз бетімен
толықтыра білу қабілеті
бар, материалды жүйелі жеткізе білетін, терминдерді нақты
қолданатын оқушыға қойылады. Ары қарай
оқушы бұл парақты үйіне алып кетеді де, бақылау
жұмысына дайындық кезінде пайдаланады.
Критериалды бағалаудың
артықшылығы неде?
Ары қарай оқушы бұл парақты
үйіне алып кетеді де, бақылау жұмысына дайындық кезінде
пайдаланады. Тексеру парақтарымен жүйелі жұмыс жүргізу
білім үрдісіне қатысушыларды өзіне тарта отырып,
оқуға қызығушылықтарын арттырады,
қойылған талапты нақты түсіндіреді,
бағалаудың мөлдірлілігін арттырады, білім сапасын
көтереді.
Сонымен,
критериалды бағалау әдістемесі бойынша, жұмыс нәтижесі
оқушы күйзелісінің төмендеуіне, өзін-өзі
бағалау, талдау
дағдыларының қалыптасуына көмектеседі.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.П.Блэк и Д.Уильям «Черный ящик: Что там внутри? Оценка знаний учащихся как способ повышения эффективности учебно-воспитательного процесса».
2. Мұғалімге
арналған нұсқаулық.