Педагогика
Кітап - өмір байлығы
Нахышбанова
Жанат
№168
орта мектебінің
«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы
Кітапхана – сапалы
білімнің сенімді кепілі. Кітап - біздің рухани
құндылығымыз. Өткен кезеңдердің
тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да,
әдебиеттіде басқа ғылым кереметтерінде кітап пен кітапханадан
табамыз.
Рухани
білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі,
маңыздылығы ешқашан
тәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың
көзін «Кітап» атты құдіретпен тапты. Ғылым мен техника,
жоғары техналогия дамыған
XXI –ғасырда да бәрінің
бастау алар қайнар көзі-кітап. Кітапты қолға
алсаң тарих қойнауынан терең сыр тартып, ғажайып
әлемге жетелейді. Әрбір жеке тұлғаның
ой-өрісін дамытып, рухани қазынасына айналады.
Қазіргі
қоғамымыздың
қайнар көзі осы кітапханадан бастау алады. Осы қасиетті қазынамыз
кітаптарды көздің қарашығындай сақтайтын,
оқырманды кітап мұхитына жетелейтін мәдени
ошақтардың бірі кітапхана болып табылады.
Кітапхана - кітап
пен оқырман арасындағы алтын көпір. Кітапхана-сапалы
білімнің қайнар көзі.
Мектеп
кітапханасының өзі кішкентай болғанымен атқарар
жұмысы өте үлкен. Кітапханаға оқушылар жиі келіп
қажетті әдебиеттерін жазып алып отырады, білімдерін
толықтырады олардың ой-өрістерін дамытып,
шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді.
Кітапханашы
оқырман үшін әрі ұстаз, әрі үйретуші.
Кітапханашының басты мақсаты кітапханаға оқырмандар
тарту, кітап сөресіндегі кітаптарды оқырман қолын жеткізу, насихаттау.
Кітапханашы
үшін оқырманның бәрі бірдей, ол жас
ұрпақтың ойы жүйрік, болашақ қоғам
қайраткері, озат маман иесі болуына, қолдан келген көмегін
аямайды.
Біз кітапханашылар, мектеп
кітапханасы арқылы оқушыларды оқулықтармен
қамтамасыз етеміз. Оны қамтамасыз ету тәртібі,
«Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы
№173 қаулысы бойынша білім мен білім алушылар мен тәрбиелеушілермен
оқулықтармен бекіту» - туралы қаулысында көрсетілгендей, жыл сайын мектеп кітапханасын ал
оқулықтарды
қайтарымды негізде
пайдалануда, жетім ата-ананың
қамқорлығынсыз қалған балалар,
мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер, мемлекеттік атаулы
әлеуметтік құқығы бар, жан басына
шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс
деңгейінен төмен отбасы балалары, денсаулық жағдайына
байланысты ұзақ уақыт үйден оқытылатын балалар оқулық алады. Бұл
шара биылғы 2012-2013 оқу жылынан бастап оқушыны
оқулықпен қамту 100 пайызға дейін орындалды. Еліміз
егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы кітап шығару ісі
қолға алына бастады. Кейінгі жылдары «Алматы кітап», «Аруна»,
«Кепешек», «Ана тілі», «Жазушы», «Мектеп», «Білім», «Атамұра», «Кітап»,
баспаларынан шыққан
оқулықтармен оқу
әдістемелік әдебиеттер
кітап қорын толықтыра түсуде.
Біздің №168
орта мектеп кітапханасының қорында 9670 дана кітап бар.
Олардың 7350 данасы оқулық, 2290 данасы көркем
әдебиетпен әдістемелік әдебиеттер, 24 данасы электронды
оқулықтар.
2007 жылдан бастап
кітап қорына үлкен байлық, тарту ретінде сонау
Қорқыт бабамыздан бастап бүгінгі сыр
өңірінің дарынды ақын-жазушыларының
шығармашылығын қамтитін «Сырдария кітапханасы» көп
томдығының 200 данасы келіп
түсті.
Жерлес ақын-жазушыларымыздың
жаңа кітаптарына библиографиялық шолу жасалып, оқырман
назарына ұсынылды. Кітапханада елін сүйген Елбасы «Мемлекеттік
рәміздер», «Ана тілім
мақтанышым», «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» тағы
басқа көрмелер ұйымдастырылды.
Әр түрлі
мерекелерге байланысты әдеби кештер, ашық тәрбие
сағаттары өткізіліп тұрады. Жыл сайын 23-сәуір кітап
күніне байланысты «Кітап білім бұлағы », «Кітап –рухани
қазына», «Ғажайып досыңмен сырлас», «Кітапхана –күн
шуағы білімнің», - тақырыбында әдеби кеш тәрбие
сағаттарын өткізіп, таусылмас қазына, сенімді дос,
ғажайып сырлас, кітапты сүюге, қадірлеп қастерлеуге
балаларды баулимыз. Кітап- атадан қалған асыл мұра,
көненің көзі, ескінің сөзі. Ол
мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші, сөзімді
заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтың
сөзімен айтар болсақ «Кітап әр адамның досы».
Ендеше, қорыта
айтқанда, әрбір оқырманға кітап сенімді достарың
болсын деп аяқтағым келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.ҚР
мемлекттік рәміздері.
2.Мектептегі
мерекелер журналы №6. 2008 ж
3.Мектептегі
кітапхана журналы. №5. 2011ж