Педагогика /Современные методы преподавания

Абдуллаева Несіпкүл

№168 орта мектептің физика пәні мұғалімі

Қожакент ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан

Оқушылардың физикаға деген қызығушылығын ақпараттық технологияның көмегімен арттыру

 

XXI ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында  компьютерлік сауаттану жөнінде баса айтылған. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желілерді, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру.

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті  технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға  ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын  қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болыптабылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы  әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы  компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс-әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың мектептегі оқу практикасында қажеттілері: компьютер - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы.

Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісіболуымүмкін.

Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде анимациялы слайд-фильмдер қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.

Бірақ, практика көрсеткендей, компьютер толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ.   Бұл көптеген дербес жағдайларға байланысты:

–Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің өз ұйымдастырушылық-әдістемелік және мазмұндық ерекшеліктері болады, соған орай оған ақпараттық технологияны «енгізу» кезін таңдай алу керек.

–Техникалық. Дербес компьютерлердің техникалық сипаттамасы әрқилы. Сондықтан өзімізге қажет қосымша құрылғыларды (сканер, принтер, модем, наушниктер, микрофон жәнет.б.) таңдай білуіміз керек.

–Ұйымдастырушылық. Пәнді оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу барысында бағдарламалық жабдықтарды баптау және құрылғыларды  жөндеу сұрағы тұрады. Сондықтан  мұғалімдерге  білікті  көмекші қажет.

Осы шарттарды орындаған жағдайда қазіргі ақпараттық технологиялар әсер етуші дидактикалық құралдар болмақ. Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы қолданудағы қиыншылықтар көбіне мұғалімнің дербес компьютерді  дидактикалық құрал ретінде қабылдауына дайын екендігіне байланысты.

Қазірде компьютердің көмегімен қашықтан оқыту үрдісі де дамуда. Ол үшін  Интернет желісіне қосылу керек. Оқытудың  бұл  түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.

Егер барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.

Электронды оқулықтарды «Power Point», «Activ studio», «VIPTest» бағдарламасында слайдтар, тестер жасап оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырып отыруды ұсынамын.

Қорыта айтқанда, ол оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамыта түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. АлексеевМ.Н. «Физика юным»  Москва, «Просвещение»  2001г

2. Андрианова Б.Н.Развитие технического творчества школьниковМосква, «Просвещение», 2002

3.ХалықоваК.З. ЭВМ және программалау элементтері.Алматы, 2005