Педагогика
Шектібай Ұлмекен
№ 167 орта мектептің бастауыш сынып
мұғалімі
Қызылорда облысы, Жаңақорған
ауданы, Жаңарық ауылы
Ұлттық
тәрбие – ұлттық
рухтың негізі
«Адамға
ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген
білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ұлы
ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби.
Рас,
адам, қоғам, ұлт
болып қалыптасуда
тәрбиенің рөлі өте ерекше. Соның ішінде әрбір
халық, әрбір
ұлт үшін ұлттық тәрбиенің
маңызы зор.
Тәрбиенiң
басты нысаны – елдiк сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен
ұлттық патриотизмдi негiздеу, ұлтсыздықпен
күресу болса керек.
Қай заманда болсын адамзаттың
негізгі міндеттерінің бірі: жас ұрпақты ақылды да
иманды, тәртіпті де еңбексүйгіш, өз ұлтының
салт-дәстүрін бойына сіңіре білген азамат етіп тәрбиелеу
болған. Әлемдік өркениеттің деңгейіне
талпынған кез келген елдің, ұлттың өз
мақсатына жетуінде сол ұлттық рухани
құндылықтардың орны алабөтен және
оның әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына
әсері мол.
Ұлттық тәрбие – бiздiң
ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзетiн асыл қазынамыз.
Ұлттық тәрбие қазiр елiмiзде орын алып отырған
көптеген мәселелердi: ана тiлiн, ата тарихын, ұлттық
салт-дәстүрiн бiлмейтiн жастар, тастанды жетiм балалар,
«қиын» балалар, қарттар үйлерiндегi әжелер мен аталар,
нашақорлыққа салынған жастар, тағы
басқаларды бiрте-бiрте жоюдың және олардың алдын алып,
болдырмаудың негiзгi жолы.
Ұлттық тәрбиенің басты
мақсаты – ұлттық
сана-сезімі
қалыптасқан, ұлттық мүдденің
өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар
мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара
ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Ал,
ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттері:ана тілі болып
қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті
мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде
жастардың ұлттық интеллектуалдық
мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі
қазақ елінің индустриалық-инновациялық
жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты,
ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке
тәрбиелеу;білім және мәдени-рухани тұрғыда
басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын
қамтамасыз ету;қоғам мен адам, адам мен табиғат
қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін
ұлттық рухта қалыптастыру болып табылады[1].
Ұлттық
тәрбиені қалыптастыруда ұлттық
дәстүрдің мәні жоғары болып келеді. «Біз осы
дәстүрді жойып жібермей, сақтап қалуымыз керек»
(С.Қирабаев). Халықтың атадан балаға көшіп,
жалғасып және дамып
отыратын, тарихи
әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік,
салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық,
тәлім-тәрбие мен рухани іс-әрекетінің көрінісі
дәстүр арқылы
танылады.
Дәстүр
– мәдениет байлығы және мәдениеттілік белгісі.
Дәстүр – ел өмірімен байланысып кеткен рухани байлық.
Мысалы, ата-ананы, үлкенді
құрметтеу; байғазы, көрімдік, сүйінші,
кәде сұрау; құрдастық қалжың,
сәлем беру, ат тергеу, тағы басқалар
дәстүрге жатады[2].
Жетпіс
жыл бойы жетесіз әрі қанқұйлы тәртіптің
қырсығынан ұлт дәстүрлерінің заңдылық ережелері
бұзылды. Сол арқылы
рухани дүниемізге, ұлттық тәрбиемізге
елеулі нұқсан келді. Көпшілігі ұмытылды және тыйым салынды. Мұның соңы
әдепсіздік пен берекесіздікке әкеліп соқты. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін
ғана ұлттық тәрбиеге ерекше мән беріле бастады.
Қазiргі күнде соңғы
педагогикалық тәжiрибелер, сондай-ақ психологиялық-дидактикалық
және қолданбалы педагогикалық озық
технологияларға сүйене отырып, ұлттық тәрбие
мәселесiн одан әрі ғылыми негiздеп, қайта
жаңғырту мен дамыту бүгiнде өмір талабы болып отыр.
Ұлттық тәлiм-тәрбие мұраларын мектептегi
оқушылар ұжымдарының iс-әрекеттерiнде барынша пайдалану
– қазiргi кездегi педагогикалық талаптардың бiрi.
Заман жетiстiктерi негiзiнде тіл үйренуші
ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк
қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап,
жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары арқылы
саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс
қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп
жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен ҚР
Президентінің Жарлығы, ҚР Заңдары, ҚР
Үкіметі қаулылары, ҚР Білім және ғылыми
министрлігі құжаттары мен зерттеушi ғалымдардың
еңбектерiнде этнопедагогика мұраларының назарға iлiнуi
– аталмыш мәселенің
көкейкестiлiгiн айқындап отыр. Болашақта
гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап
өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын
демократиялық қоғамды құратын парасатты, бiлiмдi
тұлғаларды дайындауда мектептегі тіл үйренушілер
ұйымы арқылы ұлттық тәлiм-тәрбие
жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор екенi даусыз.
Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар,
ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына
сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын
тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға
ретiнде танылатыны анық.
Елбасының
«Қазақстан – 2050» Стратегиясында қойып отырған
мақсат-мiндеттер елiмiздегi тәрбие беру жүйесiн
ұлттық құндылықтар негiзiнде жасау
қажеттiлiгiн тағы да дәлелдеп отыр. Жалпы
«ұлттық» деген сөздiң астарында елге-жерге, тiлiмiзге,
дiнiмiзге деген құрмет жатыр.
Ұлттық
тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық
оқулықтарға енгiзген Мағжан Жұмабаев болды. Ол
педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы
айтқан. «Педагогика» атты еңбегiнде былай дейдi: «Ұлт
тәрбиесi баяғыдан берi сыналып, көп буын қолданып келе
жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр
ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз
ұлты үшiн қызмет ететiн болғандықтан, әрбiр
тәрбиешi баланы сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие
қылуға мiндеттi». Сондықтан келешек ұрпақты
ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу
қажет. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты
ұлттық игiлiктер мен адамзаттық құндылықтар,
рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып
тәрбиелеу.
Білім
беру үрдісінде ұлттық тәрбие берудің
психологиялық-педагогикалық
мәселелері, жеке тұлғалық
бағыттылықты жасау, қалыптастыру мәселелеріне үлкен мән беріп отыр.
Өйткені, қоғамның
қарқынды дамуы әр істе белсенді әрекет жасай алатын жаңа
ұрпақ адамының қазіргі заман талабына сай
ұлттық тәрбие
өрнегінде қалыптасуы қажет. Қазіргі жаңа дамып
келе жатқан қоғамға жаңа білім алған,
жаңа тұрмысқа, жаңа еңбек түрлеріне,
жаңа қатынастарға
бейімделген, өз бетінше шығармашылық
қабілет-қасиеттерін дамыта алатын, өзінің
мүмкіндіктерін бағалай білетін және оларды
қалыптасқан қатынастар жүйесінде іске асыра алатын
ұлттықнақышты тәрбиеленген,жоғары интелектуалды
тұлға қажет. Ал бұл үшін, ең алдымен,
ұлттық тәрбие беруді жақсылап қолға алу
қажет [3].
Бүгінгі нарықтық заманда халықтың еңбек
салт-дәстүрлеріне сүйену арқылы қоғам
алдында өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетін,
қоғамдық сана-сезімі оянған, парасаты мен ар-ожданы
биік, іскер, қабілетті, шығармашыл, кәсіпкер, нарық
жағдайында бәсекелестікпен еңбек ете білетін, әрбір жұмыстың
пайдалы көзін тауып, өзінің таңдаған
мамандығына деген білімділігін, біліктілігін көрсете білетін азамат
тәрбиелеу - қазіргі қоғамның талабы.
Сонымен,
ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезiмi жоғары
болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негiзделген бiлiм беру
жүйесiнiң құрамдас бөлiгi.
Ұлттық
тәрбие көздері – тіл, тарих, дін, мәдениет,
салт-дәстүр, діл. Ұлттың ыдырамас
тұтастығы, мызғымас бірлігі, әсіресе, ұлт тілімен
тығыз байланысты.
Қорыта айтқанда, ғасырлар қойнауында
қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ
халқына тән ұлттық тәрбиенің озық,
өнегелі дәстүрлерін жастар тәрбиесінде, соның
ішінде жастардың еңбек тәрбиесінде пайдалану аса
маңызды міндеттердің біріне айналдыру керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
«Қазақстан мектебі» №4, 2012 ж.
2.Қазақ халқының салт-дәстүрлері.- Алматы:
Алматыкітап ААҚ, 2004ж.
3."Қазақстан
мектебі" №11 2009 жыл