Педагогика/Социальная педагогика

Бекбаева Зейнеп Нүсіпқызы

«Арнайы білім беру» кафедрасының  аға оқытушысы, п.ғ.к. 

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ, Қазақстан

 

Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық технологияны таңдау және жүзеге асыру қызметінің ерекшеліктері

 

Кез келген әлеуметтік-педагогикалық қызмет жағдайында маманға үлкен мәселе кездеседі, яғни қызметтің оптималдылығы мен эффективтілігін қамтамасыз ету. Осы кезде әлеуметтік-педагогикалық технологияны дұрыс таңдай білу және оны жүзеге асыру барысындағы жоғары деңгейдегі іс-әрекетті қамтамасыз ету керек.

В.П. Беспальконың пікірімен келіспеу мүмкін емес: «Кез келген қызмет технология немесе шығармашылық болуы мүмкін. Шығармашылық интуицияға негізделген болса, ал технология ғылымға негізделген. Барлығы  шығармашылықтан басталып, технологиямен бітеді, кейін қайтадан басынан басталуы үшін».

Расымен, технология – бұрыннан қалыптасып, қабылданып қойған. Бірақ бір де бір педагогикалық технология сәттілікке кепіл емес, қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін әлеуметтік педагогтың іскерлігі, шығармашылығы қажет.

Әлеуметтік-педагогикалық технологияның жүзеге асуы нақты қызмет процесін көрсетеді. Процесс сөзі «өту, жүру барысы» деген мағынаны білдіреді. Ғылыми тұрғыда процесс сөзі жағдайлардың ауысуы, яғни заңдылықтарға сүйенетін бірінен соң бірі жүретін даму сатыларының тығыз байланысы деп түсіндіріледі. Әлеуметтік-педагогикалық технологияны таңдау әлеуметтік педагог қызметінің кезектілік процесін көрсетеді.

Жалпы әлеуметтік-педагогикалық технологияның жүзеге асу процесі – бұл әлеуметтік педагогтың мақсатты іс-әрекеттерінің кезектілігі, ол әлеуметтік дамуда (түзету және дамыту), тәрбиелеуде (қайта тәрбиелеу, түзету), өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын үйретуде, оқытуда оптималды жетістіктерге жетуді қамтамасыз етеді.

Субъект – бұл дайындалған маман (әлеуметтік педагог) немесе ата-ана, болмаса үшінші жақ немесе өзін-өзі дамытуға, тәрбиелеуге қатысты адам.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста субъекттің позициясы оның дайындығымен, әлеуметтік тәжірибесімен, мотивациясымен анықталады.

Әлеуметтік-педагогикалық мекемедегі әлеуметтік тапсырыс ретінде оның негізгі тағайындалуы (назначение) болады. Бұл тапсырысты орындауға мемлекет қаржы бөледі және оның орындалуы бойынша қызметті қадағалап отырады. Ал әлеуметтік педагог үшін әлеуметтік тапсырыс бұл оның қызметтік міндеттері. Қызметтік міндеттерге маманның (әлеуметтік педагог) кәсіби қызметінің  негізгі мақсаты, міндеті және мазмұны жатады.

Ескеретін жағдай, әлеуметтік тапсырысты тек маман ғана орындамайды, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қалыптасқан, тіршілік құбылыстарын түсінетін, қоршаған ортадағы өзінің рөлін білетін, өмірлік тәжірибесі бар және кәсіби қызметінің тәжірибесі мол адам да орындайды. Әлеуметтік педагог әлеуметтік тапсырыстың талаптарын субъективті түрде анықтап қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік-педагогикалық жұмыс барысында оны өзінше жүзеге асыра білуі тиіс. Біз тәжірибеде бақылағандай, бір мекеме мамандарының талаптары бір болғанымен, олардың жұмыс іс-әрекет нәтижелері әр түрлі болғаны бекер емес.

Әлеуметтік-педагогикалық технологияны жүзеге асыру процесінің мазмұны мен бағыттылығын анықтайтын тағы бір маңызды компонент бұл – объект. Ал объект бұл тағы адам болғандықтан, оған жеке ерекшеліктер, мүмкіншіліктер, әлеуметтік мәселелер, осы процес субъектісіне қарым-қатынасы, өзінің әлеуметтік мәселелерін өз бетімен шешу, өзінің әлеуметтік жетілдіру тиесілі болып табылады.

Мақсатты технологияны таңдау кезеңіндегі әлеуметтік педагог қызметінің ерекшеліктері. Мақсатты технологияны таңдауда әлеуметтік педагогтың қызметінің тәжірибесін анықтау барысы ондағы негізгі құрылымдық кезеңдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Әлеуметтік педагогтың қызметінің ерекшеліктері әр кезеңде көптеген факторлармен анықталады. Олардың арасындағы маңыздысы:

-Әлеуметтік педагог маманының кәсібилілік деңгейі. Көп жағдайда жаңадан келген әлеуметтік педагогта; әлеуметтік-педагогикалық жұмыста өзінің тәжірибесі бар педагогта да; сонымен қатар жоғары квалифицирленген кәсіби маманда өзінің қызметінде ерекшеліктері болады. Осындай жағдайды отбасында екі немесе одан да көп балалары бар ата-аналардың қызметін талдай отырып байқауға болады;

-Объекттің ерекшеліктері және мамандардың көмегімен шешілетін оның әлеуметтік-педагогикалық мәселелері;

-Әлеуметтік-педагогикалық технологияның өзінің спецификасы мен оның тәжірибелік түрде жүзеге асатын жағдайлары;

-Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудегі жеке тәжірибесі;

-Әлеуметтік-педагог қызметінің мотивациясы;

-Оның кәсіби қызметінің стилі.

Қорыта айтқанда, мақсатты технологияны іске асыру көбінесе маманның кәсіби қызметінің жеке стилімен анықталады. Кез келген кәсіби тұлғаға тән әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың шығармашылығы осы жеке стильмен ерекшеленіп бұл шығармашылық барлық жерде көрінеді: өзінің кәсіби қызметінде, клиентпен қарым-қатынасында.

 

Әдебиеттер

1. Дудченко В. Инновационные технологии: Уч.-метод. пособие. М., 2006

2. Педагогическая технология: Программа учебного курса / Под ред. В.А.Сластенина. М., 2001.

3. Сластенин В.А., Исаев И. Ф., Мищенко А. И., Шинное Е.Н. и др. Педагогика: Учебное пособие. М., 2008.