№108
«Арман» балабақшасы КМҚК, қазақ тілі
мұғалімі
Күн
тәртібі кезеңдеріне қазақ тілін енгізу аясын
кеңейту
Н.Назарбаев:
Біздің міндетіміз –
2017 жылға қарай
мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар
санын 80 пайызға
жеткізу. Ал 2020 жылға қарай
олар кемінде 95 пайызды
құрауы тиіс. Енді он жылдан
кейін 100 пайыз мемлекеттік тілді біліп шығатын болады.
Ол үшін біз
бәрін де жасап жатырмыз.
Қазақстан
халқына Жолдауынан
Мемлекеттік тілдің өз қызметін
толық атқаруы үшін, Қазақстанды мекендейтін
халықтардың ол тілді үйренуі, білуі, оқуы, оны мейлінше
сыйлап құрметтуі парыз. Бәрімізге
белгілі, мемлекеттік тілді үйрену қазіргі таңда аса
қажет, себебі бұл адамдар арасында ақпараттар алмасудың
ең басты және керекті құралы. Психологтар мен педагогтар
мектеп жасына дейінгі балалардың осы кезеңде тілдік
дағдыларды меңгеру тәжірибесі қаланып, тілді
үйренуге тұрақты қызығушылықтары
қалыптасатынын айтады. Сондықтан қазақ тілін
балабақшадан бастап оқыту, республикалық масштаб бойынша
алға қойылған мақсатқа жетістікпен жетуге
мүмкіндік береді.
Балабақшада мемлекеттік тілді
үйрету тек ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
барысында ғана емес, барлық күн тәртібі кезеңдерінде де жүзеге асырылады.
Себебі, біріншіден балаларда тілдік орта жоқ, екіншіден қазақ
тілі сабағы аптасына бір рет қана ұйымдастырылады. Күн
тәртібі кезеңдеріне қазақ тілін енгізу аясын
кеңейту үшін
төмендегі міндеттер алға қойылады:
·
қазақ тіліне деген
тұрақты, қызығушылық және
құрметтеу қарым-қатынастарын қалыптастыру;
·
қазақ тілінің
әлеуметтік және қатынас қызметтерін кеңейту мен
нығайту;
·
шағын тақпақтар мен
әңгімелер көмегімен қазақ тіліне тән
дыбыстарын дұрыс айтуын қадағалап, сөз тіркестерін,
сөйлемдерді, сөздік қорларын қалыптастыру;
·
қарапайым тілдік дағдылары мен
білімдерін дамыту;
·
мемлекеттік тілді оқыту процесін
жүйелеу.
«ҚР Тіл туралы» Заңын орындау мен
жүзеге асыру мақсатында, мемлекеттік тілді 2 кіші топтан бастап
оқыту жұмысын ұйымдастыру үшін жасалған «Зерек
бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасын басшылыққа
аламыз. Бағдарламаның мақсаты:
·
сөздік
қорды белсендіру мен байыту;
·
қажетті
артикулярлық базаны дайындау;
·
қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс
айтқызу;
·
тілдік тәжірибені үнемі
ұйымдастыру.
Қазақ тілін меңгеруді белсендіру
үшін, күн тәртібі кезеңдерінде, еркін
іс-әрекеттерде қарым-қатынас жасау жағдайларын
ұйымдастыра білу керек. Балаға серуенге дайындық, серуеннен
оралғаннан кейін киіну және шешіну кезінде киім және
аяқ киімдер атауларын қайталату қажет. Мысалы:тон,
құлақшын, шалбар, көйлек, жейде, қолғап,
етік, пима және т.б сөздер.
Сол сияқты киіну кезіндегі іс-әрекеттерді сөздер
және сөз тіркестері арқылы айтып, балаға ұғындыру, қабылдату
арқылы сөздік қорларын арттырып, байланыстыра сөйлеуге
үйретеміз. Мысалы: «Күртеңді шеш», «Күртеңді іліп
қой», «Аяқ киіміңді шеш», «Бәтеңкеңді ки»,
«Пимаңды ки». Баланың киіміне де көңіл аударған
жөн. Мысалы: «Сенің жейдең әдемі», «Сенің
көйлегің әдемі». Мүмкін болса, бала
үлкеннің көмегімен затты көрсетіп, бірнеше рет
сөзді қайталаса: «Мынау қуыршақ», «Қуыршақ
әдемі», « Қуыршақтың көйлегі қандай?»,
«Қуыршақтың көйлегі әдемі», т.с.с.. Бала
түсінбесе де, көңіл-күй жағдайы туындайды, тілдік
қатынасқа түсуге тырысады.
Күн тәртібіндегі тамақ ішу кезінде
ыдыстар атауын атап, бекітуге болады: қасық, пышақ,
шанышқы, тәрелке, кесе; жиһаздар: үстел, орындық,
тағамдар: нан, көже, картоп, шәй, май, ет, ботқа,
қант, сүт...; іс-әрекеттерді: же, отыр, қасықты
ал, іш, асықпай же... т.с.с.
Мектеп жасына дейінгілермен еркін іс-әрекет кезінде
қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру үшін
жақсы тәсілдің бірі кітаптар, суреттер, альбомдар
қарау. Көргендерінің бәрін қазақ тілінде
айтқызу. Әсіресе, қазақ тіліне тән -ә,
ө, ү, і, ұ, қ, ғ, ң, һ дыбыстарын
дұрыс айтуға үйрету, баламен сөйлесу барысында
оның сөз қолдану ерекшелігіне, дыбыстарды дұрыс айтуына
баса назар аудару керек.
Күн тәртібі кезеңдеріне
қазақ тілін енгізуде халық ауыз әдебиетін
қолданған да өте тиімді. Халық ауыз әдебиеті
шығармалары арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен,
әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен, мәдениеті
және тарихымен таныстырып, қазақ тілін сүюге,
құрметтеуге тәрбиелейміз. Балалар
қызығушылықпен жаңылтпаштарды, санамақтарды,
мақал-мәтелдерді және т.б. қайталай отырып, тіл
байлықтарын, сөздік қорларын, есте сақтау
қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын да дамытады. Алайда
балалардың шаршап, жалықпауы үшін,олардың
денсаулықтарын сақтау үшін балаға меңгертілетін
білім-дағдылар, ойын-тапсырмалар, оқылатын әдеби шығармалар
олардың жас ерекшеліктеріне, даму деңгейіне сәйкес болуы
керек.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартына сүйене отырып, күн
тәртібінің таңғы қабылдау, жуыну, түскі ас,
сюжеттік-рөлдік ойын, еркін ойын іс-әрекеті кезеңдерінде
сөздік жұмыстармен көптеген жұмыстар атқарылады:
өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары,
табиғат құбылыстарының ерекшеліктері, жыл мезгілдері,
ыдыстар, тағамдар жайлы сұрақтарға жауап береді,
көрнекі құралдарға сүйенбей сөздіктерді
қолданады, сөйлеу барысында етістіктерді жиі қолданады.
Байланыстырып сөйлеу кезінде балалар диалогты меңгереді, 2-3
сөзден құралған сөйлеммен өз ойларын
жеткізе алады.
Қазіргі кезде барлық мектепке дейінгі
ұйымдарда өзге ұлт қызметкерлеріне қазақ тілін оқыту бойынша
үйірмелер жұмыс жасайды. Тәрбиешілер мен педагогтар
мемлекетік тілді меңгеруге өте
қызығушылықпен
қарап, өз талап-тілектерін білдіреді. Олар алған білімдерін күн
тәртібі кезеңдерінде, ойын іс-әрекеттерінде кеңінен
қолданады.
Мектеп жасын дейінгі балаларға тіл үйретуде
атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіне қол
жеткізу үшін, ата-аналармен тығыз байланыста болу көзделген.
Ата-аналарды тапсырмалармен, дидактикалық ойындар және
жаттығулармен, тақпақтар мен өлеңдердің
сөзімен таныстыру қажет. Ал ата-аналар баланың
балабақшада үйренген сөздерін, сөз тіркестерін,
сөйлемдерін, қазақша өлең-тақпақтарын
үйде қайталап, бекітіп отыруға міндетті. Мемлекеттік тілге
деген құрметті бала өз ата-анасының бойынан сезіп
отырса, оның да қазақ тілін үйренуге, игеруге деген
құштарлығы арта түседі.
Осылайша
қазақ тілін үйрету бойынша жүргізілетін осындай
жан-жақты жұмыс балалардың «тілдік ортаға еніп»,
келешекте саналы, өз жерін, елін, тілін бойына жақсы
меңгерген азаматтар болып өсуіне себеп болады.
Пайдаланылған әдебиеттері:
1. Қазақстан Республикасының жалпыға
міндетті білім беру стандарты. 2013ж.
2. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға
арналған «Зерек бала» бағдарламасы.-Астана. 2010ж.
3. Бала мен балабақша. Республикалық
педагогикалық журнал.2011ж.
4. Педагогикалық кеңес. Республикалық
ғылыми –әдістемелік журнал.2011ж.
5. Изучаем казахский язык. Алматы кітап.2007ж.