КӨМЕКШІ СӨЗДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

 

Нұрсұлтанова А.,

Абай  атындағы ҚазҰПУ-дың 2-курс магистранты

(Қазақстан, Алматы)   

 

Қазақ тіліндегі көмекші сөздер жайлы түсінік, оның зерттелуі, түрлері тіл білімінде сөздерді топтастыру біздің жыл санауымыздан бұрын болғанын айғақтайтын деректер бар. Сол заманда өмір сүрген ойшылдар тілде қолданылатын сөздерді атауыш сөздер мен көмекші сөздер деп екі топқа бөліп қарастырған. Түркітаным тарихында көмекші сөздердің атауыш сөздермен қатар қолданылатыны, оның түрлері мен қызмет аясының кеңдігі түркітанушы ғалымдар И.Гиганов, М.Қазам-бек, М.Терентьев, А.Н.Кононовтардың еңбектерінде сөз болды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезде түркі тілін, тарихын, географиялық ортасын зерттеуде орыс ориенталист ғалымдарының еңбегі мол болғандығы рас. Шын мәнісінде Петр І-ден бастап орыстар Сібір, Қазақстан мен Орта Азия жеріне көз алартып, жоспарлы түрде басып алу әрекетін бастап жіберген болатын. Осы мақсат негізінде олар өздерімен көршілес түркі тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен тарихын үйренді. Бұл мақсат кей кітаптарда анық байқалынды. Мысалы, Орыс академиясының мүше-корреспонденті О.И Сенковский «Карманная книга для русских воионов в турецких походах» (СПб. І – Л, 1828, 1829) деп өз кітабына ат беру сыры осыдан. Авторлар өз алдарындағы мақсат үшін қазақ тілінің грамматикалық жүйесіне сай етіп жасайды да, орыс тілінде бар грамматикалық формалар мен сөздердің қазақ тіліндегі баламасын береді. Салыстырыңыз, «предлог есть часть речи, поставляемая перед именами, местоименями и причастиями, у употребляющаяся падежами, предлоги в Российском языке полагаются на переди речи, а в татарском позади реғчи», - дейді И.Гиганов. Қазіргі күнде көпшілік орыс тілінде жазылған түркі тілдерінің грамматикаларында, ғылыми еңбектерінде қолданылып жүрген послелог термині де жоғарыдағы мағынада И.Гигановтың грамматикасындағыдай қолданылған. И. Гиганов орыс түріктанушылардың бірі болып саналады. Оның 1801 жылы жарық көрген «грамматикасында» көмекші сөздер жеке бөлініп алынады да, оны екіге бөледі. 1) жай. 2) күрделі деп. Ол орыс тілінің предлогтарына (тақырыбын «в предлогах» деп қойған) татар тіліндегі послелогтар сәйкес  келеді деген пікірге сүйене отырып жай көмекшілерге септік жалғауларын, жіктік жалғауларын, сыз-сыз сияқты жұрнақтарды да қосады. Ал күрделі көмекші сөздерге қарсы отыру (отуру), бұрын, ілгері, ілік, ана, басқа, үза, аст, үст, арқа, жақын, ары, бері сияқты сөздерді енгізеді. И.Гигановтың «Грамматикасынан» сәл кейінірек жарық көрген А.Троянскиийдің оқулығында да көмекші сөздерге арнайы орын берілген. Ол көмекші сөздерді послелог деп атамай, «постположения» деп атайды да: «Постположения суть частицы несклоняемыу поставлялющие позади имен, местоимений и причастий и управляющие их падежами», - деп анықтама береді. А.Троянский бұл терминнің алдына шылаулар, көмекші сөздермен бірге септік жалғауларды, кейбір сөз жасаушы жұрнақтарды да енгізеді. Дегенмен де, автор түріктанымда алғаш рет шылаулардың септік жалғаулы сөзбен байланыса алатындығын көрсетіп, оларды атау, барыс, шығыс септіктерімен тіркесіп келетін сөздер деп топтастырады.    

      1828 жылы О.Сенковскийдің «Карманная книга для русских воинов в турецких походах» кітабының 1-бөлімі, 1829 жылы 2-бөлімі жарық көрді. Ол шығыс тілерін жетік білген. Сондықтан да өз оқулығында көмекші сөздерге ерекше орын берген. Оқулықта автор послелог терминін қолданбай, предлог терминін қолданады. «Все предлоги тюркские ставятся после имен» - деп дұрыс көрсеткен. О.Сенковский И.Гиганов сияқты көмекші сөздерді жай және күрделі деп екіге бөліп көрсетеді де, жай көмекшілер әрі әрі қарай бөлінбейді, күрделі предлогтар тәуелдік жалғауын қабылдайды дейді. Жай көмекші сөздерге: 1) атау септікті сөзбен тіркесіп келетін көмекшілер. Оларға сыз (сиз  сизь, вы), безь (биз – мы), мень (мен – я) сияқты жіктік жалғауларын бирясы, учун, үзре, кадар, гиби (как), ашыры сияқты сөздерді енгізген. Ал шығыс септікті сөздермен тіркесіп келетін шылаулардың етюрю, эввель, сонра, бери, башқа сөздерін енгізген. Күрделі шылаулардың ерекше бөліп алады да, оның күрделі болуы оның тәуелдік жалғауын қабылдауынан деп есептейді. Автордың көрсетуінше, бұлар қабылдауынан деп есептейді. Автордың көрсетуінше, бұлар ілік септікті сөздермен байланысты қолданылады да негізінен үш септік формасымен келеді. Егер О.Сенковскийдің күрделі көмекші сөздерге берген мысалын қазіргі күнгі тіл білімі деңгейінде салыстыратын болақ, олардың барлығы көмекші есімдер екендігіне көз жеткізуімізге болады. Олар мыналар: үзерине, үзерінде, үстюне, үстюнде, үстюнден, астына, астында, астындан, түбине, дүбинде, түбиннен, енюне, енюден, қатшымына, қатшымында, ардына, ардында, артындан, етсеине, етсеинде, етсеиндесы, ичерисыне, ичерисинде, ичерисинден, ашагына, ашагында, ашагынан, йокырысына, йокырысындан, йокырысындан йокырысынды, ичине, ичинде, янына, янында, аякындан, аякында, кусусунда т.б. Берілген мысалдарға қарап отырып О.Сенковский жоғарыдағы сөздердің түрлі септікте қолданылуын оның септеліну үлгісі деп есептемеген, оларды жеке-жеке сөз деп есептеген сияқты. Автордың бұл пікірін қолдаушылар ХХ ғасырда да болған мысалы, И.И Мещанинов «..в тюркских языках послелог управляют определенным падежом и сами могут изменяясь по падежам, образовывать новые послеслоги с новы значением. По существу здесь нет склонения рослеслога. Каждая его падежная представляют собою самостоятельной послеслог» - деген болатын. Қазақ тілінің сондай-ақ басқа түркі тілдерінің де, фактісінің көрсетуінше жоғарыдағы сөздердің септелетіндігі, әр септік жалғаулары форма жеке сөз бола алмайтындығын көрсетеді.

  Өз дәуіріне дейін пікірлерді жинақтап қорыта білген сөз дәуірінің шоқтығы биік шығармасының бірі Мырза А.Қазан-Бектің «Общая грамматикасы» болып саналады. Бұл грамматика өз кезінде де, одан кейінгі кезде де түркі тілін зерттеуші ғалымдар тарапынан жоғары бағасын алған. Оқулықта түркі тілдерінің басқа грамматикалық категориясымен бірге көмекші сөздер де арнайы сөз болады. Көмекші сөздере автор оқулығының VIII тарауында тоқталады. Тарау послеслог терминіне түсініктеме беруден басталады. «В тюркском языке совершенно нет предлогов, этот род слов ознаяающий отношение может предметами, тюрками полагается позади слова: по-этому мы его называем послеслогами, как иные после речами и после положениями», — дейді[8,356].  Проф. Мырза Қазан—Бектің көмекші сөздер туралы айтқан пікірін қысқаша былай көрсетуге болады:

      1. Көмекші сөздердің қатарына қосымшаларды да енгізген «Буквы и слоги характеризующие падежи в склонении имен и местоимении суть падежные послеслоги.

      2. Көмекші сөздерді морфологиялық белгісіне қарай екіге бөледі де, бір тобын түрленбейтін, қосымша қабылданатын көмекшілер десе, екінші тобын тәуелдік жалғауын, септік жалғауын қабылдамайтын көмекшілер деп көрсетеді.

     3. Көмекші сөздердің тізімін береді де оларды тұрақты (нағыз) көмекші сөздер және көмекші сөз сияқты қолданатын сөздер деп екіге ажыратды. «Из этих послеслогов несклоняемые суть, учун, иле, биле, бери, дегин, гюре, сиз, которые могут называться постоянными послеслогами: остальные суть имена и наречия, которые несклоняются только тогда, когда они употребляются как послелоги»[8,358-359]. Демек автор түркітанымда алғаш рет көмекші сөз қызметінде қолданылатын зат есім мен үстеулердің бар екендігін көрсеткен. Сонымен бірге ол көмекші сөз қызметінде қолданылған зат есімдер қосымша қабылданбайды, өзгермейтін сөз болып есептеледі деп О.Сенковскийдің пікірін қолдайды.

4. «Общая грамматикада» көмекші сөздер тіркесін келген жетекші сөздің тұлғасына да назар аударылған. Мысалы. узре, ашре, сизь дегендер атау септікті сөздерге, учун, йле, гиби сияқтылар тәуелдік жалғауы сөздерге не ілік септікті сөздерге; дек, тек, дегин, гюре, дайру, нисбет сияқты сөзде барыс септікті сөзбен; ұтру, ата, бири, соңра, хали, башка шығыс септікті сөздермен тіркеседі дейді.

5. Көмекші сөздердің құрамында кірме сөздердің бар екендігін де көрсетеді. Мысалы, араб тілінен енген эввел, ачкдам, гайра, маада, сива сияқты араб сөздері түркі тілдерінде көмекші сөз қызметінде қолданылады деген.

Демеуліктердің де көмекші сөз екендігін көрсетіп, мысал ретінде сұраулық пен демеулігін көрсетеді.

6. Көмекші сөздердің бір тобы зат есімдер сияқты септелетіндігін көрсетеді де, оларға: Ара, ард, ашага, аст, орта, уст, ич, ичери, илери, гери, диіире, гаршы, ен, йокгоры, чауре сияқты сөздерді енгізеді. Бұлар қазіргі кезде көмекші есімдердің негізгі тобы ретінде алынып жүргені сыр емес.

8. Проф. Мырза А.Қазан—Бек те өзіне дейінгі ғалымдар жіберген кей ғана пікірлерді қайталады. Мысалы, септік, жалғаулары мен сыз, - сиз сын есімнің жұрнағын көмекші сөздің қатарына қосты.

Проф. Мырза А.Қазан—Бектен кейінгі еңбектердің ішінде О.Бетлингтің грамматикасы мен орыс министрлік қоғамының мүшелері жаряланған «Алтай тілі грамматикасының» ерекше орны бар. О.Бетлингтің оқулығы түркі тілдеріндегі алғашқы тарихи-салыстырым әдісі қолданылған еңбек болғанымен, көмекші сөздерге көп тоқталынбаған. Оқулықта көмекші сөздерге кішкентай тарау берген. Ал «Алтай тілі грамматикасының» авторлары (В.И. Вербицкий, Махарий – Невекий, Н.И.Ильминский) көмекші сөздерді «послелогтар» деп атап, оған 8 беттік материал берген, «Грамматиканың» авторлары түркі тілін жақсы білген, сондықтан түркі сөздерінің орысша баламасын дұрыс көрсетеді. Бірақ олар өзіне дейінгі бар үрдісті ары қарай жалғастырып, септік жалғауларын, кейбір сын есімнің жұрнақтарын көмекші сөздердің қатарына қосады. Өзінен бұрынғы авторлардан өзгешеліктері де бар. Мысалы, алт, алын (асты, алды) сөздеріне байланысты ескерту жасай отырып, олардың мағынасына түсініктеме береді. «Послеслоги или приставки падежей, исходного и местного отведения неясности, нужно точно обозначать положнние предмета, тогда между названием этого предмета и падежными послеслогами вставляют особые имя например іч «внутренность», уст «верх», аст «низ», алын «перед», кійін «задь», йан «бок», «стороно» и др.» — деп жазады. Демек олар біздің көмекші есім деп жүргенімізді ерекше қасиетке ие болған зат есім деп есептеген. Бұл бірінші. Екінші, аст, ұст сияқты сөздердің қолданылуында ерекшелік барлығы ескерілген. Яғни қай кезде заттардың орналасқан орнын арнайы нақты көрсету қажет болса, сол кездерде қолданылатындығы көрсетілген. Үшіншіден, септік жалғауларын ажырата тұрып, оларды есептік көмекші (падежные послеслоги) деп атаған. Қазіргі кезде де кей тілшілердің еңбектерінде «Грамматикада» айтылған пікірлерді кездестіруімізге болады. Мысалы, Порковская Л.А гагауз тілімен байланысты пікір айта отырып: «В функции послеслогов выступают также так называемые служебные имена, которые передают пространственные отношения между предметами. Эти имена, выражающие пространственнные понятия (например, уст, «верх», аст «низ», он «перед», арт «зад», «задняя сторона» и.т.д.), наряду с использованием служебной функции сохраняют в языке самостоятельное значение, - деп оларды зат есімдердің тобына қосқан.  Жалпы қазіргі кезде біз көмекші есімдердің зат есімдермен тең қарайтын ғалымдарға қосылмайтындығымыз анық, бірақ араларында байланыстың бар екендігін де тән алмау дұрыс емес. «Алтай тілі грамматикасында» ерекше зат есімдердің тәуелденіп барып септелетіндігін де дұрыс көрсеткен. Сонымен бірге кей көмекші сөздердің этимологиясына да тоқталады.

  Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының біреуі М.Терентьевтің оқулығы болса, екіншісі А.Старчевскийдің оқулығы, М.Трентьев те А.Страчевский де тілдерді салыстырғанда геологиялық жақындығын есепке алған емес, территориялық жақындығын есепке алған. Сондықтан М.Трентьев түркі тілдерінің материалдарымен бірге парсы тілін, А.Стрчевский болса тәжік тілінің материалдарын салыстырған. М.Трентьев көмекші сөздерді жеке бөлгенімен, көмекші есім мен шылауларды ажыратпайды, дара күрделі деп екіге бөледі. Ал Старчевский болса көмекші сөздерді «Послесловие и восточнотюркском языке суть частью несклоняемые слова и частицы»,-деп анықтама береді. Бірақ А.Старчевскийдің еңбегінде өзіне дейінгі авторлар жіберген қателіктер қайталанып, септік жалғауларын да, сын есімнің шырай қосымшаларын да, септеуліктер де көмекші есімдерді бір топқа қосқан. Өзіне дейінгі авторлардан айырмашылығы сол, біздің көмекші есім деп жүрген сөздеріміздің тәуелденіп барып септелетіндігін, оның алдындағы сөздің (зат есімнің) ілік септік формасында қолданылатындығын ашық айтады.

XIX ғасырдың аяқ кезінде жазылған және қазақ тілінің материалына негізделген құнды еңбектің бірі - П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматикасы». Автор көмекші сөздерді орыс тіліндегі предлогтармен салыстыра отырып, оларды екі топқа бөледі. Бірінші топқа өздерінің дербес мағыналарын сақтай алған көмекші сөздер: «К послеслогам обыкновенно относятся некоторые слова в сущности самостоятельные слова как например, алд, (перед), арқа (спина), арт (зад), уст (верх), аст (низ)» - дейді.  Ал екінші топтағыларға : «Другие послеслоги самостоятельного значения не имеют, и  присоединясь исключительно к каким-нибудь падежным формам, ставлятся после слова, к которому относятся», деп анықтама береді[12,68-69]. П.М.Мелиоранский көмекші сөздердің синтаксистік қызметіне көбірек көңіл аударған. Сондықтан да көмекші сөздерге талдау жасағанда көбінеше тіркескен сөздермен байланыстырады. Мысалы, жоғары төмен сөздерін көмекші сөздердің қатарына жатқызады да, оларды барыс септігімен тіркеседі дейді. Көмекші сөздердің барыс, жатыс, шығыс септіктерімен тіркесетіндігін де көре білген. «Краткая грамматиканың» бірінші бөлімінде біз көмекші есімдер деп жүрген сөздердің ілік септікті сөздермен тіркесіп келетіндігін, өздерінің тәуелденіп барып септелетіндігін де көрсетеді.  Мысал ретінде қазақтың арасында, жер үстінде, жер астында сияқты сөздерді келтіреді. П.М.Мелиоранский қазақ тілін жақсы білгенімен өз дәурінің жіберген кейбір қателерін қайталайды. Мысалы, мұнда, бұрын, ары, бері, жаны, төмен сияқты үстеулерді, -ша,-ше жұрнағын көмекші сөздер қатарына қосады.

1892 жылы П.М.Мелиоранскийдің қатысуымен «Грамматика киргизыского языка» деген еңбек жарық көреді. Ол кітап 1916 жылы қайта басылады. Кітапта П.М.Мелиоранскийдің ықпалының күшті болғандығы соншалықты «Краткая грамматикадағы» көп жағдайда қайталанады. Соның бірі көмекші сөздерге байланысты бөлімі: «Частицы соотвествующие русским предлогам, в киргизыском языке ставится после имен, к котрым они относятся, и поэтомуправильнее назвать их полилогами» - деп анықтама береді де оларға мына морфемаларды енгізеді:

Барыс, жатыс, шығыс септіктерін

Көмектес септігінің (авторлардың терминінше творительный падеж)-менен, -мен, -пен, -бен, қосымшасы.

Үстеудің -ша,-ше, жұрнағын

Сын есімнің — -дай,-дей жұрнағын

Сайын сөзінен.

Ары, бері сөздерін[13,122-123]. 

Оқулықтың 41 парагрыфында көмекші сөздерге — сыз,-сіз (аяқсыз, құдасыз) жұрнағымен бірге қасында, қасымда, орнына (орнуна), сыртында тысқарысында, ішінде (ишинде), ішіне (ишине), жанында, үшін (ушун), кейін, дейін артта, сыртта, артынан, басқа, қасына, ортада, ортасында, арасында, үсті (усту), үстінде (устунда) үстінен (устундан), қарсы қарсымда, турасында, қасымда, тересінде («около»),жанында, қасында, соң сияқты сөздерді көмекшілердің қатарына жатқызған. Демек, «Грамматика» авторлары, біріншіден септік жалғауын, екіншіден, сөз тудырушы жұрнақтарды, үшіншіден, көмекші есімдер мен шылауларды бір грамматикалық қасиетке ие деп, бір топқа топтастырған, Дегенмен де авторлар септік жалғаулары мен көмекші сөздерді білдіретін мағынасында айырмашылықтың бар екендігін байқаған. «Когда нужно точно обозначить положение предмета, тогда между названием этого предмета в именительном или родительном падеже и послеслогам вставляется особое имя, например, иш «внутренность», уст «верх», тыс «внешность», жақ «сторона» и д.р.» – дейді. Көмекші сөздерді талдауда П.М.Мелиоранскийдің үлгісін толық сақтаған екінші бір оқулық та бар.  Ол Н.Остроумовтың «Этимология сартовского языка» (Ташкент, 1910) деген еңбегі. Кітапта көмекші сөздерге өте аз орын берілген. Мұнда да көмекші сөздерге а) септік жалғауларының (шахарія, уйда, багдын),  ә) кейбір сөз тудырушы жұрнақтарды (сыз,-сиз), б) белгілі бір септік жалғаулы сөздермен тіркесіп келетін учун, туғрусунда, хусусунда, башқа, сунг, сунгра, нари, бери, в) алды, усту, ташы, баш, ара, сияқты ерекше зат есімдерді енгізеді.  Сын есімнің сыз, сіз, үстеудің — ша, -ше жұрнақтарын көмекші құрамында қарау Ж.Денидің «Түркі тілі грамматикасында» да бар.  Денидің еңбегі Осман түріктерінің соңғы кезге дейін жарық көрген оқулықтары мен ғылыми еңбектерге ықпалын тиізгендігі анық. Ол 1915 жылы түркі тіліне аударылды.  Автор өз оқулығында түрік тіліндегі көмекші сөздерді үшке бөледі. Осы үш түрлі көмекші сөздерге жеке-жеке тоқталып, олардың мағынасын анықтайды. Жалпы кітапта көмекші сөздерге көп орын бергендіктен әр сөздің мағынасына, тарихи даму жолына, этимологиясына, қолданылуы ерекшелігіне арнайы тоқталған. Мысалы, үшін шылауын талдағанда оның көне түркі тілдерінде де қолданылатындығын, үш және ін морфологияларынан құралатындығын көрсетеді. Кітапта мысалдар көп берілген, кей түркі тілдерімен салыстырылады. Жоғарыда жұмыстары талданылған авторлардың бірде-біреуі көмекші есімді шылау сөздерден бөліп алмағандығы ашық байқалынады. Тек кейбір авторлар ғана біздер көмекші есім деп жүрген сөздерді ерекше қасиетке ие зат есімдер деп атап, олардың айырмашылығы бар екендігін көрсетеді, бірақ айырмашылықтарын нақты атамайды, екеуін бөліп ажыратпайды. Көмекші есім мен талдауды ажырата көрсету акад. В.А.Гордеевскийдің еңбегінен басталынады. Ол 1928 жылы «Түркі тілі грамматикасы» деген еңбек жариялайды да, көмекші сөздерге арнайы тоқталады. Автор көмекші сөздерді послеслоги-имена, послеслоги-частицы және союз деп үшке бөледі. Дегенмен де оқулықта көмекші сөздер синтаксистік бағытта зерттелінгендіктен, олардың негізгі морфологиялық белгісі ашылмай қалған. «Особым видам сочетания двух имен является сочетание существительных с полилогами; последнии синтактическии является определенными, а этимологически именами существительными, выполняющими служебную роль «предлогов» (в дательном, местном и исходном падежах)», деп анықтама береді. А.Байтұрсыновтың 1914ж. Орынборда шыққан “Тіл-құрал” атты еңбегінде сөздерді атауыш сөздер, шылау сөздер деп екіге бөледі де, шылаудың өзін: үстеу, демеу, жалғаулық, одағай деп төртке бөледі.