ИНТЕРТЕКСТУАЛЬДЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ДИСКУРС

Ныязбекова К.С., п.ғ.к.,

Абай атындағы ҚазҰПУдың доценті

Айтжанова А.,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2-курс  магистранты

(Қазақстан, Алматы қ.)

 

Ғылыми сипаттағы мәтіндердің пәндік-мағыналық мәні ғылыми дискурстың конститутивті белгілерінің бірімен оның мақсатымен беріледі. Ғылыми проблеманы шешу ғылыми дискурсқа қатысты мәтіндегі сөздердің мағынасы болып табылады. Ғылыми проблеманы шешу сатысы, шешу әдісі немесе үрдісі ғылыми дискурс жанрын қалыптастыруда анықтамайды. Олар жанрлық канонға сәйкес мәтінді құрауда «дұрыстылық» немесе «бұрыстылыққа» әсер ете алады. Алайда алға қойған міндеттері шешілмеген немесе тақырыбынан ауытқыған баяндама – баяндама болып қала салмайды, оның жанры сақталады.

Мәтіннің түрлі типін құрайтын белгілер ғылыми дискурс жанрындағы конститутивті категория болып саналмайды, себебі кез келген ғылыми мәтіннің мазмұны оның басты мақсаты мен автордың айтар ойына тікелей байланысты.

Сөйлеп тұрған адамның сөздік қоры немесе сөздік еркі ғылыми дискурстың негізгі мақсатын анықтайды. Бұл ретте ғылыми дискурсқа қатысушыларының жалпы мақсат аясында нақты міндеттері:

 1)  жаңа ғылыми ақпаратты алу (пкір алмасу, ғалымдармен хат алмасу);

 2)  нақты шешімді табу (шығармашылық талдау, мидың қызметін арттыру);

 3)  өз сөзінде тұру немесе басқа адамның сыны (ғылыми полемика);

 4) өзінің зерттеу қызметінің нақты немесе аралық нәтижелерін  саралау (мақала, монография).

Алайда, бұл  міндеттер жанр қалыптастыратын белгілер болып саналмайды, себебі бір уақытта бірнеше міндеттерді қатар атқарады. Диссертацияда автор өз зерттеуінің нәтижелерін қорытады және бір уақытта ғылыми проблемаға қатысты өз пікірін білдіреді. Полемикалық мақала жанрында осы екі міндеттен басқа нақты шешімді табу міндеті де шешілуі мүмкін. Бір жағынан мәтіндегі міндеттерді шеше отырып бұл мәтіннің жанры өзгермейді. Егер ғылыми баяндамада автор міндетті өзгертіп оның орнына өз зерттеуінің нәтижелерін қойса өз оппоненті тұрғысынан сынға ұшырап, баяндама болмай қалмайды.

Осы ретте М.М.Бахтин атап көрсеткен екі фактор жанр деңгейінде конститутивті болып табылмайды; олар жанрлық вариативті деңгейіндегі дискурс сияқты деңгейді анықтайтын болып қала бермек. Ал үшінші фактор – «аяқтаудың типтік формалары» ғылыми дискурстың барлық жинақталған жанрларының көпшілігін шоғырлайды.

Біздің болжамымыз бойынша ғылыми-техникалық мәтіндерді құрайтын белгілер жанр қалыптастыратын айқындауыш болып саналмайды, негізгі жанр қалыптастыратын белгілер ретінде ғылыми дискурсқа қатысты мәтіндердің формальды белгілерін айтуға болады. Сонымен қатар зерттеу пәні дайын ғылыми мәтін емес, нақты қарым-қатынас жағдайында жүктелген мәтін болмақ. Ғылыми коммуникацияның прагматикалық сипаттамаларын ғылыми дискурс жанрын қалыптастыру кезіндегі деп қабылдау керек. Бірінші кезекте, қатысушылардың коммуникативті, рольдік және жеке тұлғалық сипаттамалары, сонымен бірге байланыс жағдайы, формалары мен міндеттемелері. Негізгі міндет болып  дискурстың бір типі аясында бір жанрды ажырата алуға мүмкіндік беретін спецификалық сипаттамаларды анықтау болып саналады. Оларды анықтау критерийлері – көлемі (өлшемі, ұзактығы), белгілі құрылымдық үлгінің болуы, стандартқа жақындығы (құрылымы), және оны іске асыру жолдары (каналдары).

Құрылымында белгілі бір композициялық форманың болуы, алдын ала дайындалған шаблондық қалыптастыруларды ұйқастыру, мәтінде мысалдардың болуы, қолданылған әдебиеттер тізімінің болуы, сілтемелердің, т.б. болуы тиіс.  Егер ғылыми сипаттағы мәтіндер туындаған жағдайда осы сияқты талаптарды міндетті түрде сақтау керек, ондай мәтінді белгілі бір үлгіге сәйкес құралған деп санауға болады. Егер ғылыми мәтін еркін формада, жоғарыда аталған талаптарды қатаң түрде орындамай, тек негізгі мақсат пен міндеттерге бағына отырып жазылған болса онда ол шығармашылық, креативті мәтін болып саналады.

Іске асырылу әдісіне қарай кез келген дискурс жазбаша және ауызша болуы мүмкін.

Басқаша айтқанда ғылыми мәтін жазу кезінде адресанттың алдына қойған міндеті немесе бірнеше міндеттері сонымен қатар ғылыми коммуникация қатысушылары мен жағдайдың сипаттамасы мәтін формасын таңдауды анықтайды. Ол келесідей белгілермен сипатталады:

Ø    көлем – үлкен/орташа/шағын,

Ø    құрылым – клише пайдаланатын/креативті,

Ø    канал – ауызша/жазбаша.

     Ғылыми-техникалық дискурстың қалыптасқан жанрлары арасында негізгілері мыналар:

ü    монография,

ü    диссертация,

ü    баянхат,

ü    баяндама,

ü    мақала.

      Алайда, бұлар ғылыми дискурстың конструктивті белгілерінің барлығы емес. Бұлардан басқа ғылыми коммуникацияда кең қолданылатын тезис, түйіндеме, автореферат, пікір және т.б.бар. Біз ғылыми дискурстың әр түрлі жанрына қатысты формальды жанр қалыптастыратын белгілерін құрастырып көрдік (1 қосымшаны қараңыз).

Берілген кестеде көрсетілгендей, ортақ формальды белгілері бар ғылыми дискурстың бірнеше жанрларын атауға болады. Мысалы, мақала, конференцияға баяндаманың мәтіні және диссертацияның авторефераттарының орта көлемі, клишені қолданатын құрылымы және жазбаша орындалу әдісі бар, дегенмен, біз бұл жанрларды бір-бірінен еш қиындықсыз ажыратып аламыз. Бұл тағы бір жанр тәрізді белгінің бар екенін білдіреді. Осы үш жанрдың құрылымы бірдей емес екені, коммуникативті жағдайдың шарттары мен мән-жайы әртүрлі, бірақ екеуінің арасындағы негізгі ерекшелік келесіде екені айдан анық. Мақала – бастапқы ғылыми жанр, оны жасауда автор ғылыми дискурстың бір немесе бірнеше міндетін орындай алады. Конференцияға баяндаманың мәтіні (міндетті түрде баяндаманың авторы жасамайды) ауызша сөз сөйлеуді жазбаша түрде белгілеу мақсатында баяндаманың негізінде оның толық мазмұнын кім осы коммуникативтік жағдайға тікелей қатысқан жоқ, соларға жеткізу, яғни ақпараттық мақсатта  жасалады. Диссертацияның авторефераты автордың өзі өзінің диссертациялық зерттеуінің соңғы нәтижелерімен қысқаша түрде таныстыру үшін, яғни сондай-ақ ақпараттық мақсатта жасайды. Осылайша, ауызша баяндаманың жазбасы және диссертацияның авторефераты толығымен және түгелдей ғылыми дискурстың негізгі белгілеріне және ғылыми қатынастың міндеттеріне сәйкес (ғылыми ақпарат алмасу) бірінші мәтінге сүйене отырып құрылған екінші мәтіндер болып табылады.

Мәтін міндетінің өзгеруінің мысалы мақалаға пікір-сарап болып табылады; пікір-сараптың мазмұны бастапқы мәтіннің мәні, мағынасы және пішіні болып табылады (нәтижелерді тиянақтау-өзгенің пікірін сынау) немесе ғылыми талқылаудың жазбаша жазбасы (дұрыс шешімді табу – ақпарат алмасу). Ғылыми-техникалық сипаттағы мәтіннің көлемін азаю (эллипсис немесе нысанды қысу), көбею (экспансия) жағына қарай өзгерту. Құрылымының өзгеруі еркін мазмұндау жағына қарай немесе керісінше клишені пайдаланудан қалдықты болжайды, сондай-ақ бір клишені екіншіге ауыстыру немесе көлемін өзгертпестен өзгертіп айту.

Мәтін каналын ауыстыру – оны ауызша түрден жазбашаға немесе керісінше аударуды білдіреді. Ғылыми мәтіннің күрделілігін өзгерту (нысанның немесе мазмұнның бейімделуі және контр-бейімделуі) де екінші мәтіннің туындауына әкеледі – осылайша реферат, конспект және басқалары құрылады. Кодтың белгісі бойынша бастапқы мәтінді және оның басқа тілге аудармасын қарама-қарсы қоюға болады. Екінші мәтіннің белгіленген түрлері бір-бірімен сөзсіз байланысты, олар таза күйінде де, түрлі амалдарда да бар: баяндаманың тезистері (эллипсис және каналды ауыстыру), конспектілік аударма (эллипсис, өзгертіп айту, кодты ауыстыру) және тағы басқа.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сеничкина Е.П. К проблеме интеркультурной коммуникации. // Совещание - семинар "Этнопсихолингвистические аспекты речевого общения" (тезисы докладов). Часть 2, М.-Самарканд, Изд. Инт-та языкознания АН СССР, 1990, с. 62-64.

2. Сенкевич М.П. Стилистика научной речи и литературное редактирование научных произведений. М., 1976.

3. Сидоров Е.В. Основы системной концепции текста. Автореф. дис. д-ра филол. наук. М., 1986. – 41 с.

4. Синдеева Т.И. Некоторые особенности композиционно-речевой организации жанра "научная резензия". // Функциональные стили и преподавание иностранных языков. М., "Наука", 1982. – 359 с.

5. Силантьев И.В. Теория речевых жанров М.М. Бахтина и проблема построения жанровой стилистики научной речи. // Бахтин и гуманитарная наука ХХ века. Вильнюс, 1995.