ВАЛЕНТТІЛІК ЖӘНЕ ТІЛ
ДЕҢГЕЙЛЕРІ
Д.А.Муталиева, М.М.Дуйсенова,
А.Хамза
Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік институты
Тіл біліміндегі валенттілік пен үйлесімділік
ұғымының түрлі көз қарасы келесі шешім
шығаруға мүмкіндік береді. Тіл мен сөйлемді ажырату
арқылы, біздің көзқарасымызша валенттілік тіл
құбылысы және
үйлесімділік сөйлем құбылысы деп, «валенттілік» пен
«үйлесімдлік» терминін сәйкестіндіреміз. терминдерді нақтылау мақсатьында 3 өзара
байланысты құбылысты көрсету қажет: 1-ден,
кабинаториканың тілдік және сөздік жағы
қарастырылған кең мағынада енуі; Мәселеге
мұндай қадам жасау
бұрынғы советтік лингвистер еңбегінде
сипатталған. Екіншіден, «тіл – сөйлем» шектеу айырмасының
комбинаторика құбылысында «валенттілік» және
«үйлесімділік» сөздерімен қолданылуы. Сондықтан
жоғарыдағы терминдер қатаң дифференциалды қолданысқа ие болуы тиіс. Біріншісі тілдің комбинаториканы белгілеу үшін, екіншісі
сөйлемділік аспектіні нақтылау үшін қажет. Екі
терминнің дифференциалданбай
қалынуы олардың ұғымының теңесуіне
алып келеді. Осылайша, валенттілік – абстрактілі және жүйелік
сипатқа ие тіл фактісі, ол тіл бірліктерінің потенциалдық
үйлесімділігі, үйлесімділік – нормативі жүзеге
асырылған сөйлем фактісі бұл жүзеге асырылған
валенттілік үйлесімділік өз құрамына синтаксистік
байланыс пен арақатынас
жиынтығын енгізеді. Лексикалық таратушылар немесе
олардың жүзеге асырылу шарттары тіл бірліктерінің басқаларымен нақты
лексика-семантикалық және синтаксистік ара қатынасында
білінеді. Айрықша мәнді сөздердің
үйлесімділігі жайында
айтқанда біз сөйлем барысындағы сөздің
қарапайым орналасуын емес, бағыныңқы байланыс негізінде біріктірілуін, нәтижесінде сөйлем немесе сөз
тіркесі пайда болады. Валенттілік – тіл заңдылығымен
анықтасатын қасиеттердің пара-парлығы, сәйкесінше берілген сөз табы
басқа сөз таптары мен байланысқа түседі. Тіл білімінде
бұл қасиеттер мен
ережелердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, модель бойынша
құрылған нақты үйлесімділік және
таратылуының заңдылығын қарастырады. Сөз
таптарының валенттілігін сипаттау оның потенциалды
комбинаторлық қасиеттерін модельдеу жолымен жүзеге асады.
Валенттілік – бұл сөз байланысының сандық шектелуі,
үйлесімділік – сөздің семантикалық сәйкестігінің
сапалық шектелуі. Комбинаториканы «тіл-сөйлем» дахотомиясын есепке алып, грамматикалық
тұрғыдан қарастырғанда бір жағынан, сөз таптарының валенттілігін тіл моделдерінің жиынтығы түрінде көрсетуге
және сипаттауға, сөз валенттілігінің сипатталуын
формалдау және жүйелеуге, 2-ші жағынан, бұл
модельдің сөйлемдегі өзектілігін үйренуге сөйлемде ғана кездесетін
үйлесімділіктің түрлі сипаттамаларын анықтауға
мүмкіндік береді. «Валенттілік» пен «үйлесімдлілік» ұғымының шектелуі сөз таптарының
сөйлемде үйлесімділік қабілетінің
қаншалықты жүзеге асатынын көруге мүмкіндік
береді.
Сөз үйлесімділігі контексте жүзеге
асады. Контекстің сөздің
семантикасына, сонымен бірге сөздікте тіркелетін сөздік семантикалық параметрлердің жаңа белгілермен
ара қатынасын оқып үйрену көптеген лингвистерді
қызықтыратын мәселе болып отыр. Констект, контекстік талдау негізін үйрену Н.А.Амосова
еңбегінде енгізілді. Н.Н.Амосова «Сөздің семантикалық
жүзеге асырылуының (контекст жүзеге асатын сөзге
қатысты) бағытталған минимуммен (семантикалық сілтемені
қажет ететін) үйлесімділігін» контект деп аталады. [1, с.28].
Көптеген шексіз контексттерде кездесетін типтік және
инварианттық пайда болудың
қажеттілігін көрсете отырып, А.В.Бондарко былай дейді: «Біз
контексттерде жиі кездесетін қайталанатын элементтердің жалпылануын қарастырамыз.
Соңғылары контекст типінің
инвариантының нұсқасына сәйкес келеді.
Түрлендіру сатысы жалпы
жағдайда бірнеше болуы мүмкін: контекст типі – оның түрлілігі
– сол түрдің нұсқалары – нұсқаның
нұсқалары және т.б. [2, с.105]. Контексті 2 түрге
ажыратады: микро және макроконтекст. Микроконтекст пен макроконтексті
қарастыру бізге мынадай мүмкіндік береді: мәтіннің
лексикасының семантикалық байланыстың синтагматикалық және
парадигматикалық қиылыс нүктесін табуға
көмектеседі. Ол бір жағынан контексті құрайтын
сөздің семантикалық жағдайы туралы ақпарат
алуға, мүмкіндік береді. Коленанский Г.В. сөйлем шегінде
ядроның лексикалық және
синтаксистік байланысын микроконтекст деп түсінеді. [3, с.53,
76-77], толық шығарманы – микроконтекст деп ұғады И.В.Арнольд
контекстің 3 түрін ажыратады: Лексикалық, синтаксистік ,
аралас [4, с.8]. Кейбір лингвистер мағына басқа сөзбен
үйлесімділікті анықтауда көрінеді деп есептейді. Олар егер
біз құрамында көп мәнді сөздер кіретін
барлық үйлесімділікті білетін болсақ, онда біз
оның барлық мағынасын
білеміз деген көзқарасты ұстанады.
Мағына лексикалық контекстің
деңгейінде кейде үйлесімділік мағынасы ретінде сипатталады.
Контекстің грамматикалық құрылымы ретінде сипатталады.
Контекстің грамматикалық құрылымы (әсіресе
синтаксистік) көп мәнді сөздің жеке мағынасын анықтауда
қолданылады. Алайда көп жағдайда екі контексті есепке алу
қажет: лексикалық және грамматикалық
құрылымы контекстің мағынасы мен
құрылымындағы айырмашылықты көрсеткенмен,
анықтау үшін жеткіліксіз болады, жеке мағынаның
қай сөзде қолданылатынын анықтау қажет. Қазіргі
лингвистикада «pattern» (үлгі) немесе «strukture» терминдерін
грамматикалық контексті анықтау үшін қолданылады.
Үлгі шартты белгілермен берілуі мүмкін, мысалы: to take smb as
‘Take+Noun’, to take to smb as ‘take+to+Noun’. Сөздің орналасуындағы
айырмашылық - мағынадағы айырмашылықты көрсетеді.
Дистрибуциялық
үлгінің теңдігі мағынаның теңдігі
дегенді білдірмейді. Жоғарыда
айтылған контекстің типінен басқа да
экстралингвистикалық түрі бар. Кейде сөздің
мағынасы оның лексикалық тобымен немесе синтаксистік
құрылымымен анықталмай , сөз қатысатын
сөздік жағдайда анықталатын жағдайлар да кездеседі.
Осыдан контекст сөз мағынасының денатациондық
қана емес коннотациондық компонентіне де әсер ететінін
айтуға болады. Осылайша, контекст типті мен сөз
үйлесімділігінің түрі байланысты. Олар сөздің
семантикалық талдауында есепке алынатын контекстің
көрсеткішіне орай ажыратылады.
Сондықтан белгілер лексикалық және синтаксистік
үйлесімділікті ажыратады.
Ағылшын,
қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптарының үйлесімділігі мен валенттілік
мәселесіне арналған жұмыс шолуы валенттілікке қатысты
көптеген сұрақтар терең ой мен зерттеуді талап ететінін
көрсетеді.
Тілдің потенциалды үйлесімді
элементтерінің деңгейіне қарай валенттілікті:
логикалық, лексикалық, сыртқы, ішкі және т.б. деп
бөледі.
Валенттілік
теориясының алғы даму сатысында «валенттілік» ұғымы
талдауының синтаксистік деңгейінде ғана қолданылатын,
ол валенттілік қосымша деңгейінің бөлінбегенін
көрсетеді. Логикалық және лексико-семантикалық
қатынас валенттілік мәселесімен айналысатын
лингвистердің
көзқарасынан тыс қалды. Алайда валенттіліктің
бұл типтерінің нақты көрсенткіштері болмағандықтан
олар грамматикада оқытылды, бірақ валенттілік ұғымына
байланысты емес еді. [5].
Соңғы жылдары
орыс және шет ел лингвистикасында валенттіліктің
мазмұндық жағын үйренуге талпыныс көп
байқалуда. Бұл
көптеген синтаксистік мәселелер тілдің - логико-семантикалық
аспектілерін есепке алмай терең әрі толық шешілмейтіндігімен түсіндіріледі.
Н.Д.Апресян жақсы синтаксистік
теория кем дегенде екі қатар түсінікпен жұмыс істеуі
тиіс деп есептейді: семантикалық және синтаксистік [6, с.302].
Тілдің айтылу
және мазмұндық (морфемалар, лексемалар) мәніне ие екі
жақты тіл бірліктері секілді, тілдің айтылу мәніне
ғана ие бір жақты бірліктеріде валенттілікке ие. Егер
валенттік қатынастың мүшелерін айтылу жағынан
қарастырсақ, оны формальдық валенттік дейміз. Бұл
жағдайда формальдық валенттілік тілдің түрлі
деңгейінде оқытылады:
фонологиялық, морфемдік,
лексикалық, сөз құраушылық. Егер
валенттілік қатынастың мүшелерін мазмұндық жағынан қарастыратын
болсақ, оны семантикалық
валенттілік деп атаймыз. Семантикалық валенттілік екі жақты
тіл бірліктерінде сәйкес тіл деңгейлерінде көрінеді.
Валенттіліктің
формальдық және семантикалық айырмасы нақты мәнге
ие, себебі олар тіл біліміндегі валенттіліктің 2 түрлі
түсіндірмесіне ие, валенттілік тіл бірліктерінің формальды
қасиетімен анықталады. Валенттілік бұл жүйеді бірлікке
айтылу қасиетін беретін тіл бірліктерінің қасиеті. Екінші
теория бойынша валенттілік тіл бірліктерінің мәніне тәуелді. Екі жақты
бірліктердің үйлесімділігі семантикалық заңдылықпен жүзеге асады,
енді осыған байланысты нақты
өмірдегі экстра лингвистік мәліметтердің пәні
мен мәліметін келтіріп
өтейік. Мысалыға, Д.Канцильсон осылай ойлайды. [7]. Бұл
оқымыстылар валенттілік деп тіл бірліктерінің арасындағы
терең семантикалық байланыстың сыртқы көрінісі
деп есептейді. Тіл бірліктерінің табиғаты жайлы бұндай
көзқарас тіл білімінде
бұрыннан
қалыптасқан. Сонымен бірінші көзқарас бойынша
валенттілік тіл бірліктерінің
айтылуын, екінші көзқарас бойынша валенттілік тіл бірліктерінің мағынасын
көрсетеді.
Формалдық және
семантикалық валенттілікті оқу барысында логикалық
валенттілік ұғымы ендірілді. Логикалық валенттілік арнайы
зерттеуді қажет етеді. Осыған қарағанда,
логикалық және семантикалық валенттілік арасында қарапайым
байланыстан жоғары: біріншісі тілге тікелей қатысы жоқ
мазмұндық жағын қарастырса, 2-шісі тілге қатысты
қолданысын қарастырады.
Валенттілік
комбинацияланатын бірліктердің категориялық мағынасына
ғана емес , сонымен бірге бірліктердің орналасу формасы да
қажет болғандықтан «оң» және «сол» валенттілік
жайлы айтуға болады. Тілде элементтердің бір-біріне қатысты
граматикалық ұйымдасқан топ құру қабілеті ,
математикадағы бір-біріне қатысты сандардың орналасу
маңыздылығынан кем түспейді. Субстантивті сөз
тіркестерінде берілген принцип математикалық дәлдікпен әрекет
етеді.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1. Амосова А.А. Основы
англииский фразеологизмы – Л., 1963-112с.
2. Бондархо А.В.
Грамматическая категория и контекст. – Л.:Наука, 1971.
3. Колшанский Г.В.
Контекстная семантика. М.: Наука, 1980.
4. Арнольд И.В.
Лексикология современного английского языка. М, 1973.
5.Уфимцева А.А.Слово в
лексико – семантический структуре языка –М.: Наука. 1968-272с.
6. Апресян Ю.Д. Избранные
труды / интегральные описание языка и системная лексикогрофия Т.П.М.1995-С.75-91
7.Кацнельсон С.Д.
Типологияязыка – речевое мышление. – Л.: Наука, 1972-297с.