Ныязбекова К.С., п.ғ.к.,
Абай атындағы
ҚазҰПУдың доценті
Айтжанова А.,
Абай атындағы
ҚазҰПУ-дың 2-курс магистранты
(Қазақстан,
Алматы қ.)
Көптеген сөз күнделікті тұрмыста кәдімгі
лексикалық мағынасында жұмсалса, ғылыми
қарым-қатынаста (ғылыми дискурста) арнайы ұғымды
білдіру қызметіне төселіп, яғни терминдік мәртебеге ие
болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің
жаратылыстану, табиғат ғылымы мен қоғамдық
ғылым салаларында мамандандырылған лексемалардың саны
жүздеп, мыңдап саналады.
Жаңа пайда болған білімді атау үшін тұрмыста
танылған ұғымды білдіретін сөз ғылыми дискурста
ғылымда танылған ұғымды білдіретін арнайы қызмет
атқарады. Сөйтіп, қазақ тілінің негізінде
ғылым тілі қалыптасып, жұмыс істей бастады, ал тілдік
бірліктердің (лексика, фразеология, сөзжасамдық
бірліктердің) ғылыми дискурста мамандануы ғылыми
стильдің пайда болуында негізгі факторлардың бірі болды.
Ғылым тілі ағылшын, неміс, орыс тіл білімінде “арнайы мақсаттағы тіл” деп
те аталады. Белгілі бір ғылыми дискурста терминдер қандай да бір
ғылыми ұғымды ғана білдіріп қоймай, сонымен бірге
маманданғандықты білдіретін ақпаратқа ие тілдік бірлік
болып табылады, сөйтіп белгілі бір мәтінді біртұтас
ғылыми тіл ететіндей тоғыстырушылдық
(интеграциялауыштық) қызмет атқарады.
Ұлттық тілдің функционалдық саласы болып табылатын
ғылым тілінің негізгі арқауы – термин. Басқаша
айтқанда термин ғылымдағы “орталық” ұғым, түпқазық
ұғым. Қазіргі кезде мамандық тілінің тілдік, тілдік
емес ерекшеліктері барған сайын күшейе түсуде.
Мысалы, салалық ғылымдар тілінде формула, сызба, символ, схема, сурет, т.б. бейвербалды таңбалардың қатары көбейе
түсті. Тіпті ғылымның белгілі бір саласының
өзінде әлденеше тармақтар пайда болып, олар өздерінің
терминдік, терминдік элементтер жүйесі арқылы бір-бірінен
алшақтай түсті. Бұл бағытты кәсібицентристік
бағыт деп атауға болады.
– көпфункционалды
сипаттағы тіл. Ал арнаулы тіл кемел әдеби тілдің
функционалдық бір түрі. Оның:
Ø ақиқатты бейнелеу;
Ø білімді сақтау (эпистемалық);
Ø жаңа білім алу (когнитивтік);
Ø арнаулы ақпарат беру (коммуникативтік) қызметі бар.
Арнаулы кәсіби тілдің лексика-семантикалық
ядросы терминдер болып табылады, ал оған жақын қабатта
дайын құрылымдар (стандарттар); шеткері қабатта
индивидуалды-авторлық ерекшеліктерді байқататын тілдік бірліктер
болады. Индивидуалды-авторлық ерекшеліктер арқылы маман
кәсіпке байланысты категория, ұғым, арнаулы реалийлерді сөз
қолданыста дәл айқын етіп бере алмайды.
Кәсіби тілде стильдік нышаны бар сөздер (эмоционалды, экспресоид сөздер) мүлде кездеспейді
деуге болмайды. Эмоционалды бағалауыш сөздердің
қолданылу мүмкіндігі шектеулі. Олар деңгейі жоғары,
көлемі тым үлкен, сирек кездесетін, ұшырасатын жайтты, аса
ірі, тым ұсақ, қызғылықты көрініс т.б. Сондай-ақ айқын, анық, бұлдыр,
құнды, құнсыз, тұрақты,
тұрақсыз, мүмкін, мүмкін емес, жеткілікті, жеткіліксіз,
т.б. тәрізді
субъективті бағалауыштар. Бұлар арнаулы емес, жалпылама
лексикаға жатады. Қызметі жағынан полифункционалды элементтер
деп аталады. Бұлардың қайсыбірі белгілі бір кәсіптік
салада терминдік мағынада да қолданылуы мүмкін.
Мәтін – тіл жүйесі,
формалдық-тілдік білімдер жүйесі, ал іскери сөз мәдениетін қарастыруда тек формалды
білімдер жүйесімен шектелу іскери қатынастың
мәнділіктерін толық ашпайды, өйткені мәтін
коммуникацияның бір ғана бөлігі. Ал іскери сөз
мәдениетін дискурс тұрғысынан талдау тілдік емес
жағдаяттарды да қамтиды. Ал тілдік емес факторлар
мәтінтүзілімге типтік ситуацияға лайық болуын
қамтамасыз ететін мәнділіктер болып табылады.
Олай болса, іскери дискурс – мәтін және
мәдени-әлеуметтік, психологиялық факторлардың
жиынтығы деген ұғымды білдіреді.
Кез келген тілдік
коммуникацияда когнитивтік компонент болады. Ал когнитивтік компонент
коммуникацияға қатысушылардың санасындағы тап сол
коммуникация жүзеге асыруға қажетті білімдердің
жиынтығы дегенді білдіреді. Коммуникациядағы когнитивтік
компонентке коммуникацияға қатысушылардың нақты
қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін қажетті
әртүрлі білімдер жүйесін яғни коммуниканттар ресми
сөзде отбасындағыдай сөйлеуге болмайтынын, әлеуметтік
ситуацияны басқа екені жөнінде ресми
қарым-қатынастың этикасы, этикеті болатыны жөнінде
білім жүйесінің болуы, сонымен бірге адресанттың өз
әріптесінің әлеуметтік сипаты (қай әлеуметтік
жікке жататыны, жасы, интелектуалдық сипаты, темпераменті, жынысы т.б.)
жөнінде білімінің болуы іскери
дискурстың когнитивтік компонеттері болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Жұбанов Қ.
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. –581 б.
2. Маслова
В.А.
Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. Мн.: Тетра Системс, 2004. –256 с.
3. Вежбицкая А.
Язык. Культура: Пер. с анг. –М.: Русские словари, 1997. – 416 с.
4. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті.
Алматы: Мектеп, 1984. – 107 б.
5. Мартине Андре. Основы общей
лингвистики: Пер. с франц. М.: Едиториал УРСС, 2004. – 224 с.
6. Карасик В.И. Лингвистика
текста и анализ дискурса. - Архангельск - Волгоград, 1994.
7. Карасик В.И. О
категориях дискурса. // Языковая личность: социолингвистические и эмотивные
аспекты: Сб. науч. тр./ ВГПУ; СГУ, Волгоград, "Перемена", 1998, 234
с.
8. Гвишиани Н.Б. Язык
научного общения (вопросы методологии). М., "Высшая школа", 1986, 279
с.