Филологические
науки/ Этно-, социо- и
психолингвистика
Шайдарова Гүлназ №167
мектептің тарих пәні мұғалімі
Жаңарық ауылы, Жаңақорған
ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан
Этномәдени бірлестіктер қызметінің
тарихы
Біздің
баға жетпес байлығымыз- бірлігіміз. Татулық -
тұрақтылықтың ең басты тұғыры. Ал
тұрақтылық – ұдайы дамудың бірден – бір кепілі
Н.Назарбаев.
Тәуелсіздігіне 24 жыл толған Қазақ елінің
қонақжай, жаны дархан қазақ халқы, бір
шаңырақтың астында қаншама ұлт өкілдерін
айрандай ұйытып, тату-тәтті өмір сүруі күллі
әлемге үлгі және іштей ыдыраған елдер үшін
өнеге боларлықтай көрсеткіш. Көптеген алыс-жақын
елдерде не болып жатқанын уақыт өткен сайын көзімізбен
көріп, естіп отырмыз.
Ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи жағдай – қазақ
халқының өз жерінде көптеген ұлт өкілдерін
ашық-жарқын, құшақ жая қарсы алып,
төзімділікпен бір үзім нанды бөлісіп жеп, Отанынан
жырақ келгендердің көкейінде келешекке деген сенім
ұялатып, қашанда қонағына төрінен орын берген бабалардың
қонақжайлық дәстүрінен таймағаны – XXI
ғасырдағы Қазақстанның ұлтаралық
келісім орнаған қоғам орнатуына себепші болғаны
анық.
2015
жыл үлкен айтулы мерекелер – Қазақстан халқы
Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы,
Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР
Конституциясының 20 жылдығы кең көлемде аталып
өтілуде.
Қазақстан халқы Ассамблеясы
- 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының
Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы
консультативті-кеңесші орган ретінде құрылды.
Аталған бастама
мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің
негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту
мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын
әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.
- этносаралық қатынастар
саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам
институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету,
қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты
одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- халық бірлігін нығайту,
қазақстандық қоғамның негіз қалаушы
құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді
қолдау және дамыту;
- қоғамдағы
экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен
адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарына қысым жасауға бағытталған
әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға
жәрдемдесу;
- азаматтардың демократиялық
нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық
мәдениетін қалыптастыру;
- Ассамблеяның мақсаты мен
міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және
өзге де қоғамдық бірлестіктердің
күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
- Қазақстан халқының
ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін
өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
Ассамблеяның құрылымын
Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы,
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) ассамблеялары құрайды. Қазіргі уақытта
Ассамблеясының құрамында 382 мүше бар.
Қазақстан халқы Ассамблеясы
бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық
қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының
табысты екенін паш етіп келеді.
Жалпы алғанда негізінен Ассамблея
жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық
және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір
азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан
Конституцияда кепілдік берілген азаматтық
құқықтары мен бостандықтарын толық
пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік
ахуалы қалыптасты.
Қазақстандағы этномәдени орталықтардың
үш статусы болады. Олар республикалық, облыстық,
аудандық болып үшке бөлінеді. Кешегі кеңестік
аласапыран жылдарында Қазақстанға ең алдымен 1937 жылы
Қиыр Шығыстағы корейлер көшірілді. 1940 жылы Украин мен
Белоруссияның батыс облыстарында тұратын поляктар, 1941 жылы
Балтық жағалауында тұратын немістер жер аударылды. 1944 жылы
шешендер мен ингуштер, месхед түріктері, күрдтер саяси
жазалауға ұшырады.
Ал 1954-1959
жылдардағы тың жерлерді игеру саясаты басқа да ұлт
өкілдерін Қазақстанға қоныс аударуға
мәжбүрледі. Алайда кең пейілді қазақ халқы
шеттен келгендерге шетқақпайлық жасаған жоқ.
Олармен бір үзім нанды бөліп жеді, бір қасық
ағарғанды аузына тосты. Этномәдени орталықтардың
жемісті қызметі елімізде тұратын этностардың тілінің,
мәдениеті мен әдет-ғұрпының, ұлттық
қасиеттерінің жаңғыруы мен дамуынсыз мүмкін емес.
Азаматтардың
этномәдени бірлестіктері шеңберінде этникалық
мәселелердің шешімін табу қазақстандық
этносаясаттың басым бағыты болып есептеледі. Мемлекет алдында
бүгігі күнге дейін қол жеткізілген тұрақты
этносаралық келісімді одан әрі нығайтудың келелі
міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асыруда этномәдени
орталықтардың қызметін жан-жақты дамыту болмақ.
Қорыта айтқанда, еліміздегі
өзге ұлттың жергілікті халықпен
қойын-қолтық тіршілік етіп, тілеулес, ниеттес болып кетуі, олар
өз жүрегімен ортақ Отанымыздың ошағын бірге
түтетуіне, ізгі мақсат-мүддеге бір кісідей жұмылуына
тілдің, мәдениет пен өзіндік ықпалы айрықша
әсер ете беретініне сенімдіміз.
Әдебиеттер
1.Қазақстан халқы
Ассамблеясы «тарихи очерк» 2010 ж.
2.Қазақстан
Халықтарының Ассамблеясына 10 жыл, «Елорда», 2005ж.
3. Жұмамұрат Ш. «Мәдениет» журналы,
«Ассамблеяға 20жыл», №7. 2015.
4. Молдашева С. «Бірлігі жарасқан ел
мықты», «Мәдениет» журналы, №9. 2015ж.
5. «Жүзі бөлек, жүрегі бір»,
Көркемсуретті анықтамалық-деректі журналы. 2015ж.