А.
Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік
университеттің аға оқытушысы
А. Байтұрсынұлы
мен хакім Абайдың рухани
мұралары
Ер жігіт – елінің ұлы ,
Намысының
құлы
ХХI ғасыр жаңа
иновациялық
технологияның адам өмірінің және
өндірістердің
барлық саласын түгелдей түгелдей
қамтыды. Бір
ғана мысал: ноутбук пен
ұялы телефон болмаса
жұмыстарың
алға баспайды. Машина
болмаса баратын жеріңе жете де
алмайсың. Ал Азия мен
Африка құрлығында
аштықтан миллиондаған адамдар
жапа шегуде. АҚШ пен
Еуропа елдері жанармай, қазба байлықтар көздеріне ие болуды
мақсат тұтып отыр. Сол үшін жер – жерлерде:
Палестина, Ирак, Сирия
мемлекеттерінің арасында қақтығыстар ұйымдастыруда. Олар
күш көрсету үшін
қару – жарақтарын
жетілдіруге қаншама қаражат жұмсап жатыр.
Шығыс философы
Лао – цзы: ''Егер кімде –
кім елді күшпен
иемденгісі келсе, ол өз
мақсатына жете алмайды.
Ел жұмбақ сауыт
сияқты, оған
қол тигізе алмайсың. Егер кімде – кім
[оған] қол тигізсе, ол
сәтсіздікке
ұшырайды'', – деп
даналық
танытқан болатын. Әттең соған
бәрі
құлақ
асса ғой! Сол жерлердегі
ашынған
халықтың
жанкештілікке барып жатқандықтары содан
болар.
Жер шарын
түгелімен
қамтыған экономикалық дағдарысқа қарамастан, көп ұлтты Қазақстан бас болып,
Еуразия Одағын құрды. 2015 жылы
Дүниежүзілік
Сауда Ұйымына кірген
соң, дамыған 30 елдің қатарында
болуға талпынып отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің
бастамасымен «Мәдени
мұра» бағдарламасы
аясында ел боламыз
десек, өткен тарихымызды
және мәдениетімізді жете
білу керектігін баршасы
түсінген болатын.
Ендеше, ХХ ғасырда өмір
сүрген Ахмет Байтұрсынұлы мен
хакім Абайдың шығармашылықтарына тоқталғанды жөн
көріп отырмыз.
Ұлтжанды Ахаң « Ау қазақ » арнауында :
Былайғы кеме
айдады қара жерден
Сен дайын
ылайық етпе данышпанға
Осынша күлкі
болу дос дұшманға
Сен қашан
қатарға кеп ел
боласың [1]
- деуі қиын
қыстау
кезеңдерде «қам –
қаракетсіздік өзін –
өзі өлтіру»
содықтан да ештеңеге мойымай,
Отаныңа қызмет етіп, оның іргетасын
нығайтуға
күш салғанда ғана
азаматсың дегені ғой.
Ахаң одан әрі
ойын жалғастырып :
Тарихта деген
екен жаман ырым
Жақсыдай жоғы
қалса жаман бұдыр [1]
- деп, намысы жоқтық,
қайратсыздық
бәрін дүниеден жоқ
қылады деп, жас
ұрпаққа
ескерту жасайды. Елдікті аңсаған хакім
Абай :
Қарасам қайғыртар, жұрт
бұл заманғы ,
Салқын, қуыс – өмірі я
қараңғы .
Білімде жоқ ,
білімге сенім де
жоқ ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды
- дегені, боқ
дүниенің
құлы
болғандық
түбі
ұрпақтың азып
– тозуына ұрындыратынын ұғындырады. Ұлы ақын
Абай :
Жасынан білер
ескі шалдың мінін ,
Аптық жерін,
ақылға кеш енгенін.
Өзі өнерсіз, өмірден тез суынар,
Ойлаған жолаушыдай
бос жүргенін [2]
- деп,
білімсіз, өнерсіз жан
халқына да пайдасы
жоқ, бұл өмірде бәрінен де бос
қалатынын бізге жеткізіп
отыр. Замана
кемеңгерлері
Ахаң мен Абай
ХХI ғасырлық адамзат
баласының руханилықтан ада
болатынын
болжағандай.
Әттең
пәндешілік
құздан
құлататынын
бәрі түсінсе ғой.
Енді Ахмет
Байтұрсынұлының
мына ғибратына назар
салайық :
Бір нәрсең болмаған
соң сөйленгендей
Айта алмай
жарар едің қалалмасың
Жаманға болып
кеттің үйренгендей
Даусыма құлағыңды сал
тұр – тұрлаған [1]
-
кәсібің болмаса, оны
іздеуге талпынбасаң, сенен
не үміт, не
қайыр жаманшылыққа ғана
ұмтыласың деп тоқ
етерін айтады.
Ахмет Байтұрсынұлының келесі
назына көңіл аударайық :
Халық қор
бұл заманда ұмтылмаған
Қалам деп
қадам бассаң қайғы қайғы жемі
[2]
- деп, барша
қазақ
ұлтына «бірлік - түбі тірлік» сонда
ғана тәуелсіз мемлекет
және
алдыңғы
қатарлы елдердің сабында
болатынымызға
шүбә келтірмейді. Қоғам қайраткері
Ахмет Байтұрсынұлы мен
хакім Абай ел
тағдырын , болашақ
ұрпақтың
қамын жеп осындай
ұлағатты
өсиеттер қалдырды.