Тұлғаның мәдени дүниетанымы мен танымдық көкжиегін дамыту жолдары

Тасбулатова Раушан Адилгалиевна

Техникалық пәндер оқытушысы

Қазақстан Республикасы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

Маңғыстау энергетикалық колледжі

 

 

Сейтова Жанар Айтмуратовна

Бөлім меңгерушісі

Қазақстан Республикасы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

Маңғыстау энергетикалық колледжі

 

Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе.  Мәдениетті оның жеткізуі бойынша бөлеміз, әлемдік және ұлттық мәдениетті бөлу. Әрбір мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады. Алайда осы мәселе бойынша әр түрлі көзқарастар бар.

Ежелгі заманда мәдениеттің этноұлттық сипатына көзқараста екі қарама-қарсы тенденция пайда болды: этноцентризм және космополитизм. Біріншісіне сәйкес қандай да бір этнос өзінің мәдениетін үлгі мен эталонның кейбір үлгісі ретінде қарастырады, оны басқадан жоғары қояды, басқа мәдениеттерді сенімсіз немесе өшпенділікпен, кейде ксенофобия – басқадан қорғау түрінде қабылдайды. Екінші тенденция үшін өзінің этносы мен елінің шеңберінен шығып, әлем азаматы болуға тырысу керек. Бұл жағынан космополитизм патриотизмге қарама-қарсы болады.

XVIII ғасырдан бастап көрсетілген тенденциялар ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасын құра отырып, мәдени релятивизм мен мәдени универсализм формасында болады. Мәдени релятивизмнің басында француз философы Монтень тұрды, ол әрбір ұлт өзінің жеке, ұлттық идеясын құрайды деп болжаған. Алайда ол неміс философы Гердердің жұмыстарында жеткілікті түрде дайын күйінде ұсынылған. Мәдени релятивизмнің қазіргі өкілі француз мәдениеттанушысы К. Леви-Стросс болды.

Мәдени универсализмнің белгілі өкілдері Руссо, Кант, Гете, көптеген ағартушы-философтар, әсіресе француздар. Руссо негізгі адамдық құндылықтар  мен адамгершілік универсалды, көпшілік принциптер жағында болады деп болжаған. Кант белгілі категориялық императивті тұжырымдады, оған сәйкес егер қылық универсалды, жарамды болса, жақсы болып саналады. Осыдан әділеттілік жалпылық болады, әділеттілік дәрежесі универсалдылық дәрежесіне сай келеді.

Қазір планетамызда тұратын халықтардың ұлттық мәдениеттерінің ең үздік жетістіктерінің синтезі ретінде Әлемдік мәдениет ұғымы қалыптасуда. Ұлттық мәдениет өз кезегінде сәйкес қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары мәдениетінің синтезі болады. Ұлттық мәдениеттің өзінділігі, оның белгілі қайталанбас ерекшелігі және сонылығы өмір мен қызметтің рухани (тіл, әдебиет, музыка, кескіндеме, дін) және материалдық (экономикалық құрылыс, шаруашылық жүргізу, тұрмыс, еңбек және өндіріс салтының ерекшеліктері) сфераларында байқалады.

Мәдениеттің нақты таратушысына сәйкес әр түрлі субмәдениеттер бөлініп көрсетіледі. Субмәдениеттерге дифференциация қоғамда әр түрлі таптардың, топтардың болуына байланысты болады. Осы фактордың ролі қазір азайған, бірақ қалған. Қоғамның кедей, маргинал топтарының мәдениеті өте төмен болады, ол білімнен жеке бас гигенасына дейінгі бар сферада байқалады. Жоғары топтағы адамдардың қоғам элитасының мәдениеті жалпы жоғарғы деңгеймен, кейбір сыртқы түрлерімен ерекшеленеді: қатаң этикет, таңдамалы мәнерлер, ерекше кішіпейілділік, ежелгі (аристократтық) дәстүрлерді сақтау.

Орташа топтар мен таптар қазір «бұқаралық мәдениет» деп аталатын ең көп тараған, басым мәдениетті тарататындар болып саналады. Олардың жалпы деңгейі жоғары емес, орташа болып табылады. Сонымен қатар бұл топқа барлық мәдениеттің жаңаруының негізгі көзі болып табылатын, зерде мен шығармашылық потенциалдың жоғарғы деңгейін таратушы ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның негізгі бөлігі жатады.

Рухани мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады.  Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады.

Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады, оның бастауында рухани басы – адамның материалдық формаға айналдыратын идеясы, жобалары, ойлары тұр.

Алайда материалдық және рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде болады, өйткені шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір-бірімен сіңісіп, толықтырып тұрады. Тек материалдықққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын мәдениеттің бір қатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық, эстетикалық).

Адамдарға әсері бойынша мәдениетті прогрессивті және реакциялық деп бөледі, өйткені мәдениет тек өнегелі тұлғаны ғана емес, өнегесіз тұлғаны да тәрбиелейді.

Моральдық мәдениет – адамдардың жасаған заттық және рухани құбылыстарының әлемі ретінде түсінілетін мәдениет аспектісі, онда дүниені игерудегі, адамның дүниедегі орнын анықтаудағы, адамның тірі жан және әлеуметтік субъект ретіндегі тектік қабілеттері мен мүмкіндіктері дамытылған, адамдық күштері іске асырылған. Мәдениет – бұл адамның текті жан ретінде қалыптасу нәтижесі, шарты және процесі.

Моральдық мәдениетті қоғам мен индивидтер қол жеткізген адамгершілік деңгей, әлеуметтік субъектілер қатынасындағы адамгершілік, адамға деген қатынастың мақсатқа және өзін-өзі бағалау бағыты ретінде анықтауға болады.

Экономикалық мәдениетті мәдениеттің элементтері мен құбылыстарының кешені, экономикалық сана-сезім стеоротиптері, мінез-құлық, экономикалық өмірдің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін экономикалық институттардың мотивтері ретінде анықтауға болады.

Қазіргі ашық қоғамның базалық моделі нарықтық шаруашылықтың экономикалық мәдениеті болып табылады, онда көптеген жеке шаруашылықтар-кәсіпорындар және үй шаруашылығы өз бетімен жоспарлар жасайды, бір-бірімен нарық формасында экономикалық қатынастарға түседі, өзін-өзі ұйымдастыру принципі бойынша жұмыс істейді. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің жоспарларын үйлестіру бағалар мен айырбас құны арқылы жүзеге асырылады. Осы экономикалық мәдениет XVI-XVIII ғ.ғ. ұлы әлеуметтік революциялардың нәтижесінде қабылдана бастады.

Саяси мәдениет. Саяси мәдениетті анықтау тәсілдерінде белгілі дәстүрлер бар, оның ішінде осы феноменді негізгі құрылымдық элементтер призмасы арқылы қарастыру.

Саяси мәдениет өзінің құрылымдық элементтері ретінде саяси сана-сезім мәдениетінен, саяси мінез-құлық мәдениетінен және мемлекеттік, саяси институттардың жұмыс істеу мәдениетінен тұрады.

Саяси мәдениет – мәдениетті сезіну, саяси мінез-құлық, қоғамның саяси өмірінің, саяси процестің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін мемлекеттің және саяси институттардың қалыптасуы мен жұмыс істеу элементтері мен феномендерінің жиынтығы.

Бұқаралық мәдениет – бұқаралық қоғамға тән, коммуникациялық-ақпараттық жүйелердің дамуының жоғарғы деңгейінің, урбанизация мен индустриализацияның жоғарғы дәрежесінің арқасында мүмкін болатын күрделі әлеуметтік-мәдени феномен. Ол индивидтің шеттеуінің жоғары дәрежесімен, даралығын жоғалтып, өзімшілдікке айналумен сипатталады. Осыдан бұқараны жойып, олардың бұқаралық коммуникациялар каналдары арқылы мәдени-мінез құлықтарын орнатып, элитаның оларды жеңіл билеп алуы шығады. Бұқаралық қоғам сатысында өзіндік мақсатқа айналатын техниканың дамуы Ж. Эллюльдің пікірі бойынша барлық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын жояды, бірыңғай маңызы жойылған мәдениетті құрады. Ол адамды қазіргі қоғамның құндылықтар еркіндігінен босатады, ол екінші жағынан, Э. Фромның ойы бойынша техникалықты абсолюттеуге және адам болмысының құндылықтарын жоюға әкеп соғады.

Қазіргі бұқаралық қоғам әрбір индивидтің тереңде жатқан жеке қажеттіліктерін жүзеге асыруға бөгет жасайды. Адамның өзін-өзі тану және басқа адамдармен жеке қатынастарын орнатуға тырысуы, не мінез-құлық стандарттылығын тудыратын рухани енжарлықты, не индивид өзі туралы бұлдыр түсінікті жасау үшін қолданылатын жалған бағытқа, «пұтқа» табынуды тудырады.

Экология және экологиялық мәдениет. Мәдениеттануда адам қамының, үрей мен азаптарының тікелей көзі одан тыс жатқан жоқ, ол адамның өзінде, тіршілік етіп отырған ортасында емес, қажеттіліктерде, оларды қанағаттандыру тәсілдері мен мүмкіндіктері арасындағы үйлесімсіздікте екендігі анықталған. Қажеттіліктер көбінесе жеткілікті түрде мәдениетті болмайды, оларды қанағаттандыру тәсілдері мәдениетті бола бермейді және жабайы болады, стихиялы өсетін қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері шексіз емес. Соңында әлеуметтік-мәдени бағдарламалардың үнемі жоғары болатындығы және табиғи тежегіштері жоқтығы байқалады, ал адам өзінің биологиясында табиғатпен тығыз байланысты және адам әлеуметтік-мәдени қайшылықтар мен кедергілерді көтере алмайды. Соңында бұл қайшылықтар мен кедергілер – адамның мәдениеттілігінің емес, мәдениетінің аздығының, әлеуметтік эгоизмінің, тарихи шектелуінің белгісі. Сонымен қоғам болашағы үшін күресте субъективті сфераға көп күш түседі. Қазіргі заманда экологиялық танымды қалыптастыру, қазіргі өркениетті басқарудың экологиялық принциптерін жасау және экологиялық ғылым ұсыныстарына сәйкес мәдени құндылықтарды тексеру, экологиялық дағдарыс әсерінен мәдени құндылықтарды оңтайландыру жолында күрес жүріп жатыр.

Экология – тірі адамдар мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Экология экожүйелер мен биосфераның эволюциясымен айналысады. ХХ ғасырдың 20 жылдарының ортасынан бастап ол табиғатты ұтымды пайдалану және тірі организмдерді қорғау негізі ретінде қалыптасты. Ал ХХ ғасырдың соңында қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесу заңдылықтарын, оны қорғаудың практикалық проблемаларын зерделейтін әлеуметтік экология пайда болды. Экологиялық этика оның бір тарауы болып қалыптасты, оның адамзаттың мәдени дамуы үшін мәні күн өткен сайын өсіп келеді.

Қорыта келген білім мен тәрбиенің егіз екендігін ескере отырып, болашақ кәсіп иелерін Қазақ елінің білімді де білікті, жоғары мәдениетті толыққанды азаматы етіп дайындау ұстаздардың басты міндеті болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.                 Маркова А.К. Психология труда учителя. М.: Просвещение, 2005

2.                  И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252

3.                  Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет

4.                  (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет)

5.                 Жоғарыға көтеріліңіз↑ Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8