Ахметова Л.С.

Аға оқытушы,тарих магистрі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Қазақстан,Қостанай қаласы

 

ИСЛАМДАҒЫ АДАМ ЕРКІНДІГІ МЕН БОСТАНДЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

 

     Бостандық-әрбір адамның туа біткен құқығы. Ол-адамды материалдық және рухани өмірінде жетістіктерге жеткізетін үлкен құндылық. Бостандық адам баласына өзгеге зиян келтіріп, қоғамға қауіп төндіру үшін берілмейді. Өйткені исламда ешкімге қоғам ішінде дүрбелең орнатып, жамандық таратуға жол жоқ. Сондықтан мұсылман ғалымдарының көзқарасы бойынша, бостандық дегеніміз-адам баласының өзіне де, басқа адамға да зияны тимейтін түрде еркін әрекететуі. Яғни, еркіндік пен бостандықтың өзіндік ерекше нормалары мен шекеулері бар.Ислам діні адам баласына еркіндік құқығын бере отырып, Аллаһтан басқаға, нәпсісіне, құмартқан нәрсесіне құл болудан тыйған.Ислам дініндегі бостандық құқығы саяси, діни жеке тұлға және ой-пікір еркіндіктерінде көрініс табады.

     Жеке тұлға бостандығы ислам дінінің құлдыққа қатысты ұстанымын айқындау арқылы түсіне аламыз. Ислам діні пайда болып,орнықанша әлемде құлдық пен құлиеленушілік кең тарап, адамдар ешбір құқықсыз бірін-бірі жұмыс күші мен тауар ретінде сату не сатып алумен айналысатын еді. [1]

     Ислам келгенге дейін ешбір қоғамдық құрылыс және әлемдегі гуманистік, бостандық сүйгіш деп танылған философия мен идеологиялар құлдарда адам қатарынан табылатындығы және оларға бостандық берілу керек екендігін айта алмады. Тіпті танымал философтар мен идеологтар құлдықтың қажетті құбылыс екендігін түсіндіруге тырысып бақты. Оларға мысалы көне грек философтары Платон мен Аристотельді жатқызуға болады.Бұндай түсінік тіпті, кейбір бұрмалаған діндердің негіздеріне де енді. Мысалға кейбір діндер белгілі бір халықты ғана тәуелсіз, еркін деп біліп басқа халықтарды сол артықшылыққа ие ұлттың құлы деп танып, олар бостандық туралы еш уақытта ойламаулары  керек деп есептейді.

     Пайғамбарымыз Мұхаммед «Қайсыбір кісі бір мұсылман азат етсе, Аллаһ тағала әрбәр дене мүшесі оның дене мүшесі тозақ отынан құтқарады», деп айтқан. [2] Осы үндеуге құлақ асқан мұсылмандар Аллаһтың ризалығына асығып, жаппай құл азат етуге кіріседі. Тарихи құжаттарға сүйене отырып, жекелеген қожайындар жүздеген құлды азат еткендігін көруге болады. Сонымен қатар шариғатқа құл өзінің қожайынымен белгілі бір сомманы төлеп, бостандықты иелену туралы келісімге келген жағдайда және қожайыннан бала туған кұңнің бірден босатылатындығы туралы норма енгізіліп, өзінің туысына құлдыққа түсіп қалған адамның өздігінен азат етілетіндігі туралы шешім күшіне енді. Осылайша, көптеген құлдар ислам дінінің арқасында бостандыққа ие болып кейіннен қоғамға өте жоғары жағдайға да қол жеткізе алады. Тарихта құлиеленушілік ешбір өркениет айналып өте алмаған экономикалық жүйе болса да, ислам діні одан арылу үшін көптеген мүмкіншіліктер берді. Нақтырақ айтар болсақ құлиеленудің жолдарын қысқартып тек қана дала соғыста жеңіске жеткен уақытта қол жеткізе алатын қылды. Тіпті осы жағдайда да бұл жүйенің қолданылуын шектеп құлдарға азаттық беруге бар алғышарттарды жасады.

     Ислам осындай әлемдік, тарихи маңыздылыққа ие шараларды 15 ғасыр бұрын жүзеге асырғандығын, өкінішке орай, кейбір халықтармен бірге жекелеген мұсылмандар да біле бермейді.

     Діни ұстаным құқығы – адамның ең бір маңызды құқықтары бірі болып саналады. Өйткені адамның жүрегінде Жаратушыға деген сенімді діни ұстанымы болмаса ол өмірдегі жауапкершілікті де, нағыз бостандықтың мәнін дн түсіне алмайтыны сөзсіз. Ал бұл өз еркімен таңдап алынған діни ұстаным бостандығы арқылы жүзеге асады. Адамды бір нәрсеге күштеп сендіруге болмайды. Сондықтан діни сенім бостандығы әрбәр адамны өзіндік құқығы. Ешбір тараптың оны мәжбірлеуге оған қысым көрсетуге құқығы жоқ. [3] Өйткені, айтып өткеніміздей әрбір адамның сенімі мен ұстанымы оның жүрегі мен рухани дүниесіне тікелей байланысты. Иман міндеттеу мен мәжбірлеуге емес қалау мен шынайы сенімге негізделген. Ислам діни мәселелерде терең ойлауға және бұлтартпас айғақтарға қол жеткізе отырып иман етуне үндейді. Негізгі мақсат ілгерішіл, еркіндігі мол, әрбір адамның бірегей құқықтары толық сақталған қоғам құру.

     Адамдардың ой мен сөз бостандығы құқығы бүгінгі таңда адам құқығы туралы барша құжаттар мен барлық елдің конституцияларында бекітілген.

Ислам діні адам баласының санасын әр түрлі жалған нанымдардан арылтып оны әлемнің жаратылуы, болмыс пен өзі туралы ой жүгіртуге шақырады. Өйткені адам баласы ақыл иесі болғандықтан ол ақиқатқа ойлау  арқылы қол жеткізуі керек. Сол үшінде оған еркін ойлау құқығы мен сөз бостандығы беріледі.

     Ислам діні әрбір адамға ой-пікір еркіндігін беріп, тіпті, ой жүгіртуді құлшшылық түрінен есептейді. Құран Кәрімде әлемге қарап ой жүгіртуде, ақыл, ойды пайдалануға әлемді тереңірек зерттеп ғалам мен әлеуметтік заңдардың ақиқатына көз жеткізуге шақыратын аяттар жетерлік. Исламда сөз бостандығының жарқын үлшілерінің бірі қарапайым халықтың басшыларының қателіктері мен кемшіліктерін тайсалмай айта алуы. Бұл ақиқатты ислам  тарихында халифалар мен қарапайым халықтың арасында орын алған жайттардан анық көруге болады. Исламда иман негіздері мен ислам шарттарының оның құндылықтары мен жалпыға ортақ мүдделердің сақталу шарты мен сөз бен ой бостандығына шектеу қойылмайды. Дінімізде ілімнің шыңына шыға білген тұлғаларға кейбір мәселелерге қатысты шешім шығару құқығы беріліп қана өоймай, ол дін мен дүниелік істерде қажетті құрал деп танылды.

Ислам дінінде саяси бостандық ерекше орын алады.Саяси бостандық келесі құқықтарды қамтамасыз етеді.

1. Халықтың өз араларынан басшы сайлауы және әрбір лайықты тұлғаның басшылық қызметтерге тағайындала алуы;

2. Халықтың басшыны және билікті қадағалап өз ой-пікірлерін білдіруі;

3. Басшының жекелеген көзқарастарына халықтың наразылық білдіруі. [4]

     Адамдар бір-бірінен ақыл-ойлары мен түсініктерінің әрқилығымен ерекшеленеді. Олардың көпшілігін көңіл қалауы жетелейді. Сол себептен олардың тәртіптерін бақылайтын халықтың игілігін құнттайтын олардың ауызбірлігін қадағалап, дұшпандарына қарсы біріктіре алатын басшы қажет.Жоғарыда айтып өткеніміздей ислам әрбір жеке тұлғаға өзінің ойы мен пікірін білдіруге және кімге де болса, қоғамдағы орны мен лауазымына қарамастан орынды сын айтуға құқық берген. Ислам дінінің еркіндігіне сай бағыныштардың билік басындағыларға ақыл кеңес  беруін және басшылардың осы ақыл кеңесті қабылдауын міндетті екендігі келесі мысалдардан көруге болады. Жеке тұлға бостандығы мен ой-пікір бостандығы бар жерде түрлі пікірлер мен көзқарастардың туындайтындығы хақ. Соның ішінде саясат айдынындағы пікірлердің әртүрлілігі әрекет етіп отырған билікке қарсы оппозицияның туындауына жетелейді. Ислам бостандық діні бола отырып, жеке тұлғаның саяси қөзқарасын білдіруге ерік береді. [5]

 Бұл белсенді саяси ұстанымды білдіреді. Оның мақсаты әрбір адамның халқы мен отанына өз жолымен, өз әдістерімен қызмет етіп ізгі істерді қолдау және қателіктер мен бұрыс амалдырды түзету. Ол қоғамда ел мүддесі жолында биліктің кемшін тұстарын сынға алып олқылықтарын түзету мақсатында өз көзқарастары мен ақыл кеңестерін беретін топтың болуымен көрініс табады.

                       Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мухаммад Садик Юусуф.Права человека в исламе.-М.:Изд. «Диля»,2008.

2 Құран Кәрим қазақша мағына және түсінігі / Аударған Халифа Алтай, 1991.

3.Мухаммад аль-Газали.Права человека в исламе.-2010.

4.Исламдағы адам құқықтарың Каир Декларациясы.-Каир,1991.

5.«Діни қызмет және діни бірлестіктер турулы»2011жылғы ҚР заңы.