Право/9.Гражданское право.
Ахметова К.С., Жалпықұқықтық және
арнайы пәндер
кафедрасының аға оқытушысы
Адильбекова К.К., аға оқытушы
Сыздыкова С.А., оқытушы
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық
университеті, Қазақстан
КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ
Құқықтық
мемлекет құруға бағыт алған Қазақстан
Республикасындағы құқықтық реформаны
жүзеге асыру жағдайында мемлекетіміздің ең басты
құндылықтары – заңдылықты сақтауға
ерекше мән берілуінде.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан
Республикасы халықына Жолдауындағы “бәрі де заң бойынша
өмір сүретін шынайы құқықтық мемлекет
құру” деп айтылған сөздері
біздің мемлекетіміздің алдындағы бірінші кезектегі
міндеттерінің бірі болып
саналады.
Заңдылықты
сақтаудағы басты талаптар
құқық қорғау органдарына, әсіресе кеден органдарына жүктеледі [1].
2015 жылдың 24 қарашасы
Қазақстан Республикасының Парламентті Сенатының отырысында «Кеден одағының
және кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден
заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық
және әкімшілік жауапкершіліктің ерекшеліктері туралы шартты
ратификациялау туралы заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық
және әкімшілік жауапкершіліктің ерекшеліктері туралы»
заңы қабылданды.
Аталған шарт Кеден одағы аумағында кеден ісі саласында
қылмыс пен әкімшілік құқық
бұзушылық жасаған адамдарды қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тарту қағидаттарын зерттейді
және тәртібін айқындайды. Аталған
құжатқа сәйкес Кеден одағының кеден
аумағында әкімшілік құқық
бұзушылық жасаған адам сол құқық
бұзушылығы анықталған мемлекеттің заңнамасы
бойынша жауапқа тартылады. Ал, әкімшілік іс жүргізу
әкімшілік жауаптылыққа тартылған тараптың
заңнамасы бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, Кеден одағы
аумағындағы кеден саласында жасалған қылмыстық іс
қылмыстың жасалған жері бойынша, ал қылмыстың
жасалған жерін айқындау мүмкін болмаған жағдайда
қылмыстың ашылған жері бойынша қозғалады. Адам
бұндай қылмысты бірнеше тараптың аумағында
жасаған болса, соңғы әрекет жасаған жері
қылмыс жасаған орын болып есептеледі [2].
Өз
сипаты мен құрылымы бойынша кешенді бола, кеден ісі
құрамында қылмыстық және қылмыстық
процессуалдық құқықтың нормалары бар.
Бірақ бұл ереже кеден құқығының
тұтастай сипаттамасына, оның құқықтық
сала ретіндегі ерекшеліктеріне жатады. Егер
құқықтың негізгі жеке салаларының ретінде
қылмыстық құқықтың сипаттамасын
алсақ, ол белгіленген өлшемде кеден құқығының
бөлігі үшін құқықтық негізі болады.
Мұнда кеден ісі саласындағы контрабанда және де басқа
қылмыстар жөніндегі баптар туралы айтылады. Осындай қылмыстар
үшін шараларды қолдану белгіленбейді, онда Қылмыстық
Кодекстің ескерілген нормалары бар. Сонымен, кеден ісі саласындағы
қылмыстар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодекстің
нормаларымен белгіленеді. Кеден ісі саласында қылмыс жасаумен байланысты
пайда болатын қатынастардың толық, кең ауқымды
реттелуі – қылмыстың айрықша құзыреті.
Кеден
кодексінің нормаларымен реттелген қоғамдық
қатынастардың басым бөлігі әкімшілік және
әкімшілік процессуалдық құқықтың
аясына жатады. Бұл аяға кеден ісі саласындағы
ұйымдастыру – басқарушылық қатынастар да
жатқызылуы керек. Материалдық әкімшілік
құқыққа кедендік шекарадан тауарлар мен
көлік құралдарын өткізуімен, кедендік ресімдеумен,
кедендік бақылаумен, кедендік төлемдерді алумен, жауапкершілікпен,
жазалау түрлерімен байланысты қоғамдық қатынастар
жатады. Кеден ережелерін бұзу туралы істердің өндірісін
және олардың қарауын реттейтін нормалар әкімшілік –
процессуалдық болады. Әкімшілік және кеден
құқығының ара қатынастары туралы
қорытындыға келейік. Әкімшілік құқығы
басқа салаларға қарағанда, кеден
құқығымен тығыз қатынаста. Кеден
құқығының құқық нормалар
жүйесінде материалдық әкімшілік
құқығының нормалары мен әкімшілік
процессуалдық нормалар басым, жетекші орын алады. Кеден ережелерін
бұзу туралы істердің өндірісін және оларды
қарауын реттейтін құқық нормалары әкімшілік
процессуалдық құқыққа жатады. Кеден
ісінің көптеген әкімшілік құқық
нормалары кеден органдарынан шығады. Бұл органдар басқа
мемлекеттік органдармен тек қана кедендік қызмет бойынша
байланысты. Кеден құқығы қылмыстық
процеспен тығыз байланысты, кеден органдары анықтау
органдарының қатарына жатқызылған. Кеден
құқығы мен қылмыстың
құқық кедендік қылмыстарды жасаумен байланысты
қоғамдық қатынастарын белгілейді: контрабанданың,
кедендік төлемдерден қашудың және т.б.
Кеден
органдары құқық қорғау функциясын
атқарады, сондықтан құқық
қорғау жүйесіне кіреді.
Құқық
қорғау қызметі кеден ісінің құрамды
бөлігі болып, барлық деңгейдегі кеден органдарымен
орындалады. Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің
мемлекеттік кірістер Комитеті (ҚР ҚМ МКК) кеден органдарының өз құзыры шегінде
Қазақстан Республикасының егемендігін және
экономикалық қауіпсіздігін қорғауында,
ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірін және
денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауында
қатысуын қамтамасыз етеді, кеден ісі саласындағы
құқық бұзушылықтармен күрес
жүргізеді, әкімшілік тексерулерді ҚР қылмыстық
процессуалдық заңнамасы қарастырған тәртіпте іске
асырады, кеден ісі саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылықтарды қарайды да
әкімшілік жазаларды белгілейді.
Кедендер
құқық қорғау органдары ретінде өз
аумағында кеден ісіне қатысты барлық мәселелерді
шешуде. Әдетте, кеден
құқық бұзушылықтары кеден ресімдеу мен
кеден бақылау барысында табылады. Ең алдымен олар кеден бекеттері
кездеседі.
Алдын ала
әкімшілік тексеруді жүргізу Қазақстан
Республикасының экономикалық мүдделерін
құқықтық қорғауының
маңызды құралы болып келеді.
Алдын ала
әкімшілік тексеру – қылмыстық-процессуалдық түрде, оған
өкілетті арнайы мемлекеттік органдармен және лауазымды
тұлғалармен өткізілетін алдын ала әкімшілік тексеру.
Алдын ала әкімшілік тексеру алдын ала тергеудің алдында
жүргізіледі, егер алдын ала әкімшілік тексеру, органы қылмыс
туралы мәліметті бірінші алса. Алдын ала әкімшілік тексеру кеден
органдардың құзырындағы қылмыстар бойынша
қылмыстық іс қорғалу үшін заңды себептер
мен жеткілікті негіздер керек.
Қылмыстық
іс қозғаудың себептері мен негіздері ҚР КПК 2
бөліміндегі 177 бабымен анықталған.
Контрабанданың
белгілері кеден бақылау немесе кедендік ресімдеу барысында табылады.
Лауазымды тұлға хаттама жасап, осы құқық
бұзушылықты “Әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы” Кодекстік нормаларымен не ҚР ҚК
бабымен сәйкес белгілейді
Кеден
қылмыстары ауыр қылмыстар категориясына жатады. Олар бойынша алдын
ала тергеу жүргізу міндетті, себебі өткізілетін алдын ала
тергеудің сипатын белгілейді.
Тексеруді
жасау үшін негіздер ҚР қылмыстық-процессуалдық
Кодексінің 220 бабымен белгіленген. Тергеу барысында үй-жайларды,
тауарларды, жеке заттарды, құжаттарды қорғау,
тексерудің қажеттілігі туралы. Тексеру, қарау
қылмыстың іздерін, заттық дәлелдемелерін табу
мақсатымен жүргізіледі. Кідіртуге болмайтын жағдайларда
оқиға болған жердің тексеруі іс қозғалмай
басталады. Жеке тінту және азаматты ұстаған кезде
алынған заттар тексеріліп, қаралады. Заттардың санасын,
зауыттың белгісін және басқа айыру белгілерін анықтау
үшін мамандар шақырылады.
Тінту
өткізу үшін үй-жайда не бір басқа жерде не бір
тұлғада заттар (тауарлар, көлік құралдары не
басқа заттар), құжаттар бар екендігіне жеткілікті негіздер
болуға тиісті.
Тінту тергеу
жүргізетін тұлғаның қаулысы бойынша,
прокурордың санкциясымен (рұқсатымен) жүргізіледі.
Айрықша, шұғыл жағдайларда прокурордың
рұқсатынсыз да жасалуы мүмкін, барлық 24 сағат
ішінде прокурорға хабарлауға тиісті.
Тінту
себептелген қаулы бойынша, прокурордың рұқсатымен
жасалады. Ең алдында тергеуші іздеудегі заттарды, құнды
заттарды, құжаттарды беруін ұсынады. Бермеген жағдайда
тінту нәтижесінде іске қатысы бар заттармен бірге, қатысы
жоқ, бірақ қолдануға тыйым салынған заттарда
алынады, мысалы: қару-жарақ, алтын, күміс, платина және
тыйындардағы, кесектердегі және өңделмеген
түрдегі металдар (егер тінтілетін тұлғаларда иелік
құқығына арнайы рұқсат жоқ болса).
Жеке тінту
тінтілетін тұлғамен жынысы бірдей, куәлар да сол жынысты болу
керек.
Жеке тінтуде
тінтілетін адамның киімі, аяқ киімі, үстіндегі киімі, денесі
тексеріледі. Жеке тінту барысында контрабандалық басқа да
заттық дәлелдерін табуға болады: құжаттарды,
тауар чектерін, соңынан келе жатқан жүктің
түбіртектерін, ішінде бірге қатысушылардың мекен-жайлары,
телефон нөмірлері жөніндегі жазбалары бар қойып
дәптерлерін. Егер іске қатысты заттардың, құжаттардың
жатқан орындары белгілі болса, олар алынады (ҚР ҚПК 178-180
баптары).
- Алдын ала
әкімшілік тергеу жасайтын орган ретінде кеденге қылмыс
жасаған адамды ұстау құқығы берілген. Ол
қылмыстық-процессуалдық лажсыз көндіру
(мәжбүр ету) шарасы: күдікті адамды қылмысқа
қатыстығын, оның кім екендігін, анықтауға, оны
қамауға алу не алмау мәселесін шешу үшін
қолданады. Күдікті адамды ұстаған жөнінде хаттама
жасалып, кеден мекемесінің бастығымен бекітіледі. Күдіктіні
ұстаған әр жағдайы жөнінде прокурорға 24
сағаттың ішінде жазбаша түрде хабарланады.
ҚР
ҚПК 180 бабына сәйкес күдікті адамды тергеуінің
хаттамасы жасалады. Онда тергеудің уақыты, орны тергеуді
өткізген тұлғаның аты-жөні, күдікті адам
туралы мәліметтер: туған жылы, азаматтығы, мекен-жайы,
отбасылық жағдайы және тағы да іс бойынша қосымша
мәліметтер болуы мүмкін. Шұғыл тергеу әрекеттеріне
куәлардан сұрақ алу, тергеу жатады. Куәлардан
сұрақ алу, тергеу ҚР ҚПК 31 тарауында
анықталған ережелері бойынша өткізіледі. Куәнің
әр тергеуі (сұрақ алуы туралы) хаттама жазылады: онда
куәнің аты-жөні, жасы, азаматтығы, ұлты, білімі,
жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы және оның айыпты және
жәбірленушіге қатысы көрсетіледі. Сонан соң хаттама
куәға оқу үшін беріліп, куә мен тергеуші
қолдарын қояды. Егер хаттама бірнеше бетте жазылса, куә
әр бетіне бөлеу қол қояды [3].
Кеден ісі
саласындағы қылмыстарды шартты түрде “кеден қылмыстары”
деп атайды.
Кеден
қылмыстары
– ол қылмыстық заңмен қарастырылған,
қылмыстық жазамен қорқытып, тыйым салынған кеден
ісі саласында жасалатын қоғамдық қауіпті,
құқыққа қарсы іс (әрекет немесе
әрекетсіздік). Олардың алдын ала әкімшілік тергеуі ҚР
кеден органдарының құзырына жатады да жауапкершілік
қылмыстық заңнамамен қарастырылады. Ондай
қылмыстар:
-
экономикалық контрабанда ҚР ҚК 234 бап;
- кеден
төлемдері мен алымдарды төлеуден жалтару ҚР ҚК 236 бап;
- айналыстан
алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы ҚР
ҚК 286 бап.
-
қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және
жарылғыш құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,
өткізу, сақтау, тасмалдау немесе алып жүру ҚР ҚК
287 бап .
Қазіргі
кезде кеден ісі саласындағы қылмыстар ҚР экономикалық
және саяси мүдделеріне елеулі залал шығын келтіретін
қылмыстар түрлерінің бірі болып саналады. Олардың
арасында ең қауіптісі – контрабанда.
Контрабанда
– кеден шекарасы арқылы тауарлар немесе басқа заттардың
заңсыз өткізуі, кеден бақылауды жанай өте жасырын
немесе кедендік теңестіру құралдарын не
құжаттарды жалған (өтірік) пайдалануымен немесе
тауарларды декларацияламай не тауарлардың толық тізімін бермей
өткізу. Контрабанданың 2 түрі бар: 1 түрі – еркін айналыстағы
кез келген тауарлар (өндірістік, азық-түлік, тұрмыс
қажеттілігіне белгіленген шаруашылық заттар, көлік
құралдары және т.б.) Контрабанда заттарының 2
түріне кіретін, еркін азаматтық айналыстан толық немесе
жартылай алынып тасталған тауарлар және басқа заттардың
толық тізімі берілген (есірткі заттар, адам психикасына қатты
әсер ететін заттар, улы, уландырғыш, радиоактивтік немесе
жарылғыш заттар, қару-жарақ, жарылғыш құрылғылар,
жаппай жою, құрту қаруын жасағанда пайдалануы
мүмкін болатын материалдар мен жабдықтар, стратегиялық
маңызды шикізат тауарлары, мәдени құндылықтар). Контрабанданың
объективтік жағы: ҚР кеден шекарасынан оның өткізуі, яғни
оның аумағына тауарлар немесе басқа заттарды кез келген
тәсілмен әкелу, халықаралық пошта жіберулермен
жөнелту, құбырлы көлік пен электр желістерін пайдалану.
Көбінесе контрабанда белсенді әрекеттер түрінде жасалады,
бірақ кейде ол қылмыстық әрекетсіздік жолымен де болуы
мүмкін. Ондай жағдайлар бірнеше қатысушылар болғанда
мүмкін. Қылмыс жасалды деп контрабанда тауарлары не заттары
ҚР кеден шекарасынан өтіп, оның кеден аумағына
әкелінсе немесе оның аумағынан басқа мемлекеттің
аумағына әкетілсе (шығарылса). Кеден органдары кеден ісі
саласындағы контрабанда және де басқа қылмыстармен
күрес жүргізіп, елдің мемлекеттік қауіпсіздігін, адам
өмірі мен денсаулығын, қазақстандық
тұтынушылардың мүдделерін қорғайды. Олардың
құзырына жататын қылмыстарды тауып, тергеу барысында ҚР
қылмыстық және процессуалдық нормаларын
басшылыққа алады [4].
Кеден ісі
саласындағы тағы да бір таралған қылмыс: кеден төлемдерін
төлеуінен қашу. Ең таралғандары: тауардың кеден
құнын түсіру, төмендету, тауарды СЭҚ ТН
басқа кодымен жіберу (тарифтің ең аз мөлшері не
жеңілдіктері болса), тариф және кеден жеңілдіктерінің
негізсіз пайдалануы. Барлық бұл түрлер
құжаттардың жалған болуымен немесе лауазымды
тұлғаларды пара беріп сатып алуымен не олардың
салақтығымен байланысты.
Кеден
төлемдерінен қашу көлегей, қалтарыс
әрекетінің көлемін көрсету үшін мына мысалды
айтуға болады: ҚР аумағына Бельгиядан 20 млн. доллар сомасына
кілемдер әкелінді, бірақ Бельгияның Сауда -
өнеркәсіп палатасының және кеден органдарының
мәліметтері бойынша кілемдер 70 млн. доллар сомасына шығарылды
(әкетілді), сонымен басқа кілемдер өз атауларымен емес
(СЭҚ ТН басқа кодтары бойынша, кеден төлемдерінің аз
мөлшерімен, немесе мүлдем ресімделген жоқ [5].
Кеден
органдары жұмысының маңызды саласы болып экономикалық
қылмыстар мен әкімшілік құқық
бұзушылықпен күрес, тауарлар мен көлік
құралдардың, есірткі заттардың,
қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, республика
үшін мәдени және тарихи құндылығы бар
заттардың контрабандасын контрабандасын бұлтартпау.
Соңғы жылдарда жеке құраммен, кадр жұмысын
жаңа деңгейге көтеруіне, қызметкерлерде жүктелген
іс үшін жауапкершілігін және отаншылдық сезімін
тәрбиелеуге мүмкіндік беретін ведомостволық нормативтік
актілер қабылданды. Кадрлар құрамының сапасы
жақсарып, жоғары экономикалық, заң және арнайы
кеден білімі бар мамандардың саны көбейді, олардың
үлесі қызметкерлердің жалпы санына 50% құрайды.
Осыған қатысты, кеден органдарына жоғары білімді мамандарды
тарту бойынша жұмыс әрі қарай жалғаса береді.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Президентінің
Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан 2050»
Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты 14 желтоқсан 2012ж.//www. akorda.kz
2.
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ, 2015 www.inform.kz
3. ҚР
Қылмыстық-процестік кодексі 4.07.2014ж.
4.Кеден құқығы Байкенжина К.А.,
Сыздыкова С.А. 2015ж
5. www.customs.kz