Әбжан Гүлмарт Мәдіханқызы
Абай атындағы
ҚАЗ ҰПУ-дің «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы
ӨЗІН-ӨЗІ
ТАНУ – ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУЫНЫҢ ШАРТЫ
Өзін - өзі тану дегеніміз -
тұлғаның өзін - өзі дамыту мен өзін -
өзі жүзеге асыру мақсатында өзі туралы нақты
білім алуға бағытталған шығармашылық іс -
әрекеті. Өзін - өзі тану - жастарға қоршаған
ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын
саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің
көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық
ұстанымда жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын
анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз
өзін - өзі тану өзін дамытудың жеке
тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің
өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін
ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам адам, адам
қоғам, адам техника, адам табиғат жүйесіне терең
білім қалыптастыруы. Өзін өзі тану нәтижесінде адам
өзінің дербес өсу және өзін - өзі жетілу қабілетіне
ие болады. Сөйтіп адам толысуын өмір рахаты мен оның
мәнін жете түсінеді. Ал,
С.Алпысқызы «Өмір әдебі» атты кітабында былай деген – «Бір
минутқа да күмәнданбаймын: осы болмыстың мәңгілік сұрақтарына (Мен
кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? Қазіргі сәтте
қалайша толық өмір сүре аламын? Өзімнің
ішкі «Менімді» қалай тани аламын?) жауап беру үшін
жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту
керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет[1].
Психологияда мазмұны бойынша өзін-өзі таныту
ұғымына жақын бірнеше термин қолданылады, олар
өзін-өзі таныту ұғымын толықтырып, оның
мәнісін түсінуге көмектеседі. Кей кездері таныту
мағынасы бойынша жақын осы ұғымдардің
көмегімен түсіндіріледі. Олардың арасынан «өзін -
өзі жүзеге асыру», «трансценденция», «өзін - өзі
бекіту», «өзін - өзі көрсету», «өзін-өзі
жетілдіру» секілділерін бөліп көрсетуге болады. Өзін -
өзі жүзеге асыру - бұл тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, өзіндік
басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің
әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған,
өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік
тәжірибе субъектісі ретінде
өзін-өзі бекіту бойынша дербес, саналанған, арнайы
ұйымдастырылған іс-әрекеті. Осы процестің психологиялық механизмдері ретінде мыналарды бөліп
көрсетуге болады:
1. тұлғаның арнайы түрде
ұйымдастырылған өзін-өзі зерттеуі (өзін-өзі
тану);
2. адамның өз қасиеттері,
қабілеттері, әлеуметтік құндылықтары
жөніндегі түсініктердің қалыптасуы
(өзін-өзі анықтау);
3. өзіне бағытталған сыртқы
талаптарды мақсатты түрде зерттеу, солармен өз
әлеуметтік кемелдігін салыстыру, яғни өзінің
әлеуметтік талаптарға сай болута дайындығын анықтау
(өзін-өзі саналау);
4. өзін - өзі тәрбиелеу міндеттерін
бөліп алу, қоғамдық пайдалы іс-әрекет барысында
өз жеке басы бойынша тәрбиелеу жұмысын жоспарлау,
өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау,
өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бағалау
түрлерін анықтау (өзін - өзі дамыту).
Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен
жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер
ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші
рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп
келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген
өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын
анықтайды. Осылайша бұл шын мәнісінде, өзін-өзі
дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады.
Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемісті ағаштың
өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура
мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі.
Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар
себеді, артық бұтақтарын кеседі,
яғни оның өзіндік дамуына мүмкіндік беретін
қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, ынталандырады. Ал
өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.
Өзін - өзі реттеу немесе басқару адамның
өзінің оң қасиеттерін жетілдіру және теріс
қасиеттерін жою жөніндегі саналы және мақсатты
іс-әрекеті. Өзін - өзі реттеудің басты шарты —
өзі туралы шын білімнің, дұрыс өзін - өзі
бағалаудың, өзін - өзі түсінудің,
анық ұғынатын мақсаттардың,
мұраттардың, тұлғалық мән
мағыналардың болуы.
Әлеуметтік өмір салты жағдайларында жетекші
құндылық болып адамның тұлғасы табылады.
Дәл сондықтан адам потенциалын пайдалану мәселесі адам
прогресінің, тұлғаның және жалпы алғанда
қоғам дамуының факторларының бірі болып табылады.
Мейлінше көбірек жүзеге асырылуға және
қоғамға пайда келтіруге қабілетті дербес, белсенді,
мақсатты, творчестволық адамдар қажет. В.Ф. Сафиннің
пікірінше, бұл жағдайда субъектінің өз - өзіне
қатысты творчестволық
бастауы айтарлықтай маңызға ие болады.
Л.А. Коростылёва, осы ұғымдардің бірлігін баса
көрсете отырып, танытуды (өзін-өзі жүзеге асыруды)
өзін - өзі жетілдіру арқылы анықтайды. Ол былай деп
жазады: «өзін-өзі жүзеге асыру – бұл бір
өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, яғни тұлғаның
… өз мүмкіндіктерінің үнемі өсуіне, осының
негізінде жоғары жалпы адамзаттық құндылықтар
жатқан өз іс-әрекетінің сапасын арттыруға
бағытталған ең жоғарғы
қажеттіліктерінің бірі » [2, 38 б].
К. Маркс адам жағдайдың пассивті жемісі емес, ол
қоршаған ортасын, жағдайларды және езін белсенді
түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Демократиялық
педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоцций, Я. А. Коменский, К. Д.
Ушинский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның
өзінің белсенділігіне,оның
шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен
мән берген. Белсенділік адамның табиғи
қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті
іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі
оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани,
жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Адамның белсенділігінің
жануарлардан айырмашылығы оның қажеттіліктері сәби
жасынан бастап-ақ қоғамдык қажеттіліктермен
реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның іс-әрекеті)
оның себеп-салдарымен, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя
білуімен,
оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен
байланысты. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі
жүзеге асыру идеясы адам туралы көптеген тұжырымдамалар өте маңызды болып табылады.
Отандық психологияда К.А.
Абульханова - Славская акцент жасауда, ол өзін-өзі таныту тек
қана тұлғада тұрақты Мен-тұжырымдамасы,
Мен-бейнесі қалыптасқан кезде, тұлға өзінің
қабілеттері мен мүмкіндіктерін толығымен
ұғынған және түсінгенде ғана жүзеге
асырылады деп есептейді. Ішкі дүние сезімін және дүниені
қабылдауды негізге ала отырып, тұлғаның сыртқы
танытуы (өзін-өзі жүзеге асыруы) немесе өзін-өзі
көрсетуі де ықтимал. Алайда өзін-өзі көрсету,
ішкі тұлғалық алғышарттарға ие болмай,
танытудың сыртқы атрибуты ретінде көрініс табуы мүмкін
[3].
А.А. Реанның пікірінше, өзін-өзі дамыту мен
өзін-өзі жүзеге асыруға деген көкейтесті
қажеттілік кемелденген тұлғаның негіз қалаушы
қасиеті, адамның ұзақ жыл жасауының, оның
ішінде кәсіптік ұзақ жұмыс істеуінің қайнар
көзі, - деп атап өтеді.
Қазіргі
ғылыми көзқарас бойынша жеке тұлғалық
тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде
деқарастырылады.Оның объект болу себебі, оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге,
әсіресе, тәрбие мақсатты әсерлерге тәуелді.
Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз,
сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму
ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы
өзін-өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады,
сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі
тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субъект
қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір
қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше
жұмысы).
В. С. Кукушкин қасиеттерді емес тұлғада
жүретін үрдісті көрсетудің, маңызды деген пікірге
қосылсақ, тұлғада жүретін: өзін-өзі тану;
өзін-өзі көрсету; өзіне-өзі сену;
өзін-өзі анықтау; өзін-өзі іске асыру;
өзін-өзі реттеу және
т.с.с. үрдістердің мәні мен маңызы зор,-деп атап
өтеді [4]. Бұл
мәліметтер, біздің ойымызша, одан әрі зерттеуді және
дәлдеп тексеруді қажет етеді.
Л.А.
Коростылева өзін - өзі таныту ұғымын өзін -
өзі жүзеге асырудың жоғарғы деңгейі ретінде
суреттейді. Оның пікірінше, «ең толық өзін - өзі
жүзеге асыру мән - өмірлік және
құндылық бағыттарын жүзеге асырудан тұрады,
яғни мәндік, аутентикалық өзін - өзі жүзеге
асыру – танытуға деген қажеттіліктерді өзінің
қабілеттері мен дарындарын жүзеге асыруға ұмтылу
ретінде жүзеге асыру орын алады. Мұндай өзін - өзі
жүзеге асыруды өзін-өзі беру, өзін - өзі іске
асыру деп атайды.
Өзін-өзі
танудың бір тармағы – жеке тұлғаның
өздігінен дамуын тану, өзі туралы білім алуға
бағытталған шығармашылық іс- әрекетін тану, сол
тану нәтижесінде жан-жақты жетілген, өзін үнемі
дамытатын креативті, шығармашыл жеке тұлға болып
қалыптасу. Міне, осы тұрғыда қоғамға
жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты
шығармашылықпен істей білетін жақсы адам қажет.
Қорыта айтқанда,
жалпы адамзаттық, рухани-адамгершіліктік өмір
құндылықтарының мәнін түсінетін,
айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната
алатын, ұжымда, топта еңбектене білетін, жан-жақты
дамыған тұлғаны қалыптастыру, оны болашақта
қоғамнан өз орынын таба білуіне ықпал жасау
баршамызға ортақ міндет.
Әдебиеттер:
1.НазарбаеваС.А.Өмірәдебі.Алматы.2001.–96б.
2.Коростылева
Л.А. Психология самореализации личности: затруднения в профессиональной сфере.
— СПб.: Изд-во «Речь», 2005. – 222 3. Абульханова-Славская К.А. Стратегия
жизни. — М., 1991. – 2
4.
Қазақстан мұғалімі .2000, №2