АРТТЕРАПИЯ
– ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ
Искакова Д.А Райкулова А.Ө
Тараз, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік унтверситеті
Алғаш арттерапияны оқу,
талдау, қолдану ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Принцхорнның, Германия, Австрия,
Щвейцария, Жапония ауруханаларында жан ауруына ұшырағандардың
творчестволық жұмыстарына
анализ жасауға негiзделген
фундаментальды жұмыстарынан басталады (Prinzhorn, H.,1922). Кейiн келе
Крепелин, Блейлер, Бумке, Кречмер сияқты атақты психиатрлар
психикалық ауруға ұшырағандардың
творчестволық еңбектеріне талдау жасай бастады. 1926 жылы Ресейде
осы тақырыпқа орай Карповтың кiтабы, алғаш монографиясы
шықты, ол “Жан ауруына ұшырағандардың
шығармашылықтары және оның ғылым мен техника
дамуына тигiзер әсерi”- деп аталды.
Карпов сурет салудың емдiк әсерi бар екендiгiн
көргендердiң алғашқыларының бiрi болды.
Бейнелеу
өнерiнiң көмегiмен терапия жүргізудің
теоритикалық негiзi – Зигмунд Фрейдтiң психоаналитикалық
көзқарасынан шығады, бiрақ Фрейдтің өзi
арттерапияның психотерапиялық мүмкіндіктеріне
қызығып, айналыспаған; Юнгтың аналитикалық
психологиясынан, ол өзiнiң
суреттерiн жеке және
әмбебап символдардың
идеясын нақтылауға қолданған. Сонымен қатар, Наумбургтың
терапиялық көмек көрсетуде өзiн-өзi
графикалық бейнелеудiң
динамикалық теориясынан, оны
АҚШ-та арттерапияның пионерi деп санайды. Кейiн келе
арттерапияның дамуына гуманистiк бағыттағы
психотерапевтердiң үлестерi де тидi.
“Арттерапия”– терминi (art
– өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған
елдерде кеңiнен тараған.
Арттерапия – ауру адамның
психоэмоциональды халiне творчество арқылы ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi./ 11 /.
Арттерапия өнерге
негiзделген, бiрiншi орында творчество мен өзiндiк өнерiн
көрсететiн психотерапияның мамандандырылған бөлiмi, формасы.
Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда
туберкулез ауруына шалдыққандардың
көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады.
Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық
терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия,
бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ
көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең
әрi нақты емес деп санайды.
Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездерде
“Изотерапия” және “Сурет терапиясы” терминi қолданылады,
бiрақ олар, ағылшын тiлдi
аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын
тарылтады. Тарихқа сүйенсек арттерапевт мамандар психиатрлар мен психотерапевттердiң
көмекшiсi болған, оларға пациенттiң диагнозын
анықтауға немесе ем жүргiзуге, олардың суреттерiне
қарап, әдiс таңдауға көмектескен. Бiртiндеп
арттерапевттер ешкiмге тәуелсiз маман статусын иемденген. 1969 жылы
арттерапевт-практиктердi бiрiктiрген американдық арттерапиялық
ассоциация құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейiннен Англия,
Голландия, Жапония және Ресейде құрылған. Онда
арттерапевттер қазiргi уақыттағы психотерапияның
процестерi мен жекелiктерiн зерттеуге өз үлестерiн қосуда.
Қазiргi уақытта психотерапияда осындай күштi эмоциональды
фактор, яғни өнер мен творчествоны қолдану қажеттiлiгi
көрiнiп отыр. “Арттерапия - бiздiң ғасырымыздың
жемiсi”, – деген тұжырымдар өте дұрыс қабылданған
қорытынды.
Арттерапияны
жүргізу барысында клиенттерге
бейнелеу өнерi мен шығармашылық сипатынан әр
түрлi жұмыстар (сурет, графика, кескiндеме, сәулет
өнерi, мүсiн, дизаин, әрлендiру, пластика, ойма,
күйдiрме, бедер салу, батин, гоболен, әшекей т.б.) ұсынылады.
Бұлар бiрiншi жағынан психотерапевтпен қарым-қатынас жасау белсендiлiгiн және топта
өзiнiң уайым-қайғысын толық әрi нақты
бейнелеуiн, проблема, iшкi қайшылықтарын шығаруын
көрсетедi. Ал, екiншi жағынан, өзiн творчестволық
адам ретiнде бейнелейдi. Дәл
қазiргi уақытта арттерапияға – видео-арт, инсталяция, перформанс,
компьютерлiк творчество деген творчествоның түрлерi
қосылған. Мұндағы қарым-қатынаста визуальды
канал негiзгi роль атқарады.
Арттерапия фактiлi
материалдардың жеткiлiктiлiгiне
қарамастан, теориялық жағынан эмпирикалық
қорытындылау сатысында тұр. Арттерапияның емдiк қасиетi
туралы жалпы қабылдаған теория әлi жоқ. Ол
арттерапияға қатысты көпфакторлы қиындықтар мен
оны салыстырмалы түрде ғылыми тұрғыда зерттеудiң
аз уақыттылығына және
алғышарттарына байланысты.
Кратохвил арттерапияны – сублимационды, проективтi және әрекетшiл деп бөледi.
Ал Дельфина – Бейли
арттерапияны қолдануда 4 негiзi бағытты бөлiп
көрсетедi.
1.
Пассивтi
(енжар) арттерапия. Дайын өнер туындыларын пациентпен анализ және интерпретация жасау арқылы
емдiк әсерге қолдану.
2.
Актив
(белсендi) арттерапия. Пациентте өзiндiк шығармашылығын ояту,
мұнда шығармашылықтық акт негiзi емдiк фактор болып
саналады.
3.
Бiрiншi
және екiншi қағидаларды бiр мезгiлде қолдану.
4.
Психотерапевттiң
өзiндiк ролiн, оның пациентпен шығармашылық
жұмысын оқудағы қарым-қатынасын акценттеуi.
Арттерапия әдiсi – адамның iшкi
өзiндiк “Менiн” сурет салуда, өлең
жазғанда, скульптура жасағанда, ойланбай iстесе де көрсетiп
отырады деп сенiмдi тұжырымдайды.
Әлемдiк әдебиеттерде
арттерапияның емдiк әсерiне
әртүрлi көзқарастар бар. Олар, креативтi,
сублимативтi, проективтi және
арттерапиямен босболмаушылық ретiнде (арттерапия как
занятость).
Креативтi көрiнiс
жағынан психикаға арттерапияның адаптациялық әсерiн
шығармашылықпен байланыстырып, түсiнуге болады. Бiрiншi
орында терапиялық әсерi бар адамның
өнерге деген сенiмi
қойылады және өзiндiк
терапиялық әсердi иемденген латенттi
творчестволық күштiң мобилизациясы.
Бұл көрiнiстердiң
теориялық негiзi – адамда алғаш
кезден-ақ оның мiнез-құлқын
анықтайтын рухани және альтруистiк қажеттiлiк
болады деп жеке адамды психологиялық құрылым ретiнде
қарастырған гуманистiк бағыт болып
саналады.
Арттерапияның мақсаты барлық
адамды суретшi немесе мүсiншiге
айналдыру емес, оның мақсаты индивидтiң
творчестволық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, ішкі көңіл-күйлерін ашып көрсетуге
белсендiлiгiн арттыру.
Терапиядағы табандылық клиенттің өз қабiлеттiлiгiне
сай жеке творчестволық белсендiлiгiн
арттыруына көмектеседi, өзiнiң
бiр туынды жасап шығаруына бағыт-бағдар
бередi.
Маслоудың
пiкiрiнше – адамның iс-әрекеттерiнiң қайнар көзi,
денi сау адамдарға ғана тән өзiн-өзi бейнелеуге
талпынушылық болып табылады. Неврозды адамдарда бұл
қажеттiлiк бұзылады немесе мүлдем
жойылады. Ал оны қалпына келтiрудiң бiрден-бiр жолы өнер
болып табылады. өзiн - өзi актуализациялаудың жетекшi
қабiлеттерiн айта келе, Маслоу, сұлулық пен экстазаны
уайымдаудың ең жоғарғы сәтi болатынын
көрсеттi. Психотерапевтiң
мақсаты – адамдарға осы сәттi сезiнуге көмектесу,
олардың пайда болуына жағдай жасау, сонымен қатар өзiндiк
“Менiн” танытуға және шаршау, тұнжырауларынан босануға
көмектесу. Адамның өзiндiк творчестволық
қабiлеттерiн сыртқа шығармай ұстап қалуы,
невроздың пайда болуына әкелiп соғады. Ал
психотерапияның мәнi – одан босату болып табылады./ 14 /.
Жоғарыда
айтылған көзқарастар бойынша шығармашылық тек
әсер етушi процесс болып қаралмайды, олар оның
эстетикалық жағын бөлiп көрсетедi. Өнердiң
интегралдау ролiнiң қорытындысы творчестволық процесс
неврозға әкелетiн қысымды төмендетедi және iшкi
қайшылықтарды объективтендiретiнiнен көрiнедi.
Анастази, Фоли, Конова
өнердiң интегративтi – креативтi мүмкiндiктерiн
психологиялық бейберекеттiк дезинтеграцияға күрес
жүргiзу мүмкiндiгi ретiнде қолданады.
Арттерапияның
емдiк әсерiнiң басқа механизмi – сублимация және жауап
берушiлiк болып табылады. Адамның инстинктi импульсi визуальды
көркемөнер - образды бейнелеулерге ауысқанда,
көркемөнер сублимациясы пайда болады. Бұл концепцияның
өкiлдерiнiң пайымдауынша, шығармашылық
сублимацияның бiр формасы ретiнде үғынуға,
көрсетуге, шығармашылық арқылы айтып беруге және
инстинктi импульстерi арқылы жауап беруге (сексуальды, агрессивтi) және эмоциялық жағдайын
бейнелеуге (депрессия, уайым-қайғы, қорқыныш сезiмi,
қанағаттанбаушылық, ашу-ыза, тұнжыраушылық, т.б.)
көмек бередi. Әлеуметтiк ортадағы iс-әрекеттерде
жоғарыда айтылған сезiмдердiң көрiнiп қалуы
мүмкiн деген уайымдардың қауiптiлiгiн төмендетедi.
Творчество
арқылы адамның өзiн – өзi максимальды түрде
көрсетуi, әңгiме немесе хат жүзiндегi тексеруге
қарағанда өзiн анық бейнелеуге және
психотерапевтке өзiн санасыз түрде ашып беруге көп
ықпалын тигiзедi.
Арттерапиямен бос болмаушылық (занятость
арттерапией) творчествода сауықтырушы процесс ретiнде әсер етедi.
Творчествоны қарапайым нұсқау түрiнде қарастырсақ, ол клиентті жанға
батарлық уайым-қайғыларынан арылтады және алдандырады.
Арттерапиямен бос болмаушылықта топтық характерге маңызды
мән берiледi. Мұнда клиенттер топтағы өз орнын
бағалап, өзiнiң алатын ролiн мойындап, творчестволық
қабiлетiн және өзiн айқын бейнелеудегi мiндеттiлiгiн
түсiнедi. Сонымен қатар арттерапия -
босболмаушылықтың эмоциональды әрi қызықты
формасы болып табылады және ол клиенттердің бiр-бiрiмен
қарым-қатынасқа түсуiне қосымша мүмкiндiк
бередi. Бiрлесе жүргiзген творчестволық iс-әрекет клиентке
өзге адамдардың жан – дүниесiн түсiне бiлуге
көмектеседi, ал ол әлеуметке бейiмделушiлiктiң қиын
жақтарын жеңiлдетедi.
Арттерапиямен кімдер
айналысады?
Арттерапиямен психологиялық
қиындықтарды (музыка, живопись, сурет салу, жабыстыру, театрлық
драма) творчествоның көптеген түрлерімен жеңілдете,
шеше білетін адамдар айналысады.
Арттерапевт
қалай жұмыс жүргізеді?
· Арттерапевт топпен болсын немесе жеке дара болсын жұмыс
жүргізгенде өзін-өзі силау, өзін-өзі түсіну
сезімдерінің даму деңгейін зерттеу мақсатында ешқандай
зиянсыз және мәжбүрлеусіз жағдай туғызады.
· Білім-дағдылары мен танымдық процестерді дамыту
мақсатында сабақтар, жаттығулар ұйымдастырады.
· Өзіндік құндылықтарын сезіну үшін,
қарым-қатынасқа түсіп әлеуметтендіру
мақсатында өзін-өзі көрсете білуге жағдай
жасайды.
· Ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтарды
жеңу үшін, өзіне немесе өзге адамдарға деген
қатынасын өзгерту мақсатында ішкі творчестволық
қабілеттіліктеріне үңілуге мүмкіндік береді.
· Жеке творчестволық диапазонын кеңейтуге септігін тигізетін,
өзін-өзі зерттеу мен өзін-өзі танып-білуге жағдай
жасайды.
Арттерапияны психомоторлы
қозу мен агрессивтi тенденцияларды басу жолында қолданады: ол
адамды алдандыру функциясымен босболмаушылық; контактiге түсудi
жеңiлдету мен жасырын уайымдарын шығару; босаңсуға
көмектеседі. Босаңсу творчестволық белсендiлiк кезiнде
әртүрлi қысымдарды төмендетуге жүмсалған
энергияны шығарғаннан кейiн көрiнедi.
Жалпы алғанда,
арттерапияның алдына қойған мақсаты бiреу ғана, ол –жеке
тұлғаның гармониялық дамуы, әлеуметке
адаптациялануының кеңеюiне мүмкiндiктерiн жоғарылату.
Яғни, бұның барлығын творчестволық
іс-әрекет арқылы жүзеге асыру болып табылады. Сонымен
қатар микро және макроорталарда қоғамдық
әрi мәдени iс-шараларға белсендi қатысуларын
кеңейту. Арттерапияның әрбiр нұсқаулары жеке
тұлғаның өз шынайы келбетiн ашып көре алуына,
өзiн тани бiлуiне, iшкi “Менiн” айқын көруiне
мүмкiндiктер бередi. Сонымен қатар, олар өзiнiң жекелiк
дамуында жоғарғы жетістікке жетуiне жол табады.
Арттерапияның төмендегідей функциялары
келесі нәтижелерге қол жеткiзедi:
1.
Арттерапияның
катарсистi функциясы (негативтi
әсер етуші хал-жағдайлардан босату және тазартушы ).
2.
Арттерапияның
реттеуші функциясы (жүйке
жүйесін босаңсыту және жеңілдету, психикалық
қысымдарды төмендету, психосоматикалық процестердi реттеу,
позитивтi хал-ахуалдарды модельдеуге көмек көрсетедi).
3.
Арттерапияның
коммуникативтi - рефлекстi функциясы
(қарым-қатынасқа түсудiң бұзылысын
коррекциялау, өзiн-өзi бағалауын қалыпқа келтiру
).
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Байғазиева
Г. “Жаңа Педтехнология”. // Қазақстан мектебі. № 8. 2005 ж.
53-54 б.
2.
Бұзаубақова К. “Жаңа
педагогикалық технологиялар”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2005
ж. 5-8 б.
3.
Немов
Р.С. Психология. Т. 2 – М.: Владос, 2000
4. Копытин А.И. Арт-терапия на русском языке. Питер, 1994.
5. Арттерапия – это творчество под наблюдением психолога. http: // bd.ru