Бекбаев Д., Байырбеков А.
Қазақтың спорт және
туризм академиясы
WTF ТЭКВОНДОНЫҢ АЯҚ СОҚҚЫЛАРЫНЫҢ ТЕХНИКАСЫ
Тэквондо шығыс жекпе-жегіне жататын ұрыстық спорттың бір түрі. Кәріс халқының
ұлттық әскери спорты ретінде мәлім. Қазақстанға
тэквондоны әкелген Мұстафа
Қабылұлы Өзтүрік осы өнердің дамуына
барынша күшін салды. Ол 1992 жылы республикалық федерация құрды.
Оның президенті болып, белгілі суретші, тэквондодан
(WТF) қара белбеу 5-ші дан иегері Бексейіт Түлкиев сайланды. Тэквондо 2000 жылдан бастап олимпиадалық спорт түрі болып саналады.
Тэквондо бір жағынан ежелгі спорттың түрі, екінші
жағынан заманауи жекпе-жек жүйесі болып табылады. Тэквондо ежелгі
кәріс қағидаларына, ежелгі күрес түрлеріне
сүйенеді. Бірақ, қазіргі таңда таралған
Тэквондоның қалпы 20-ыншы ғасырда пайда болған. Тэквондода
көбінесе 95 %-і аяқпен, ал 5 %-і қолмен жұмыс істейді,
мақсаты жарыс ережесіне сай келетін әдістерді пайдалана отырып
жеңіске жету. Кез келген аяқпен жасалған соққы –
күрделі қозғалыс, ол бүкіл дененің ілгерілмелі
ауыспалылығынан құралатын бөлшегі.
Қозғалыстан бастап,
кіндіктен аяққа дейінгі, түрлі буындарға
және бүкіл денеге тұтастай әсер етуші күш. Соққы
тиімділігінің құрылымы мынадай: дене буындарынан
басталған қозғалыс пен күш арқылы
тобыққа, сираққа және мықынға
беріледі, мықыннан
сираққа аяқ соққысы беріледі. Аяқ
арқылы жасалған соққының жүйесі
көптеген факторлардан құралады: жылдамдық, сонымен
қатар байланысқа түсу арқылы мақсат қоя
отырып тобыққа жетеді, әрекетке қатысатын бұлшық ет соққысы,
күш мықын арқылы беріліп, дененің тұрақты
қалпын сақтайды. Қолдың соққылары секілді
аяқ соққысының да бөлшекті техникасы бар. Техника
негізінен ең басты - буын әрекеті ең маңызды және
шешуші бөлігі болып табылады. Аяқ соққылары техникасының басты негізі - аяқ
серпінділігінің қозғалысы болып табылады. Аяқ
соққысы техникасын байқау үдерісінде ерекше атап
айтарлық, толықтай аяқталған кезеңдер
жүйесі бар, оларға нақты қимыл дағдысының
кезеңдеріне сәйкестендіреді: 1. Қимылдатқыш
әрекеттің бастапқы кезеңі (жалпы формадағы
аяқ соққыларының техникасын орындай білу кезеңі
). 2. Кеңейтілген әрекет кезеңі (бұл кезеңде
қимылдатқышты нақтылайды, ол аздап дағдыға
ауысады ) 3.Бекіту және жетілдіру кезеңі (беріктік және
вариативті дағдының қалыптасуы) Көптеген
әдіскерлер аяқ техникасын үйрену үдерісінде
көбіне бірінші және екінші кезеңдерді пайдалануға
кеңес береді. Ал үшінші кезеңде сақтықпен
қолданған жөн. Бұл көбінесеспортшының жеке
дайындалуына байланысты түсіндіріледі [1]. Өте тұрақты және қуатты
қозғалыстың классикалық орындауға қол
жеткізу, айналысушы өзіндік вариативті даралығын техникалық
қарым-қатынаста айқындайды, аяқ
соққысының техникасын өзгерту, сондай-ақ
ұрыс шарттары мен мақсаттарын өзгерту айналысушының
шеберлігіне байланысты. Аяқ
соққыларының жетік техникасы - шабуылшы әрекеттер,
аяқ қозғалысының төл мақамы, орын алмастыру және көптеген
іс-әрекеттер. Мысалы: секіруде
және түрлі әрекет барысында спортшыға өз дайындығының шеберлігін
танытуға (жылдамдылық, қозғалыстың
үйлесімділігі және т.б) мүмкіндік береді. Аяқ
соққыларының қозғалысы ерекше. Оның бірнеше
түрлері бар: батыл соққы, итергіш соққы,
түйнеуші соққы, сырғып барып соққы жасау,
секіру кезіндегі соққы [2]. Ұрыс кезіндегі биіктіктің
орналасу деңгейіне қарай аяқ соққыларды екіге
бөледі: жоғары және орта. Соққы
кезіндегі ең азы буын арқылы жұмыс жасау. Дене салмағы
негізгі техникаға қарай барлық соққыларды
аяққа өткізу үшін оның қарсыласының
денесіне жетіп, кейін қайта орнына шапшаңдықпен
бастапқы орнына келуі керек.
Аяқ шапшаңдылығы тиянақтылықты
қамтамасыз етуге тиіс. Соққы алдында спортшы қарсыласының орналасу орнына
қарай бағыт - бағдар алу керек. Соққы кезінде тобық нық тұруы
керек. Соққы беру кезінде еден тіреп тұрған
өкшені көтеруге болмайды. Аяқ соққысында
тиянақтылықты қалыптастыру үшін тізе бүгіңкі болуы шарт. Максимальды
тиімді және күшті соққыны қажетіне қарай
ұстап тұру үшін адам анатомиясы мен физика
заңдылығына негізделген
принциптері бар. Шұғылданушы қай соққыны
орындасада осы принциптерге негізделіп, әрдайым белгілі бір техниканы
сақтап тұруы тиіс [3]. Егер аяқпен жоғары қарай
көтеріп соққы жасау керек болса, онда ең бірінші тізені
максимальды жоғары көтеру керек. Бұл кезде
соққыны бір ырғақпен орындауға болады. Аяқты барынша жазған кезде
барынша күшті қолдану керек, соққы жасау кезде тізені
және аяқты жоғары көтеру керек, соққы
жасайтын аяқ пен дене түзу сызық бойындағы
қалыпта болу керек, бұл кезде мықын мен аяққа аса
көңіл бөлу керек. Тізені максимальды жоғары көтеріп
соққы жасаудың артықшылығы мынада: 1. Соққы
күші үдейе түседі.Соққы жасаған кезде
аяқты толығымен жазған кезде соққы күші
үлкен күш алады, соққы шапшаң орындалады; 2. Қарсыластың
қарсы әрекет етуге уақыты аз болады. Өйткені тізені
жоғары көтерген кезде, әртүрлі бағытқа
соққы жасауға болады. Нәтижесінде қарсылас
қай жақтан соққы соққы келетінін білмей,
шұғыл түрде шешім қабылдай алмай қалады. 3. Бұл
қалыптағы соққыға тойтарыс беру
қиынға соғады. Өйткені қарсыласқа
жақын арақашықтықта тізені жоғары көтеріп
соққы жасаса, оған қарсы тиімді тойтарыс бере алмайды.
Ол кезде алдын ала қай жақтан соққы жасайтынын болжай
алмай қалады және оған қарсы тиісті тойтарысты
шұғыл түрде шешім жасай алмайды. Соққы жасау
негізінде дене қалпы аяқ пен мықын түзу бір
сызықтың бойында тұруы тиіс: 1. Күш пен
шапшаңдық - күшті әрі қатты
соққының аса маңызды сапалары болып табылады. Алайда,
егер соққы жасағанда тек аяқ бұлшық еттері
ғана қолданылса, онда күш пен шапшаңдық тек
олардың әрекетімен ғана анықталады. Ал егерде
аяқты мықын арқылы алға қарай лақтырылса,
онда соққы бүкіл денемен беріледі. Мықынды
қолданған кезде аяқ қозғалысының
жылдамдығы артады және
соққыда күшті болады. Неғұрлым
шапшаң соққы берсе, соғұрлым соққы
күші артады және ұтымды соққы болады. 2. Соққы
жасаудың алдында және соққы жасау кезінде денемен
немесе көзбен қай жақтан соққы жасау керек екенін
қарсыласқа білдіртіп қоймау керек. Бұның
мәнісі қарсылас көзге қарап немесе дене тұрысына
қарап қай сәтте соққы жасайтынын біліп
қояды, сол себепті қарсылас алдын ала біліп қоймайтындай етіп
соққы жасау керек. Көзбен жалған қозғалыс
жасау керек. Қай жерге соққы жасалатынын көз жиірек
білдіртіп қояды (мысалы жылдам көзтастау, көз ауытқуы),
қарсылас көз қимылын бақылай отырып не істейтінін сезіп
отырады. Сондықтанда ақылды сайыскер не істейтінін жасыру
үшін, көзбен жалған әрекеттерқолданады. Аяқ соққыларының тиімді орындалуына дене
мүмкіндіктері аса маңызды орын алады. Ең бірінші иілгіштік
қасиеті керек. Егер иілгіштік қасиеті нашар дамыған болса,
онда тиімді соққы жасау жеткіліксіз болады. Алиілгіштік
қасиеті жақсы дамыған болса, онда соққы
күшінің қуаттылығы қиындықсыз
күшейеді, жарақат алу қаупі азаяды, сонымен қатар
қан айналымы ұлғаяды. Егер сіздің иілгіштік
қасиетіңіз табиғатыңыздан нашар дамыған болса,
онда күніне 2-3 рет иілгіштікпен айналысу керек. Зерттеу бойынша,
ең тиімді аяқты созу әдісі – ол статикалық созу.
Статикалық созу кезінде, кез келген жаттығуды 10 секундтан бірнеше
минутқа шейін созып ұстап тұруы керек. Мысалы шатқа
отыру, алғашқыда шатқа отырғанда 10 секундтан бастап
жайлап уақытты ұзартып 2 минутқа шейін шатқа
отыруға болады. Келесі дене қасиеті –
шапшаңдық. Шапшаңдық - жеңіске жетудің
бірден бір факторы. Шапшаңдықты жетілдіру үшін,
жаттығуларды ретімен орындаған дұрыс. Жаттығуды
шапшаңдыққа орындаудан бұрын, бұлшық етке
жүктеме (күш) түсіріп (мысалы, отырып-тұру, қолды
еденде бүгіп-жазу, ауырлық көтеру және т.б.)
бұлшық етті қыздыру керек. Бұлшық етті
әбден қыздырып болғаннан соң ғана
шапшаңдық жаттығуларын орындау керек. Шапшаңдық
жаттығуларын шамадан тыс жүктеме бере беруге болмайды.
Жаттығудың негізгі бөлімінде немесе жаттығудың
соңында шапшаңдық жаттығуларын орындаған
жөн. Шабуылдау кезіндегі немесе қарсы тойтарыс беру
кезіндегі шапшаңдықтың маңызды факторы - реакция
уақыты. Ол қарсыластың ыңғайсыз жағдайда
тұрғанда немесе соққы жасай алмай
тұрғандағы сәтті пайдаланып қалумен сипатталады.
Бұл зор зейін қою мен жаттығуды талап етеді [4]. Аяқ соққысының қуаттылығын макевара
немесе протекторда соққы жасау арқылы дамытады. Қуатты
соққы орындау кезінде, максимальды бұлшық ет
қуатын жинап, тұрақты түрде, дененің дұрыс
қозғалуын бақылауға алу керек. Қуатты
соққы 1-ші кезекте аяқпен бірге мықын арқылы
алға лақтырылады, 2-ші кезекте соққы жасағанда
аяқ толығымен жазылады, 3-ші кезекте аяқты бастапқы
тұрысқа жылдам оралуы тиіс. Күш пен
шапшаңдықты жетілдіруде қазіргі кезде кроссфит элементтері
қолданылуда. Кроссфит элементтеріне – ауыр атлетика, жеңіл атлетика
және басқа да спорт түрлерінің жаттығу
элементтері жатады. Бұлшық еттің күш сапасын
дамытуға арналған кроссфит кешені аяқ
соққыларының қуатты соққы болуына тиімді
әсер етеді. Мысалы,аяқ бұлшық еттеріне арналған
жаттығулар кешені: отырып-тұру түрлері, денеге жүктеме
түсіріп отырып-тұру, ауырлық көтеру кешені және
т.б. Шапшаңдықты жетілдіруге арналған
кроссфит кешені аяқ соққысының шапшаң орындалуына
тиімді әсер береді. Мысалы, соққыны уақытқа
шапшаң орындау, денеге жүктеме түсіріп жаттығуды
шапшаң орындау, денеге жүк артып шапшаң жүгіру
және т.б. Кроссфит жаттығуларында
нақты бір кешенді тапсырмаларды көп уақытқа созбай,
қысқа уақыт ішінде орындалуы тиіс. Жаттығу
жүктемесі шамадан тыс берілмеу керек. Қазіргі кезде кейбір
спортшылар аяқ соққыларының дұрыс орындалуына аса
көп көңіл бөлмейді, аяқ
соққыларының техникасын дұрыс орындамауы салдарынан,
әсіресе жарыс кезінде дұрыс соққы жасай алмай
жарақат алады, тіпті аяқ пен аяқ соғысып аяқтарын
сындырып та жатады. Аяқтан жарақат алып та қоймай, сонымен
қатар омыртқа жотасына, әсіресе бел және тізе буындары
зақымданады. Сол себепті аяқ соққыларының тиімді
орындалуына жан-жақты аса көңіл бөлу керек.
Әдебиет
1 Тхэквондо.
Теория
и методика. Спортивное единоборство: /Под общей редакцией Ю. А. Шулика [и др.]
- Ростов н/Д: Феникс, Т.1. - 2007. - 800 с.
2. Барчуков И.С. Физическая культура и спорт: методология,
теория, практика: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. Юнити, 2003.-
с.
3 А.А.
Нестеров; под общ. ред. Н.Н. Маликова. – 3-е изд. - М.: Издательский центр
«Академия», 2009. – 528 с.
4 Бом В.
Тхэквондо: Базовые приемы и техника боя / В.Бом, С. Фаверо, П. Джаннерини. –
М.: ООО «Издательство АСТ»: ООО «Издательство Астрель», 2004. - с.
Резюме
Бекбаев
Д.Байырбеков А.
Ударная техника ног в тэквондо wtf
В данное время некоторые спортсмены не обращают
должного внимания на правильную технику ударами ноги, из-за неправильных
исполнений технических ударов ног, особенно во время соревнований получают
увения ног неправильно выполняя технику ударов ногами, иногда даже ударяя ноги
об ногу ломают друг други ноги. Спортсмены не только ранят ноги, но и получают
изувечия позвоночника и особенно повреждают поясницу и коленный сустав. По
этому надо особенно обратить внимание на правильное исполнение и эффективность
технических ударов ног.
Ключевые слова: техника, удары ногами, соревнования, правильное
исполнение технических ударов ног.
Summary
Bekbayev D.B.
Baiyrbekov A. D.
Shock technique legs in taekwondo
At this time, some
athletes do not pay enough attention to proper technique for a kick , because
the wrong versions of technical attacks legs, especially during the competition
receive uveniya feet properly performing the technique of kicks , sometimes
even kicked on the leg break one another's feet . Athletes not only hurt the
feet , but also get mutilated spine and especially hurt lower back and knee . On
this we must especially pay attention to the correct performance and efficiency
of the technical impacts feet.
Keywords:technical, kicks,
competition, proper implementation of technical strokes legs