Айтбаева З.К.

Тараз мемлекеттік университеті, Казахстан

 

ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР, ТАМАҚ ҚАЛДЫҚТАРЫ, ҚОҚЫСТАРДЫ СҰРЫПТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ҮШІН ҚОҚЫС СҰРЫПТАҒЫШ КЕШЕН

 

Қоқыс сұрыптағыш кешенді жаңа жиналған қалдықтарды да және өз жүмысын тоқтатқан полигондарда рекультивациялауда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үшін де пайдалануға болады. Кешеннің жұмыс өнімділігі 60-80 текше м/сағ. Полигонға және қоқыс жинайтын жерге жиналған қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуына қарай қосымша қондырғылар орнату арқылы жұмыс өнімділігін арттыруға болады.

Кешен құрылысы мыналардан тұрады:

1.                 Тиегіш құрылғы (жалпы тиегіш немесе экскаватор).

2.                              DW 3080 “Mammut”немесе DW 2560 “Вison” білікті ұсатқышы

3.                 Қара металдар үшін магнитті айырғыш.

4.                 SМ 618 рrofі бан типті сұрыптағыш елек.

5.                 Қолмен сұрыптауга арналған DSA -1000 сұрыптағыш қондырғы.

6.                 Қара металдарға арналған магнитті сепаратор (түсті металдарға).

Жұмыс істеу принципі. Жиналған ҚТҚ 30 см қалыңдықта майдалану үшін ұсатқыш шанақка (бункер) келіп түседі. Майдаланған қалдықтар тасымалдағыш таспа арқылы магнитті айырғыш таспа астынан өтуі арқылы кара металдарды сұрыптайды және оны жинақтаушы шанаққа бөлек жинайды (ҚТҚ жалпы көлемінің 3 %-дайы). Әрі қарай қалған ҚТҚ елекке келіп түседі, онда мөлшері 5 см-ге дейінгі майда бөліктер айырылып алынады (қалауы бойынша көздерінің мөлшері 10*10 —нан 150*150 мм-ге дейін; барлыгы 30 түрлі көздерінің үлгісі бар барабан орнатуға болады) — шамамен ҚТҚ жалпы көлемінің 15-20%. Електен соң қалдықтар қолдан сұрыптау қондырғысына келіп түседі. Тасымалдағыш таспа жылдамдығын 0,9 м/сек жылдамдыққа реттеуге болады. Мұнда бірқалыпты ПЭТФ бөтелкелері мен пластикерді (шамамен 5-8%), түсті металдарда (шамамен 3%), қағаздар мен картондар (шамамен 20-25%) т.б. заттарды қолдап айыруға болады. Тасымалдағыш таспа соңында қара металдар үшін (шамамен 2 %) магнитті айырғыш орнатылған. Қалған ҚТҚ -дың органикалық бөлігі метантенкте биогаз бен биошлам алу үшін өңдеуге алып кетуге дайындалып жинақтаушы шанаққа тиеледі.

Мүмкіндіктері:

Кешенді қолданудың мынадай мүмкіншіліктері бар:

1        Полигонда немесе бейберекет жиналған қоқыстарда көмілетін ҚТҚ -

          дың көлемін азайтуға және жоюға болады

2         Қайта өңделетін ҚТҚ-дан 40-45% қайтарма шикізат алу.

3         Кешен күрделі құрылысты қажет етпейді және ол ашық аспан

астында да, қыстың суық күндерінде де жұмыс істеуге арналған.

4         Кешеннің икемділігі қоқыс жиналып қалған полигондарда немесе

қоқыс жинайтын жерлерде, сонымен қатар құрылыс алаңдары мен қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған нысандарда да пайдалануға мүмкіншілігі бар.

5        Әрбір қондырғының дербестігі (қондырғылар жеке-жеке дизельді козғалтқыш арқылы жұмыс істейді) олардың атқаратын жұмыс түрінің ерекшелігіне қарай пайдалануға мүмкіншілік береді.

Қызмет көрсететін жұмысшылар.

Кешенге қызмет көрсету қашықтықтан бір техник немесе бір жүк тиеуші оператор (эксковатор) арқылы жүзеге асырылады. Қолмен сұрыптау қондырғысына 4-8 жұмысшы орны (қойылған мақсатқа байланысты) есептелген. Әрбір жұмыс орнында тасымалдаушы таспа қозғалысын апатты жағдайда тоқтату қарастырылған.

Сонымен, ұсынылып отырған технологияның басты идеясы жұмыс істейтін полигондар мен үйінділердегі қалдықтардың көлемін азайту және қалдықтардан алынатын пайдалы материалдардың мөлшерін мүмкіндігінше арттыру, яғни максимум мәніне жеткізу.

Құрылғының ең басты жетістігі - икемділігі, жұмыс істеу қарапайымдылығы, жөндеуге жарамдылығы, ауа-райын таңдамайтындығы, сенімділігі. Ең басты мүмкіндігі ҚТҚ полигонга жеткізуге жүмсалатын көлік шыгындарын үнемдеу мақсатында қала маңында орналасқан бірнеше қалдық сұрыптау нысандарын дербес автономды ұйымдастыруға жақындату болып табылады.

ҚТҚ қайта өңдеудің технологиялық үрдісі мынадай сұрыптау және биоферментация сатыларынан тұрады:

1.                   Күні бойы арнайы алаңға жеткізілген ҚТҚ-ды сұрыптаудың бірінші сатысынан өтеді (ірі көлемді қалдықтар: темір, құрылыс қалдықтары, ағаш т.б. олар ҚТҚ жалпы санның 10-15% құрайды).

2.                   Қалған 85-90% қатты қалдықтар білікті ұсатушыда 30 см дейін майдаланады.

3.                   Магниттік айырғыштар қара темірді бөлек айырып алады (2-3%).

4.                   Механикалық сұрыптау. 15% майда құм, шағал және қарапайым қоқыстарды тағы да бөліп алуға мүмкіншілік береді, бұл сол полигондарда рекультивациялауға немесе қорда дайындау өндірісінде пайдалануға қолданылады.

5.                   Магнитті айырғыш тағы да 2% металл тектес заттарды айырып алады.

6.                   Ауа арқылы айырғыш қондырғы жеңіл қағаздар мен полиэтилен қалдықтарын бөліп алады, ол шамамен 5-8% құрайды.