Магистрант Махашова Ә.М.,т.ғ.к., доцент
Уалиев Б.М.
М.Х. Дулати атындағы Тараз
Мемлекеттік Университеті, Тараз қаласы
Костюмның құрылымын құру
қағидаларын анықтау
Костюмді көркемдік жобалау барысында
ең негізгі болып пішін құрылымы саналады. Себебі, ол дәрежелер ішінде ең бастысы
болып есептеледі. Костюм пішіні ол киім бөлшектерінің өзара
қарым-қатынасы, композициялық тепе-теңдігінің
бірлігі. Пішін бірегейлігі құрылыс шешімінің дұрыс есептелуі,
оның заңдылықтарының ұқыпты
қадағалануы.
Құрылым дегеніміз
әрбір объекттің тұрақты қаңқасы
ғана емес, сонымен қатар, оның элементтерін ауыстыру
және басқа да симметриялық
өзгертулер арқылы бір объекттен екінші, үшінші объекттерді
шығару ережелерінің жиынтығы [1]. Элементтер мен
олардың табиғи қасиеттерінен элементтер арасындағы
қатынастар мен оларға байланысты жүйелі пайда болған
қасиеттерге назарды аудару- құрылымдық әдістің
негізгі мақсаты болып саналады.
Бұл жағдайда, оның
құрылымдық мәнін табу құралы ретінде
пішіннің қызметі бірінші
кезекте тұрады. Қабылдау кезінде
әрбір күрделі объектті немесе жүйені
құрама бөліктерге бөлу қажет. Күрделі
жүйенің құрама бөліктерінің
арақатынасының немесе байланыстарының сызбасы күрделі
жүйенің сипаттамаларының
бірі болып келеді.
Жүйенің
құрама бөліктерінің арасындағы байланыстар
сызбасы құрылым деп аталады. Құрылым дегеніміз ол -
талдауды жүргізу үшін үрдіс-жүйені бекітілген
жүйеге келтіретін қажетті бөлік болып есептеледі.
Құрылым ұғымы материяның
мазмұнын терең
көрсетеді. Жалпы жүйенің сапасы мен оны
құрайтын элементтер сапасының сомасынан жалпы
айырмашылығын құрылым түсінуге көмектеседі.
Құрылым талдау үшін ғана емес, бір қарағаннан
затты ұғыну үшін қажет. Пішіннің құрылымын түсініп,
тапқан адам бейінді көріп, тани біледі. Бейін идеяларының
мәнерлілігі үшін құралдарды іріктеу, болмысын
оңайлату, мінезді бекіту қабілеті тек құрылымға ғана тән.
Затттың талдауы мен оны ұғынуды
жеңілдету үшін заттың пішінін оңайлату қажет,
яғни, ерекше құрылымдық белгілерін қысқарту
керек.
Сондықтан, құрылым
дегеніміз ол – геометриялық элементтердің ерекше
ырғақтығымен сипатталатын, тұтастың
бөліктері байланысының тұрақтылығы.
Құрылымды ұғыну кезінде оның тепетеңдігі,
бағыттылығы,
кеңістіктік бағыты, үсті мен асты, сол және
оң жағы болуы тиіс. Бұл ұғымдар пішіннің
қалпын сипаттайтын тәртіп пен тәртіпсіздік
ұғымдарымен қосылады. Ақпарат теориясының
позициясынан қарағанда құрылым дегеніміз ол -
пішіннің пайда болуының ішкі құрылысын түсінуге
жақындататын қосымша
белгі.
Құрылымдарды
не үшін анықтау қажет? Костюм белгілерінің
сапалық өзгеруін түсіну үшін, осы
өзгерістердің жылжуын анықтау және өзгерістер
туралы ақпаратты электрондық-есептеу құралына енгізу
үшін; сонымен қатар, сәнді пішіннің қатты
өзгергенін немесе өзгермегенін анықтау үшін
қажет.
Костюм үлгілірін
ұғыну, суреттеу және әрбір жағдаятты
түсіну үшін құрылымды
бөлшектеу қажет.
Бөлшектеу
дегеніміз түсінікті сөздер арқылы өзі-өзіне және басқаларға
құрылымды сипаттап беру. Мүсінді кез-келген ұқсас
пішінмен салыстырып, оның ұқсастығы мен
айымашылығын сипаттап беру қажет. Белгісіз мүсінді таныс
құрама бөліктерге бөліп, олардың байланыс
ұстанымдарын атап, көрсету тиімді болып саналады [2].
Жүйенің ең қарапайым
нұсқасын қарайық. Бір неше үлгінелетін
элементтердің жалпы жағдайы
бір үлгілейтін элементтің жағдайына әсер етеді.
Осы байланыстардың арасында белгілі бір қатынастар, белгілі байланыс
құрылымы бар екендігін көрсетеді. Бақылау
деңгейінде пайда болатын осы байланыстардың құрылымын
функциянальдық байланыс деп аталады. Белгілі мақсаттың
әрбір элементін орындаумен байланысты функция ұғымы костюмді
үлгілеуде әдетті болып есептеледі. Мысалы: пальтоның
функциясы, яғни, қызметы – ол адамды суықтан, жаңбырдан
қорғау, ал, бал көйлегінің функциясы –эстетикалық
бейінді, пластиканы көрсету болып
табылады.
Осы екі ұғымды,- мақсатқа жауап
ретінде саналатын функцияны және басқа элементтер
жағдайының кескіні ретіндегі функцияны қалай теңестіруге болады? Екі жағдайда да функционалдық элемент немесе нысан
ең үлкен жүктемені көтеріп, басқа да жүйелер
мен нысандардың талаптарына сай болады; екі жағдайда да
функционалдық элемент реттеуіш, катализатор, конструктивтік дамудың
және элементтердің бірігуінің ұстанымы болып табылады.
Элементтерді айырып
белгілеумен қатар олардың арасындағы функционалдық
байланысты белгілеу қажет.
Құрылымды анықтау және пішінді
суреттеу үрдісі келесі ізділік кезеңдерден тұрады: костюмды
ұйымдастыру қиындығын анықтау, пішіннің пішінде материалдың бекітілу жерлерін айырып көрсету; қарапайым,
таныс, геометриялық фигураларды
айырып көрсету, пішіннің жалпы абрисін көрсету, элементтер
арасындағы жақындық деңгейін анықтау,
бастапқы бейіннің инварианттық белгілерін анықтау; тік және көлденең
сызықтардың қиылысу орнын анықтау, физикалық
ортаны анықтау; психологиялық ортаны анықтау; тік және көлденең
сызықтарға қатысты мүсін мен костюм
құрылымының қалпын анықтау;
бөліктердің орналасу симметриялығын анықтау; пішіннің бөлшектенуін және
пропорционалды үндестіруінің ұстанымын анықтау; геометриялық белгіні
қалыптастыру; ырғақтық пен пластиканың табиғатын анықтау,
костюмдердің негізгі көлемдерінің метрикалық ара
қатысын бекіту.
Костюм құрылымының
пішіндерін салыстыру үшін көзбен геометриялық пішіндерді
анықтап, құрылымды
таныс қарапайым конфигурацияларға жақын құрама
бөліктерге бөлу қажет, яғни, аппроксимацияны
жүргізу қажет. Жай геометриялық пішін ретінде немесе
сәннің әр бір кезеңіне сай келетін жеке
геометриялық элементтерінің жинағы ретінде ең көп
мүшелеу сыртқы сызықтарын аппроксимдауға болады [3]..
Костюмның даму
тәртібін көрсету үшін пішіннің геометриясын,
метриялық параметрлерін, костюмның элементтері мен
бөліктерінің ерекшеліктерін
ескере отырып, әр түрлі тұрғылардан зерттеуді жүргізу қажет.
Зерттеудің
бірінші кезеңі – костюм пішіндерін салыстыру белгілерін анықтау;
екінші кезең – силуэты бойынша әрбір кезеңнің
пішіндерін топтастыру; үшінші кезең – жалпы
құрылымдарды құру, элементтер мен белгілерді
анықтау, статистикалық талдаудың негізінде оларды салыстыру. Зерттеуге алынған әрбір
кезең үшін құрылымдық сызбаларды дайындау –
жұмыстың маңызды бөлігі болып саналады. Осы талдауды жасау барысында зерттеушінің
тарих, мәдениет тану, философия,
психология, бионика, эргономика, практикалық модельдеу саласындағы
білімі берік болуы тиіс. Сонымен қатар,
костюмды графикалық түрде бейнелеу қабілеті де болуы
тиіс.
Костюм құрылымын
зерттеу кезеңдерінде кейбір ұстанымдары болады, мысалы:
қимылсыздық, тұрақтылық, мерзімдік
тұрақтылық, тұрақсыз элементті енгізу;
тұрақсыздық пен тұрақтылықтың
тең ара қатысы. Құрылымдарды анықтау үшін таңдалған
жүйелік әдістерде костюмның құрылымдық
талдауында негізделген көп
факторлық салыстырудың байланысы, ара қатысы,
нәтижелері ескеріледі. Осы жағдайда, белгі,
құрылым мен оның байланыстарын анықтайтын
бастапқы бірлік ретінде қолданылған.
Бейнелерді айқындау үшін
қажетті, электрондық-есептеу машиналарына арналған
бағдарламаларды дайындауға осы әдіс негіз бола алады. Содан соң, графикалық бейнені
оқып алып, оны аппроксималау әдісі арқылы, белгілі неше бір
құрылымдарға бөлуге мүмкіншілік пайда болады,
Бұл фактор өте маңызды, себебі, жобалау
кезінде мүшелеу (сыртқы, ішкі) сызықтарың анықтауына және
геометриялық көптік өзгеріске негіз болатын тұтасты құру және
ұқсас көлемдерді айқындау мақсатымен талдау жүргізуге көп үлес
қосады..
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Рытвинская Л.Б. «Основы формообразования костюма (архитектоника)», Учебное пособие , Альфа - М», 2006 г.
2. Уалиев Б.М. т.б. Костюмдегі құрылым
ұғымының сипаттамасын талдау.
Материалы за IX международна научна актична
конференция «БЪДЕЩЕТО ВЪПРОСИ ОТ СВЕТА НА НАУКАТА – 2013», София «Бял
ГРАД-БГ» ООД 2015, 7-9б.