Студент Уалиев
Н.Б., т.ғ.к., доцент Уалиев Б.М.
М.Х. Дулати атындағы Тараз
Мемлекеттік Университеті, Тараз қаласы
Өнеркәсіп дизайндағы көркемдік
құрастырудың талаптарын талдау
Көркем құрастыру қағидаларында
техникалық эстетика талаптарымен шығарылған, көлеммен
бұйымға қойылатын әр түрлі талаптарды ескеруге
тура келеді.
Көркемдік құрастыру өзінің
шығу тегіне қарай өндіріспен де тұтынумен де байланысты
жобалануына қойылатын талаптарды анықтауда екі жақтың
шарттарынан алынған талаптарын тең дәрежеде
қарастырады.
Біздің ортамыздың дамуының басты бір
мақсаты – бұл өнеркәсіп өнімдерінің сапасын
жақсарту және қазіргі заман талаптарына сай халық
тұтынуына лайықты ету. Халық сұранысын қанағаттандыру
үшін өнеркәсіп өз тауарларын барынша жаңартып,
өнімдерінің түрлерін арттырып, жаңа тауарларды
шығаруды ұйымдастырып және де сапасын арттыруы керек. Сонымен
қатар техникалық күрделі тұрмыстық
құрал-жабдықтар мен тұрмыс машиналарының сенімді
және сапалы болуын қадағалауы тиіс.
Жобалуға қойылатын талаптарда екі
жақтыңда шарттарынан алынған талаптарын тең
дәрежеде ескеріп қарастыру керек.
Қандай да бұйымды құрастыру
үшін оның анық қажеттілігін анықтай отырып,
оған сапалы баға беру
және де жеке тұтынушы топтар жағынан келетін
сұраныстарды анықтау керек. Содан кейін, берілген
бұйымның ыңғайлылық талаптарына
қаншалықты жауап беретінін анықтап, ол үшін оны
«бұйым-адам-орта» күрделі жүйесінің құрамы
ретінде қарастырады. Қандай да бір бұйымның талаптарын
анықтау үшін заттың қызметін, адаммен ара-
қатынасын кең түсіну керек. Сол себепті арналуынан (негізгі
жұмысшы қызмет) басқа міндетті түрде психологиялық
стереотиптер , мәдениет, өмір сүру түрімен байланысты
адамның талаптарының толық соммасын ескеру қажет [1].
Дизайн нысандарының талаптар жүйесінде
заттың қолдану ыңғайлылығы басты орын алады. Бұйымның
шығарылуын, материалын, материалдың өңделу
технологиясының әдістерін таңдауда үлкен маңызы
бар.
Осыдан эргономика есебімен байланысты бірнеше
сұрақтар туындайды. Әр бұйым дизайнер -
құрастырушының жұмысына сәйкес техникалық
эстетикалық талаптарының жүйесі тұтынушы талабымен
емес, сонымен бірге өндірушінің талабын кіргізеді.
Бұйымның тұтынушылық қасиеті техникалық
құрастыру қатынасындағыдай олардың
техникалық міндеттерін, сондай-ақ дайындау технологиясымен
байланысты жаппай өндірістің процесі мен талаптары жобалаушы
бұйымға өзінің арнайы талаптарын қолданады.
Тұтынушы сапасының көрсеткіші мен
бұйымдарға қойылған талаптардың анықталуы
тікелей, қоғамдық және индивидуалды талаптарында
анықталады. Осы көрсеткіштерге жататындар:
-
әлеуметтік – сұранысқа байланысты
бұйымның
ассортименттерінің көрсетілуі, жоғарғы сапалы
бұйымдардың ішкі нарықта және әлемдік
нарықтағы бәсекелестігін, сонымен қатар
тұтынушылық сұраныстың болжамына сай болуы;
-
функционалды – нақты бұйымның міндетін айқын
дәрежесін анықтайды, шартпен пайдалануы. Өлшемі мен пішіндік
шешімі шамасының сипаттамасы тұтынушылардың дәрежесіне
сай келуі, сырт келбетімен және психологиялық ерекшеліктері;
-
эстетикалық – бұйымның көркемдік композициясы
мен жиналған әлеуметтік арманның дәрежесіне
сәйкестігі, жаңа бағыттағы үлгі мен конструкциясы,
үлгінің композициясының дәрежесі шыңдай
түсуі, тауардың кейпі;
- эргономикалық -
бұйымның дәрежелі сәйкестігін, психофизикалқ
адамның ерекшіліктерін және адам мен заттың бір-біріне
қолайлығын анықтайды. Санитарлы-гигиеналық нормасын,
бұйымның әртүрлі тұрмыстық және
өндірістік жағдайда оны ыңғайлы пайдалануын белгілейді
[2].
- эксплуатациялық
–бұйымның сапасын сақтайтын тұрақтылық
дәрежесін анықтайды, оның сенімділігі (материалдың
мықтылығы және тігістердің қосылыстары ауыр
салмақ түскен кезде жыртылып кетпеуі, бөліктердің
пішінін тиянақты және бұйымның шеттері, материалдың
сол қалпында сақталуы және элементтердің конструкциясы
немесе тұрақтылығы).
Бұйым-заттардың жоғарғы
қасиеттеріне қол жеткізу үшін, пішін кұрылуының
заңдылықтары мен ережелерін қолдана отырып,
өнеркісіптік дизайннң бұйым жобалауының барлық
кезендерін, қойылған
мақсаттарын, тұтынушы талаптарының
қанағаттандыруын, максималды табыс алу, өндіріс
рентабельділігін қамсыздандыру болған өндіруші-кәсіпорынның
маркетингті іскерлігімен өзара байланысты болу керек.Тұтынушы
топтарын анықтау, олардың жобалаушы объектілеріне қоятын
талаптары,дәл осыларды, өндірушінің маркетингті іскерлігі
қосады.
Өнеркәсіптік дизайнның жаңа
объектілерін жарату процесі, дизайнерден, дизайнерлік жобалау тәжірибесін
ескере отырып, адамдардың материалды және рухани
қажеттіліктерімен қанағаттандыратын, бүйымның
біртүтас эстетикалык пішінге, түтынушылықтың жетуге
көмектесетін білім мен істерін талап етеді.
Жаңа үлгілерді жасау үшін, жобалап
отырған үлгілердің өткен және бүгінгі
дәрежелерін емес, осы үлгіні жасап отырған мамандардың
эстетикалық көзқарасын, ішкі дүниесін, мәдениетін, ал, бұл
өнердің қолданбалы өнердегі орнын білу керек.
Халық дәстүрлерін терең шыңдап
ұғынып, мағынасына жетіп қараған арқылы
қолданбалы өнерде едәуір табыстарға жеткендікті
байқауға болады. Халық мотивтері композициялық,
бейнелік және үйлесімділік идеялардың қайнар
бұлағы. Халық өнерінің негізгі
сапалығының бірі жоғары дәрежедегі мәдениеттің
ырғақтығы, терең қисыны және материалды
қолданудағы тапқырлық, композициялық
көркемдігінің айқындылығы.
Бұйымды пішін құруға келтіріп
құрастыруы композициялық ізденіс пен үлгілеудің
басты сұрағы. Көркемдік–айқын
бейнесінің пішінін ойлап шығару
– дизайнердің ең басты міндеті, өйткені заттың
пішінінің өзгеруі сән үлгісіне байланысты.
Көркем бейненің эстетикалық өнерге сәйкес шағылысу тәсілі, оның
пішінінің элементтерімен, қолданатын композициялық
заңдылықтармен, бөлшектердің бірбірімен келісімділік
арқылы қалыптасуына байланысты. Сонымен қатар, бұл кезеңде
элементтердің, бөлшектердің, бөлікпен фактура
және түстік шешімдердің өзара бағыныштылығы
эстетикалық талаптарға үлкен әсер етеді. Себебі,
өзара бағыну қағидалар бұйымның
сапалық сипаттамасын көздей отырып, сонымен қатар,
мөлшерлерінің түтастығын анықтауға
мүмкіншілік береді [3].
Көркем бейне ең маңызды
болғандығтан, типтік бейнені жеке бейне арқылы көрсету
немесе өмірдің жалпы, маңызды типтік жақтарын жеке
құбылыс формасында, яғни нақтылы сезімдік формада
бейнелеп көрсетеді. Демек, көркем бейнені ұғыммен де,
түйсікпен де теңгеріп қарауға болмайды. Көркем бейненің ерекшелігі сол,
ол жалпыны жеке арқылы танып білу. Нағыз өнер
шығармаларындағы көркем образдар шындықтың сырт
белгілерін бейнелемей, маңызды жақтарын бейнелейді.
Жоғарыда айтылғанды тұжырымдағанда
келесі қорытынды жасауға болады - өндіріс нысанының
көркемдік құрастыруының мақсаттары жобаланатын
бұйымның өнеркәсіптік, экономикалық,
утилитарлы-қызметтік талаптарынан шығады. Бұл міндеттерді
шешу нәтижесінде дизайнның негізгі мақсатына жетуге болады –
эстетикалық деңгейі жоғары, айқынды, сән
бағытына сай пайда болады. Осы қойылатын талаптар
бұйымдарға деген қажеттілік пен сұраныс
құрылымына ықпал етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Бердник Т.О., Неклюдова Т.П. «Дизайн костюма»-Ростов-наДону: Феникс,
2000.-448 с.
2. Даниляк В.И. и др.
Эргодизайн, качество,конкурентоспособность.-М.: Издательство стандартов,
1990.-200 с.
3. Уалиев Б.М. Композиция.- Алматы, « Эверо» баспасы,2015.-126 б.