Аға оқытушы, магистр  Мукаева Айша Мажидовна, 

аға оқытушы Жакипов Жолымбек Тыныбекович

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

БУФ ТЕХНИКАСЫНДА ЖАСТЫҚТАРДЫ БЕЗЕНДІРУ

 

Буф – майда жинақталумен жасалатын тігін бұйымдарының қолмен өңделетін дәстүрлі түрі, декоративті тігістермен алынады. Буф сөзі француз тілінен аударғанда bouffer – үрілу, тікірею дегенді білдіреді.

Буфтың модасы келеді де кетеді, бірақ ешқашан ұмытылмайды. Буфтың арқасында кез – келген бұйым «ерекшелігіне» ие болады.  Нақтырақ айтқанда бұл әр адамның қалауы, бір кезеңде буфты киім дизайнында (1 сурет) пайдалану кеңінен тараған, ал басқа кезеңде интерьер бұйымдарын безендіруге қолданылған, мысалы, жастықтар (2 сурет).

 

             

    1 сурет. Киімдегі буф   2 сурет. Жастықтағы буф

Буфы бар детальдарды басқа да детальдармен бірге немесе жеке пішуге болады. Өңдеудің бұл түрі үшін жеңіл, жұмсақ жалбыраған маталар пайдыланған дұрыс. Буфқа арналған матаның көлемі бүкпелердің тереңдігі мен матаның түріне байланысты. Дайын буфтардан матаның аз дегенде енінің жартысы қажет. Буфтарды тігін машиналармен де, қолмен де жасауға болады. бисермен тігілген немесе тоқылатын жіппен тігілген буфтар әдемі көрінеді.

Қолмен жасалатын буфтың екі тәсілі болады.

Бұл тәсілдер қатты ұқсас, бірақ бірнеше айырмашылық бар.

1 тәсілде тек көлденең сызықтар белгіленген, ал екінші тәсілде бірқатар нүктелер қойылған (3 (а, б, в, г) сурет).

3(а, б, в, г) сурет. Буфтың жасаудың бірнші тәсілі

         Буфтардың орналасуын  екі бойлық жіппен белгілейді.

Содан соң осы жіптердің арасына бірнеше көлденең сызықтар сызылады   (3а сурет). Сосын бірінші көлденең сызықты беткі жағымен ішіне қарай майыстырады және майысқан жерінен майда тігістермен торлап тігеді (3б сурет).

Матаны ашады, екінші сызық бойынша майыстырады да майысқан жерінен жіп қояды, осы операцияны буфтың әр қатары үшін жасайды.

Жіпті буфтың қажетті еніне дейін, бүкпелерді бірқалыпты таратып ені бойынша  жияды (3в сурет). Жіптің соңын теріс бетінен бірнеше түйінмен бекітеді. Буф созылып кетпеу үшін, теріс жағынан матаның бөлшектерін жабыстырады (3г сурет).

         Бүкпелер тіке жату үшін, теріс жағынан бірқатар нүктелерді салады, олар жіптің тік және көлденең бағыттарына сәйкес келу керек.

 

4 сурет (а, б). Буф жасаудың 2 – ші тәсілі

         Нүктелер мен екі қатардың арасындағы арқашықтық бірдей болу керек, ал нүктелер бірінің үстінде бірі жату керек. Жібек сияқты жұқа маталар үшін нүктелер аралығы 4 – 5 мм, ал нүктелердің екі қатарының аралығы 8 – 10 мм (4а сурет).  Нүктелерді маталарда жіптермен белгілейді немесе шаблонда тесіктер жасайды. Шаблонды матаға қойып тіс ұнтағын немесе бор ұнтағын жағады, ол тесіктерден өтіп кетеді. Домалақтанған бөліктерде белгі салу үшін шаблонды сызықтарға бөледі және детальдың қажетті контурын алу үшін  қажетті арқашықтыққа жылжытады (4б сурет).

         Егер секпілді немесе торлы матаны пайдалансақ буфқа арналған нүктелерді қоймасақ та болады, мысалы, торлы мата «виши».

          Жүн матаға буф жасағанда нүктелер мен қатарлардың арақашықтығы жұқа матаға қарағанда екі есе үлкейтіледі. Жиыруды қалың жіппен жасайды.   

         Нүктенің әр қатарынан жиыруға арналған жіп өткізіледі. Жіп қалың және нүкте қатарына қарағанда 15 см ұзын болу керек 5 (а, б) сурет). 

5 (а, б) сурет. Жүн матаға буф жасау

         Матаның теріс жағынан инемен алға қарай тігеді, инені оң жақтан солға қарай шаншиды. Жіптің соңын түйінмен бекітеді. Әр қатардың бірінші нүктесінде бір майда тігіс жасайды «инені артқа» - түйін матадан өтіп кетпеу үшін. Содан соң «инені алға қарай» тігіспен тігуді жалғастырады: инені нүктеге шаншып, нүктелердің нақты ортасынан шығарады, инені нүктеге шаншиды ж.т.б. (5а сурет).

         Нүктелердің барлық қатары тігіліп болған соң, матаны қажетті еніне дейін жиырады. Ұзына бойы бүкпелер жасалады. Жіптің әр жұбының соңын түйіндейді немесе матаға шаншылған түйрегішке орайды (5б сурет).

Буф орыдаудың бірнеше техникасы бар: жүрек техникасы, өрім техникасы, бағыттағыш техникасы, қабыршақ техникасы, жапырақ техникасы, гүл техникасы, толқын техниксы, шынжыр техникасы ж.т.б. 

Буф техникасымен кез – келген бұйымды жасауға болады: киімнен бастап интерьерді безендіруге арналған декоративті бұйымдарға дейін.Курстық жобада таңдаған тақырыбым жастықтар, яғни зал бөлмесіне арналған декоративті жастықтар. Алдыңғы бөлімде айтып өткендей жастықтың пайдалануына қарай бірнеше түрі бар. Олардың көбісі денсаулыққа арналған. Әрине әр адам дені сау болғанын қалайды, бірақ сонымен қатар өмірі сәнді болғанын да қалайды. Адамның өмірін буфпен безендірілген жастықтар арқылы сәндеуге болады.   

Буфтың модасы келеді де кетеді, бірақ ешқашан ұмытылмайды. Буфтың арқасында кез – келген бұйым «ерекшелігіне» ие болады.  Нақтырақ айтқанда бұл әр адамның қалауы, бір кезеңде буфты киім дизайнында  пайдалану кеңінен тараған, ал басқа кезеңде интерьер бұйымдарын безендіруге қолданылған.   

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.     http://www.doviendi.ru/wp-content/uploads/2011/08/podushka.jpg

2.     http://www.moskva-matras.ru

3.     http://www.darievna.ru/page/bufy-chto-eto-takoe-i-kak-ih-delat#hcq=oCI7Ktp

4.     http://obnov-ka.ru/bufyi-i-vafli-vyipolnennyie-vruchnuyu

5.     http://obnov-ka.ru/bufyi-s-vyishivkoy

6.     http://obnov-ka.ru/dekorativnyie-sborki-vyipolnennyie-na-mashine