1Ильдербаев О.З., 1Асқар
Қ., 2Узбеков Д.Е., 1Талдықбаев Ж.С., 2Нурмуканов
Д.К., 2Ильдербаева Г.О.
1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, Қазақстан
2Семей қ. мемлекеттік медицина университеті, Қазақстан
Көмір
шаңы мен иондаушы сәуленің қосарлы әсерінің
ағзадағы майлардың асқын тотығы өнімдеріне әсері
Жасушалардың
мембранасының бүтінділігінің бұзылуының немесе
тіршілігін жоюының негізгі механизмдерінің бірі липидтердің
аса тотығуы. Ағзада босрадикалдардың түзілуі шамадан
тыс жоғарлай түсетін болса, түбі қолайсыз
зардаптарға әкелуі мүмкін [1]. Босрадикалды тотығу
жүйесінің нәтижесінде зиянды заттар көп мөлшерде
жиналып, жасуша мембранасы компоненттеріне әсер етіп, иондағыш
сәуленің әсерін ұлғайтады [2]. Иондағыш
сәулелердің тікелей әсері кезінде биологиялық
маңызды молекулалардың сәулелеу қуатын сіңіруіне
байланысты, яғни иондалу кезінде оттегі молекуласымен өз ара
байланысқа түсетін бос радикалдар түзіледі [3].
Соңғы
жылдардағы басылымға шыққан зерттеу жұмыстарында
босрадикалды үдерістердің иондағыш сәулелеудің
және ортадағы зиянды факторлардың әсерінде туындайтын
өзгерістер патологиялық үдерістің қалыптасуында
ерекше орын алатындығын, оның сезімталдығын және бұл
жүйе бұзылысының
үлкен зияншылықтары барын ескере отырып, біздің
зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты ретінде майлардың асқын тотығуы
(МАТ) өнімдерінің 6 Гр иондағыш сәуле және
көмір шаңының қосар әсер етуі кезіндегі
рөлін анықтау болды.
Жұмыс
2 сериядан тұратын салмағы 200-250 грамды аталық
егеуқұйрықтарға
эксперимент жүргізілді: I – бақылау тобы (n=10), II – көмір
шаңы мен 6 Гр гамма-сәулесінің қосарлы әсеріне
ұшыраған топ (n=10). Эксперименттік антракозды моделдеуде
патогендік шаңды беретін арнайы камерада 50 мг/м3 концентрацияда
күніне 4 сағаттан 12 апта бойы берілді. Жануарларды сәулелеу
Чехиялық «Теragam» қондырғысымен сублеталдық 6 Гр
γ-сәулесі берілді. Сәуле көзі ретінде Co60
радиобелсенді элементі қолданылды. Тәжірибелік
егеуқұйрық жануарларынан алынған бауыр, көкбауыр,
айырша без, шажырқай лимфатүйіндерінен гомогенаты даярланды.
Алынған гомогенаттарда және қан лимфоциттерінде диен
коньюгаты (ДК) және малон диальдегиді (МДА) мөлшерлері анықталды.
Зерттеудің нәтижелеріне статистикалық өңдеу
жүргізіліп, салыстыру t-Стьюдент критерийі ретінде саналды.
Көмір
шаңы мен 6 Гр гамма-сәуле әсеріне уланған
жануарлардың зерттеуге алынған барлық ағзалар мен
жасушаларында ДК мөлшерінің қалыпты шамадан тыс
жоғарылап кеткені анықталды (кестеде). Атап айтқанда, бауыр
гомогенатында қалыптағы көрсеткішпен салыстырғанда ДК
мөлшері 0,68±0,05-тен 1,31±0,11-ге
дейін (р<0,001), көкбауырында - 1,27±0,10-нан
1,66±0,12-ге дейін (р<0,05), шажырқай
лимфатүйіндерінде - 0,36±0,03-тен 1,36±0,12-ға
дейін (р<0,001), айырша безде - 0,48±0,04-тен 0,74±0,06-ге
дейін (р<0,05) және шеткі қан лимфоциттерде - 0,28±0,02-ден 0,64±0,08-ге дейін (р<0,001) артқан.
Енді екінші өнімі малон
диальдегиді шамасына келетін болсақ, бұл жерде де зерттеуге
алынған нысаналардың барлығында ЛАТ-тың екіншілік
өнімі қалыпты көрсеткіштермен салыстырғанда айқын
артқаны тіркелді (кестеде). Бұл деген, аталмыш ағзаларда
липопероксидация қарқынының арта түскенін
көрсетті.
Сандық сипаттарына келетін
болсақ, бауырда қалыптағы көрсеткішпен
салыстырғанда МДА мөлшері 0,13±0,01-ден
0,34±0,03-ке дейін (р<0,001),
көкбауырда - 0,33±0,03-тен 0,43±0,04-ке
дейін (р<0,05), шажырқай
лимфатүйіндерінде - 0,05±0,005-тен 0,23±0,02-ге
дейін (р<0,001), айырша
безде - 0,18±0,01-ден 0,28±0,02-ге
дейін (р<0,01)
және шеткі қан лимфоциттерінде - 0,08±0,007-ден
0,23±0,02-ге дейін (р<0,001)
артқаны анықталды.
Кесте - Көмір шаңы мен 6 Гр
гамма-сәуленің қосарлы әсеріндегі майлардың
асқын тотығудағы өнімдерінің көрсеткіштері,
M±m
|
|
Зерттеу нысанасы |
Бақылау тобы |
Көмір шаңы + 6 Гр |
|
ДК |
Бауыр |
0,68±0,05 |
1,31±0,11 *** |
|
Көкбауыр |
1,27±0,10 |
1,66±0,12 * |
|
|
Шажырқай лимфатүйіні |
0,36±0,03 |
1,36±0,12 *** |
|
|
Айырша безі |
0,48±0,04 |
0,74±0,06 * |
|
|
Қан лимфоциттер |
0,28±0,02 |
0,64±0,08 *** |
|
|
МДА |
Бауыр |
0,13±0,01 |
0,34±0,03 *** |
|
Көкбауыр |
0,33±0,03 |
0,43±0,04 * |
|
|
Шажырқай лимфатүйіні |
0,05±0,005 |
0,23±0,02 *** |
|
|
Айырша безі |
0,18±0,01 |
0,28±0,02 ** |
|
|
Қан лимфоциттер |
0,08±0,007 |
0,23±0,02 *** |
|
|
Ескерту - Бақылау топқа
сәйкес айырмашылық нақтылығы: *-р<0,05,
**-р<0,01, ***-р<0,001 |
|||
Көмір шаңы мен 6 Гр
гамма-сәуле әсері липидтердің асқын
тотығуының өнімдері ДК және МДА шамаларының
зерттеуге түскен барлық ағзаларында және шеткі
қан лимфоциттерінде шамадан тыс жоғарылауы мембрана құрылымы
маңызды деңгейде деструкцияға ұшырағанын көрсетті.
Жоғарыда алынған
эксперименттің мәліметтері бойынша тұжырымдама жасайтын болсақ,
6 Грей гамма-сәуле мен көмір шаңының қосарлы
әсері кезінде метаболизмдік өзгерістер тереңдей түсіп, иммунокомпетентті
ағзаларда липопероксидацияның қарқындылығы қос
фактор әсерінде жоғарлай түскен.
Әдебиет:
1.Сейсембеков Т.З., Айтпаев Б.К. и соавт. Антиоксиданты в клинике внутренних
болезней. Метод.рекомендации. –Караганда. 1992. –16с.
2.Москалев Ю.И. Отдаленные последствия ионизирующих излучений.
М., 1991. –463с.
3.Усенова О., Узбекова А., Жетписбаев Б. и др., Особенности
состояния перекисного окисления липидов в отдаленном периоде после
фракционированного гамма-облучения. Астана медициналық журналы. –2006.
-№2. –С.114-117.