Ерниязова Жанат Нурахметовна
э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а
Абай Жазира Муратовна
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Экономика мамандығының магистранты
Ауылшаруашылығында жер ресурстарын
пайдаланудың мәні мен маңызы
Қазақстан
Республикасы Еуразия құрлығының ортасында аса
көлемді аумақты 272,5 миллион гектарды алып жатыр. Ол батысында
Еділ (Волга) өзенінің сағасынан бастап – шығысында
Алтай тауларына дейін 3 мың километрге дейін және солтүстікте
Батыс Сібір ойпатынан, оңтүстікте Солтүстік Тянь-Шянь
тауларынан Іле Алатауына дейін 1,6 мың километрге созылып жатыр.
Республика алаңы жағынан дүние жүзі елдерінің
ондығының құрамына кіреді. Қазақстанның
шекаралас мемлекеттермен құрылықтағы шекарасының
жалпы ұзындығы 13 392,6 км, оның ішінде Ресей
Федерациясымен – 7 591,0 км, Өзбекстан Республикасымен – 2351,4 км,
Қытай Халық Республикасымен – 1 241,6 км, Қырғыз
Республикасымен – 1 241,6 км, Түрікменстан Республикасымен 425,8 км.
құрайды.
Қазақстан
Республикасы жер балансының 2016 жылғы 1 қарашадағы
деректері бойынша республиканың әкімшілік-аумақтық
құрылымының жүйесіне 14 облыс, 2 республикалық
маңызы бар қала, 161 әкімшілік аудандар, 231 облыстық,
аудандық маңыздағы қалалар мен кенттер және 6789
селолық ауылдық елді мекендер және 2453 ауылдық
(селолық) округтер кіреді.
Қазақстан
Республикасының Жер кодексіне сәйкес нысаналы мақсаты бойынша
мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер;
2) елді мекендердің
(қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің)
жері;
3) өнеркәсіп,
көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жер ;
4) ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың жері,
сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және
тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман
қорының жері;
6) су қорының
жері;
7) босалқы жер.
Жер балансының 2016
жылғы 1 қарашадағы деректері бойынша Қазақстан
Республикасының аумағы 272,5 млн гектарды құрайды,
оның 11 317, 3 мың гектар жерін Ресей Федерациясы
Байқоңыр ғарыш айлағы және әскери полигоны
ретінде ұзақ мерзімге жалға пайдаланылады, сонымен бірге
Өзбекстан Республикасының аумағынан 0,9 гектар жер
Қазақстан Республикасына «Шымған» санаторий үшін
берілген. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының пайдаланып
отырған жер қоры 261 173,8 мың гектарды
құрайды.
Республиканың жер
қорын жер санаттары бойынша бөлу және олардың
динамикасы 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1 – Қазақстан Республикасында
жер қорының жер санаттар бойынша динамикасы, мың га
|
Көрсеткіштер |
1991 ж. |
2015 ж. |
2016 ж. |
Өзгерістер +,- |
|
|
2016 – 1991 ж.ж |
2016 - 2015 ж.ж |
||||
|
1. Ауыл шарашылығы мақсатындағы жерлер |
218 375,8 |
93 387,6 |
93 727,4 |
-124 648,4 |
+339,8 |
|
2. Елді мекендер жері |
3 747,2 |
23 217,0 |
23 684,1 |
+19 936,9 |
+467,1 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
қалалар және кенттер |
2 053,5 |
1 789,7 |
2 311,0 |
+257,5 |
+521,3 |
|
селолық ауылдық округтер |
1 693,7 |
21 427,3 |
21 373,1 |
+19 679,4 |
-54,2 |
|
3. Өнеркәсіп,
көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де
ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер |
18 796,8 |
2 663,8 |
2 688,0 |
-16 108,8 |
+24,2 |
|
4. Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру
мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени
мақсаттағы жер |
775,1 |
5 651,6 |
5 755,7 |
+4 876,5 |
+104,1 |
|
5. Орман қорының жері |
10 179,2 |
23 048,4 |
23 029,0 |
+12 849,8 |
-19,4 |
|
6. Су қорының жері |
819,9 |
4 096,1 |
4 108,5 |
+3 288,6 |
+12,4 |
|
7. Босалқы жер |
18 952,3 |
109 109,3 |
108 181,1 |
+89 228,8 |
-928,2 |
|
Барлық
жерлер |
271 646,3 |
261 173,8 |
261 173,8 |
-10 472,5 |
- |
|
Оның ішінде, республика аумағынан тыс пайдаланылатын жер |
149,8 |
0,9 |
0,9 |
-148,9 |
- |
|
Басқа мемлекеттер пайдаланатын жерлер |
993,7 |
11 317,3 |
11 317,3 |
+10 323,6 |
- |
|
Республика
аумағы |
272 490,2 |
272 490,2 |
272 490,2 |
- |
- |
|
Ескерту – Қазақстан
Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің
мәліметтері негізінде |
|||||
1- кесте деректерінен
көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасында ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлер 1991 жылмен
салыстырғанда 2016 жылы 121648,4 мың гектарға кеміген, ал 2015
жылмен салыстырғанда 2016 жылы 339,8 мың гектарға өсіп
отыр. Елді мекен жерлері 1991 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 19936,9
мың гектарға, 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 467,1 мың
гектарға, оның ішінде қалалар және кенттер жері 1991
жылмен салыстырғанда 257,5 мың гектарға, 2015 жылмен
салыстырғанда 2016 жылы 521,3 мың гектарға өсіп отыр.
Селолық ауылдық округтер жері 1991 жылмен салыстырғанда 2016
жылы 19679,4 мың гектарға өссе, ал 2015 жылмен
салыстырғанда 2016 жылы 54,2 мың гектарға кеміген.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері
және өзгеде ауыл шаруашылығы мақсатында
арналмаған жерлер 1991 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 16108,8
мың гектарға кемісе, ал 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы
24,2 мың гектарға өсіп отыр. Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың жері, сауықтыру
мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени
мақсаттағы жерлер 1991 жылмен салыстырғанда 2016 жылы
4 876,5 мың гектарға, 2015 жылмен салыстырғанда 2016
жылы 104,1 мың гектарға өсіп отыр. Орман қорының
жері 1991 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 12 849,8 мың
гектарға өссе, 2015 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 19,4
мың гектарға кеміп отыр. Су қорының жері 1991 жылмен
салыстырғанда 2016 жылы 3 288,6 мың гектарға, 2015 жылды
2016 жылмен салыстырғанда 12,4 мың гектарға өсіп отыр. Босалқы
жерлер 1991 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 89 228,8 мың гектарға
өссе, 2015жылмен салыстырғанда 2016 жылы 928,2
мың гектарға кеміп отыр. Барлық жердің көлемі 1991 жылмен
салыстырғанда 2016 жылы 10 472,5 мың гектарға кеміп
отыр. Республика
аумағынан тыс пайдаланылатын жер 148,9 мың гектарға кемісе,
басқа мемлекеттер пайдаланатын жерлер 10 323,6 мың
гектарға өсіп отыр.
Кесте 2 - Жер қорының санаттары бойынша құрылымының
динамикасы, %
|
Көрсеткіштер |
2015 жыл |
2016 жыл |
Өзгерісі, +,- |
|
Ауыл шарашылығы
мақсатындағы жерлер |
35,7 |
35,9 |
0,20 |
|
Елді мекендер жері |
8,9 |
9,1 |
0,20 |
|
Өнеркәсіп,
көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де
ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер |
1,0 |
1,0 |
- |
|
Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың жері,
сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және
тарихи-мәдени мақсаттағы жер |
2,2 |
2,2 |
- |
|
Орман қорының жері |
8,8 |
8,8 |
- |
|
Су қорының жері |
1,6 |
1,6 |
- |
|
Босалқы
жер |
41,8 |
41,4 |
-0,40 |
|
Барлығы |
100 |
100 |
- |
|
Ескерту - Қазақстан
Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің
мәліметтері негізінде |
|||
2- кестеде Жер
қорының санаттары бойынша құрылымының
динамикасына талдау берілген. Жердің құрылымында ең
жоғары үлесті босалқы жерлер үлесі 2015 жылы 41,8
пайызды құраса, 2016 жылы оның үлесі 41,4 пайызды
құрады. Одн кейінгі орында жоғары үлесті ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлер құрап отыр 2015
жылы оның үлесі 35,7 пайызды құраса, 2016 жылы оның үлесі 35,9
пайызды құрады. Елді мекендер жерлері үлесі 2015 жылы 8,9
пайызды құрады, 2016 жылы 9,1 пайызды құрап отыр.
Жерлердің ең
көп көлемі Қазақстанның ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары мен ұйымдарына және орман қорына
бекітілген. Жерлердің бұл санаттарының үлесіне Қазақстан
Республикасының территориясының 87,7℅ келеді.
Қазақстанның
барлық ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлері жер
пайдаланушыларға екі ірі топтар бойынша бекітілген:
-
ұжымдық-үлестік, кооперативтік
және жеке меншікте тұрған жерлер;
мемлекеттік және жергілікті
меншік жерлері.
Өз кезегінде бұл жерлер
өте ұсақ жер пайдаланушыларға бөліп берілген.
Бірінші топта Қазақстан
Республикасында негізгі жер пайдаланушылар акционерлік қоғамдар мен
серіктестіктер, шаура (фермер) қожалықтары, сондай-ақ
балық аулайтындары қоса, серіктестіктер болып табылады. Олардың
үлесіне барлық ауыл шаруашылық жерлердің 52℅
дерлік келеді.
Екінші топта ірі жер
пайдаланушылар мемлкекттік және жергілікті кәсіпорындар,
тәжірибе-өндірістік және асыл тұқымды
шаруашылықтар болып табылады, ол еліміздегі барлық ауыл
шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің 39,6℅
құрайды [11].
«Жалпы жер алаңы»
және «ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер алаңы»
сияқты осындай ұғымдарды ажырату қабылданған.
Жалпы жер алаңы құрамына ауыл шаруашылығы
кәсіпорынына бекітілген барлық территорияны жатқызады. Ауыл
шаруашылығына пайдаланылатын жерлер ауыл шаруашылығы өнімін
өндіру үшін пайдаланылатын жерлер болып саналады. Олардың
құрамына айдалған жерлер,шабындықтар, жайылымдар,
көп жылдық ағаштар, тыңайған жерлер кіреді. Жалпы
жер алаңындағы егістікке пайдаланылатын жерлердің жекелеген
түрлерінің арақатынасын жер алаңының
құрылымы деп аталады, ал ауыл шаруашылығына пайдаланылатын
жерлердің жалпы өлшемінде пайдаланылатын жерлердің жекелеген түрлерінің
пайыздық қатынасы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын
жерлердің құрылымы болып саналады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан
Республикасының Жер Кодексі. – Алматы: Жеті Жарғы, 2003. – 256 б.
2 Үпішев. Е.М.,
Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және
қоршаған ортаны қорғау. – Алматы: Экономика, 2006. –
480 б.
3 Қазақстан
Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметтері, 2016 жыл