Талапбаева Гульнар Едиловна
э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а
Сейтасқарова Меруерт Талғатқызы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Экономика мамандығының магистранты
Аймақта күріш өнімін өндірудің қазіргі
жағдайын талдау
Күріш әлемдегі негізгі және маңызды
дақылдардың бірі. Ол өнімдік және тағамдық
құндылығы жоғары
болғандықтан кең
түрде егіледі. Егілген бидайдың – 60 %, жүгерінің – 25 %, ал
күріштің - 85 % азық–түлік ретінде пайдаланылады.
Нарықтық экономикада өндірілген өнімнің сапасына
халықаралық стандарттар деңгейінде талап қойылып отыр. Қазақстан
Бүкіл Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болып енген
кезде бұл мәселенің маңызы арта түспек. Күрішті өсіру мен
өңдеудің келешегі нарықтағы тауарлар
бәсекелестігіне тікелей байланысты. Тауардың бәсекеге
төтеп беру қабілеттілігі екі көрсеткішпен сипатталады:
баға деңгейіне және өнім сапасына. Күріш
жоғары өнімді дәнді дақыл ретінде
Қазақстанда суармалы жерлерде өсіріледі, отандық ішкі және әлемдік сыртқы нарықта үлкен
сұранысқа ие. Әлемдік статистика күріштің
дәнді дақылдар арасында өзінің егістігінің
көлемі мен жалпы түсімі бойынша екінші орын алатынын
көрсетеді. Күріш дақылы – бағалы өнімнің
түрі, тұтынылатын тамақ өнімдерінің басқа
түрлерінен өзіндік ерекшеліктерімен айырмашылығы бар.
Күріш жармасы бойында пайдалы азықтық заттар бар, олар адам
организміне жылдам сіңеді, оңай ериді. Дәнді дақылдар
ішінде құрамында жоғары сапалы ең көп крахмал (88
% - 90 %) бар, ал май тек 0,5 %
ғана, яғни басқа жармалардан аз, бірақ оның
қорытылуы жоғары (өңделген күріште 98 %).
Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша
жыл ішінде адам 13-
Қазақстан Республикасы ТМД елдері ішіндегі ең ірі тауарлы
күріш өндірушілердің бірі болып табылады, оның
үлесіне жалпы өндірістің 20 % - дан астамы келеді. Күріш
алқаптарының жүйелі түрде енуі Қазақстанды
ТМД мен Орта Азия елдерінде жетекші күріш өндіруші ел етті.
Республика бойынша ол Алматы, Оңтүстік Қазақстан,
Қызылорда облыстарында егіледі. Егіс алқаптары 80 % Сырдария алқаптарында орналасқан.
Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылы
күріш егісінің көлемі 97,6 мың гектарды
құрады, 2013 жылмен салыстырғанда оның деңгейі 8,4
% -ға өскен, ал Алматы облысында күріш егісінің
көлемі 9,9% -ға кемігендігі
байқалады. Кестеде көрсетілген мәліметтер негізінде облыс
бойынша егіс көлемі 2013-2015 жылдар аралығында ауытқуда.
Оған әсер еткен негізінен: табиғи-климаттық факторлар,
су проблемасы, каражаттың аз мөлшерде бөлінуі,
сондай-ақ аграрлық
өндіріске әсер ететін экономикалық факторлары,
жерлердің агрономиялық және мелиорациялық күйін
жақсарту шараларының кешенін ұсынғанмен, сол
ұсыныстарды күріш шаруашылығының жаңа
агроқұрылымдық және т.б
(кесте 1) [1].
Кесте 1 - Қазақстан Республикасы бойынша күріштің
егіс көлемі, мың га
|
|
2013 ж. |
2014 ж. |
2015 ж. |
2015-2013
жылдардың салыстырмалы өзгерісі,% |
|
Қазақстан
Республикасы |
90 |
97,4 |
97,6 |
108,4 |
|
Алматы облысы |
14,2 |
14,2 |
12,8 |
90,1 |
|
Кызылорда облысы |
74 |
81,1 |
84,1 |
13,6 |
|
Оңтүстік Қазақстан облысы |
1,8 |
1,5 |
0,7 |
38,9 |
|
Ескерту - ҚР
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
мәліметтері негізінде құрастырылды |
||||
Қазақстан Республикасы бойынша егілетін
барлық күріш алқабының ішінде ең жоғары
үлес Қызылорда облысына тиесілі оның үлесі 86,1 пайызды
құрап отыр. Қызылорда облысының күріш
өндірісіне мамандануымен байланысты, суландырылатын жерлер,
топырақты-климатты және тағы басқа
жағдайларға сәйкес үш негізгі алқапқа
бөлінеді. Олар:
- Жаңақорған–Шиелі алқабы; -
Қызылорданың суармалы алқабы;
- Қазалы алқабы. Осы алқаптардың
негізгі ауыл шаруашылық дақылдары – күріш, ол қосымша
дәнді дақылдарымен бірге инженерлік жүйемен
дайындалған жерлерде егіледі.. Дегенмен соңғы жылдары
олардың сапасы экологиялық себептердің әсерінен
нашарлай түскені байқалады. Келесі 2 кестеде Қызылорда
облысындағы күріш өнімін өндірудің негізгі
экономикалық көрсеткіштеріне талдау берілген.
Кесте 2 - Қызылорда облысында
күріш өнімін өндірудің негізгі экономикалық
көрсеткіштері
|
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлік |
2013 ж |
2014 ж |
2015 ж |
Өзгерісі 2015-2014 ж |
|
|
+,- |
% |
||||||
|
1 |
Күріштің егістік
алқабы |
га |
75632 |
81108 |
84017 |
+2999,0 |
103,6 |
|
2 |
Күріштің жиналған алқабы |
га |
75582,4 |
73953,4 |
78796,3 |
+4842,9 |
106,5 |
|
3 |
Өндірілген өнім көлемі |
ц |
2837304,3 |
2886831,1 |
3167055,3 |
+280224,2 |
109,7 |
|
4 |
Өткізілген өткізілген көлемі |
ц |
2247129 |
2297704 |
2245674 |
-52030 |
97,7 |
|
5 |
Орташа өнімділік |
ц/га |
37,5 |
39,0 |
40,2 |
+1,2 |
103,1 |
|
6 |
Өткізілген өнімнің құны |
Мың теңге |
7309696 |
7793096 |
9449387 |
+1656291 |
121,2 |
|
7 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
Мың теңге |
7040089 |
7419053 |
8671682 |
+1252629 |
116,8 |
|
8 |
Жалпы пайда |
Мың теңге |
269607 |
374043 |
777705 |
+403662 |
2,0 есе |
|
9 |
Рентабельділік деңгейі |
% |
3,8 |
5,0 |
9,0 |
+4,0 |
- |
|
10 |
Өткізілген өнімнің 1 центнерінің құны |
теңге |
3253 |
3392 |
4208 |
+816 |
124,0 |
|
11 |
Өткізілген өнімнің 1 центнерінің өзіндік
құны |
теңге |
3133 |
3229 |
3862 |
+633 |
119,6 |
|
Ескерту – Қызылорда облысы
Статистика басқармасының мәліметтері негізінде
автордың есептеуі |
|||||||
Кесте
деректерінен көріп отырғанымыздай Қызылорда облысы бойынша
күріштің егістік алқабы 2014 жылмен салыстырғанда 2015
жылы 2999 га – ға, яғни 3,6 пайызға, күріштің
жиналған алқабы 4842,9 га-ға, яғни 6,5 пайызға,
өндірілген өнім көлемі 280224,2 центнерге, яғни 9,7
пайызға, жалпы пайда 2 есеге, рентабелділік деңгейі 2,0 есеге
өскенін байқаймыз. Күріш өнімі бойынша пайданың
өсу себебі әрбір гектардан алынатын орташа өнімділік
өткен жылға қарағанда өскен. 3 кестеде
Қызылорда облысының аудандарында жиналған өнім
көлемі және әр ектардан орта өнім қанша
және ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы өнім
көлемі туралы талдау берілен.
Кесте 3 -
Қызылорда облысының аудандар бойынша 2014-2015 жылдары күріш
өндіру көрсеткіштері
|
Аудандар |
2014 жыл |
2015 жыл |
||||
|
Жиналған егіс алқабы, га |
Орташа өнім, ц/га |
Жалпы өнім, ц |
Жиналған егіс алқабы, га |
Орташа өнім, ц/га |
Жалпы өнім, ц |
|
|
Қызылорда
облысы барлығы |
73953,4 |
39,0 |
2886831,1 |
78796,3 |
40,2 |
3167055,3 |
|
Қызылорда
қаласы |
2377,0 |
35,2 |
83788,0 |
2910,0 |
40,0 |
116501,0 |
|
Жалағаш
ауданы |
18213,0 |
41,2 |
750213,6 |
19901,1 |
43,6 |
867819,3 |
|
Жаңақорған
ауданы |
8226,4 |
34,1 |
280725,1 |
7946,5 |
33,9 |
269699,9 |
|
Қазалы
ауданы |
7330,0 |
37,3 |
273160,0 |
6960,0 |
33,5 |
232983,0 |
|
Қармақшы
ауданы |
12309,0 |
39,1 |
481447,0 |
13143,0 |
38,8 |
509892,0 |
|
Сырдария
ауданы |
17920,0 |
40,6 |
727647,4 |
19335,7 |
44,0 |
850982,9 |
|
Шиелі
ауданы |
7578,0 |
38,2 |
289850,0 |
8600,0 |
37,1 |
319177,3 |
|
Ескерту –
Қызылорда облысы Статистика басқармасының мәліметтері
негізінде автордың есептеуі |
||||||
2014 жылды 2015 жылмен салыстырғанда күріш
өнімінің жиналған гектар көлемі 4842,9 га
ұлғайып отыр. Орта өнім 1,2 ц/га өскенін
байқаймыз, сонымен жалпы өнім облыс бойынша 280224,2 центнерге ұлғайғандығы
анықталды. Аудандар бойынша Жалағаш ауданы көш бастап
тұр 19901,1га - ға күріш дақылы егіліп, орта
өнім 43,6 ц/га құрап отыр. Ал жалпы өнімнің
алынған көлемі бойынша Жалағаш ауданы тағы да алда яғни
867819,3 ц күріш өнімін жинап, жоғарғы
көрсеткішке ие болып отыр.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы 2010-2014//
Статистикалық жинақ. 2015 жыл.
2 Азретбергенова Г.Ж. «Аграрлық сектордағы
маркетинг қызметі». Ізденістер, нәтижелер-Алматы, Қазақ
Ұлттық университеті, 2010 ж.
3 Смағулов А.Қ., Сағындықов
Қ.А., Төреханов А.Ә. «Ауыл шаруашылық
өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау», Алматы, 2009 ж