Өндірістік
инфрақұрылым ретінде ауыл шаруашылығын
материалды-техникалық Жабдықтау
Өтегенова К.А.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға
оқытушысы, э.ғ.к.
Кулманова С.С. Қорқыт Ата атындағы
ҚМУ-нің магистранты
Әлеуметтік
- экономикалық тұрғыдан алғанда, ауыл
шаруашылығының материалдық - техникалық дамуының
ең басты міндеті – халықты азық-түлікпен, ал
өнеркәсіпті шикізатпен, сондай-ақ, ауылдық
аумақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуын
қамтамасыз ету.
Арнайы
экономикалық тетіктерімен реттелетін нарықтық экономикада
елдегі агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму
қарқыны аграрлық сектордың қалыптасуының
негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын өндірістік
инфрақұрылымға тәуелді.
Өндірістік
инфрақұрылымның және оның әлеуметтік,
институционалдық, ақпараттық және экологиялық
салалардағы түрлерінің дамуы материалдық
өндірістің экономикалық қарым қатынастарында
ерекше орын алады [1].
Тұтас
экономиканың органикалық бір бөлігі ретінде өндірістік
инфрақұрылым негізгі өндірістің қалыпты
жұмысын қамтамасыз етуші жүйе.
Өндірістік
инфрақұрылымның құрылымдық
ұйымдастырылуы функционалдық салада кеңістік,
ұйымдастыру-басқарушылық, кезеңдік, әлеуметтік
байланыстар түрінде беріледі. Оның элементтерінің көп
жақты сипатын ескере отырып, оны келесі белгілер бойынша жіктеледі:
инфрақұрыдым субъектілеріндегі өндіріс
құралдарының меншік формалары, қалыптасу этаптары,
уақыт немесе маусым факторы, өндірістік инфрақұрылым
субъектілерінің тұтыну деңгейіне байланысты тағайындалуы,
өндірістің әр түрлі кезеңіндегі қызметі,
өндірістік қызметке деген сұраныс пен ұсыныстың
ауқымы.
Өндірістік
инфрақұрылымның құрылымдық
ұйымдастырылуының даму эволюциясын талдау барысында
материалдық-техникалық қамсыздандырылу ерекше орын алатыны
айқын.
Материалдық-техникалық
қамсыздандыру - бұл субъективті-объективті құрылымы бар
объективті экономикалық қарым - қатынастар.
Материалдық-техникалық қамсыздандырудың
субъективті-объективті құрылымы – бұл мақсаттары мен
қызығушылығы бір бағытқа
бағытталаған, материалдық-техникалық
қамсыздандырылу объектілерінің қозғалысының сипаты
мен формаларының жиынтығы. Өз кезегінде
материалдық-техникалық қамсыздандыру субъектілерін
қызығушылығы бір объектіге бағытталған
заңды және жеке тұлға ретінде айқындауға
болады. Материалдық-техникалық қамсыздандыру объектілеріне
өндірістің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуші
өндіріс және ұқсату шарттары,
тауарөндірушілердің (сатып алушылар) қызметтері мен
бейімділігі жатады.
Экономикалық
даму жағдайында өндіріс саласы мен инфрақұрылымына,
оның ішінде материалдық-техникалық
қамсыздандыруға елеулі әсер ететін факторлар,
құбылыстар және үдерістер туындайды:
-
еңбек заты
мен құралдарының жаңа конструкциялық
қағидаларға сәйкес сапалы өзгеруі;
-
шығарылатын
және пайдаланылатын өнім түрлерінің технологиялық
жағынан түбегейлі конструкциялық жаңартылуы;
-
ғылыми
техникалық прогресстің жоғары деңгейі жағдайында
халық шаруашылығының әр түрлі салаларымен
шығарылатын өнім номенклатурасының интенсивті артуы себбінен мамандану мен
қоғамдық еңбек бөлінісіндегі
қиыншылықтар туғызады;
-
өндірістік
және жеке тұтынушыға арналып шығарылатын өнім
номенклатурасының кеңеюі өндірістік үдеріске тартылатын
материалдық ресурстар мен жабдықтардың типтерінің,
сұрыптарының және көлемдерінің санының одан
әрі артуына әкеледі;
-
бір мезгілде
машиналар, жабдықтар және техникалық
құралдардың жаңа типтерінің пайда болуы,
моральдық ескірген өнімдердің кейбір түрлерін
өндірістен алып тастауды қажет етеді;
-
ресурстарды тиімсіз
пайдалану нәтижесінде ертерек қаржыландырылған шикізаттар мен
материалдардың кейбір түрлеріне қажеттіліктің болмай
қалуынан, жаңа типті өнімдер шығаруда бірқатар
қиындықтар туындайды.
Кәсіпорындар
мен бірлесіктерді материалдық-техникалық жабдықтармен,
шикізатпен, отынмен және басқа да ресурстармен
қамсыздандыруды жетілдірудің отандық мүмкіндіктерін
зерттеуде бұл үдеріс басқа салалардың
инфрақұрылымдарымен салыстырғанда кеш дамығаны
байқалады [2].
Жалпы
одақтық қамсыздандыру жүйесінің
қалыптастырылуы нәтижесінде жаңа дәуір басталды. Сол
кезеңнің өзінде, материалдық-техникалық
қамсыздандыру қызметінің халық шаруашылығын
реттеуші тетік ретінде ерекше ролі бағаланды. Өндіріс
қарқынының артуы инфрақұрылымның даму
қарқынына сәйкес келуі қажет, басқа
салаларға қарағанада салалық
инфрақұрылымдық қамсыздандыру мен негізгі өндіріс
деңгейінің сәйкестігі дамуға әкелетін ең
дұрыс жол болып есептеледі. Аумақтың кешенді дамуына
қажетті аймақтық жоспарлар жасалғанда өндірістік
және әлеуметтік инфрақұрылымға, салааралық
өндірісті дамытуға көп көңіл бөлінген.
Инфрақұрылым
салаларының артта қалып қоюы біріншіден,
материалдық-техникалық қамсыздандырылудан, қормен
жарақтану деңгейінің төмендігінен, басқару
үдерісін компьютерлермен қамтамасыз етудің
төмендігінен, түсіру-тиеу және қойма ішілік
операциялардың механизациялануы мен автоматизациялануынан,
сәйкесінше қол еңбегі үлесінің артуынан,
яғни инфрақұрылымдық саладағы инвестициялық
саясатқа, сонымен қатар құрылыс қарқыны мен
көлік шаруашылығына тікелей тәуелді.
Талдаулар
көрсеткендей, өндірістік инфрақұрылым тарихи және
логикалық сабақтастығы жөнінен экономикалық
жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады және
өзінің маңызы жағынан өндіріс әдісіне
тәуелсіз бола отырып, экономканың органикалық бөлшегі
ретінде тауарлық өндірістің таихи дамуы нәтижесінде
және нарықтық шаруашылықтың сәйкес
эволюциясында қалыптасқан өндірістік капитал. (кесте 1) .
1
кестеде тауарлық өндіріс
дамуындағы материалдық – техникалық қамсыздандыру
түсінігінің өзгеруі берілген. Түсініктің
қалыптасуыны және нарық жағдайындағы ауыл
шаруашылығы тауарлық өндірісіндегі материалдық –
техникалық қамсыздандыру қызметінің уақытқа
байланысты өзгерістері қарастырылған.
Кесте 1 –
«Материалдық-техникалық қамсыздандыру»
түсінігінің эволюциялық өзгеруі
|
Баптар |
Уақыт
аралығыындағы өзгерісі |
Қызмет
қатынасының өзгерісі |
|
|
Өткен
мерзім |
Ағымдағы
мерзім |
||
|
Тұтынушыға
ұсыныс
|
Бұйым материал
түрінде
|
Бұйым запас
бөлшектермен және қажетті тауарлармен |
Жабдықты эксплуатациялауға кепіл бере отырып келісім шарт жасау |
|
Сату |
данамен |
Жүйелік,
материалдық компоненттер негізінде |
Жабдықты
эксплуатациялау барысында орналасуына, бұйым санына, орындалу
уақытына байланысты ақы төлеу. |
|
Бәсегеге
қабілетті артықшылығы |
Эстетикалық
артықшы-лығы
|
Техникалық
артықшылығы
|
Жабдықтың
барлық пайдалы функцияларды орындауға байланысты
міндеттемелері |
|
Инвестициялық
қаржылар айналым ұзақтығы |
Жоғары |
Ұзақ |
Инвестициялық
қаржылардан ұзақ уақыт және тұрақты
табыс табу |
|
Қызмет |
Елеусіз
көлемді, жергілікті нарыққа жанама әсер ету |
Елеулі қызмет,
табысқа тікелей әсер ету |
Жұмыс жасау шарты
ретінде қызмет ету |
|
Нарық көлемі |
Жергілікті нарықта
өткізу |
Ұлттық
нарықта өткізу |
Интеграцияланған
байланыс арқылы өткізу |
|
Өткізу кезеңдері
саны |
Өткізудің бірнеше
этаптары
|
Көп этапты және
үздіксіз өткізу |
|
|
Стратегия
|
Сауда-саттық стратегиясы,
басты бағыт маркетинг |
Әріптестік
қарым-қатынасына құрылған стратегия |
|
Материалдық
– техникалық қамсыздандырудың заманауи даму этапының
арнайы белгілері: интернационалдық сипат, қызмет көрсету
кеңістігін ұлғайтуға ҒТП-тің әсері,
қарым –қатынастардың сапалы ауысуы және т.б.
Ауыл
шаруашылығында техникаларды тиімді пайдалану үдерісіне
саланың өндірістік және табиғи-маусымдық
ерекшеліктері, машиналар, жабдықтар, запас бөлшектер, тауарлар
және т.б. жеткізудегі қиындықтар, аграрлық
өндірістің аумақтық алшақтықтары,
жұмыс көлемінің көптігі, сонымен қатар, ауыл
шаруашылығы машиналарының эксплуатациялық пайдалану
ұзақтығын анықтайтын ішкі және сыртқы
факторлардың алуан түрлілігі әсер етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1 Материалы
международной научно-практической конференции «Машиностроение в условиях
рыночной экономики. Проблемы и перспективы». – Тараз,
2009-37 с.
2 Организация
материально-технического снабжения АПК в США и Канаде. - М М.:
АгроНИИТЭИИТО, 2011-36 с.