Ерниязова Жанат Нурахметовна

э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а

Турекеев Рахман Варленович

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының магистранты

 

Аймақта көлік инфрақұрылымының даму жағдайын талдау

 

Көліктік инфраструктура көбінесе автоколік, темір жол, су жолдары оңтүстік батыстан солтүстікке қарай көліктік магистралі құрайды.

Аймақ арқылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі өтеді. Осы дәліз арқылы Қытай, Өңтүстік Азия елдерімен, батыста Ресей мен әрі қарай шығыс және Батыс Еуропамен байланыс жасалады. 

Осы магистральдың бойында елді мекендердің 85%, аймақ халқының 90% орналасқан.

Аумақта 2013 жылы өңірлік өнімнің құрамы 2-ші орында тау кең онеркәсібінен кейін 10,7% құрайды. Салада облыстың жұмыспен халықтың 9,9% қамтылған. Облыстың транспорттық саласы темір жол жүйесінен 1055 шақырым, автомобиль жолдарының ұзындығ 3354 шақырым. Қалада 1 халықаралық «Коркыт Ата» аэропорты орналасқан. 

Аэропорт 1 сағатта 150 жолаушы қабылдауға мүмкіндігі бар. Салынып жатқан терминалдық жобасы 250 жолаушы қабылдауға арналған/қарбаластық сәттерде 500 жолаушы. 

Жолаушылар айналымы соңғы үш жылда 14,3% артып отыр, жүк айналымы 8,2% қысқарған. Автокөлік жолаушылар тасымалдаудың негізгі түрі болып саналады, жүк айналымының негізгі түрі темір жол саласы. Әуе арқылы тасымалдау үлесі оншалықты көп емес.

Автокөлік жолдары

 

1 кесте. Қызылорда облысының 2012-2014 жылдарға арналған автокөлік инфрақұрылымының көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014жыл

Автомобиль жолдарының облыстық және аудандық маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі

%

 

шақырым

60%

 

1347

54%

 

1212

57%

 

1279

Автокөліктің жүк тасымалдау айналымы

млн. тонн/ шақырым

13 791,8

14 106,5

14 107,0

Автокөліктің жолаушылар айналымы

млн. тонн/ шақырым

4 078,2

4 594,5

5 142,5

Облыс орталығына дейін жолда жүру орташа уақыты

сағат

3,3

3,3

3,3

 

Қызылорда облысы бойынша ең ұзын 812 шақырым «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомобильдік транзиттік дәлізі өтеді, осы автоколік дәлізімен облыста Ресеймен, Еуропамен және Қытаймен қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік бар. Аталған жол облыстық барлық аудандар арқылы өтеді. Жолға 1 және 2 категория берілген. Осы автожолда 48 көпір 14 көліктік бөлігі, 2 жол байланысы және 336 су өткелдері салынған.

Осы дәліз арқылы облыс Оңтүстікте (Өңтүстік Қазақстан, Жамбыл Алматы облыстарымен). Батыс жақта Қарағандымен (Қызылорда-Жезқазған) және Ақтобе облысымен (Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент) облыстарымен байланыс орнатылған.

Облыстық автомобиль жолдарының ұзындығы 3352 шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызды автомобиль жолдары 1107 шақырым (33%), облыстық маңызы бар жолдар  – 476 шақырым (14,2%), аудандық маңызы бар жолдар – 1769 шақырым (52,8%).

 Автомобиль жолдары республика бойынша 11 орында, оның ішінде қара жол жамылғысымен қапталғаны – 2345 шақырым, қиыршық таспен қапталғаны – 437,5 шақырым және топырақты жол - 569,5 шақырым, осы аталған жолдарда 131 көпір және 3789 су өткізетін құрылымдар орналасқан.

Облыс бойынша жалпы пайдаланатын автомобиль жолдарының тығыздығы 1000 шақырымға 12,3 шақырым. Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш 1000 шақырымға 31,7 шақырым.

Автомобиль жолдарының ең көп тығыздығы Арал ауданында байқалады (1,6 шақырым 1000 шаршы метрге), бірақ автомобиль жолдарының 441 шақырымы қаражолды құрайды, ал ең аз көлемі Шиелі ауданында (0,11 шақырым 1000 шаршы метрге).

 

2 кесте. 2015 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысының автомобиль жолдарының ұзындығы, шақырым

 

№ р

Аудан/қала

Ұзындығы шақырым

оның ішінде:

Асфальт және бетонмен қапталғаны

Қара жол жамылғысымен қапталғаны

Қиыршық таспен қапталғаны

Топырақты жол

 

Аудандық/қалалық маңыздағы автожолдар

 

 

 

 

 

1

Арал ауданы

664,3

 

74

149,1

441,2

2

Қазалы ауданы

402

 

137

184

81

3

Қармақшы ауданы

153,1

 

142

 

11,1

4

Жалағаш ауданы

110,8

 

110,8

 

18

5

Сырдария ауданы

98

 

98

 

12

6

Шиелі ауданы

122

 

75

32

15

7

Жаңақорған ауданы

158,9

 

124,5

22,4

12

8

Қызылорда қаласы

60

13

47

 

5

 

Аудан/қаланың жиыны:

1769,1

13

808,3

387,5

560,3

 

Облыстық маңызы бар автожолдар

476,1

 

430,0

40,1

6

 

Облыс бойынша барлығы:

2245,2

13

1238,4

427,6

566,3

 

Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына облыстық және аудандық (қалалық) маңызы бар автожолдарының ұзындығы 2245,2 шақырым құрады, оның ішінде асфальттік бетонмен қапталғаны - 13 шақырым, қара жол жамылғысымен қапталғаны - 1238,4 шақырым, қиыршық таспен қапталғаны – 427,6 шақырым және 566,3 шақырым топырақты жол.

 

3 кесте. Қызылорда облысының автожолдарының техникалық жағдайы және ұзындығы

 

№ р/с

Аудан/қала

Жергілікті маңызы бар жолдар

Ұзындығы, шақырым

Автожолдардың техникалық жағдайы, %

жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

1

Арал ауданы

664,3

11,0

18,0

71,0

2

Қазалы ауданы

402,0

16,0

35,0

49,0

3

Қармақшы ауданы

153,1

67,0

16,0

17,0

4

Жалағаш ауданы

110,8

52,0

43,0

5,0

5

Сырдария ауданы

98,0

36,0

52,0

12,0

6

Шиелі ауданы

122,0

43,0

36,0

21,0

7

Жаңақорған ауданы

158,9

47,0

40,0

13,0

8

Қызылорда қаласы

60,0

22,0

56,0

22,0

 

Аудан/қаланың жиыны:

1769,1

26,7

29,6

43,6

 

Облыстық маңызы бар автожолдар

476,1

54,0

23,0

23,0

 

Облыс бойынша барлығы

2245,2

32,5

28,2

39,2

 

Арал және Қазалы аудандарындағы елді мекендердің аудан орталықтары мен негізгі көлік коммуникациясынан қашық орналасуы, ондағы автожолдар үлесінің төмен көрсеткішіне себеп болып отырғандығын атап көсерсетуіміз керек. Аталмыш елді мекендердің негізгі табыс көзі балық және мал шаруашлығымен тығыз байланысты болғандықтан тас жолдар төсеудің экономикалық тұрғыдан тиімсіз екендігін ескерген жөн.

Қалған аудандардың елді мекендері автомагистарль мен теміржол бойында орналасуына байланысты автожолдарды қанағаттанарлық жағдайда күтіп ұстауға және жергілікті автожолдар жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.

Аудан орталықтарынан облыс орталығына көліктердің орташа жүру уақыты 3,3 сағатты құрап отыр. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш өзгермеген. 

262 елді мекеннің 212 (80,9%) қоғамдық көлік жүйесімен қамтылған. Қамтылмаған елді мекендер үлесі (19,1%), бұл шалғайдағы халқы аз елді мекендер.

Соңгы үш жылда автожолдарға салынған инвестиция көлемі 27,0 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2012 жылы – 5,0 млрд. теңге, 2013 жылы - 11,0 млрд. теңге, 2014 жылы - 11,0 млрд. теңге.

Қызылорда облысы бойынша 2012-2014 жылдары 865,2 шақырым жол жөнделді, 1 көпір салынып 6 көпір жөндеуден өтті.

 

 

Автомобиль көлігі

Облыстың елді мекендерін байланыстыруда автокөліктер арқылы жолаушылар тасымалдау қоғамдық көліктің негізгі түрі болып саналады.

212 елді мекенді байланыстыратын 215 автобус маршрутының қызметі ұйымдастырылған, оның ішінде 71 - ауданаралық, 106 - ауданішілік және кентішілік, 25 - қалалық, 9 - қала маңына және саяжайларға қатынайтын, 4 - облыс аралық Астана, Алматы, Түркістан және Шымкент қалаларына қатынайтын автобустар.

Елді мекендердегі халық санының аздығына және кейбір елді мекендердің алыс болуына байланысты 11 ауданаралық (қалааралық) автобус маршруттары әлеуметтік қатарға жатқызылып бюджеттен субсидия берілуде. Халқы 100 адамнан асатын елді мекендер толығымен автобус маршаруттарымен қамтылған.

 

4 кесте. Қызылорда облысы бойынша 2012-2014 жылдардағы жолаушылар тасымалдау көрсеткішінің өсу қарқыны, млн. жолаушы/шақырым

 

Көрсеткіш

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Автокөлікпен жолаушылар тасымалдау

4 078,2

4 594,5

5 142,5

 

Меншік түріне қарамастан автотасымалдаушылар 2014 жылы 282,1 млн. жолаушы тасымалданған, өсу қарқыны 2012 жылмен салыстырғанда 21,4% құрайды. Жолаушылар тасымалы айналымы 2014 жылы 5142,5 млн. жолаушы-шақырым құрайды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 26,1% өскен.

Жолаушыларға көрсететін қызметтің сапасын арттыру мақсатында қала автобусы паркін жаңалау жобасы жасалған. Жоба ЕҚДБ-нің қаржыландыруы арқылы екі кезеңде жүзеге асырылады

Жобаны жүзеге асыру барысында Қызылорда қаласында тығыздалған газбен жүретін экологиялық қауіпсіз жаңа автобустар сатып алу, автобустарға арналған газ құю бекеті мен техникалық қызмет көрсету деполарының инфрақұрылымын қалыптастыру, жаңа автобустар мен жеке операторлардың автобустарында жұмыс жасайтын бірізділенген билет сату жүйесін енгізу, қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру көзделген.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. Қазақстан халқына Жолдауы, 2015 жыл.

2 Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы// Қызылорда қаласы, 2015 жыл.

3 Қызылорда облысы әкімінің дағдарысқа қарсы іс – қимыл жоспары. 2016 жыл.