Талапбаева Гульнар Едиловна

э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а

Есетов Ернур Аскерович

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының магистранты

 

Инновациялық құрылымдарды ұйымдастыру негізінде аймақта өнеркәсіп саласының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жолдары

 

 

Инновациялық-технологиялық дамудың және аумақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі кезеңі инновациялық құрылымның нарықтық реформасына және басқару механизміне байлынысты. Аумақтың бәсекеге қабілеттілігінің дамуына: 1)  инновациялық жүйені қалыптастыру; 2) инновацияларды ынталандыру механизмдерін ендіру; 3) инновациялық бизнес-құрылымдарды ендіру ықпал етеді.

Инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор болуы тиіс. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігімен  отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылату мақсатындағы ғылыми қызметтің басымдық белгілеріне қарай жүзеге асырылатын Мемлекеттік инновациялық бағдарлама әзірленді. Еліміздің ғылыми әлеуеті бизнеспен талап етілмеген кезеңде, бағдарламада жыл сайын қолданбалы ғылымға бөлінетін қаржыны арттыру қарастырылып отыр.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның жағдайын бағалай отырып, біз өндіріс факторлары негізіндегі бәсеке және инвестициялар негізіндегі бәсеке кезеңдерінің тоғысуында тұрмыз деп айтуға болады. Дәл қазір басқа кезеңге қарқынды қадам басуға болады. Мемлекет осы кезеңде инвестициялар, тәуекелділікпен байланысты фирмаларды қолдау, шетелдік техниканы сатып алуды ынталандыру, экспортты қолдау бағытында жетекші роль атқарады.

Қызылорда облысында кластерлерді дамыту үшін ауылшаруашылық саласы ерекше тартымдылыққа ие. ҚР Үкіметінің 02.06.2005ж. № 550 Қаулысына сәйкес 220 гектар жерде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Оның мақсаты: ауылшаруашылғы оның ішінде күріш өнімін өндіруді дамыту; дайын бұйымдарды өндіру; жоғары сапалы дайын өнімді шығару үшін әлемдік сауда маркаларын өндірушілерді тарту; жоғарытехнологиялық өндірістерді құру; жоғары өнімділікті күріш сорттарын кеңейту; серіктестікті дамыту және халықаралық интеграцияны кеңейту; бірлескен кәсіпорындарды құру.

Күріш әлемдегі негізгі және маңызды дақылдардың бірі. Ол өнімдік және тағамдық құндылығы  жоғары болғандықтан  кең түрде егіледі. Егілген бидайдың – 60 %,  жүгерінің – 25 %, ал күріштің  - 85 %  азық–түлік ретінде пайдаланылады. Нарықтық экономикада өндірілген өнімнің сапасына халықаралық стандарттар деңгейінде талап  қойылып отыр. Қазақстан Бүкіл Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болып енген кезде бұл мәселенің маңызы арта түспек.  Күрішті өсіру мен өңдеудің келешегі нарықтағы тауарлар бәсекелестігіне тікелей байланысты. Тауардың бәсекеге төтеп беру қабілеттілігі екі көрсеткішпен сипатталады: баға деңгейіне және өнім сапасына.

Облыстың инновациялық дамуының алғы шарты ретінде төмендегі факторлардың қалыптасуын айтуға болады: өнеркәсіп және баламалы энергетика салаларының дамуы үшін, өңдеу өнеркәсібінің дамуы арқасында облыс экономикасын әртараптанудың стратегиясының қалыптасуы, ең алдымен металлургия, құрылыс материалдарының өндірісі, агроөнеркәсіптік кешен, бай пайдалы қазбалардың кен орындары, табиғи- климаттық жағдайлардың болуы, ірі өндірістік кәсіпорындардың болуы, жетілген технологиялық дамудың болуы (кесте -1).

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары:

Инвестиция саласында:

экономиканың басым секторларында  «зәкірлі инвесторлармен» (ТМК, машинажасау, құрылыс материалдарының өндірісі, химия және АӨК) бірлескен кәсіпорындар құру жолымен аймақ үшін басым секторларына инвестицияларды тартуды ынталандыру;

Қызылорда қаласы мен аудандардың өндірістік аймақтарын дамыту, олардың жұмысына талдау жасау мен өндірістік аймақтың менеджмент сапасын арттыру;

өңірде МЖӘ дамыту, МЖӘ дамытудың республикалық орталығымен байланыстарды нығайту (өңірдің концессиялық ұсыныстарын әзірлеу);

«Байқоңыр» инвестициялық форумының тиімділігін арттыру, форум қызметі аясындағы өңірдің инновациялық жобаларының көрмесін және тілдесу алаңын ұйымдастыру;

«Байқоңыр» ӘКК жанындағы инвесторларға қызмет көрсету Орталығын ұйымдастыру мен кадрлық жағынан дамыту;

институттардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу;

инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;

Облыс бойынша инновация саласының көрсеткіштерінің өсуін қамтамассыз етуді келесідей инновациялық жобаларды бастау мен пайдалануға беру:

2017 жылы Қызылорда қаласында жылына қуаттылығы 197,1 мың тонна шыны шығаратын шыны зауыты (өнім: жазықтықтау, қаптау, электр қуатын үнемдейтін, әйнекті, шыныны оқшаулау) және жылына қуаттылығы 1,0 млн. тонна тампонажды цемент шығаратын ЖШС ««DanAKE Корпорациясы»  зауыты, негізгі тұтынушылар: мұнай және уран өндірісі;

2018 жылы жылына қуаттылығы 200,0 мың тонна шығаратын кальцийленген сода шығаратын ЖШС  «Арал тұз» зауыт жәнеАқшабұлақ кенішіндегі «Кристалл менеджмент» ЖШС-нің қуаттылығы 37 мВт немесе  287 млн. кВт/сағат газтурбиналық электр стансасын ұлғайту;

 

Кесте 1

Өңір экономикасының басым секторы үшін инвестициялар тартуды ынталандыру және технологиялық инновацияларды дамыту

 

р/с

Нысаналы индикаторлар

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

нақты

нақты

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны, %

-

100,0

127,0

150,3

159,1

165,2

189,6

2

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі, %

34,9

17,0

18,5

34,0

36,0

38,0

40,0

3

Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда), %

-

100,0

114,6

153,6

214,3

254,5

285,9

4

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі, %

10,1

12,0

13,0

14,0

18,0

20,0

22,0

5

Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту, %

0,36

0,42

0,52

0,62

1,2

2,2

2,7

6

Әзірленген құжаттар және олар бойынша жарияланған конкурс бойынша оң қорытынды алған МЖӘ жобаларының санын арттыру*

 

 

5

5

5

-

-

Ескерту - Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасынан құрастырылды

2019 жылы жаңартылатын энергия көзі жобалары бойынша: Жаңақорған ауданындағы ЖШС «ЮжШахтоСтрой» қуаты жылына 75 мВт болатын жел электр стансасы және ЖШС «Глобал энерджи» жел қуатымен пайдаланатын парк жобасы мен Қармақшы ауданындағы ЖШС «КМНПЗ» полипропилен өндіру зауыты;

2020 жылы ванадии өндіру бойынша ЖШС «Балауса Фирмасы».

Инновациялар саласында:

ИИДМБ 2 бағдарламасы аясында инновациялық жобаларды іске асыру;

университеттер мен инновацияның индустриялық орталықтарының арасындағы байланыстарды кеңейту;

технологиялар трансферті арқылы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

ШОБ-терде технологиялық инновацияларды дамыту;

ҒЗТҚӘ-ді жүйелі түрде пайдалануда өнертапқыштықты оңтайландыру мен ынталандыру;

инновациялық кәсіпкерлік саласына жеке инвесторларды тарту;

инновациялық жұмыстардың мән-мағынасын көпшілікке таныту және мүдделі тараптарға  түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

технологиялар трансфертіне мемлекеттік ықпалдастық көрсету мақсатында өнеркәсіптің басым секторларының ірі және орта кәсіпорындарда  пайдаланылатын технологиялар бойынша деректер қорын құру, озық тәжірибені тарату мақсатында аймақтағы жаңашылдар мен өнертапқыштардың деректер қорын қалыптастыру;

-емлекеттік-жеке әріптестік тетігі арқылы жобаларды жүзеге асыру.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Сабден О. Основные направления повышения конкурентоспособности экономики Казахстана // Повышения конкурентоспособности национальной экономики в условиях глобализации: проблемы, приоритеты, пути решения.  Алматы. - 2008. – С.11-19.

2 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 10 тамыз 2014 жыл.

3 Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы// Қызылорда қаласы, 2015 жыл.

4 Қызылорда облысы әкімінің дағдарысқа қарсы іс – қимыл жоспары. 2016 жыл.