Талапбаева Гульнар Едиловна

э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а

 

Құлжан Айсұлу Жанаманқызы

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының магистранты

 

Құрылыс кәсіпорынның материалдық ресурстарының түсінігі мен маңызы

 

 

Құрылыс – халық шаруашылығы саласындағы материалды көп қажет ететін салалардың бірі болып саналады. Құрылыс монтаждық жұмыстардың сметалық бағасының 50℅ - ын материалдар шығыны құрайды. Құрылыс материалдары мен конструкцияларының өзіндік құны келесі шығындардан тұрады; шикізатқа жұмсалатын шығын; зауытқа дейін және ішінара зауыттық тасымалдауға кететін шығындар; отын және электрэнергия шығындары; басқа да энергетикалық шығындар; кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы; жалпы цех шығындары; тағы басқаларды жатқызуға болады.

Барлық технологиялық процестің басты элементі – шикізат. Ол өнеркәсіптік өнім өндірісінде қолданылатын табиғи және синтетикалық жаратылған заттар.

Шикізат, материал, отын және энергия кәсіпорынның қалыпты жұмыс атқаруы мен жалпы мемлекет экономикасының негізі болып табылады. Мәселен жапония үшін шикізат пен отын – энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету – ең маңызды, бірінші кезектегі мәселе, өйткені Жапонияда шикізат пен отын – энергетикалық ресурстар жеткіліксіз. Шын мәнісінде Жапониядағы барлық қайта өңдеу өнеркәсіптері сырттан келетін шикізат пен отын негізінде жұмыс жасайды. Егерде қандай да бір себептің негізінен Жапонияға шикізат пен отын – энергетикалық ресурстар тоқтатылатын болса, ол Жапония экономикасы үшін – апат. Осының салдарынан болар, жапондық тауарлар әлемдік нарықта анағұрлым сапалы және бәсекеге қабілетті, ал мемлекеттің өзі дайын және ғылыми сыйымдылықты өнім шығару жағынан қуатты экспорттық әлеуетті болып келеді. Бұл процесс оның үздіксіз шикізат пен отын – энергетикалық ресурстарды қажетті көлемде сатып алуына мүмкіндік береді.

Ресей бұл жағынан алғанда әлдеқайда ұтымды жағдайда. Оның иелігінде шикізат пен отын – энергетикалық ресурстар қоры көп, сондықтан да олар тек қана ішкі қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, оның бір бөлігін экспортқа шығарып та отырады.

Қазақстанға келетін болсақ, ол қуатты жылу – энергетикалық кешенге ие. Жылу энергетикалық кешен дегеніміз отын – энергетикалық ресурстар қазып алумен алғашқы өңдеуді қамтамасыз ететін, оларды қайта түрлендіретін және тұтынушыларға қажетті пайдалану формасында жеткізетін кәсіпорындар, құрылғылар жиынтығы [1].

Сондықтан, материалдық ресурстар - өндіріс процесінде қолданылатын еңбек құралдары, яғни негізгі және көмекші материалдар, жартылай фабрикаттар және қосалқы бұйымдар, технологиялық қажеттілікті қанағаттандыратын отын мен энергия.

Материалдық ресурстардың мәнін, құрамы мен жіктелуін анықтау үшін, алдымен оны оңтайлы және тиімді пайдаланудың өзекті проблемаларын айқындайтын бірқатар теориялық және әдістемелік аспектісін қарастырайық.

Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты әртүрлі бұйымдар, конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ол бұйымдар, конструкциялар құрылыста қолдану шартына сай алуан түрлі болады. Мысалы, көп қабатты үй салу үшін мынадай бұйымдар, конструкциялар пайдаланылады: фундамент, баған, арқалық, қабатаралық және төбелік жабындар, сыртқы және бөлмеаралық қабырғалар. Үй құрылысында бұлардан басқа жылу – дыбыс- ылғал өткізбейтін бұйымдар да қолданылады. Құрылыста пайдаланылатын орнына, атқаратын міндетіне байланысты құрылыс материалдары екі топқа бөлінеді (сурет -1).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1. Құрылыстағы материалдық ресурстарды топтау

Бірінші топқа үйлерге немесе басқа ғимараттарға түсетін күшке төтеп бере алатын конструкцияларда қолданылатын конструкциялар деп аталатын материалдар жатады. Олар:

1) Табиғи тас материалдар;

2) Минералды шикізаттарды термиялық әдіспен өңдеу арқылы алынатын материалдар – керамикалық бұйымдар, шыны ситалдар, байланыстырғыш заттар, металдар;

3) Минералды байланыстырғыш заттардың негізінде дайындалатын материалдар – бетондар, темірбетондар, құрылыс ертінділері, автоклавта өндірілетін бұйымдар;

4) органикалық материалдар – ағаш материалдар, органикалық байланыстырғыш заттар, полимерлер;

5) композициялық материалдар – асбесцемент, бетонополимер, шыныпластик.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 2. Құрылыс материалдарын жүргізуде материалдық ресурстардың сыныптамасы

 

Екінші топта арнаулы міндет атқаратын конструкцияларда (бұйымдарда пайдаланылатын «арнаулы орындарда қолданылатын» материалдар жатады). Бұлар бұйымдардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту, үйдің ішін комфортты, ал сыртын көрнекті ету мақсатымен және конструкцияларды зиян келтіретін ортадан қорғау үшін қолданылады. Оларға:

1) Жылу өткізбейтін жылуизоляциялық материалдар (шыныдан істелінген мақта, ағашталшықты – тақтайшалар, арболит, т.б);

2) Дыбыс өткізбейтін материалдар (тесіктелген-перфорацияланған ағаш жоңқалы тақталар, акмирган, фибролит);

3) Тыстағыш (өңдегіш) материалдар (табиғи тастардан істелген үйдәі ішін, сыртын әшекейлейтін, оларға өң беретін мәрмәр, гранит тақталар және жасанда материалдар – керамикалық тақталар т.б.);

4) корозияға төзімді материалдар (сырлар, лактар, бояулар, метал бұйымдарының бетіне тысталатын, қондырылатын заттар);

5) Төбе конструкцияларын жабатын су, ауа өткізбейтін гидроизоляциялық және герметикалық (саңылаусыздандырғыш) материалдар (рубероид, толь, мастикалар, герметиктер);

6) отқа төзімді кірпіштер (динас, шамот т.б);

7) радиоактивтік сәулеге төзімді материалдар (ауыр толтырғыштар – барит, металл жоңқалары, т.б негізінде дайындалған өте ауыр бетондар).

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. Қазақстан халқына Жолдауы, 2015 жыл.

2 Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы, 20 мамыр 2015 жыл, Астана.

3 Овсяннникова Т.Ю. Экономика строительного комплекса. учеб.пособие/ Т.Ю.Овсяникова. – Томск: Изд-во ТГАСУ, 2007.

4 Ткаченко В.Я. Экономика строительства / В.Я.Ткаченко, А.И.Щербаков: учеб. пособие. – Новосибирск: СГУПС, 2008.