ИСТОРИЯ. Этнография. 

Абділдаұлы   Алем ЖТФ 1 курс білімгері

Ғылыми жетекшісі: Аужанова Н.Б.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Казахстан

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ КЕЙБІР  САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

Қазақ халқы ежелден бері өзінің ұлттық салт-санасына байланысты көтеген әдет-ғұрыптар мен ұлттық дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап келеді. Себебі әр халықтың ұлттық құндылықтары бар. Олар бір-бірімен байланысты. Ал Ана тілі сол ұлттық құндылықтарды сақтаушы әрі ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші. Қазақ халқының салт-дәстүрлері ежелгі діни наным-сенімдермен байланысты. Адам бұл кең әлемнің есігін ашқаннан бастап дүниеден озғанша өмір бойы салт-дәстүрлерді сақтап келеді. Соның бірі, адам ең алғаш дүниеге келгенде орындалатын біздің дәстүріміз – азан шақыру.

«Азан шақыру» – ат қою. Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ата-анасы балаға есім береді. Кейде баланың атын «азан шақырып» молда қоятын болған. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың ... (баланың аты айтылады)», ­ деп 3 рет қайталап айтады.

Ат таңдаған кезде түрлі ырымдар, түсініктер, тілектер ескеріледі. Әр бір ата-ана баланың есімі әдемі, құлаққа жағымды әрі көркем болғанын қалайды.

Шілдехана. Шілдехана  ­ жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Қуанышқа толы туған-туыстар мен жақын адамдар шілдеханаға келгенде ата-ананың қуанышымен бөлісіп игі тілектер айтды. Олар шілдеханаға арнайы шақырумен де шақырусыз да келе береді. Бұл тойда «Балаңыздың бауы берік болсын!» деген құттықтау айтылады. Шілдехана – баланы жын-шайтаннан қорғап,күзетуден пайда болған дәстүр деп саналады. Сондықтан кейде шілдехананы «шілдекүзет» деп те атайды.

Бесікке салу. Шілдехана өткеннен кейін баланың ата-анасы бесік тойын жасаған.  Ағаштан жасалып, ұлттық нақыштармен өрнектелген бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, қадірлі ауыл үлкендері әкеліп,сыйға тартқан. Оның себебі – сәби де кейін сондай құрметті,көп балалы азамат болсын деген http://static.islam.kz/uploads/images/cU8/MW6/zBwWUElo9Igf3tpI-lg.jpgтілекке байланысты. Баланы бесікке салу рәсімі бесікті сыйға тарқан анаға тапсырылады.

Ең алдымен бесікке салушы бесіктің өзін жын-шайтаннан қуу үшін, түрлі иістерден арылу үшін отпен аластайды. От ежелден бері жын-шайтандардан, жаман ниеттен қорғаушы күш болып есептеледі. Содан кейін көрпешелер мен жастықтарды бесікке байыптап салады. Тілектерін айта отырып баланы бесікке салып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Бұның себебі – бала  бесіктен құлап қалмас үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бесіктің үстіне бала халықшыл,бауырмал болсын деп тон немесе шапан жабады. Ат жалын тартып мінетін,елін қорғайтын азамат болсын деп қамшы ілген. Тіл-көзден сақтау үшін тұмар тағады,қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды. Тойға келгендер шашу шашып, балаға ақ батасын берген.

Қырқынан шығару. Бала туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Оғанға дейін баланы бөтен көзден сақтап,далаға шығармаған. Қырық күн өткеннен кейін баланың өмірінде жаңа кезең басталады деп есептелген. Қазақ ұғымында қырық саны – қасиетті сандардың бірі.  Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге,сақиналар салынған суға шомылдырады. Кейде бала өскенде бай болсын деп қойдың кепкен құмалақтарын да салған. Әйелдердің үлкені:  «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам бекісін» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп,киімнің иығына байлайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді.

Бала қырқынан шыққанға дейін киген жейдесіне тәттілерді түйіп,иттің мойнына байлап қоя береді. Сондықтан жейдені «итжейде» деп атаған. Балалар итті қуып жетіп, тәттілерді бөліседі.

http://kaztv.old3.kaztrk.kz/images/pages/dc4a1ba055f2218164f66683a5264c1d.jpgТұсау кесу. Тұсау кесу – сәби қаз тұрғанна кейін,яғни екі аяғына тұрғаннан кейін тез,жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін,болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен немесе шөптен өрілген жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Ала жіппен тұсаудың негізінде «Бала болашақта ешкімнің ала жібін ататмасын!» деген тілек бар.  Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған,  әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала болашақта осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім. Тұсау кесуші әдетте өткір пышқпен немесе қайшымен жіпті кеседі. Тұсау кескен адамға ата-анасы арнайы сыйлық берген. Тұсауы кесілген баланы екі адам екі қолынан ұстап тез жүгіртеді.

Атқа мінгізу. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі – 3-4 жасқа келгенде ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай жасалған. Ашамайдың алды-артында биік сүйеніш болған.Ашамайды жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізеді. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды жетектеп жүреді. Осындан кейін ауылды айналдыра жүріп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізіп,баталарын алады. Әйелдер баланы атқа мінгізу құрметіне шашу шашқан.

Тоқым қағу. Өзінің атын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде баланың ата-анасы мал сойып, ауыл адамдарын «тоқымқағар» тойына шақырған. Тойда бата беріліп, игі тілектер айтылады.

Сүндет той. Сүндетке отырғызу араб елдерінен шығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3, 5, 7 жасында отырғызады. Бұл салт «сүндет той» деп аталды.Сүндетке отырған балаға көрімдік беріп,шашу шашылған.  Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз саналып, балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырған.

Тілашар. Бала жеті жасқа толған соң, ата-анасы медресе не мектепке оқуға апарған.Баланың оқуға баруы – үлкен қуаныш, сондықтан ата-анасы «тілашар» тойын жасаған. Тойға келген адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып,шашу шашқан.

Сәлемдесу. Сәлемдесу – амандықтың білісудегі әдеп жолы. Халқымыздың амандасу әдебі ғасырлар бойы қалыптасқан. Құран және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистері бойынша да адамдардың бір-бірінен амандық сұрасып, сәлемдесуі игі іс болып саналады. Қазақ халқының сәлемдесу дәстүрін ХVIII ғасырда елімізде болған ағылшын саяхатшысы әрі суретшісі Джон Кэстл өзінің күнделігінде баяндайды. Қонаққа келген адамдарға ең бірінші болып сәлемдесуге үй иелері мен жақын туыстары келген.

Өсиет айту.  Өсиет – белгілі бір адамның жасы жеткенде немесе жан тәсілім алдында  кейінгі ұрпақтарына, туған-туыстарына айтқан ақылы,кеңесі,өтініші я соңғы тапсырмасы. Дәстүр бойынша,кейінгі адамдар айтылған өсиетті бұлжытпай орындауға тиіс.

Ас беру. Қазақ халқының ежелден келе жатқан үлкен тойы – ас беру. Бұл – дүниеден өткен адамдардың жылы толғанда оған жасалатын ақырғы зор құрмет және ұлы жиын, бас қосу. Аста жеңімпаздарға зор бәйге тігіледі. Көптеген қонақтарды күтіп,елдің бірлігін нығайтады.   Осылайша қазақтың салт-дәстүрлерін  адам өмір бойы сақтап жүреді. Жоғарыда айтып өткенімдей, адам дүниеге келгеннен бастап дүниеден қайтқанша салт-дәстүрлерге сәйкес адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Жан дүниесін байытып, ұлттық салт-сананы жадында сақтауға үйренеді.  Бұдан да бөлек қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрлері өте көп. Оларды зерттеп, түп негізін анықтау, кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз деп білемін!

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Арғынбаев. Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. – Алматы: Қайнар, 2005. ­ – 216 б.

2.     Аужанова Н.Б. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрыптары. Монография. – Алматы: ТОО «Дайыр Баспа», 2013.  – 362 б.

3.                интернет-журнал http://www.m-oda.ru/.