Диалогтік оқыту тірбие жұмысында

 

Аубакирова Гульнара Аблаевна

 

                    

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Елімізде жүріп жатқан орта білім беру жүйесін реформалау ісі мектептегі тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттігін туғызып отыр. Қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай неғұрлым күрделене түскен сайын, соғұрльш мектеп оқушыларының да өсіп, жетілуінде толып жатқан кедергілер мен қиыншылықтар көбейе түсуде.  Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек.Сонау ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен. Ал мен тарих пәні мұғалімі және тәрбие беруші  ретінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы және тәрбиедегі жаңа тәсіл диалогтік оқытуды өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін.Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.Жалпы менің оқу мен тәрбиелеудегі  өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан тәрбие сағаттарында оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке ,жұптық,топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отырамын. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.

ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады . Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

1. Мұғалім тәрбие сағаты кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.

2. Тәрбие сағаты кезінде сабақтағы басты тұлға    мұғалім емес,   оқушы болуы тиіс.

3. Балалардың ізденуге деген ынтасын күшейту керек

4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.

5. Тәрбиелеу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

  Адам тағдырына немқұрайлы қарамау керек. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасу үшін мұғалімнің қателесуіне жол жоқ. Мұғалім білім беріп, ұрпақ тәрбилеуде негізгі тұлға, олай болса оқушыға берілетін білімді нәтижелі, жүйелі түрде жеткізіп қателеспей оқыту міндетін, парызың. Тәрбие сабағымда   психологиялық ахуал туғызғаным оқушылардың көңіл күйлерін көтеріп тастады. Жақсы көңіл күй адамның табысты жұмыс жасауына оң әсерін тигізеді. Жағымды көтеріңкі көңіл-күймен оқушылар сабақ барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, тапсырмаларды белсенділікпен орындап, бір-бірімен пікірталастыра отырып пікір алмасты.  Топпен жұмыс жасағанда тәрбие сабағын өкізуде түрлендіріп, топты   алмастырып ,   оқушылардың түгел қамтылуын , сабақтан тыс қалмауын қадағалау. Оқушы нені ойлау керектігін ұғынуын, топтық жұмысты ұйымдастырғанда, олардың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау.

 Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Тәрбие сабағында диалогтік әдісті пайдалану .» Зерттеудің негізгі мақсаты: Оқушылардың топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып қызығушылығын арттыру арқылы, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Зертеудің нысаны –топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту, ізденуге деген қызығушылығын арттыру. Зерттеу жұмысының міндеттері: - оқушылардың топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Тәрбие сабақтарында жаңа технологияларды (СТО, эссе жазу, АКТ мүмкіншілігін) пайдалану арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға дағдыландыру. Зерттеу сұрақтары:  

         Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы, оқушылардың тәрбиенің әр бағыттағы сұрақтарына деген  қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру;

         Тәрбиедегі кедергілерді қалай анықтауға және шешу жолдарын табуға болады?

Іс-әрекеттегі зерттеудің бір маңызды ерекшелігі – оны іс-әрекетке қатысты оқытушылар немесе оқушыларды зерттейтін сырттан келген зерттеу тобы емес, сол ұйымдағы не қоғамдағы мүше немесе сол ұжымның өзге мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылатынында.  

 Зерттеу барысында көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін негізге алдым. Тәрбиелеудің ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоциональдық тұрғыдан да дами түседі,өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға мәжбүр болады. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.  

 Мерсер мен Литлтонның (2007) еңбектерінде көрсетуінше диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен.   Жалпы айтқанда диалогтік оқыту – тәрбие процесін тиімді етудің бір әдісі. Өйткені, диалогтік оқыту балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда орны ерекше. Тәрбие сабақтарында оқушыларға сұрақ қойғанда, оқушының ойына түрткі болатындай сұрақтарда болды. Сабақты жоспарлауда берілген тапсырмалар топтық жұмысты қамтуға көбірек пайдалануға тырыстым және оның тиімділігіне тәжірибе жүргізуде айқындалды. Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыттаушы, оқушы – ізденуші, белсенді болуы керек. Оқушының өз бетімен білім алуының бір түрі – шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білім алу.   Оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады.Өзіндік жұмыстарда :

-Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;

-Ізденушілік қабілеті артады;

-жауапкершілігі жоғарлайды;

-Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады;

-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.

Топтық жұмыстың кезеңдері:

Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды.  

Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болады.

Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының, құрал – жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады.

Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тәрбиеленушілердің баршасын түгелдей қамтыған жеке – дара, топтық, ұжымдық іс – шаралар жүктеме ретінде тапсырылады.

Бесінші кезең – тәрбиеленушілердің бәрі өз борышына алған шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі.

Алтыншы кезең – дайындалған тәрбиелік шығармашыл іс өткізіледі.

Жетінші кезең – тәрбиелік іс – шара өткізілгеннен соң ынталы топ және ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.

Топтық жұмыстарда әр топ басшылары өз топ мүшелеріне міндеттерін белгілетіп, қабілеті төмен оқушының көшбасшы оқушыға ұмтылғандығы, ілескісі келетіндігін байқадым. Осындай тапсырмалар оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабақты талқылағаннан байқағаным, топ басшысы оқушыларға атқаратын міндеттерін бөліп, әр оқушының не нәрсеге жауапты екенін белгілеп отырды. Оқушылар өзара бір-бірімен келісіп әр топтың жұмысына түрлі бағалаулар беріп отырды.Постермен жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылығы артқанын аңғардым, алғашқыда бұл жұмысты білмейтін болатын, кейін бұл әдіс оқушыларға ұнағандарын айтты.  Әдеттегідей үндемей отырған оқушы, өзіне берілген жауапкершілікті сезінді. Оқушылардың тәрбие сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы, балалардың көп ізденетініне көзім жетті. Рөлдік ойын арқылы оқушылардың сыни ойлайтынын байқадым, өйткені сыни ойлайтын оқушы жағдаятты сұрақты шеше алады. Осындай рөлдік ойындар арқылы оқушының қызығушылығы артады, өзіне сенімі молаяды, сол жағдаяттан шешу жолын таба алады. Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім.   Мұғалім бұл жағдайларда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болатындықтан, оқушының шығармашылығын арттырады.

Мектептегі іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымда қол жеткізген нәтижелерім.

1) Оқушылар топтық жұмыстар жасай отырып, бірі-білмегенді екіншісінен үйреніп, жақын арадағы даму аймағы орнатылады

2) Тапсырмаларды орындау үшін   құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3)  Оқушылар әнгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

3)Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы (Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері) келісілген нәтижеге қол жеткізу үшін күш жігерін жұмсайтын  , білімді бірлесіп алу немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық І деңгей

2.Портал материалдары

3.К. Дайрабаев, А. Дайрабаева Педагогика негіздері

4.Жас ерекшелік психологиясы Аманова Алматы 2011 39-42 б

5.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов Алматы 2013

6.Мирсеитова С.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.-1998