Баймуканова М.Т., Избасар Қ.А.

 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

Білім беру жүйесіндегі жаңа формация мұғалімі

 

Халыққа қызмет көрсететін кез-келген мамандықтың ішінен қайсысын алып қарасақта,  шеберлікті, тапқырлықты, үнемі ізденісте болуды, ерекше мейірімділікті жалпы айтқанда жан-жақты қабілеттілікті қажет ететін мамандықтың бірі ол – ұстаздық! «Бала тәрбиесі-бір өнер,өнер болғанда ауыр өнер,жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер»,-деп М.Жұмабаев айтқандай ұстаздық мамандық аса жауапкершілікті талап етеді. Яғни ертеңгі ел басқарар азаматтың жан-жақты дамыған тұлға болуы ата-анадан кейін, тікелей мұғалімге байланысты.Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп санап үлгі тұтады. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдарын айта кетсек жөн болар. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!

Ұлы Абай “Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”, деп айтқаны белгілі. Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс.

ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай тапқыр, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Осындай жауапкершіліктерді мойнына алған, бүгінгі заманғы мұғалім, қандай болуы керек деген сұрақ туындайды?Қазақстан Республикасының жаңа педагогикалық білім беру тұжырымдамасында:«Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілі мол, әр іске жаңашылдықпен үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанда құзырлы адам[1.с.345-346].

Жаңа формация мұғалімі:

*           Мұғалім білім берудің жаңа құндылықтарына бағытталған, жаңа мектептердің тұжырымдамаларын, тәрбие мен білім берудің балама жүйелерін біледі; білім мазмұнын құрудың жаңа әдістерін айта алады.

*           Дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін біледі.

*           Оқытуды кіріктіру және саралаудың тұжырымдамалық әдістері мен прициптерін, маңыздылығын біледі.

*           Жастық және педагогикалық психология бойынша базалық білімі бар: әр түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылардың, ұжымның психологиялық заңдылықтарын және оларды диагностикалауды; педагогикалық өзара әдістер мен тәсілдерді, өздік талдауды ұйымдастыру принциптерін игерген.

*           Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру қарым-қабілеті бар, яғни құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлықтарға ие.

*           Жалпы және кәсіби білім беруді қазіргі модернизациялау арқылы қоғамның талабы мен жеке тұлғаның сұранысын қамтамасыз ете алады[2.с. 236].

Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.

Жаңа заманғы мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға. Орыс педагогы К.Д. Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса оның мұғалімдігі де жойылады», деп айтқан болатын.  Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 бабында: « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық  коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен [3.с.89-90].

ХХІ ғасырдың шебер мұғалімі мына мәселелерге баса назар аударуы тиіс:

- біріншіден, жастарымыздың бойындағы ұлттық дүниетанымын дамытып, олардың өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарынақұрметпен қарауына;

- екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгертуге;

- үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы тиіс.

Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан білімді маман болуы қажет. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.Мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп, кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек [4]. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.Сабақ  кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр  оқушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек[5.с.121-122].

Мұғалім – әрқашанда белсенді, шығармашыл тұлға. Ол оқушылар өмірінің күнделікті ұйымдастырушысы. Оқушы қызығуларын оятып, оларға жетекші бола білу – ерік қабілеті күшті дамыған жеке тұлғалық белсенділігі артып тасыған адамда ғана дамитын қасиет. Күрделі ағза болған сынып, балалар ұжымына  педагогикалық басшылық үлкен тақырыпты, зеректікті, табандылықты, көрінген жағдайлар шешімін таба білуге дайын болуды қажет етеді. Педагог – бала жан дүниесіне жетекші, кіршіксіз өрнек, үлгі.

Қорыта айтқанда, бәрі шеберлікке тәуелді. Ал шеберліктің өзі ұзаққа созылған тыңғылықты, өзін жасауға бағытталған мұғалім еңбегінің нәтижесі. Қазіргі заманғы мұғалім – өз кәсібіне рухани күш-жігерін, парасат-қуатын сала білетін жігерлі тұлға, ерекше талантты жан.  Ұстаз әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі, оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.            Қазақстан үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. – Әділет. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. [Электрондық ресурс]. -  http://adilet.zan.kz/kaz

2.            Бабаева С. Б. Бастауыш мектеп педагогикасы. – Алматы: баспасы, 2013. – 416бет.

3.            Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. – Астана: Елорда, 2007.

4.            Столяренко Л.Д. Педагогика, Ростов–на–Дону, «Феникс», 2000г.

5.            Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана, 1998.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Заявка

На участие в работе Международной студенческой научной конференции “25 лет независимости Республики Казахстан: достижения и перспективы развития в сфере туризма и сервиса”.

 

 

Наименование ВУЗа, специальность:

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Философия және психология факультеті, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы

Ф.И.О. участника (полностью):

Избасар Қимбат Айтуғанқызы

Контактные телефоны:87018401496. 87759891035.

Е-mail: kimbat-jan-96@mail.ru, marber_96@mail.ru

Темадоклада:Білім беру жүйесіндегі жаңа формация мұғалімі.

Ф.И.О. научного руководителя:

Баймуканова Маржан Токтаровна

Форма участия: заочная