Елубай Айгүл Елубайқызы

Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

«Дефектология» мамандығының

3 курс студенті

Арнайы мектеп оқушыларының математикалық білім, икемділік, дағдылары қалыптасуының ерекшеліктері және математикаға оқыту әдістері.

      Математика көмекші мектептің негізгі мақсатын (балаларды элеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту) орындауға көмектеседі. Осы мақсатқа байланысты, бағдарламада көмекші мектеп оқушыларының ақыл-ой деңгейіне сэйкес материалдар мен күнделікті өмірдегі жэне кэсіби еңбектегі қажетті түсініктер енгізіледі. Математика пэнін оқуда көмекші мектеп оқушылары қабылдау мүмкіншіліктерінің шектеуліктеріне байланысты алған ақпараттарын пайдаланып, сақтауда жэне өңдеуде көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Бүл балалардың таным қызметтерінің бүзылуына байланысты. Бағдарламаның маңызды мақсаттарының бірі математика сабақтарында оқушыларға тәжірибеден алған мысалдарын кеңінен пайдаланып пэнді, затты іс жүзінде оқыту сабақтарымен байланыстыра отырып, нақты өмірлік материалдарға сүйеніп, математика үғымдарын меңгеру. Көмекші мектеп оқушыларының ғылыми дүние танымдылығының жетік болуына, қажырлылық, табандылық, мақсатқа талпынушылық қасиеттердің тэрбиеленуіне математиканың тигізер септігі мол. Байқаушылық, ықыластылық, шығармашылық ізденіс, логикалық ой-өрістің дамуына, ойды қысқа да дэл жеткізуге дағдыландыратын да математика сабақтары.

Оқушылар көмекші мектепте миллионға дейін натурал сандармен, заттардың көлемін (ұзындығын, бағасын, салмағын, көлемін, уақытын, жылдамдығын, ауданын) өлшеу арқылы шыққан сандармен; жай жэне ондық бөлшектермен танысады. Оқушылар бүл сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға, өзгертуге жэне олармен төрт арифметикалық амалдарды орындауға үйренеді.

Барлық арифметикалық амалдар төменгі сыныптарда өтеді. Осы кезде 100 саны көлеміндегі сандардың мағынасын түсініп, жазбаша жэне ауызша нөмірлеу, сан қүрамын салыстыру дағдылары қалыптасады. Жатығуларды жүйелі түрде орындау нэтижесінде, ауызша санау дағдысы біртіндеп қалыптасады. Олар мағынасына, формасына қарай (күрделене түседі) эр түрлі болады. Мұғалім оқушылардың есту арқылы түсіну жэне есте сақтау қабілеттерінің эр түрлі деңгейде екенін ескеру қажет. Сондықтан да математика сабақтарында естіп-көру эдістері кеңінен қолданылған. Негізгі міндет - оқушыларды көмекші қүралдарсыз ауызша санай білуге үйрету. Балаларды жазба түрде арифметикалық амалдарды анық жэне дэл орындауға дұрыс есептеуге, шешімін тексеруге үйрету. Балаларда есептерді жэне . мысалдарды шешу амалдарын толық түсіндіре отырып, амалдарды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру. Бүл балалардың сөйлеу жэне ойлау қабілетін дамытып, берілген тапсырманы саналы түрде орындауға үйретеді.

Балалар сандарды үйреумен қатар, олардың көлем өлшемі бірліктерімен танысады. Осының нәтижесінде, математикалық үғымдардың тэжірибедегі ерекшелігін түсінуге, оқушыларға алған білімдерін, тэжірибеде есептерді шығару барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Қабылдау деңгейі басқалардан жоғары балаларды аудан, периметр және кейбір геометиялық фигуралар мен денелердің көлемін эріппен белгілеуге үйрету. Жай бөлшектерді өткен кезде, тэжірибе жүмыстарын жиі үйымдастыру (көлемді, сусымалы жэне сүйық заттармен, геометриялық фигура үлгілерімен қажет. Есептегі жай бөлшектер қарапайым түрде беріледі. Ондық бөлшектер жай бөлшектердің жеке, күрделі жағдайында беріледі. Бөлшектің бүл екі түрін өзара салыстыру қажет (олардың үқсастықтары мен айырмашылықтарын байқау). Ондық бөлшектерді қабылдау оқушылардың бүтін сандарды, бірліктер жүйесін, жай бөлшектерді білу жэне жаза білу қабілеттеріне тэуелді. 9 сыныптағы пайызды оқыту, оқушылардың ондық бөлшектер туралы білімдеріне сүйенеді. Оқушылар бірінші сыныптан бастап көптеген математикалық түсініктерді қалыптастыру қүралы болып табылатын арифметикалық есептермен танысады. Алғашқы арифметикалық есептер - шешімі ашық көрсетілген сюжетті жэне иллюстрациялық есептер.

Әдіс дегеніміз оқытушы мен оқытушылардың бірігіп істейтін іс - әрекеті. Осы іс - әрекетте оқушылар білімдер мен біліктіліктерді меңгереді, тәжірибелік дағдыларды игереді. Ал оқытушылар білімдерді береді.

Мұғалім мен оқушының іс - әрекетін ұйымдастыру түріне қарай келесі әдістерді бөледі.

- сөйлеу әдістерді (түсіндіру, әңгімелесу)

- көрнекілік әдістері (көрсету, бақылау)

- тәжірибелік (тапсырмалар, тәжірибелік іс - әрекет; сызу, өлшеу т.б.)

Пайдаланылған әдебиеттер

1)Методика преподавания математики в средней школе: Общая методика/ Сост. Р.С.Черкасова, А.А.Столяр.-М.:Просвещение,1985.

 2) Методика преподавания математики в средней школе: Частная методика / Сост.В.И.Мишин -М.:Просвещение,1987

3) Зайцев В.В., Рыжков В.В., Сканави М.И. Элементарная математика. Повторительный курс. – М.: Наука, 1974.