"АҚПАРАТТЫҚ
– ҚАТЫСЫМДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ
ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ"
педагогика
ғылымдарының магистрі
Сактаганова Камажай
Кумекбаевна
ХХІ ғасыр – бұл
ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық
мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның
денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият
қарайтын дәуір. Қазіргі заман талабына сай адамдардың
мәлімет алмасуына, қарым қатынасына ақпараттық –
коммуникациялық технологиялардың кеңінен
қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде
ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті
шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың
мүшелері – жастардың бойында ақпараттық
мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында
тұрған ең басты міндет.
Шет тілі –
қазіргі заманның талабына сай, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және
мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін
оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді
оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар,
сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер
қолданылуда.
«Ақпараттық
технологиялар» түсінігіне талдау жасар болсақ, ол «жаңа
ақпараттық технологиялар», «компьютерлік технологиялар»,
«қазіргі ақпараттық технологиялар» секілді
ұғымдары негізінде қолданымда.
Ақпараттық
технологиялар мен білім беру технологиясы ұғымдарын ажыратып алу
керек. Әдетте білім беру технологиясы алға қойылған
дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін
тәсілдер, формалар мен құралдар жүйесі деп
түсіндіріледі. Ал, ақпараттық технологиялар
ақпараттық үдерістерді қамтамасыз етуге
бағытталады. Дидактиканың дәстүрлі түсінігінде
ақпараттық технологиялар білім берудің техникалық
құралдарының аналогы болып есептеледі. Педагогикалық
технологиялар педагогтың белсенді қатысуымен осы
құралдар негізінде жүзеге асады [1, 41 б].
Ресей
ғалымы О.С.Степанова өзінің зерттеу жұмысында
«Ақпараттық технология» ұғымы ақпараттарды
өңдеу, ұйымдастырушы-басқарушылық концепция,
түрлі ақпараттық техникаларының жиынтығы деп
қарастырады [2].
Ал,
отандық ғалым Ж.А.Қараевтың берген анықтамасында
«Оқытудың ақпараттық технологиялары» -
оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін
дамыту және оқу-танымдық іс-әрекеттерді белсенді ету,
оқу мерзімін барынша қысқарту, сондай-ақ оқу
пәнін терең түсінуде жетістіктерге жетуде
бағытталған, оқыту үдерісінде компьютерлер мен
аудиовизуалды құралдарды, дидактикалық материалдарды
пайдалануды көрсетеді [3].
Қазақстан
Республикасының мемлекет аралық тілі- ағылшын тілін
жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен- күнге
өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық –коммуникативтік
технология арқылы оқыту тіл үйренушінің өз
бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін
тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар оқушылар
интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік
істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады,
сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде
оқушыларға шығармашылық жұмысты
ұсынуға болады.
Оқытушы
сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалану арқылы студенттерге үйретуге тиісті ақпараттармен
білім қорын жүйелі түрде көрсете біледі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану
оқытудың тиімді әдістерінің бірі болып табылатыны
сөзсіз. Сонымен қатар, ағылшын тілін оқытуда
жаңа технологияларды, техникалық құралдарды
сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының
көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы
іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерің пайда
болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың
біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі комьютерлік
бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының
лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық
технологиялардың алатын орны зор.
Жоғарғы оқу орындарында
ақпараттандыру мәселесі бүгінде көптеген отандық
ғалымдар мен әдіскерлердің қызығушылығын
арттыруда. Ақпараттық оқыту технологиясын
қарастыруымыздың себептерінің бірі – ол шетел тілін
оқытуда оқып жатқан елінің табиғи ортасын
құрудың бір жолы. Сонымен қатар, ағылшын тілін
оқытуда ақпараттық технологияларын пайдалану
студенттердің жаңа тілдік материалды меңгеру кезіндегі
оқу-танымдық әрекетін белсенді етуге, пәнге деген қызығушылығын
арттыруға үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Выготский
Л.С. теориясы бойынша, адамның үйреніп жүрген тілін дамыту
үшін оны сол әлеуметтік ортаға орналастыру керек [4].
Ақпараттық
технологиялардың көмегі арқылы студенттерді шынайы тілдік
ортаға ендіре аламыз деп ойлаймыз. Бұрын жасанды тілдік орта болса,
бүгінде ақпараттық технологияның қарыштауы, шетел
тілінде алуан түрлі аутенттік оқу материалдарға деген
қолжетімдік.
Білім беру
жүйесіндегі ақпараттық технологияның
мүмкіндіктері:
-Әр
бір адамға білім алудың тиімді жолын таңдауға
мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін
қалыптастыруға;
-Білім
алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
-Оқыту
үдерісінде білімгерлердің танымдық іс-әрекетін тиімді
ұйымдастыру;
-электрондық
білім беруді пайдалану арқылы даралап оқыту болып табылады[5, 17
б].
Ақпараттық-қатысымдық
технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
1)
Мультимедиялық
мүмкіндіктерді қолдану (музыкалық, анимация, бейнеклиптер,
слайдшоу).
2)
Жүйенің
басқару құрылымы – оқытушы өз ойын,
көзқарасын өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын,
әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметін
ұсынуға мүмкіндік алады.
3)
Білімді
бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Отандық
ғалымдардың бірі С.Т. Сіргебаева өз еңбегінде
ақпараттық технологияларды қолдану арқылы
студенттердің тіл меңгерудегі іс-әрекетін
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық
моделін жасады:
-мотивациялық компонент –
ақпараттық технологияға қызығушылығы мен
қажеттігі;
-танымдық компонент –
ақпараттық технологияның маңызы мен қажеттілігін
ұғынуы, ақпараттық сауаттылығының болуы,
қолданатын сауаттылығының болуы, қолданатын
ақпараттық технологияларының түрлерімен таныс болуы
және технологияның түрлерімен жұмыс істей білуі,
ағылшын тілін меңгеруге деген белсенділігі, оқу материалын
өз қажеттілігіне қолдануы, студенттердің
ақпараттық мәдениетін қалыптасытру болып табылады [6].
Бұл
компоненттер бойынша ақпараттық технологияны оқу
үдерісінде қолдану жолдары жүзеге асырылды.
Мультимедиялық, электрондық оқулықтар
студенттердің ағылшын тілін үйрену оқу
іс-әрекетінің негізгі көзі болып табылады.
Сонымен,
оқытудың ақпараттық технологиялары дегенімізді
тұтас кешенді компьютерлік және басқа да техникалық
құралдарды қолданумен болатын дидактикалық үдеріс
дегеніміз жөн.
Ақпараттық
технология білім беру үдерісінде екі түрлі міндетті орындай алады.
Бірінші
типтегі міндеттердің негізгі мақсаты – жалпы танымдық
қабілеттерін дамыту, бұл жағдайда қарым-қатынас
дағдыларын меңгеру, өздігінен ойлау, қойылған
міндетті шеше білу қабілеті қалыптасады.
Екінші типтегі
міндеттердің негізгі мақсаты – жалпы білім саласы бойынша
үлгерімді жоғарылату. Дербес компьтерлерді қолдана
оқыту үдерісін жетілдіруге, жалпы педагогикалық
үдерістің тиімділгігін
көрсетуге бағытталған. Оқытуды
ұйымдастыруда дербес компьютер – білім беру жүйесіне есептеуіш,
жинақтау және ақпаратты өңдеу құралы
ретінде ғана емес, сонымен бірге оқытудың жаңа формасы
болып табылады. Заманауи ақпараттық технологиялардың аталып
өткен мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің
төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға
мүмкіншіліктерін тудырады:
-Интерактивтік
белсенді сұхбат, ол қолданушының компьютермен
қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл арада
сұхбат мәтінді бұйрықтарға жауап арқылы
қарқынды түрде жүзеге асады.
-Нақты
объектілерді басқару: экранда көрініс тапқан түрлі
объектілер мен құбылыстардың үлгілерін басқару;
-Оқу
үдерісінің нәтижелеріне автоматтық бақылау,
өзіндік бақылау жасау және бақылаудың
нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізіу.
Ақпараттық-қатысымдық
технологияларын оқытуда тиімді пайдалану, өз кезегінде,
ағылшын тілін оқытудың қарқынын арттыруға
бейнелік және теориялық ойлауын дамытуға, студенттердің
ақпараттық қоғамның жағдайларына
бейімделуіне ықпал етеді. Жоғары оқу орындарында
ақпараттық-қатысымдық технологияларды қолданудың
негізгі бағыттары электронды оқулықтар мен интернет, сонымен
қатар, мультимедиялық, гипермәтіндік технологиясын пайдалану
болып табылады, дүниежүзілік интернет желісі студенттердің
білім өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Мультимедиялық
технологиялар мәтіндік құжаттарға, графикалық
суреттер, дыбыс және бейне көріністерін пайдалануға
мүмкіндік береді. Мұның барлығы өз кезегінде
тілдік құралдарды меңгеру жылдамдығының
жоғарылауына жол ашады және оның ағылшын тілін үйретуде
мүмкіндіктері зор.
Ақпараттық-қатысымдық
технологияның шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде
төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз:
1)
Сөзжұмбақ,
кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану
арқылы грамматикалық және лексикалық оқу
материалдарын өңдеу;
2)
Ағылшын
тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді
үйретеді;
3)
Үлгерімі төмен
оқушыларға көмектеседі;
4)
Оқушыларың
сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
5)
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің
санын арттырады.
Дербес
компьютерді пайдалану арқылы студенттердің өзіндік және
жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейте алады [7].
ӘДЕБИЕТ
1. К.Т.Мулдабекова. Ақпараттық технологиялар арқылы
болашақ мамандардың коммуникативтік құзіреттілігін
қалыптастыру. Фил.докт.(Рһd) ғыл.дәреж.дисс. Алматы,
2014 ж. 41-б.
2. Степанова О.С. Научно-педагогические основы применения
новых информационных технологии в профессиональной подготовке студентов
экономических факультетов. Ставрополь. Политиздат, 2006. 50 б.
3. Қараев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы
модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. Вестник
Академии Педагогических Наук Казахстана. 2005, №3. 14-21 б.
4. Л.С.Выготский. Полное собрание сочинений. 1982, 1т.
115 с.
5. Е.С.Полат.
Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Под.ред.
Е.С.Полат.-М.: Издательский центр «Академия». 2000г.
6. Сіргебаева С.Т. Жоғары оқу орындарында
ақпараттық технологияны қолданудың педагогикалық
шарттары (ағылшын тілі материалдары негізінде). П.ғ.к ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындаған дисс.автореферат. Алматы, 2010.
http://news//.kaznpu.kz/docs/sirgebaeva.doc.
7. Куркимбаева А.М. Ақпараттық технологиялар
негізінде шетел тілінде ауызша қатынас жасау барысында
әлеуметтік-мәдени құзіреттілікті қалыптастыру
жолдары.//Маг.дисс. Алматы, 2014 ж.