Педагогика. Современные методы
преподавания
Ойын элементтерін
қолдану арқылы бастауыш сынып
оқушыларының
сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту
бастауыш сынып
мұғалімі
№59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
«Ойын баланың алдынан өмір есігін
ашып оның
шығармашылық қабілетін
дамытады, ойынсыз
ақыл –
ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
В.А.Сухомлинский
Әр
ұстаздың басты міндеті –
оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру,
оқуға деген қызығушылығын арттыру. Мектепалды
даярлық сынып балаларына білім беру субъектісі ретінде, оқушыларды
ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу.
Мектепалды даярлық сыныбында оқушылардың өзін-
өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім
беру саласындағы өзекті мәселе. Оқушыларды заман
талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық
талғамы – сезімі жоғары, ұшқыр ойлы, белсенді,
ортаға бейімделгіш, өзін -өзі ұстай алатын
тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін
дамытуда ойын технологиясының маңызының
атқаратын орны ерекше. Ойын да халық педагогикасының
құрамды бір бөлігі. Адам баласы жасаған жеті
кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның
аталып жүруі де жайдан – жай емес. Ойындар тақырыпқа
өте бай және әр алуан болып келеді. Дегенмен, халық
ойынының неше алуан түрлерін туғызып қана
қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның
тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді.
Баланың
дамуында балалар әрекеттерінің негізгі түрі – ойын зор роль
атқарады. Себебі, ойын сәби үшін айналадағыны танып
білу тәсілі.Ойын олар үшін оқу, еңбек,
тәрбиенің мықты түрі. Әр пәндерді ойын сабақтар
арқылы жүргізе отырып, әр сәбидің жеке
басының барлық жағына, оның саласына,
әртүрлі қимылына, сезіміне, ерік – жігеріне, мінез –
құлқына барынша ықпал етеді. Әртүрлі ойын
сабақтар ұйымдастыру арқылы әр баланың
қимыл – қозғалысын, белсенділігін арттырып, оның
тәртібіне де оң әсер ете отырып, айналасындағы
үлкен – кішімен жақсы қарым – қатынас жасай білуге
үйренеді.
Мектеп
табалдырығынан алғаш аттаған балаларға сауат ашуды
оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуге
тиіс. Әрбір сабақтың мақсаты
– тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл
мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай
жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға
көңілді, жеңіл келеді. Сауат ашу
сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады.
Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз
мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге
жаттықтыруға ойын – бірден – бір таптырмайтын құрал.
Мысалы, бірінші сыныпта балаларды жете қимылдату мақсатымен
ұлттық
педагогикаға негізделген халық ойыны «Қуыр, қуыр,
қуырмашты» ойнату пайдалы. Оның шарты: Бірінші бала бас
бармақтан бастап, шанашаққа дейін бір рет
саусақтардың атын түгел айтып береді. Сөйтіп, бар
саусағын жұмып тұрып екінші балаға, кез – келген
саусағының атын айтады.Бұл ойын балалардың тілін
жаттықтырады, еске сақтау қабілетін жетілдіре түседі.
Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады.
Жұмбақ
ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды
дерексіз ойланудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.Бірінші
сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге
барлығының бірдей тілі келе бермейді.Бұл кезеңде
нағыз көмекші халық ойыны болып табылады.
Бұл мақсатта ежелгі
халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады.
Жаңылтпаштардың тіл дамытуда, сөзді таза сөйлеп, ширақ
айтудағы пайдасы көп. Сабақта ойын түрлерін
күрделендіріп «ойлан тап», ойынын ойнатуға болады. Мысалы:
мұғалім ішінен «алма» деген сөз ойлап тұрып, «ал» деп
бірінші буынды атайды. Балалар әр түрлі, «ал» буынынан басталатын
бірнеше сөздер айтады (ала, алақай, алтын, алма, алаша, т.б.)
Ойындарды математика сабағында да пайдалану оқушының
алған білімін күнделікті өмірмен берік
ұштастыруға қолайлы.
Математика
сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі
жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не
соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың
басында қолдану үй тапсырмасына оқушыларды түгел
қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың
ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің
мақсаты – оқушылардың көңіл – күйін
сергіту, шаршағанын ұмыттыру. Ойын сабақтың
соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді
жинақтау мақсатында пайдаланылады. Ойындарды өткен
сабақтарды қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол
жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі,
балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте
түседі. Математика сабағында «көп», «аз» ұғымдары
баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал, оны
қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң,
ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы
оқып үйрене бастағанда оқушылардың
түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді.
«Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып,
мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін
ұстартып, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға
болады. Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу
мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу
орынды. Математика сабақтарында ойынды көп
пайдалануға тырысамын. «Қашқан сандар», «Кім алғыр»,
«Алдыңғы көршісін тап», «Қай сан жоқ», «Апта
күндері сапқа тұрыңдар», «Поезд құрастыру»
т.б ойын түрлерін пайдаланамын.
Кез – келген
пәндегі ойын ұғымына түсініктеме берсек, бұл
баланың
мінез –
құлқына өзі басқаруымен қатар топпен
жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір – біріне
көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылысын
дамытады. Ойын түрінде өткізілген сабақта бала еш
уақытта «жақсы», «жаман» деп бөлінбей, барлық
балаға қолайлы жағдай туғызылады.
Тіл дамыту сабағында
«Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбы бойынша:
«Кім болам?» ойыны.
Шарты: Бала
өзі қалаған мамандығын алады да, сол мамандық
бойынша әңгімелейді
«Кімге не керек?» ойыны.
Шарты: Алдын
– ала әзірлеп қойылған заттарды, суреттегі мамандық
иелерінің қасына қою керек. Бұл ойында негізгі
мақсат баланы тапқырлыққа үйрету.
Тіл
дамыту сабағында «Киімдер» тақырыбы бойынша:
«Қай мезгілде киеміз?» ойыны.
Шарты: Бірнеше киімдердің
суреттерін тақтаға ілдім, бала өзі қалаған киімді
алып жылдың қай мезгілінде киетіні жөнінде
әңгімелейді.
Сауат
ашу сабағында «Ғарышқа ұшу» ойынын жүргізу.
Шарты: Балаларға
қағаздан сәндеп жасалған зымыран үлгісі
көрсетіледі де, кім ғарышқа ұшқысы келсе,
мұндағы тапсырмаларды дұрыс орындау. Тапсырмада
жұмбақтар шешу, санамақтар айту, сөздерді оқу.
Ойын мақсатында
балалардың білімге құштарлығын арттыру.
«Сөз
ойла, тез ойла», «Алма теру», «Көкөністер жинау», «Кім білгіш»
ойындарын үнемі пайдаланамын. Ойын шарты: Мен дауысты дыбысты атасам, екі
қолдарыңды жоғары көтеріп шапалақтау, ал дауыссыз
дыбыстарды атасам еңкейіп шапалақтау. «Алма жинау» ойынында алма
ағашының суреті, жемісімен ілінеді. Әр алманың артында
дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, сол дыбысқа сөз
құрау.
«Ғажайып дорба» ойыны:
Шарты: бала сипап сезу
арқылы не екенін табады.
«Бағдаршам» ойынында
мұғалім жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді.
Сарыны көрсеткенде алақандарын соғады, қызыл
түсте тыныштық сақтайды. Бұл ойын балалардың
тілін жаттықтырады, еске сақтау қабілетін жетілдіре
түседі.
Қорыта айтқанда, ойын араласқан
сабақ тартымды өтеді, балалардың білуге деген
құштарлығын арттырады, түсініктерін тереңдетеді.
сабақ үрдісінде ойын кірістіру оқушылардың тілін
дамыту, қиялын ұшқырлап, шығармашылығын дамытып,
ізденімпаздығын, қызығушылығын арттыра түсуге
көп ықпал етеді. Жеке оқушының көзқарасын
қалыптастырады. Ойын барысында әр баланың
шығармашылығы артады, жылдам жұмыс істеуге дағдыланады.
Оқушының жеке қабілеті анықталады, ойлау қабілеті
дамиды. Бала тәрбиесіне атүсті қарамай міндеттерімізді
абыройлы да қайсарлықпен атқарайық
дегім келеді.