Баймуканова М.Т.,
Дүйсек А.Ж.
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Әлеуметтік
қорғалмаған отбасы балаларын
тәрбиелеудегі әлеуметтік педагогтың алатын орны
Қазіргі таңда
өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды
мәселелердің бірі болып табылады. Олардың әлеуметтік
ортаға бейімделуі, қоғамда өз орындарын дұрыс
бағыттай алуы, құқықтарының
қорғалуы, үлкендер тарапынан
зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бүгінде
әлеуметтік тәрбие беретін мамандар ұйымдастыруы қажет.
Сонымен қатар, қазіргі
таңда мектепте жасөспірімдерге,олардың әлеуметтік
жағдайын көтеру, материалдық көмек көрсету, әлеуметтік
қолдау мақсатында әлеуметтік педагог мамандары қызмет
атқарады.
Әлеуметтік педагог-
социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың
қабілетін, қызығушылығын зерттейді. Ол психологиялық, медициналық, құқықтық,
адамгершілік –этикалық және басқа да сипаттағы
мәселелерді шешуге көмектеседі. Қоғам мен отбасы бала
тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің
шынайы өмірге қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы
гуманнисттік, рухани адамгершілік қарым-қатынастарға
ықпал етеді[1].
Әлеуметтік педагог-мектеп
қызметкерлері мектепте оқушылардың әлеуметтік
және мамандық алуда өзін-өзі дамуына жағдай
жасайды,педагогтар мен ата-аналардың негізгі гуманизмдік
қағидаларға қарай іс әрекеттерін
ұйымдастырады. Мектептегі әлеуметтік педагогтың негізгі
нысаны-баланың құқығын қорғау, баланың
дамуына жағдай жасау, отбасы мен мектеп арасындағы байланыс пен
әріптестік қатынасты жүргізіп отыру.
Әлеуметтік педагог мектеп
әкімшілігімен, сынып жетекшілермен, педагог-психологпен, медбикемен, оқушылармен,
олардың ата-аналарымен өзара байланысқа түседі. Әлеуметтік
педагог өз қызметінде бағытталған мақсаты бойынша
мемлекеттік басқарушы органдармен, қоғамдық
ұжымдармен, 16жасқа дейінгі, яғни оқушыларға
қызығушылық білдіретін ұйымдармен байланыс
құрады. Білім беру бөлімінде педагогикалық
кеңестерге қатысады, жергілікті билік өкілдерімен және
жанұямен балаларды әлеуметтік қорғау қызметтік
орындармен байланыс жүргізеді [2].
Отбасы - жасөспірімдерді
әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл
баланың дамуы мен жеке өмір құру ортасы, ол бір
қатар өлшемдермен анықталады. Әлеуметтік-мәдени
өлшемі ата-аналарының білім деңгейімен
қоғамдық өмірге араласу белсенділігіне байланысты, әлеуметтік-экономикалық
өлшемі-ата-аналарының мүліктік-материалдық және
жұмыспен қамтамасыз етілуіне байланысты; техника-гигиеналық
тұрмыс жағдайы, құрылысының жабдықталуы, өмір
салты ерекшеліктеріне байланысты, демографиялық-отбасы
құрылымының байланысты анықталады. Бала дамуының
қай жағын алып қарастырсақ та,барлық
жағдайда, жас ерекшелігінің қай кезеніңде де
отбасының маңыздылығы тиімді және шешуші роль
атқарады. Баланың ішкі дүниесін білу,оның
проблемаларына ортақтасу, немесе керісінше елеп-ескермеу арқылы
ата-аналар баланың өзіндік сана-сезімі мен толық
тұлғасын қалыптастырады. Сонымен, отбасы баланың
әлеуметтенуінде шешуші роль атқарады[3].
Әлеуметтік педагогтің
ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Ол
отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала
тәрбиесіне байланысты ата-аналарымен ынтымақтасады, оларға
кәсіби-педагогикалық көмек көрсетеді.
Әлеуметтік педагог пен
ата-ананың үнемі ынтымақтаса отырып, әр кезеңде
атқаратын міндеттерінің бірі - ата-ананың әлеуметтік-педагогикалық
белсенділік бағытын қалыптастыру болып табылады. Әлеуметтік
педагог отбасы тәрбиесінің тәжірбиесіне сүйенеді; оны
жан-жақты зерттеп, жинақтап, таратады; оңды ой-пікірлерді
күшейтіп, оң-терісін реттеп тәрбие процесінде пайдаланады.
Қарапайым педагогқа
қарағанда, әлеуметтік педагогтың ролі ең алдымен
білім беру емес, тәрбиелеуде, оның әлеуметтік көмек
беру және қорғау функциясында. Әлеуметтік
педагогтың отбасымен байланысы әрбір нақты отбасы туралы
мәлімет пен оның ерекшеліктерін, адамдардың
тіршілігінің осы саласында қарым-қатынас жасау
процесінің заңдылықтары ескеру негізінде жасалады.
Әлеуметтік педагогтар -
балалармен, олардың ата-аналарымен, ересектермен, тұрғындармен,
отбасы-тұрмыстық микроортада және көршілер ортасында, жасөспірімдермен,
жастардың топтарымен және бірлестіктерімен тәрбие
жұмысын жүргізетін, мәдени-сауық, дене
шынықтыру-сауықтыру, еңбек, ойын және басқа да
жұмыстарды топпен қарым-қатынас жасауды, балалармен
ересектердің социумда техникалық, көркем
шығармашылық және шығармашылықтың
басқа да түрлерін ұйымдастыратын мамандар [4].
Әлеуметтік педагог балаларды, жасөспірімдер
мен жастарды әлеуметтендіру процесінде мүмкін болатын және
мақсатты «араласуды» қамтамасыз етеді, отбасы мен басқа да
тәрбиелеу институттарына көмек береді, балалармен ересектер
арасындағы байланыстырушы жік, делдал «үшінші тұлға»
рөлін атқарады, жеке тұлғамен және
қоғаммен жұмыс жасайды. Ол жасөспірімдердің
әлеуметтік және кәсіби бағдар алу кезеңінде
көмектеседі, балалардың қоғамдағы
құқықтарын қорғайды.
Бала тәрбиесінде әрбір
тәрбиешелердің алдымен қолданатыны - өз тәрбиесі.
Адамның өз тәжірбиесі-жүріп өткен жолы іспеттес. Ол
жолдың жақсы-жаман жағы көз алдында сайрап тұр. Бірақ,
әркімнің өз тәжірбиесі қанша қымбат
болғанымен, қатыгез деуге болмайды. Міне, осындай адам
тәрбиелеу жөніндегі ең бір өзекті мәселе-оның
жан дүниесін зерттеу. Себебі, педагог адамды барлық жағынан
тәрбиелегісі келсе, оны, яғни сол адамды барлық жағынан
білуі шарт екенін естен шығармауымыз керек. Баланың
тәрбиесінде жалпы балаларды,соның ішінде әлеуметтік
қорғалмаған отбасы оқушыларын (көп балалы, аз
қамтылған отбасы) жақсы білуі керек.
Әлеуметтік көмекке
зәру беру отбасыларына материалдық көмек көрсету (отбасы
типтеріне орай қаражаттық, патронат, әлеуметтік
көмектер мен жеңілдіктер, тұрмыстық көмек
көрсетулер), әлеуметтік қамқорлықты
ұйымдастыру (адамдармен жұмыс жасау, қызметкерлерді
таңдау, озық тәжірибелерді анықтау мен тарату),
адамдарға әсер ету арқылы іс – құжаттар
номенклатурасын жасайды.
«Әлеуметтік тәрбие –
мақсатқа бағытталған тұлғаның дамуы
мен әлеуметтік қалыптасуын басқаратын үдеріс;
адамға жанұяда, қоғамда, құқықты,
саяси, экономикалық, азаматтық және тұрмыстық
қатынастарда қалыптасқан әлеуметтік мәселелерін
есепке ала отырып, оның өмірлік іс – әрекетінің орта
қажеттілігімен сәйкес бағытталған оқу» [5].
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлт
мұратына бағдарланған барлық заңнамалары мен
халыққа жолдауында ұлттық бағытта білім беру,
ұлтымызды халық тәрбиесі негізінде қалыптастыру
жөніндегі мәселелері ерекше аталады.
«Қазақстан жастары жалын
жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, елдің еңсесі
де биік болады» - деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болса, тәрбие
жұмысымызды жастар намысын, рухын оятуда, халық педагогикасына
сүйеніп, азаматтарды тәрбиелеу басты мақсатымыз.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың
бірлігі.Алматы, 1973
2.
Әлқожаева
Н.С. Әлеуметтік педагогика. Алматы, 2011
3.
Әтемова
Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. Алматы, 2012
4.
Ұзақбаев
С. Тамыры терең тәрбие. Алматы, 2001
5. Мардахаев Л.В. Әлеуметтік педагогика.
Сөздігі. Москва, 2002