Жасөспірімдердің
тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуының
зерттелуі
П.ғ.к., доцент А.Ш.Танирбергенова
Магистрант Б.Жетибаева
«Тұран-Астана» университеті
Астана қаласы
Қазақстанның
қазіргі даму кезеңі
қоғам өмірінің барлық сапасындағы
терең өзгерістерімен сипатталады. Осыған орай қазіргі
қоғам адамға өз іс – әрекетіне жауапты болу,
әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты
шешім қабылдай білу және т.с.с , жаңа талаптар қоюымен
ерекшеленеді. Бұл тұрғыда мектеп қабырғасынан
бастап, жасөспірімдердің тұлғалық
қасиеттерін дамыту маңыздылығы алдыңғы орынға
шығары сөзсіз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол
- Болашаққа бағыт» атты өзінің
халыққа жолдауында «Тәуелсіздіктің алғашқы
күндерінен бастап жастар мәселесі менің де мемлекеттің
де ең басты назарында болды. Жастар - біздің болашағымыз.
Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету - біздің
міндетіміз.» [1], - деп атап көрсеткендей заман талабына сай
үйлесімді, жаңаша ойлай алатын, бәсекелестікке
қабілетті, тың идеаларды іске асыратын, еліміздің алға
қарай дамуы үшін аянбай еңбек ететін жан-жақты
дамыған тұлғаны қалыптастыру қажет.
Өскелең ұрпаққа ерекше мән беріп,
оның жеке ерекшеліктері мен қабілеттірін дамытып,
өз-өзіне деген сенімділігі мен өз-өзін бағалауын
жоғары деңгейде қалыптастыру қазіргі замандағы
өзекті мәселелердің бірі.
Жасөспірімдік кезең өтпелі,
сыни, қиын, өзгерілу, жыныстық жетілу
кезеңі.Жасөспірім шаққа аяқ басқан
баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана
– сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен
анықталады, осының арқасында бала мен ортаның
арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке
басындағы басты жаңа
құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін
түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп
сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың
осылай деп қарауына ұмтылады. Осы орайда жасөспірімдерді тұлғалық
дамытуда әлеуметтік – психологиялық тренингтерді
қолданудың берер
мүмкіндіктері мол. Жалпы тренингтер 20 ғ 40 – жылдарынан бастап
қолданылып келе жатыр. Тренингтер тұлғааралық
қарым- қатынастың дамуына, өзіне – өзі баға
беруге, өзіне өзгенің көзімен қарауға, төзімділікке,адамның
шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал
етеді. Әлеуметтік –
психологиялық тренинг жасөспірімнің
әлеуметтенуіне, өзін – өзі тануына, өзіндің
«меннің» қалыптасуына септігін тигізеді.
Жасөспірімдердің
тұлғалық дамуын зерттеуде көптеген шетелдік,
кеңестік және отандық
ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Атап
айтқанда, С.Холл,З.Фрейд, А.Гезелл,
К.Левин, К.Роджерс, Э.Эриксон,
Э.Шпрангер Л.И.Божович, Д.Б.Эльконин, А.Н Леонтьев, Л.С.Выготский, Б.Г Ананьев
және М.М.Мұханов, Қ.Б. Жарықбаев, Х.Т.Шерьязданова,
А.Р.Ерментаева, О.С.Сангилбаев, А. Р. Ерментаева, С.М.Жақыпов,
Ж.Ы.Намазбаева және т.б.
Жасөспірімдердің
әлуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін
қоғамдық
тұрғыдан қажет. Мұның өзі
күрделі процесс, уақытты талап етеді. Жасөспірімдердің
өзін – өзі және қоршаған әлемді тануына,
оны түсінуге,өз ойын ашық айтуға, ішкі күйзелісін
жеңуге, оны біреумен бөлісуге,өзіне деген сенімділігін
арттырып, өз бойындағы басқада қасиеттерін арттыру
үшін, әлеуметтік – психологиялық тренингтердің
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жасөспірімдерді
тұлғалық дамыту жұмыстарын жүргізу қажет.
Жүргізілген
зерттеу нәтижелерін және берілген дипломдық
жұмыстың теориялық
бөлімдерін талдай отырып, келесі қорытындылар жасауға болады:
Қазақстан
Республикасының дамып келе
жатқан елдердің қатарына қосылу мақсатында,
қазіргі жасөспірімдердің саналы азамат болып,
тұлға ретінде дамуына барлық жағдайларды жасайды.
Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына – жеке
тұлға, оның дамуы қалыптасуы мен өмірі десек,
бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны
бағалай білуі аса маңызды.
Психологтардың
мәліметтеріне сүйенсек, тұлғаның кәсіби
қалыптасуының бастау алуы оның жас өспірімділік
кезеңінен бастау алады. Бұл аралық баршамызға «ауыспалы
кезең» (переходной возраст) деген атаумен танымал. Бұл аралық – адамның жас
өспірімдік санамен қоғамды, айналасындағы ортаны
қабылдау, өзінше бағалау уақыты. Ой өрісі мен
көзқарасының қалыптасу кезеңі. Осы
тұрғыдан барлық адамдардың қалыптасуында
бұл кезеңде ортақ ерекшеліктер мен қағидалар бар.
Жасөспірімнің тұлға
болып дамуының негізгі екі талаптармен мінезделеді: бір жағынан
өзін – өзі таныту қажеттілігімен, басқа жағынан
құрдастарымен қарым – қатынас жасау
қажеттілігімен. Бұл талаптар жасөспірімнің
психикалық дамудың негізгі талаптарын қалыптастырады.
Жасөспірім
кезеңі – адам бұл кезде жаңа өмірге қадам
бастайды. Өз тұлғасын қалыптастырады. Дәл
жасөспірім шақта мынандай периодтарда (12-13 тен 15-16 –ға)
дейін жеке тұлғасының дамуы жүреді.
Жасөспірімдік кезең өтпелі,
сыни, қиын, өзгерілу, жыныстық жетілу
кезеңі.Жасөспірім шаққа аяқ басқан
баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана
– сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен
анықталады, осының арқасында бала мен ортаның
арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке
басындағы басты жаңа
құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін
түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп
сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың
осылай деп қарауына ұмтылады. Осы орайда жасөспірімдерді
тұлғалық дамытуда әлеуметтік – психологиялық
тренингтерді қолданудың
берер мүмкіндіктері мол. Тренингтер тұлғааралық
қарым- қатынастың дамуына, өзіне – өзі баға
беруге, өзіне өзгенің көзімен қарауға,
төзімділікке,адамның шығармашылық дағдыларын
дамытуға ықпал етеді.
Әлеуметтік – психологиялық тренинг жасөспірімнің
әлеуметтенуіне, өзін – өзі тануына, өзіндің
«меннің» қалыптасуына септігін тигізеді.
Білім
беруде тренингті қолдану арқылы
алға қойған мәселелерді шешу,
қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік,
ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару
қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады.
Сонымен
қатар эмоциялық
тұрғыдан жекебастың өзін-өзі
бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы
және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде
қолдануы жүзеге асады.
Осыларды
қорыта келе, әрбір адамның тұлғалық қалыптасуы әр-түрлі
болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім
кезеңде алған тәрбие-тәлім, біліміне қатысты
екенін көре аламыз. Келешекте тұлға болып қалыптасуы
үшін қажетті базалық қорының бастауы әр
адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның
психологиялық дамуымен қатар жүретіндіктен,
жасөспірімдік жастың тұлғаның қалыптасуы
барысында маңызы зор.
Жасөспірімдерді
тұлғалық дамытуда әлеуметтік – психологиялық
тренингтерді қолдану мүмкіндіктерін зерттеу барысында Л.Н.Собчик
«жеке тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін
анықтауға арналған сауалнама» әдістемесі, «Қарым
– қатынасқа икемділігін зерттеу» әдістемесі,
«Қажеттіліктер базасын анықтау»
әдістемесі, Г.Айзенктің «Темпераментті анықтау» тесті,
«Жол» әдістемесі жүргізілді.
Осы әдістемелер арқылы жасөспірімдердің
тұлғалық құрылымы анықталды. Эксперимент
нәтижелерін пайдалана отырып, 10 тренинг сабақтан
құралған дамыту технологиясы жүзеге асырылды. Тренинг
сабақтардың
құрылымы қыздыру жаттығуларынан, жұмыс
өзгеріс және ақырғы бекітуден тұрады.
Осы
сабақтардың көмегімен жасөспірімдерге өмір
сүруге деген құлшынысты арттыруға, өзін –
өзі бағалауға, өзін – өзі
қорғауға, өз қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, сонымен қатар жеке қасиеттерін
тәрбиелей отырып, әр адамның қайталанбас
тұлға екендігін қалыптастыруға тигізген әсері
мол.
Зерттеу
нәтижесі бойынша жасөспірімдерді тұлғалық дамытуға
байланысты жұмыстарды ұйымдастыру үшін төмендегідей
ұсыныстар айтуға болады:
Жасөспірімдерді
тұлғалық дамытуға,жеке тұлғаның
типологиялық ерекшеліктерін анықтау,қарым -
қатынасқа икемділігін анықтау,темперамент ерекшеліктерін
зерттеу әдістемелерін жүргізуге болады.
Жасөспірімдерді
тұлғалық дамытуда,өмір сүруге
құлшынысын арттыруға,өзін бағалау
ерекшеліктерін,өзіне сенімділігін, мақсатқа
ұмтылысын,қарым – қатынасқа икемділігін арттыруға
арналған тренинг жұмыстарын өткізуге болады.
Жасөспірімдерді
тұлғалық дамытуда қажеттіліктерін,
құндылықтарын нақтылауға болатын тренинг
жұмыстарын ұйымдастыруға болады.
Жүргізілген
зерттеу нәтижелері және дайындалған
теориялық-эксперименттік материалдар арқылы зерттеуде болжам
толығымен расталып, зерттеу жұмысының дәлелділігі мен
сенімділігі нақтыланды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына
жолдауы 2014 жыл 11 қараша. «Нұрлы жол - Болашаққа
бағыт» . Стратегия -2050
2.
Коменский Я. А., Локк Д., Руссо Ж.–Ж., Песталоцци И. Г. Педагогическое наследие
/ Сост. В. М. Кларин, А. Н. Джуринский. – М.: Педагогика, 1989. –С.416
3. М.Қ.Бапаева. Даму психологиясы.
Алматы, 2014
4. Грэйс
Крайг. Психология развития. - СПб., 2000
5.
Возрастная и педагогическая психология //Под.
ред. А.В. Петровского. — М.,
1986.
6. Жас
ерекшелік психологиясы, М.М. Муханов, Алматы,1981.
7.
Жарықбаева Қ. Психология. Алматы, 1991.
8.
Аубакирова Қ.С Жасөспірімдердің дамуының
психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктері,2013