ХХ
ғасырдың 80-90 жылдарындағы қазақ
әдебиеттануы
А. Н.
Молдабекова
Ғылыми жетекші: ҚР ҰҒА
академигі Қирабаев С.С.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ
әдебиеті
кафедрасының магистранты
Астана, Қазақстан
Сексенінші жылдар қазақ әдебиеттану ғылымы
үшін табысты жылдар болды. Олай дейтініміз, бұл тұста Алаш
зиялыларының мұрасын ақтау мәселесі қолға
алынған болатын. Осындай үлкен істің басы-қасында
ұлттық рухани мұрамызды жете білетін маманның
жүруі заман талабынан туған-ды.
70 жылдан аса тарихы бар аталған кезең әдебиетін зерттеу
соңғы 10-15 жылдың бедерінде тыңғылықты
түрде жүрді деп айтуға болады. Кеңестік дәуір
әдебиетін жаңаша бажайлаған қаншама зерттеулер
дүниеге келді. Олардың бірсыпырасы – жекелеген ғалымдардың
зерттеулері болса, екіншісі – ұжымдық монографиялар. Аталған
ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының 80-жылдардың
соңында ақталған Алаш зиялыларының әдебиетін
зерттеп, әдебиет тарихына қосуы – осы саладағы іргелі
зерттеулердің бірі. Бұл кезең әдебиетін
тыңғылықты түрде зерттеу 90-жылдардың басында
қолға алынған болатын. 1997 жылы шыққан «20-30
жылдардағы қазақ әдебиеті» атты ұжымдық
монографияның алғы сөзінде ғалым: «…
жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы қазақ әдебиетінің
жайы бүгін жаңаша бажайлауды талап етеді. Бұған
байланысты ол дәуір әдебиетін көп толықтыруға,
қисық айтылып, қисық ұғылып келген
жайттарды түзетіп, дұрысын айтуға тура келеді. Баспадан шығып
отырған бұл еңбектің негізгі мақсаты осы», –
деген болатын [1, 3 б.].
1997 жылы шыққан «20-30 жылдардағы қазақ
әдебиеті» атты ұжымдық еңбек жаңаша бажайлау
мақсатында жазылғандықтан «Шәкәрім
Құдайбердиев», «Жүсіпбек Аймауытов», «Мағжан
Жұмабаев», «Ахмет Байтұрсынов», «Міржақып
Дулатовтардың» әдеби портреттері кірген болатын. Аталған
еңбекте зерттеушілер алдарына қойған мақсатты орындап
шықты. Олай дейтініміз, қазақ әдебиетінің
ақтаңдақ беттері бірінші рет зерттеліп, көпшілік
оқырманға ұсынылды. Жекелеген қаламгерлер туралы
зерттеулер жазылып жатты.
ХХ ғасырдың сексенінші жылдары, дәлірек айтсақ,
1988 жыл қазақ әдебиеті үшін табысты жылдар болып
саналады. Себебі бұл тұста ұлттық әдебиет
«ақтаңдақ» деп аталған тұтас бір дәуір
әдебиетімен толықты. Содан бергі уақытта аталған
кезең әдебиеті бірсыдырғы зерттеліп келеді. Ақын-жазушылардың
мұрасын қайта жариялау, 20-30 жылдар әдебиетін қайта
зерттеу, жекелеген ақын-жазушылардың шығармаларын арнайы
зерттеу нысанына алу сынды бітірген шараларының ішінен академиялық
ұжымдық еңбектерді ерекше атауға болады. Бұл
қатарды М.Базарбаевтың басшылығымен зерттелген «20-30
жылдардағы қазақ әдебиеті» (1997),
С.Қирабаевтың басшылығымен жасалған 10 томдық
«Қазақ әдебиетінің тарихы» 1917-1940 жылдар
аралығын қамтитын 7-том (2004) сынды ұжымдық
еңбектер толықтырады. Алғашқысы тоқсаныншы
жылдардағы Алаш әдебиеті туралы толық мағлұмат
берген тұңғыш еңбек болғандықтан,
оның ұлттық әдебиеттану ғылымындағы орны
ерекше. Сексенінші жылдары «ақтаңдақтар» қатарында
саналған Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов,
Смағұл Садуақасов, Рахымжан Жаманқұлов, Абдрахман
Айсарин, Ілияс Қабылов, Жүсіпбек Аймауытов, Қошке
Кемеңгеров, Нәзір Төреқұлов, Жұмағали
Сәрсеков, Жәкен Сәрсенбин, Абдолла Байтасов, Ахмет
Байтұрсынов, Шаймерден
Тоқжігітов, Хамза Жүсіпбеков, Ыдырыс Мұстанбаев,
Құлмырза Өтепов, Ғаббас Тоғжанов, Әбдрахман
Байділдиндер туралы қазақ әдебиетінен толық
мағлұмат алуға болады. Аталған
қаламгерлердің шығармалары сол дәуір әдебиетін
зерттеуге арналған жанрлық шолулармен бірге арнайы
монографиялық еңбектерге арқау болды.
Бүгінгі таңда Алаш әдебиетінің ақталуы
жөнінде әртүрлі мақалалар легі жарық
көруде. Солардың қатарында Т.Жұртбайдың
«Ұраным – Алаш!» атты кітабының алғы сөзіндегі мынадай
деректерді тілге тиек етуге болады:
«Тергеу ісімен танысудың қысқаша тарихы мынадай: 1987
жылы 13 қаңтар күні Қазақстан Жазушылар одағының
сол кездегі бірінші хатшысы Олжас Сүлейменов: 1) Желтоқсан
оқиғасына байланысты ұсталған және қысым
көріп жатқан студенттер мен жастарды қорғау
мақсатында. 2) Репрессияға ұшыраған жазушылардың
мұраларын ақтау бағытында. 3) Басылымға тиым
салынған шығармаларды қайта жариялаудың
мүмкіндігін қарастыру барысында маған Праволық комиссия
құруды тапсырды. Ақпан айында Мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінің сол кездегі орынбасары генерал-майор С.К.Әбдірахманов
бастаған 7 полковник жазушылар одағына келіп, осы үш
мәселе төңірегінде мағлұматтар берді» [2, 3 б.].
Осыдан кейін мақала авторы 1988 жылғы қаңтарда
Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы
О.Сүлейменовтің сұрауы бойынша Қазақ
ССР-нің Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесовтің жүргізген істері
жөнінде айта келіп, былай дейді: «Сол кездегі
Құқықтық комиссияның төрағасы,
«Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі,
жазушы Т.Жұртбайдың (осы жолдардың авторы) Жоғарғы
соттың мүшесі К.Кенжебаевқа берген әдеби
сараптамалық қорытындысы бойынша «Алашорда»
қайраткерлерінің шығармалары мен ғылыми
еңбектерінде кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат
жүргізілмегені расталды» [2, 4 б.]
Қайым Мұхаметхановтың Семей қаласында жатып 1986
жылы жазған «Үлкен ақынның өмірі мен
тағдыры туралы» деген 50 беттен тұратын мақаласын жіберуіне
қарап отырып, қазақ әдебиетінің жанашырлары
Шәкәрім мұрасын ешқашан ұмыт
қалдырмағанын байқауға болады.
Бірақ аталған және аталмаған кемшіліктеріне
қарамастан, Шәкәрім кітабы Мұхтар Омарханұлы
Әуезов атындағы институттың ондаған жылдар
бойғы табанды еңбегінің
жемісі деп бағалануы тиіс», – деп бағалап, Ж.Оспановқа кеткен
кемшіліктер жөнінде хат жазады. Сонау алпысыншы жылдардағы
ақын мұрасы жөніндегі айтыс-тартысқа шегініс жасай
білген ғалым сол тұстағы деректерден мынадай мысал келтіреді:
«Бертіндер, кезінде Шәкәрім
мәселесін егжей-тегжейлі тексеріп, содан қорытынды шығару
үшін (1963 жылы) сол кездегі
Орталық Комитеттің идеология хатшысы Нұрымбек
Жанділдиннің нұсқауымен құрылған 12 адамнан
тұратын комиссияның төрағасы болған арқалы
ақын Хамит Ерғалиев жазғандай, «Қарасартов Қазақстан
Жазушылар одағына да келген. «Банда бастығын ақтамақшы
адамдардың өздерін жауапқа тарту керек!» – деп столды
соға даурыққан...» Оны Хамағаң «өз
құлағыммен есітіп, өз көзіммен көргенім де
бар» [4], – дейді.
Тоқсаныншы
жылдары әдебиеттің ақтаңдақ беттерін зерттеген Ш.Сатпаеваның
«Шәкәрім Құдайбердиев» (1994),
С.Қирабаевтың «Жүсіпбек Аймауытов» (1993),
Ш.Елеукеновтің «Мағжан» (1995) атты зерттеулерімен бірге
кеңестік дәуір әдебиетін жаңаша бажайлау
мақсатында жасалған «20-30 жылдардағы қазақ
әдебиеті» (1997), «40-50 және алпысыншы жылдардағы
қазақ әдебиеті» (1998) атты
ұжымдық еңбектер дүниеге келді.
Жоғарыда келтірілген
мысалдардан түйетін түйін – ХХ ғасырдың сексенінші
жылдарындағы қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі мәселелелерінің
бірі алаш мұрасын ақтау болғандығы. ХХ
ғасырдың 20-30 жылдары жазықсыз жазаланған
қазақ қаламгерлерін ресми ақтау ісі бір ғана
мекеменің еншісіне тимейтіндігіне
көзіміз жетті. Сексенінші жылдардың соңында
Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан Республикасы
Орталық Комитеттің идеология бөлімі, Қазақ КСР
Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институты бірлесе отырып алаш мұрасын
ақтауға мұрындық болғаны нақты деректер
негізінде анықталды [5]. Келтірілген мысалдардан түйетін
түйін сексенінші жылдардағы қазақ
әдебиеттануының негізгі міндеті – алаш әдебиетін қайта
жариялау болса, тәуелсіздік тұсындағы қазақ
әдебиеттану ғылымы алаш мұрасын жан-жақты қырынан
зерттеп келе жатқандығын ғылыми тұрғыда
дәлелдеу мақсатында зерттеулерге басты назар аудардық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
Қалыбекова
Қ.С. 1960 жылдардағы қазақ әдеби сыны: филол. ғыл. канд. ... автореф.: 10.01.02. – Алматы, 2007. – 28 б.
2
Майдангер
қаламгерлер. – Алматы: М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институты, 2010. – 136 б.
3
Социалистік
Қазақстан. – 1986, – ақпан – 7.
4
Социалистік
Қазақстан. – 1987, – ақпан –
15.
5
Орда Г. Ж. Қазақ
әдебиеттану ғылымының проблемалары және Мүсілім
Базарбаев зерттеулері: филол.
ғыл. докт.ғыл. д.а.ү.д. диссертация.: 10.01.02 – Алматы,
2010. – 213 б.