Сексенбаева А.Т.,Садвокасова А.А., Арбабаева А.Т.,
Садвакасова.Н.А.
Карагандинский государственный университет им академика Е.А.
Букетова, Казахстан
АУТИЗМНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Балалар аутизмі - дамудың асинхронды және
ауытқыған түрі. Мұндай жағдайда психиканың
кей тұстары уақытымен дамыса, енді бірі уақытынан озып
кетеді, ал кей түрлері мүлде артта қалып қояды. Аутизмі
бар балаларда интеллектуалдық және эмоционалдық дамудың
айырмашылығы үлкен болады, бір салада көп жетістікке жетсе,
бір салада дамымай қалады [1].
Аутизм - бала дамуындағы ауытқушылықтың
ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым- қатынастың
жоқтығын білдіреді. Cимптом ретінде аутизм көптеген психикалық
ауруларда кездеседі. Ерте балалық жастан байқалып, бала дамуына
кері әсерін тигізеді. Ерте балалық аутизм психикалық дамуының
зақымдалуының бір түрі ретінде қарастырылады.
Балалық
аутизмі түрлі деңгейде көрінеді және зият пен сөйлеудің
дамуының деңгейлері әр түрлі болады. Л.Каннер бойынша
ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі көрсеткіштерді
біріктіреді:аутистикалық уайымдар, стереотиптер, үйреншікті, бірқалыпты
мінез –құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы
кемістіктер.
Аутизмнің психикалық дамуының басты
сипаттамасы, оның бұзылушылығының қарама – қайшылығы
мен бір мағыналы емессіздігі. Аутист бала жоғары
интеллектуалды да, ақыл-ойы
мешеулі де болуы мүмкін. Әлдеқандай салада (математика,
музыка) дарынды болуы мүмкін, бірақ қарапайым әлеуметтік
және тұрмыстық дағдыларын білмеуі мүмкін. Әр
түрлі жағдайларда бір бала
икемсіздікті де, ептілікті де көрсете алады.
Аутист баланың ішкі әлемі қатаң
ауқымдарға қысылған және бұл ауқымдардың
сыртына шығу аутист бала үшін трагедия болып табылады. Бұл, әсіресе,
бүкіл жаңадан сескенушілікпен байланысты. Әсіресе, аутист
балалар, сенсорлық сескенушілікпен байланысты. Мысалы: балалар қатты
дыбыстар шығаратын тұрмыстық электроқұралдардан,
судың дыбысынан, қараңғыдан немесе жарықтан, жабық
есіктерден және тағы басқадан қорқуы мүмкін.
Егер баланың хал-жағдайы тым нашарласа, оның
басқаларға немесе өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсағысы
келуі мүмкін. Әдетте, наразылық баланың өміріне қабаттасқанға
оның қалыптасқан стереотиптерді бұзу амалдарына қарсы
болады.
Қарым – қатынастарда таңдаушылық
және тіпті жақындарға құштарлықтың
болмағандығы қорқыныштардың бір қабат жүйесінен
өседі, сол себепті – тыйым және өзін- өзі шектеулер
пайда болады.
Аутист балалардың даму ерекшеліктерін
білмегендіктен, көбінесе ата-аналар психологиялық – медициналық-педагогикалық
кеңес беру мекемелеріне (ПМПК) баланың тіл дамуының артта қалу
себебімен келеді. Ал баланың сөйлеу қабілеті, біріншіден,
айналадағы адамдармен сөйлесіп, белсенді қарым- қатынас
құру үшін пайда болатыны белгілі. Аутистік баланың
тілінің дамуының ерекшілігі сөйлеудің коммуникативтік қызметінің
бұзылуымен, сөйлеу амалдарын стереотиптік пайдалану немесе оларды пайдаланудың қиыншылығымен
анықталады. Бірақ бұл жетіспеушілікті ондай балалар басқа
экпрессивтік – мимикалық амалдармен көрсетуге тырыспайды [2].
Барлық сөйлеудің алғышарттары бар
болғанымен, көбінесе аутист балалар мүлдем сөйлемейді.
Кейбір балалар жеке, кейде күрделі,жастарына және даму деңгейлеріне
сәйкес емес сөйлемдерді ұзаққа жаттап алады. Мағынасын
түсінбей тұра , кино және мультипликациялық фильмдерден
және жарнамалардан ұнаған сөйлемдерді қайталай
береді. Ал ата-аналар білмегендіктен, баланың дарынды екеніне сенімді
бола отырып, бұл жағдайға көңілдері босап қуанады.
Аутист баланың сөйлеу қабілеті бұзылмағандықтан,
олардың 50 пайызында мутизм болады және эхолалия жиі кездеседі.
Аутизмнің таралуы.
Осыдан 20-10 жыл бұрын әлемнің түрлі
елдерінде аутизмге шалдыққандардың саны әрбір 10 мың
балаға шаққанда 4-тен 26-ға дейін болып келетін.
Эпидемиологиялық зерттеулердің көбіндегі мәліметтерге
сенсек, балалар аутизмінің негізгі түрлері - Каннер және
Аспергер синдромымен ауыратындар саны әр 10 мың балаға шаққанда
4-5 баладан келген. Соңғы жылдары аутистік сектордың балалар
аутизміне ұқсас түрлі ауытқулары табылғалы бері мұндай
балалар саны әр 10 мыңға 30-60 баладан келетін болды.
Қазақстандағы облыстық
психолого-медико-педагогикалық консультациялардың статистикасына
сенсек, 2014 жылы аутизмге және аутистік спектр ауытқуларына шалдыққан
1456 бала тіркелген.
Түрлі деректер бойынша Каннер синдромына шалдыққан
ұлдар мен қыздардың үлесі 3:1 не 4:1 болып келеді. Яғни,
бұл дертке шалдыққан ұлдар саны қыздардан 3-4 есе
көп. Аутистік ауытқулар спектріндегі аурулар саны артқан
сайын ондағы ұлдардың да үлесі 13:1, 13:1,5 болып арта түсетіні
белгілі болды.
Қазіргі уақытта әлемде аутистік
ауытулары бар балалар саны күрт артып барады. Осыдан 20 жыл бұрын әр
10 мың балаға шаққанда аутизммен ауырған 3-4 бала
тіркелетін болса, қазір бұл сан 10-нан 20-ға дейін жеткен.
Аутизмнің жайылуын эпидемияға теңейтіндер де бар. Мұндай
дертке шалдыққан балалар саны Қазақстанда да артып
барады. Облыстың психолого-медико-педагогикалық консультациялардың
деректеріне сенсек, 2002 жылы 93 бала аутизмге шалдыққан болса,
2010 жылы 465 балаға артқан.
Аутизмге шалдыққан балалар саны артқандықтан,
оларға лайықты және уақытылы коррекциялық көмек
көрсету қажеттілігі туды. Аутизмі бар бала қоғамға
бейімделуі үшін оған үнемі қолдау және симуляция қажет
болады. Егер аутизмі бар баланың отбасы балабақша, мектеп, әлеуметтік
қоршаған орта сияқты қоғамдық
институттардан өзіне қажетті қолдауды ала алатын болса, онда
көмек көрсетуге мүмкіндік бар. Қоғам тарапынан түсіністік
болуы үшін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,
аутизмі бар балаларды оқыту және әлеуметтік тұрғыдан
дамыту бойынша білімдерін арттыру қажет.
. Оның негізгі белгілері
мыналар:
-
айналадағы адамдармен эмоциялық байланыс
орнатудағы елеулі қиындықтар;
-
үнемі қайталанатын, біртекті әрекеттерді
орындауға деген зор құлшыныс;
-
белгілі бір нысандарға қатысты істерге
шамадан тыс ден қою;
-
сөйлеуге мүмкіндігі бола тұра сөйлемеу
(мутизм), немесе адамдармен қарым-қатынаста сөйлеу әдісін
қолданбау;
-
белгілі бір салаларда ерекше қарым-қатынас
қабілетінің болуы [3].
Балалық аутизм түрлі деңгейде көрінеді
және зият пен сөйлеудің дамуының деңгейлері әр
түрлі болады. Л. Каннер бойынша ерте балалық шақтағы
аутизм синдромы келесі көрсеткіштерді біріктіреді: аутистикалық
уайымдар, стеориптер, үйреншікті, бірқалыпты мінез-құлық,
сөйлеу тіліндегі ерекше сипаттағы кемістіктер.
Балалар аутизмі синдромының үш негізгі және
міндетті белгісі бар:
- қатынастың
сапалық тұрғыдан бұзылуы;
- әлеуметтік
әрекеттестіктің сапалық тұрғыдан бұзылуы;
- мінез-құлықтың
стереотиптік формалары.
Қосымша маңызды
критерийлеріне мыналар жатады:
- ауытқудың
міндетті түрде ерте басталуы (сәби немесе кішкене бала шағында);
- биологиялық
шығу тегі (орталық жүйке жүйесіндегі органикалық
жетіспеушілік кесірінен);
- басқа
психикалық аурулар сияқты ремиссия, рецидив жағдайлары
болмай, үнемі көрініс
табуы.
Аутизмнің
классификациясы
Қазіргі уақытта
балалар аутизмін өзіне тән ерекшелігі жоқ, шығу тегі әркелкі
синдромдар тобына жатқызады, оған жалпылама аутистік спектр ауытқуы
(АСА) деген анықтама берілген. Бұл топқа мыналар жатады:
1. Каннер синдромы - балалар аутизмінің
классикалық немесе типтік синдромы. Дерттің бұл түрінде
бала дамуындағы ауытқулар үш жасқа дейін белгі бере
бастайды. Әлеуметтік әрекеттесудің, қатынасудың
сапалық ауытқулары, шектелгенген, қайталанбалы және
стереотиптік мінез-құлық формалары психикалық дамудың
және сөйлеудің кешеуілдеуімен қатар жүреді, ал мұндай
кешеуілдеу түрлі деңгейде байқалады. Әдетте сөйлеу
мүмкіндігі бола тұра сөйлемеу, ерекше сөйлеу әдісі
– эхохалия, штамптар, жіктеу есімдіктерін дұрыс қолданбау ұшырасады.
Ақыл-ой дамуының тежелуі де жиі кездеседі. Мұндай синдромы
бар аутист балалардың тек 25%-ы интеллектуалдық даму нормасының
төменгі көрсеткішіне ілігеді. Дегенмен, аутизмі бар балалардың
көбі белгілі бір салада интеллектуалдық қабілетінің жоғары
екенін көрсетеді.
2. Аспергер синдромы – адамдармен қарым-қатынаста,
әлеуметтік әрекеттестікте, мінез-құлықтың
стереотипті формалары бойынша алдыңғы синдромдағыдай сапалық
ауытқудың барлық белгілері байқалғанымен, мұнда
сөйлеу мен ақыл-ой дамуы қалыпты жағдайда болады.
Балалардың көбінің жалпы интеллектісі қалыпты деңгейде
болады. Сыртқы келбетінен суық көзқарас, мимиканың
және ым-ишараның айқын болмауы (қатып қалған
мимика), моторлық епсіздік, ебедейсіздік сияқты белгілерді байқаймыз.
Қабілеті болғанына қарамастан, аутизмі бар балалардың көбінде
интеллектуалдық іс-әрекетте де, қарым-қатынаста да
шапшаңдық, ептілік, бастамашылдық, шығармашылық
жетіспейді. Мектепте және басқа жерде алған білімді олар өз
таңдауымен қабылдай алмайды және әлеумет ішінде
пайдаланбайды және қайталамайды.
3. Аутистік спектр ауытқулары: атиптік аутизм,
аутистік, аутистікке ұқсас синдромдар және т.б. Аутистік
спектр ауытқулары әдетте ми ауруы, хромосомалық аномалия,
генетикалық синдром, туабітті зат алмасудың бұзылуы,
эндокриндік патология сияқты басқа аурулардың қосымша
белгілері болып келеді. Бұл жағдайда
аутизмнің белгілері көмескілеу болады, сондықтан классикалық
аутизмге тән симптомдар толық байқала бермейді. Каннер
аутизмімен салыстырғанда мұндай балалардың айналасындағылармен
қарым-қатынас жасау, әрекеттесу мүмкіндігі көп
шектелмеген; АСА белгілері бар балалар басқалармен көз түйістіре
алады, анасымен және жақындарымен эмоциялық байланыс жасайды.
Көбіне тіршілік қарекетінің түрлі салалары бойынша бала
дамуында асинхрондық байқалмайды.
Бала аутизмі бар балалардың барлық мүмкіндіктерін
қоршаған ортада, шынайы өмірде пайдалануға ұмтылмайтындығынан
көруге болады. Олардың көзінің көре тұра көз
тоқтатып қарамауы, сөзі жетіле тұра адаммен сөйлеспеуі, ұсақ қол
моторикаларының әлсіздігінен заттарды дұрыс ұстай алмауы, құлағы
ести тұра, елеңдеп қарамауы, мимика мен ишараның сияқты
әрекеттерінен психикалық
дамуында бұзылыстары болады [3].
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
http://autism.asylmiras.org/kz/ras/what-is-ras.html.
2.
Дефектология
журналы –Аутизм синдромына шалдыққан балалармен түзету жұмыстарын
жүргізу ерекшеліктері, Даулетиярова М. №1 қаңтар 2011 жыл.
3.
Дефектология
журналы –Аутизмнің көріну ерекшеліктері, Икласова М. №4 сәуір
2014 жыл